Бекітемін:
МДТІЖО----------Хасанова І
Күні: 11.04.2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
К. Байзақов
-Мұғалім: Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің -
Сәлемдесіп, қол берем.
Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда -
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жүрем тура жолменен.
Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
Қалдыратын ұятқа -
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа -
Тек шындықты көздеймін.
А. Асылбек
Көрініс: «Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!Бекітемін: Хасанова И 3.10.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз болу-жүректің батырлығы
Сабақтың мақсаты:
Мұғ.Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты
Ол болмаса ким береді парасатты,
Асылын беріп шәкірт бойларына
Ағартқан сол үшін қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек
Кемеңгер ақылшым деп білу керек
Сен бүгін кемеңгер боп кетсең дағы
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Дей отырып 2 «Ғ» сынып оқушылары дайындаған мерекелік шарамызды қабыл алыңыздар.
1 жүр: Армысыздар құметті қонақтар, аяулы біздің ұстаздар,
ата-аналар және оқушылар
2жүр Бүгін мерекелеріңізбен құттықтай отырып дендеріңізге саулық
1 жур Қажымас қайрат
2жүр Шығармашылық табыс
1жүр Жанұяларыңызға бақыт тілейміз.
2 жүр Бүгін ән күйлеріміз өздеріңізге арналады.
Айым Ғұлама білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Жазушыдан ақыннан
Ғарышкерден батырдан
Жәмила Өнерлі ақын актерден
Ырыс қазған шахтёрден
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Оқыған жас кәріден
Оқушының бәрінен
Балығы хормен: Ұстаздарға мың алғыс
Хор: «Ұстазым»
1 жүр: Әлемде ең бірінші ұстаз деп кімді айтатынын білесің бе? 2жүр: Білемін Ы. Алтынсарин айтамыз.
1жүр: Ал біздің ұстаздарымыздың ұстазы кімдер, оны білесің бе?
2жүр: Әрине білемін. Ұстаздарымызда бір кездері біз секілді шәкірт болып ұстаздардан тәрбие көрген. Сол секілді ұстазадардың ұстазы Ибаш апай арамызда отыр. Апай біздің кішкентай жүрегімізден шыққан лебізімізді қабыл алыңыз.
Ерасыл: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпасада қыс жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Ильяс Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыңдар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыңдар
Алфия Табан тіреп төзгенің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғаныңда солардың қоршауында
1жүр «Ұстаз» ұлағатты есім шәкірттерін білім нәрін беріп, сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, рухта бағыт-бағдар беру ұстаздың еңбегі зор.
2 жүр: Иа сол айтқан біздің Ибаш апайымыздың алдынан талай шәкірт өтіп, білім, тәрбие алған. Қаншамасы алтын медаль, қаншамасы, ерекше атестатпен бітірген. Қазіргі таңда олар әр салада, әр түрлі маман иелері. Біреуі ана, біреуі әке, тіпті шінде ұстаздық қызмет атқаратындары да бар.
Фатима Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.
Шұғыла Ұстаз мерейі ана мерейімен пара пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірге шуақ боп
Айналайын білім берген ұстаздар.
Аяулым: Апайларға мың алғыс
Текті мінез данлық
Бар апайға тілеміз
Бақыт табыс амандық
1 жүр Сен қалай ойлайсың менің ойымша кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебеі ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіспен ерен еңбекке ұштастыру қажет.
2 жүр Ол қасиеттердің барлыға біздің Ибаш апайымыздың бойынан табылады. Өз баласы бола тұрып оларды үйге тастап, өзгенің балсын өз баласындай жанына тартып, басынан сипап, оқуға, жазуға, биікке шығуға көп еңбек сіңірді. Апай туралы қаншама сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ұстаз мектепте ұстаз болса, үйде ана ендеше
Расул Ұстаз деген –жарық күні ғаламның
Ұстаз деген анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін
Сен де одан адам болып жаралдың.
Али Мұғалім ғазиз мұғалім
Сарқылмас мәңгі бұлағың
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнин
«Ана туралы жыр» қабыл алыңыздар.
