«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бастауыш мектептегі рухани- адамгершілік тәрбие мен білімнің негізі.
Біз қазір тәуелсіз, егеменді мемлекетте тұрып жатырмыз. Ата-бабамыздың сан ғасырғы төккен терінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз. Сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиынға түседі. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмауы керек. Ал , ол үшін бүкіл қоғамды берік біріктіретін біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт керек болды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі идея ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
«Мәңгілік ел» - халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы. «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» дейді Елбасшымыз Қазақстан Халқына Жолдауында.
«Мәңгілік ел» дегеніміз не? Ол қуатты, мықты , рухы асқақ, діні берік, салтын ұстанған , тарихы тереңде , ынтымақ пен ауызбіршілігі жарасқан, ірі мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын , ешқашан жойылмайтын ел. Ендеше , біз үшін болашағымызды бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Мәңгілік ел идеясының мақсаты – «Мәңгілік Елді» нығайту, Отанымыздың – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз – біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз – «Мәңгілік Елдің» - біздің ортақ үйіміздің – Қазақстан Республикасының гүлденуі. «Мәңгілік Ел» - Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
«Мәңгілік ел» мемлекетін құрудағы жастардың рөлі мен жауапкершілігін анықтай отырып, Президент оларда ұлттық сана-сезімдері мен тарихи сананы жан-жақты қалыптастыру мәселесін өзектендірді
Бұл өте заңды құбылыс, себебі ұлттық компонент - қазіргі заман адамы санасының ажырамас бөлігі. Барлық өркениетті елдерде заманауи білім берудің мәні іс-әрекет пен ойлаудың түрлі формаларына, түрлі мәдениеттік мәндерді іздестіру мақсатында диалогқа қатыса алатын, ұлттық мәдениет адамын тәрбиелеу болып табылады. Ғылыми зерттеулерде білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері бойынша: тұлғаның ұлттық сана-сезімі ұлттық тиістілік туралы түсініктерін, ұлттың өткен тарихына, оның бүгінгісі мен болашағына деген қатынасын, ана тілін меңгерудегі, төл мәдениетін игерудегі, ұлт мүддесі мен құндылық бағдарын жете ұғынудағы және қабылдаудағы белсенділігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, соңғы жылдары қоғам жастардың рухани дамуындағы адамгершілік, әлеуметтік, физикалық және психикалық аспектілерде рухани-адамгершілік дағдарыстың үдей түсуімен байланысты ең бір қиын кезеңді өткеріп жатқанын айтпауға болмайды. Бүгінгі Қазақстан жастарының белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен дінінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің құлдырауы осындай тұжырым жасауымызға негіз болып отыр. Әсіресе бұл өзінің туған тілін ғана емес, өз халқының тарихын, салт-дәстүрлерін білмейтін қазақ жастарына қатысты. Сол арқылы: халықты жою үшін оны толық физикалық құртудың қажеті жоқ, тек оның ақылын, ойын және сөзін тартып алу керек, сонда халықтың жаны өледі деген қарапайым шындықты елемейді.
М.Әбдіхалықов атындағы мектепгимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Жақайқызы Сауле
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от
жүректі өжет мінезді ұлқыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу.
Патриоттық сезім қалыптастыру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу
себептерін және тәуелсіздіктің қадірқасиетін түсіну. Отан Ананы құрметтеу,
тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі
жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым
есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол),
тақырып желісі бойынша слайдтар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің
. Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Дей отырып бүгінгі желтоқсан жаңғырығы атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
«Желтоқсан желі» бейнеклипін көру.
Жаңа біздер экраннан көрген бейне баяннан қандай көрніс көрдік?
Бұл көрністегі оқиға қалай аталды немесе қандай баға берілді?
Алаңға жастар неліктен шықты?
Ендеше себебін кеңірек білу үшін келесі бейне баянды көрейік.
Екінші бейнебаянды көреміз
Ендеше достар, желтоқсан оқиғасы туралы мағұлмат алдық деп ойлаймыз. Олай
болса, біздер желтоқсан көтерлісі туралы білгендерімізді ортаға салайық.
Ендеше бүгінгі айдарлармен танысайық
1. Таныстыру осы жерде 3 топ өздерін таныстырады
2 Білгенге маржан
3 Постер қорғау
4 Сұрақ жауап
Ендеше таныстыру айдарын бастайық қанекей 3 топпен танысайық
1ші топ
2ші топ
3ші топ
Ендеше 2ші айдарды бастайық.
Оқушылар сіздерді ортаға шақырамыз.
1ші оқушы: 1986 жылғы Қазақстан желтоқсаны Ресейдегі 1905 жылғы СанкПетербургтағы қанды жексенбі
болса, Москвада – желтоқсанда қарулы көтеріліс болды.
2ші оқушы :
16желтоқсан, 14 сағат
Үкімет үйінің алдына он мыңдай адам жиналған. Дені қазақтың жас жігіттері мен қыздары. Оларды
бұлараға ешкім де тоғытып айдап әкелеген жоқ. Қазақстан ұлтының бостандығы үшін өз
еріктерімен келегндер.
3ші оқушы:
Тәуелсіздік жолы – ұзақ жол, ғасырлық жол ол атабабаларымыздың жолы, ерлік
жолы.
4ші оқушы :
Жастар бұдан әрі кезкелген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол
бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалайды
5ші оқушы :
Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың
бастауы болды
6шы оқушы:
Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды.
«Біз — қазақ, ежелден азаттық аңсаған» демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды,
рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам дей отырып
келесі постер қорғау айдарына өтсек Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында
постерді бітіріп сол постерді қорғауға оқушы шығады.
1топ: Желтоқсан оқиғасы.
2топ: Желтоқсан құрбандары.
3топ: Желтоқсан тәуелсіздік бастауы
Бастаймыз 10 минут уақыт кетті.
Жақсы осымен біздің 3 ші айдарымыз да бітті. Ендігі ең соңғы айдар сұрақ жауап
1 – Қай кезде үкімет үйінің алдында халық жиналып тұрды? (16 желтоқсан 14 сағат)
2 Қай жылы желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы
болды? (1986 жылы)
3.Қазақстан Республикасы қай жылы қай күні тәуелсіздігін жариялады?
4. Ақыры оқиға кезінде неше адам ұсталды. (2401 адам ұсталды)
5. 1905 жылы санкт петербургте қандай күн болды ( қанды жексенбі)
6. Қазақстан Тәуелсіздік алғанына неше жыл толды? (25жыл)
1986жылғы Алматыдағы “жаппай тәртіпсіздіктер” Қазақстан ғана үшін емес, сондайақ, КСРО
көлемінде де ірі тарихи оқиғаға айналды. Олар кеңес тарихында жаңа тараудың бетін ашты. Бұл
жаңа кезең түрлі жерлердегі жиілеп кеткен толқулармен сиппатталады.
Ендеше қорыта келсек бүгін тобы жеңіске жетті .
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке
түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиынқыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр.
Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры
әрқашан биік болсын.
Қатысғандарыңызға рахмет өте қуаныштымын.
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.