Мұғ. Ұстаздық ету уақыт ұту емес өзгенің бақытын аялау өзінің бақытын аямау деген екен ғұлама ағаларымыз. Ендеше балалар ардагер ұстазымызға сұрақ қойяқшы
Қонаққа сұрақ Мансур Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз жүрек қалауыңызбен ба әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға болда ма?
Исмайл: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметке басқа қандай қасиеттер керек?
Бекзат: Өзіңіздің жүрегіңізде қалған шәкіртіңіз бар ма? Не себепті?
Азамат: Сіз үшін сыныпта сүйікті оқушы болу керек пе?*-+
Өркен Ұстаз деген жарық күні ғаламның
Ұстаз деген анасы ол адамның
Бүкіл әлем мойындаған еңбегңн
Сен де одан адам болып жаралдың
Ақылбек: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар алемде еңбегімен еленген
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қаунышқа кенелген.
1жүр Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп Абай атамыз жырлағандай ұстаздың қыр сыры көп, қиында жауапты шығармашылық еңбек екенін баршамыз мойындаймыз.
2жүр мерекелеріңіз құтты болсын. Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» атты кешімізді жабық деп жариялаймын.
Документ Microsoft Office Word (3).docx
Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Бастауыш сынып мұғалімі Байталасова Нурия орта мерзімді жоспарлау туралы жазбасы
САБАҚТАР ТОПТАМАСЫНЫҢ ОРТАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Талаптан да, білім мен өнер үйрен
Оқу жоспарының бұл бөлігі оқушыларға ,жазушылардың шығармаларындағы негізгі ойбілім,білімді адам ақылды,бәрінен де күшті болатынын көрсету, соны
басқаларға үлгі ету, білім көздерікітапты, мектепті,т.б. дәріптеу
Пән бойынша оқу мақсаты:
Пән бойынша лексика мен терминология.
Қысқаша шолу:
1.Шығармалардың
тақырыбы мен идеясын
ашу,оны өмірмен
байланыстыруға мүмкіндік
беру.
2.Халық өмірінің шынайы
бейнесін байқата
отырып,сөйлеу тілін, сөздік
қорын молайту.
3.Халықтың рухани және
мәдени қазынасына
жақындатып, рухани
дүниесін байыту.
№ Сабақтың
тақырыбы;
Сабақтың
мақсат(тар)ы
Көркемдік қиял
Сұхбат
Сценарий
Нәуетек
Борыш
• Авторлар туралы жазған еңбектерін біледі.
• Мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.
• Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме бере алады.
• Өзінің ойымен автордың шығармасына талдау жасай алады.
• Мәтіннің мазмұнын аша біледі.
• Мәтін бойынша сурет сала алады.
• Топтың және жұптық жұмыстарға баға қоя біледі.
Сабақтың
әдіс
тәсілдері
Мұғалімнің
Оқушылардың
Барлығын қосқанда
Бағалау
Ресурстар
әрекеті
әрекеттері Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Психологиялы
қ дайындық
Шаттық шеңберін құрып,
сыныпта жағымды
атмасфера құрайды
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
жұппен,топпен жұмыс.
Формативті
бағала
1. М.Дулатов.
Қырдан келген
жас қазақ
Ш.Уалиханов
туралы және
әңгіменің авторы
М.Дулатов
туралы түсінік
беру,шығармашы
ылық ізденіске
баулу.
«Ыстық
орындық»,топп
ен
жұмыс,кластер,
диалог
топтастыру
рефлексия
АКТ
стикер,плевча
тка
(карандаштар
)3 сыныптың
әдебиеттік
оқу оқылығы
Өзінөзі
бағалау,топтар
бірінбірі
бағалауы
Кері байланыс
жасайды
Топқа бөлу
(мозаика
әдісі)«Ыстық
орындық»
өткенді
қайталау
АКТ н
сабақтың
тақырыбын
анықта
«Ыстық орындық»әдісі
арқылы өткенді
Қайталайды
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
мәтінді талдау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау.
Барлық оқушылар АКТ
арқылы тақырыпты
анықтайды
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық
коммуникациялық техналогияларды
(АКТ) пайдаланутұсаукесер.
5.Талантты және дарынды балаларды
оқытуашық сұрақтар сұрақтар
дайындайды.
6.Оқытуды басқару және көшбасшылық
топтағы көшбасшы.
2. М.Жұмабаев.А
уылға келген
мұғалім
Мәтінмен
таныстыру
мәнерлеп оқуға
мазмұнын
әңгімелеуге
үйрету
Психалогиялық
дайындық
Топқа
бөлу(Санау
арқылы)
«Ортадағы
қалам »;
«Өкіл»әдісі
Постер ,эссе,
топтастыру.
Сыныпқа
жағымды ахуал
орнатады
Санау арқылы
топқа бөлінеді
1,2,3,4
«Ортадағы
қалам »әдісі
бойынша өткен
сабақты
пысықтайды
«Өкіл»әдісі
Санау арқылы топқа
бөлінеді 1,2,3,4
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
жұппен,топпен жұмыс.
Формативті
бағалау
«Ортадағы қалам »әдісі
бойынша өткен сабақты
пысықтайды «Өкіл»әдісі
бойынша оқулықпен
жұмыс жасайды Мәтін
бойынша постер
құрып,қорғайды
Жұмысты өз бетінше
және топта
жасайды,бағалайды Өз
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
мәтінге талдау жасау.
3.Оқыту үшін бағалаужәне оқуды
бағалау.
4.Оқыту мен оқуда АКТны пайдалану
тұсаукесер.
5.Талантты және дарынды балаларды
оқыту
Бағалау өзін
өзі бағалау
мақсатында
«Сенвич» әдісі
арқылы жүзеге
асырылады
АКТ
стикер,плевча
тка
(карандаштар
)3 сыныптың
әдебиеттік
оқу оқылығы Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
3. Ф.
Ф. Оңғарсынова
Оңғарсынова
«Жылу»
«Жылу»
өлеңінің
мазмұнын ашу.
Автор туралы
мәлімет беру
Стикерлер
арқылы топқа
бөліну,т «Еркін
микрафон»әдіс
і «Пресс
конференция
АКТ
топтастыру.
Бес жолды
өлең
бойынша
оқулықпен
жұмыс
жасайды
ойын еркін айтады.Егер,
мен ұстаз болсам! деген
үдерісті өзіндік
пікірлерін ортаға салып
өз қиялын жеткізеді
Ұйымдастыру
жұмыстары жүргізіледі
топқа бөлінеді. «Еркін
микрафон» әдісі
бойынша өткенді
қайталайды,Мұғалім
сөзін топтастырады,Бес
жолды өлеңмен сабақты
қорытады
Бірінбірі бағалайды
топта бағалайды.
Тест жұмысын
орындайды
Ұйымдастыру
жұмыстары
жүргізіледі
топқа бөлемін.
«Еркін
микрафон»
әдісі бойынша
өткенді
қайталау,Мұға
лім сөзін
топтастырады,
Бес жолды
өлеңмен
сабақты
қорытады
Тест жұмысын
орындайды
5жолды өлең,сурет бойынша әңгіме.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту
және оқужоғары деңгейдегі
тапсырмалар беру.
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық
топ көшбасшысы.
1.Оқыту мен оқуда жаңатәсілдер
жұппен,топпен жұмыс.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
мәтінді талдау.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау.
4.Оқыту мен оқудаАКТны пайдалану
тұсаукесер.
5.Талантты және дарынды балаларды
оқытумәтінге сүйеніп
сипаттау.шығармашылық сұрақ
тапсырмалар.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқытудеңгейдегі тапсырмалар
беру.
7.Оқытуды басқару жәнекөшбасшылық
топ көшбасшысы.
АКТ
стикер,плевча
тка
(карандаштар
)3 сыныптың
әдебиеттік
оқу оқылығы
Өзін –өзі
бағалау
Жиынтық
бағалау
Кері байланыс
Екі жұлдыз,бір
ұсыныс»арқыл
ы бірінбірі
бағалайды Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның жеті модулінің ықпалдастырылғаны жәйлі рефлексиялық есеп
Менің зертттеу тақырыбым Әдебиет сабағындағы оқыту әдісі тәсілдерін қалыптастыру
Зерттеу тақырыбымның негізгі мақсаты оқушылардың әдіс тәсңлдерін дағдыландыру.
Негізгі міндеттері: Күнделікті сабақта оқытудың әдіс тәсілдерін меңгерте отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оқыту әдіс тәсілдерінің дағдысын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Күнделікті сабақта оқытудың әдіс тәсілдерін меңгере отырып пәнге қызығушылығы артады.
Оқыту әдіс тәсілдерінің дағдысы қалыптасады.
Жеті модуль арасынан неліктен бұл тақырыпты таңдағаныңызды
түсіндіруге тиіссіз
Сыныпта іс әрекетті зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу мәселесі бойынша тақырып таңдауда ұзақ ойланып,бір тоқтамға келдім. Жобамды бастамас
бұрын мен өз әріптестеріммен кеңестім.Осы кеңестен кейін мен өз тақырыбым туралы ойымды қағаз бетіне түсіре бастадым.Менің мектебімде деңгейді
оқыған мұғалімдерде бар.Олар осы бағытта қызмет етеді.Сондықтан да мектеп мұғалімдері мен оқушылардың осы бағдарлама бойынша білім алуына
ықпал ету керектігін түсіндірдім.
Сіздің сыныбыңыз тұрғысынан неліктен бұл маңызды болып табылады?
Өз сыныбымды 2«в»сынып оқушыларын зерттеуге алдым.Осы зерттеуге алған сыныбым үшін «әдіс тәсілдер» маңызды деп ойладым.Сол себепті осы
таұырыпты алдым.Әдебиет деген пәннің мағынасы тереңде,бұнда оұушыларға салт дәстүр,наным сенім,тәлім тәрбие туралы жалпы түсініктер
беріледі.Дәстүрлі сабақта оқушылар үй тапсырмасын айтып,жаңа сабақ туралы білімдерін толықтырамыз.Ал кембридж бағдарламасында оқушыдан үй Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
жұмысын сұралмайды.Тапсырмалар арқылы жаңа сабақ туралы түсінік алады.Сол себепті сабақ туралы түсінік алады.Сол себепті мен өз оқушыларыма
әдіс тәсілдердің әр түрлерін үйретіп,оларды жаңа бағдарламаға сай білімдерін толықтырамын деген ойдамын.
Сіздің мектебіңіз тұрғысынан неліктен бұл маңызды болып табылады?
Бұдан бұрынғы мұғалім тақырыпты үйретуші болса,қазіргі мұғалім тек қана бағыт беруші,ал оқушы ізденуші,зерттеуші болу керектігін түсіндім.Әдебиет
пәнін меңгеру үшін оқушылар тапсырмаларды саралап,жүйелей алуы қажет,сонымен қатар нені және қалай меңгергенін бағалай алуы қажет.Оқушылар
өзінің жеке жұмысына немесе бір бірінің жұмысына жәй ғана баға қойғаннан гөрі,оқушылар өзара бағалағандары дұрыс.Мұндаңы мақсат оқушылардың
қызығушылықтарын ояту.Осыны түсіндіру,жетілдіру мұғалім үшін де маңызды.
Өзіңіздің зерттеу сұрағыңызды жазуға тиіссіз.
Оқушылар сауалнамасынан кейін «Әдебиет сабағында оқушылардың оқыту әдіс тәсілдерін қалыптастыру» деген сұраққа жауап іздедім. Оқушыларға
әдіс тәсілдерге сай тапсырмалары арқылы жүйелі тапсырмаларды нақтылай түстім.Сондықтан зерттеу тақырыбымды «Әдебиет сабағымды оқыту әдіс
тәсілдерін қалыптастыру»деп алдым.
2бөлім. Іс тәжірибеңізге қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндіруге тиіссіз:
1.Сіздің іс тәжірибеңізге қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндіруге тиіссіз:
Ісәрекеттегі зерттеуді жүргізу сабаұтағы өзімнің рөлімді анықтауыма,оқушыларға таным мен дамуды бағдар беруге,өзін өзі тани білуіне мүмкіндік
берді.Дәстүрлі сабақта тек мұғалімнің бағалауы жүйелі қалыптасқан,ал жаңа дәстірдегі сабақты бағалаудың басқа түрлері енгізілген.Бағалау мен қатар
әдістәсілдердің түрлерін меңгеру үшін,алдымен оқушыларды «Малс» сауалнамасын алдым.Сауалнама қорытындысы бойынша «А» деңгейлі оқушы83
ұпай, «В» деңгейцлі оқушы78ұпай, «С» деңгейлі оқушы 72 ұпай жинады.
«А»оқушыоқу озаты,сыныпты тез ұйымдастыра біледі.Жылдам ұғатын қабілеті
бар,өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушы.
Көшбасшылық танытатын кездері де болып тұрады.Неліктен «А» деңгейлі оқушы
өзін осылай ұстайды?Себебі ол өзінің әрекетіне сенімді.
«В»оқушыүлгерімі орташа сабаққа үнемі тиянақты дайындалады,тақырыптың
теориялық мазмұнын мазмұндауда кедергілерге ұшырайды.Неліктен «В» деңгейлі
оқушы өзін осылай ұстайды? «В» деңгейлі оқушы сабақты жақсы оқи алады.Ол
оқушының өзіне деген сенімділігінің жоқтығы,тілдік дағдыларының жетіспеуі. Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
«С» оқушытөмен оқушы,сабаққа қызығушылығы аз,жасқаншақ,тек қана оңай
тапсырмаларды орындайды. «С» деңгейлі оқушы өзін осылай ұстайды?
«С»деңгейлі оқушы тәртіпті,бірақ ұялшақ,жолдастарынан өзінің ортасынан тыс
қалады.Ол ортаға бейімделу керек.
Балалар қандай жаттығулар орындады?
Мен үшін оқушылардың тапсырмаларды жаңа әдістәсілдерге сай орындауы.Әдебиет сабағында дарынды балалармен жұмыс жасаудың топтық формалары
әлдеқайда орындырақ миға шабуыл,рөлдік тренингтер,ғылымитәжірибелік жұмыстар,жобалық тапсырмалар,эссе ойтолғау жазу сияқты және тағы басқа
түрлері әр сабақта дарынды оқушының шығармашылығын шыңдауға жетелейді.
Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері –орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жогары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту
әдістемелері арасында сындарлы
( конструктивті)теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі,түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан , сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған . Бұл теория
оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынгы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен ,мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Дәстүрлі сабақтарда қолданылган әдіс тәсілдер жеке оқушының білім алуында тек оқулықпен шектелсе,жаңаша оқытуда оқушы бірлескен топтық
жұмыста ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып ,өзінің айтпақ ойын еркін жеткізе алады. Оқытудың жаңа әдіс тәсілдеріндеоқушы бір жауаппен
шектеліп қана қоймайды,оның шешуші жолдарын анықтайды.Идеяның көптігімен ерекшеленеді.Сондай ақ ,оқушының ізденушілік қасиеті де
қалыптасады.Оқушы жауапты бір жақты қарамай,түрлі жағдаяттарға сүйене қарастырады. Міне сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта
қолданудың маңызы зор.
Мағынасы сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау.Сыныпты түрлі қалпактарга бөліп және мұғалім талұылауды баскара
алады.
Қызыл қалпақ түйсік. «Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді ?»дегендей өз ойларыңды жазады. Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Ақ қалпақ фактілер. « Менде қандай ақпарат бар?Маған қандай ақпарат алу қажет?» дегендей оқушылардың өздерінің білетіндерін жазады . Сондай
ақ ,АКТ ны пайдалануда интернет желілерін қолданады бұл әдісте .
Сары қалпақ позитив «Жағымды тұстары қанлай болады? Оның артықшылығы қандай ? Маған не ұнайды ?» оң тармақтарын жазу
Қара қалпақ Жағымсыз .Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?
Қандай проблемалар бар ? Маған не ұнамайды ? деген сұрактарына жауап берілуі қажет. Сөйтіп жағымсыз тармақтарды жазады.
Жасыл қалпақ креатив .Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?»Барлық жаңасын және қызықтысын жазады.
Көк қалпақ шолу Мен не аштым ?Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын ? Мен барлык қалпақты кие алдым ба? Деген жалпы түсінгендерін
жазады .
Ойланудың алты қалпағы стратегиясының сабақта қолданудың тиімділігі топтасқан барлық оқушылар белгілі бір жұмыс атқарады. Жаңа материал
бойынша қосымша ақпарат ала отырып ,атқарған жұмыстарына сыни көзқарас қалыптастырады.
Жаңа ғасырда жаңа заманға лайық тұлға ретінде қалыптасқан өз көзқарасын жүйеліталдай білетін өз өміріне қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын
жеткіншек жастарды даярлау біздің ұстаздық парызымыз. Мектебімізде қызмет жасайтын әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті дарынды оқушыларды
сөз өнеріне баули отырып,оқытудың шығармашылық сипатын күшейту баланың жеке қабілетімен әлеуметтік белсенділігінен дамуына жол
ашу,шығармашыл дарынды тұлғаға қалыптастыру.Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен,қиял ұшқырлығымен,танымдық
қызығушылығымун,әдемілікті сезіне білумен,өзгеше шабытымен ерекшеленеді.
Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді.Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады.Олардың көпшілігі өз уақыттарын
шығармашылық жұмысқа арнайды.Сурет салады.
Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт.
Әртүрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әртүрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін
амал деп айтамыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс – тәсілдерді таңдап алуы
қарастырылады, төмендегі әрекет әдістері жүргізіледі:
1. тақырыпты анықтау, өз өзіне сұрақ қою, есеп беру; Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
2. материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға түсіру;
3. сұрақтарға жауап беру;
4. өз мысалыңды келтіру;
Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм.
Байқау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер жиі қолданылады. Себебі, оларсыз көркем шығармалардың оқиғаларын, кейіпкерлер арасындағы
қарым – қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін
көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.
Жаттығу жұмысы әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын, мұратын, мазмұн құрылымын, қисынын меңгеруге машықтандырады.
Мақсатты жаттығулар оқушының дағдылары ұшталғанда ғана жүргізіледі. Жаттығу жұмысының тиімділігі санатты оқушының өзін өзі бақылау әрекеті
болғанда жоғары нәтижеге жетеді.
Мысалы, көркем мәтінді талдату негізінде танымдық – шығармашылық ізденіске бағыттау, әдеби материалдарды іріктеп алу, жазушының шығармашылық
бейнесін тұтас таныту мен жеке шығармаларды ғылыми талдауға үйрету бүгінгі күннің басты талабы.
Сабақты бастамас бұрын топқа бөлуді кәмпиттердің түстері арқылы бөлді. Сыныпты топқа бөліп, топ ішінде бір – бірімен танысудан басталды. Сыныпта
оқушылар өздерін еркін ұстауы өте жақсы. Сабақ барысында оқушылар топта ереже құрған кезде бір – бірімен келіспеушіліктер байқалды. Әр топ
өздерінің құрған топ ережелерін жақсы құрылған екендіктерін айтып, өз пікірлерін жеткізіп, шулап жатты. Мен осы жағдайдан шығу үшін: әрбір топтың
құрылған ережесінен жақсы дегендерін алып, оқушылармен бірге талқылау арқылы төмендегідей топ ережесін құрдық.
Топ ішінде ережесі (төмендегідей):
1.Бірбірін сыйлау;
2.Бірібірінің жауабын тыңдай білу,
3.Пікірді түсінікті, нақты айту;
4.Әділетті болу;
5.Белсенді болу;
6.Бір біріне көмектесу; Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға әдемі жылы сөздер айта отырып күндегі сабақта әр топқа ауысып
отыратынына ескерту айтып бір жүйеге келтірдім.
Топқа бөлінгеннен кейін, оқушылар бір – біріне жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Сабағымның бұрынғы сабағымнан өзгешелігін айтып, тақырыбы мен мақсатын түсіндірдім. Сабақ барысында топтағы оқушылардың ісәрекетін
көруге болады, бірақ топ ішіндегі кейбір оқушылар берілген тапсырмаға ондай белсене қатыспады. Себебі мұндай сабақ түрі алғаш болғандықтан шығар.
«Оқулықпен жұмыс» тапсырмасында, оқушылар өздері жаңа сабақты меңгеруге мейлінше тырысып орындады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін дамыту бойынша оқулықтағы жаңа тақырып бойынша жұмыс істеді. Өз беттерімен жаңа материалды меңгеріп, жұпта және топ ішінде
талқылауын бақыладым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді жеке түсініп оқып, дәптерге негізгілерін түртіп алды. Содан кейін пікірлерін жұппен, топпен бөлісіп
отырды. Түйінділеріне топтың ішінде ортаға салды. Ойларын ортақ плакаттырға түсірді. Мен өзім үш баланы бақылауға алдым. Осы балаларды топпен
жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс барысында қадағаладым. Талантты бала өзінің көшбасшы екенін дәлелдей білді. Барлық жұмысты өзі атқарып ғана
қоймай тобына үнемі көмектесіп отырды. Ал, А. болса тұйық, белсенділігі орташа оқушы сабаққа қатысқанымен сыныптастарына көмегі аздау болды.
Г.үлгерімі төмен оқушы топқа бөлгендн араласуы басында қиынға соқты. Бақылаған кезімде оқушыға қызықсыз болған сияқты. Келесі сабақтарда осы
оқушыны қалай да болса, бір сатыға деңгейін көтеруге тырысуды алдыма мақсат етіп қойдым.
Әр топқа берілген тапсырманы орындаған кезде әр топ өз ойын айта білді. 1 топ кластер құру арқылы, ал басқа бірі постермен алып шықты.
Бағалаған табыс критериймен, арқылы бағалады. Сабағымды қорыта келгенде, бірінші сабақ болған соң, бұл сабағым өз көңілімнен шықпты деп айта
алмаймын. Себебі: әлі де оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған
деректерді қолдануға толық бейімделмеген, топпен жұмыс істегенде оқушылардың арасында түсінбеушілік болды, бірбірінің жауаптарын зер салып
тыңдаған жоқ және уақытымның жетіспеушілігі де себеп болды. Кейбір оқушылар топқа белсене қатыспады және бағалау кезінде әділ баға қойылмаған,
яғни оқушылар бір – біріне бұрмалаушылық немесе бағаны көтермелеу деген сияқты байқалды. Кері байланыста екі жұлдыз, бір тілек бойынша сабақтың
ұнайтынын, дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше жалықтырмайтынын, болашақта сабақтар топтық үлгіде өтсе туралы жазылыпты.
Оқушыларды жалықтырмас үшін жиі өзгерістер енгізу қажет және мұғалімнің де ізденісі артып, оқушылармен бірге өседі.Оқу барысында мен сабақ
беру тәсілдерінің жаңаша түрлерін пайдаландым, атап айтқанда: cыни тұрғыдан ойлау технологияларын, диологтық оқыту, ақпараттықкоммуникациялық
технологиялардысабақтарымда кеңінен қолданып отырдым. Сабаққа әзірлік кезінде ғаламтордан түрлі материалдар алып, әр сабағымды жаңаша мазмұнда
түрлендіріп отыруға тырыстым. Себебі оқушылардың қызығушылығы қандай технологияда тиімді екендігін айыру керек болды. Өтілген сабақтарым жаман
емес, нәтижелі болған сияқты.
Сыни тұрғысынан ойлауға оқыту модулін енгізу арқылы оқушыларымның ішкі жан дүниесіне терең үңіле бастадым, олардың сыни тұрғыда ойлау
қабілеттерінің дамығанын аңғардым, өзөздеріне баға бере алатын болды, салыстырмалы түрде түсіндіруіне мүмкіндік туды. Мұғалім мен оқушы арасында
тығыз қарымқатынас орнады. Сөйлеу қабілеттері, сөз мәнері жетіле түсіп, оқушылар бойында ой еркіндігі қалыптаса бастады.
Сонымен сөзімді қорытындылай келе, көшбасшылықты қолдану барысындғы нәтижелерім:оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып, мәселелерді
терең талдауға үйренді, шығармашылық ой өрісі артты, ұжымдық ой пікірлері жетіліп, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұғырым жасауға үйренді,
мұғалім мен оқушылардың қарым қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артты, оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді, білімін
жүйелі түрде толықтыруға, өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға, тұжырым жасап қорытындылауға үйренді. Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Елбасымыздың өзі айтқандай, «Еліміздің болашағы ұстаздардың қолында» дегендей, осы бізге ұстаздар қауымына жасалып отырған жағдайды, біз ұстаздар
тиімді пайдалана отырып, модульдерді толық меңгеріп, тамырын тереңге жайған егеменді еліміздің, өскелең болашақ ұрпағын тәрбиелеп, елімізді дамыған
50 елдің қатарында көру, бұл әрбір Қазақстандық азаматтың алдындағы ең үлкен борышы деп есептеймін. Болашақта осы мақсаттарды ойға ала отырып,
әрбір модульдерді тиімді пайдаланып, осы жолда аянбай еңбек етіп, оқушыларыма адал білім беріп, олардың ертең Қазақстан үшін тер төгіп, адал қызмет
ету жолында оларға бағытбағдар беріп көшбасшылық қызмет атқарам деп алдыма үлкен нық мақсат қойдым, сол мақсатқа жету үшін, ерінбей еңбек етем
деген үміттемін.
ФАРИЗА.ОҢҒАРСЫНОВА.ЖЫЛУ.ТАЛДАП ЖАЗАМЫН
Сабақтың тақырыбы: Жылу Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге
дағдыландыру.
2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
3. Анаға сый құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: сұрақ жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка
Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта,
суреттер, «Ана» моделі
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Психологиялық дайындық: "Жылу сыйлайық"
II. Үй тапсырмасын сұрау
1 топ. Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
2 топ. «Ата ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3 топ. Үйге берілген "Ата ананы құрметтеу"тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.
Міне, өздеріңнің ата аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата анаңды құрметтесең, олардың
да ізгі тілектері қабыл болғаны.
Ата ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар. Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
III. Жаңа сабақ.
1. Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат...
Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашыр лық сезімдерің кімге арналады?
2. Балалар, кімнің суретін көріп отырмыз? (Фариза Оңғарсынованың суреті көрсетіледі).
Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»).
Фариза Оңғарсынова. "Жылу" өлеңі
3. Фариза Оңғарсынова Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті
факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. (мәлімет беру)
4. Өлеңді мәнерлеп оқу.
5. Өлеңді талдау. (Сұрақ жауап).
Өлең кім туралы айтылған?
Ана құшағы
Ана жанары
Ана сүті
Ана жылуы
6. Жалғастыра оқу.
(Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей)
7. Сөздік жұмыс. (Дәптерге жазу).
Өң бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр өмір.
8. Суретпен жұмыс. (Сұрақ жауап).
Күн, Ана Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
Ана мейірімі туралы не дейсің?
Ана сүті туралы ше?
Ананың алақаны қандай?
9. Сергіту сәті
Ана менен баланың айырмасы,
Ана ән, бала оның қайырмасы, деген тамаша сөз бар. «Алтын ана» әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.
10. Топтық жұмыс: Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
І топ. "Менің анам" тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. "Өлең ұйқастыру"стратегиясы
сыйлаймын,
тыңдаймын.
аламын,
баламын.
ІІІ топ. Ситуациялық жағдай.
1. (бәрін мойындап, кешірім сұрау)
2. (үстін қымтап жауып қою, мазаламау)
12. « Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал мәтелдер айтып жіберейік.(Оқушылар білетін мақал мәтелдерін айтады).
13. Сабақты бекіту.
Модель қорғау: Ана – Күн
Асыл жан, мейірімді, шуақ төгеді, сұлу, тілекші, қамқор, пана, ақ сүт берген, отбасының жылуы, сезімтал.
ІV. Қорытынды. 1. Топтастыру
2. Үйге тапсырма:
"Жылу"өлеңін жаттау, талдау. Ана туралы шағын шығарма жазу. Байталасова Нурия Султанбаевна Тәжірибедегі рефлекция есеп А
Топ 1 Портфолио
Ақшұқыр мектеп лицейі 3.05.2017ж
Кері байланыс алу
3. Оқушылар білімін бағалау.Топтық бағалау өзін өзі бағалау
Пайдаланған әдебиеттер:
1
2
3
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2016 ж )
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» (Үлестірме материaлдар 1,2,3,4 апта 2016 жыл)
«Интерактивті оқыту әдісін қолдaнып, сaбақты жоспарлау және басқару» (Алматы, 2014жыл)
4
«Мектептегі ісәрекетті зерттеу әдстемелік құрaл» ( Алматы, 2013 жыл)
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.