Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы мектепгимназиясы
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы
бастауыш мектептегі рухани-
адамгершілік тәрбие мен білімнің
негізі
(баяндама)
Жақайқызы Сауле
бастауыш сынып мұғалімі
[Введите название организации] «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы бастауыш мектептегі рухани адамгершілік
тәрбие мен білімнің негізі.
Біз қазір тәуелсіз, егеменді мемлекетте тұрып жатырмыз. Ата
бабамыздың сан ғасырғы төккен терінің арқасында тәуелсіздікке қол
жеткізгенбіз. Сол тәуелсіздікті сақтап қалу
одан да қиынға түседі.
Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмауы керек. Ал , ол
үшін бүкіл қоғамды берік біріктіретін біртұтас идея, алға жұмылдыратын
бағыт керек болды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнап «Қазақстан
жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауын
жазды. Жолдауда отандастары үшін өте маңызды екі идея ұсынды. Оның
біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». Бұл екеуі бірбірімен тығыз
байланысты.
«Мәңгілік ел» халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы.
«Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан,
алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі –
бірлік, берекесі» дейді Елбасшымыз Қазақстан Халқына Жолдауында.
«Мәңгілік ел» дегеніміз не? Ол қуатты, мықты , рухы асқақ, діні
берік, салтын ұстанған , тарихы тереңде , ынтымақ пен ауызбіршілігі
жарасқан, ірі мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын , ешқашан жойылмайтын
ел. Ендеше , біз үшін болашағымызды бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея. Мәңгілік ел идеясының мақсаты – «Мәңгілік
Елді» нығайту, Отанымыздың – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ
мүддеміз – біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және
өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз –
«Мәңгілік Елдің» біздің ортақ үйіміздің – Қазақстан Республикасының
гүлденуі. «Мәңгілік Ел» Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік
болашағын баянды етуге арналады.
«Мәңгілік ел» мемлекетін құрудағы жастардың рөлі
мен
жауапкершілігін анықтай отырып, Президент оларда ұлттық санасезімдері
мен тарихи сананы жанжақты қалыптастыру мәселесін өзектендірді
Бұл өте заңды құбылыс, себебі ұлттық компонент қазіргі заман адамы
санасының ажырамас бөлігі. Барлық өркениетті елдерде заманауи білім
берудің мәні ісәрекет пен ойлаудың түрлі формаларына, түрлі мәдениеттік мәндерді іздестіру мақсатында диалогқа қатыса алатын, ұлттық мәдениет
адамын тәрбиелеу болып табылады. Ғылыми зерттеулерде білім алушы
жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері бойынша: тұлғаның ұлттық сана
сезімі ұлттық тиістілік туралы түсініктерін, ұлттың өткен тарихына, оның
бүгінгісі мен болашағына деген қатынасын, ана тілін меңгерудегі, төл
мәдениетін игерудегі, ұлт мүддесі мен құндылық бағдарын жете ұғынудағы
және қабылдаудағы белсенділігін көрсетеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере
отырып, соңғы жылдары қоғам жастардың рухани дамуындағы адамгершілік,
әлеуметтік, физикалық және психикалық аспектілерде руханиадамгершілік
дағдарыстың үдей түсуімен байланысты ең бір қиын кезеңді өткеріп жатқанын
айтпауға болмайды. Бүгінгі Қазақстан жастарының белгілі бір бөлігінің
ұлттық санасезімі мен дінінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің
құлдырауы осындай тұжырым жасауымызға негіз болып отыр. Әсіресе бұл
өзінің туған тілін ғана емес, өз халқының тарихын, салтдәстүрлерін білмейтін
қазақ жастарына қатысты. Сол арқылы: халықты жою үшін оны толық
физикалық құртудың қажеті жоқ, тек оның ақылын, ойын және сөзін тартып
алу керек, сонда халықтың жаны өледі деген қарапайым шындықты елемейді.
Ұстаздар тәрбие жұмысының жоспарын құруда , Мықты және Қуатты
Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050»
Стратегиясының негізгі алты бағыттарын ескеру қажет:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық па
триотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі
тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз
тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің
жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы.
Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың
бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық
салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен
мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан
мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш
болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті
дамуының маңызды шарты. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз айтқандай мәңгілік елдің
ұрпағы ол –Қазақтың перзенті. Мәңгілік ел идеясын қалыптастыру үшін ең
алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілгі анық көрсетіледі.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған дана халқымыз. Тәрбие
отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасында жалғасын табатыны сөзсіз. Олай
болса, тәрбие мен білімнің ұштасатын сәті бастауыш мектепте. Бастауыш
мектепте білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен
ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілген абзал. Оның ішінде рухани –
адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру
бағытындағы ісәрекеттер кіріктірілуі тиіс. Бастауыш сыныптан бастап отан,
ел , жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішінде салт
дәстүр, тарихтың маңызын қазақтың ақынжазушыларының шығармаларын оқи
отырып, бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болу қажет. Айта кетсек,
әдебиеттік оқу пәнінен Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет
Байтұрсынұлы,
Бейімбет Майлин, Сәкен
Бауыржан Момышұлы т.б ақын –жазушыларымыздың
Сейфуллин,
шығармаларын оқу барысында оқушы бойына шыншылдық,
әділдік,
ауызбіршілік, отансүйгіштік қасиеттерін дарытамыз. Біз XIX ғасырдың білім
беру ортасымен, XX ғасырдың мұғалімдерімен, XXI ғасырдың дағдыларын
үйретуге тырысудамыз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы,
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру белгілі бір құндылықтар жүйесіне
негізделетіні белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін
сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі,
өзегі. Мемлекет билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен
өлшенеді. Мемлекет қай тілде сөйлесе, сол тілдің құдіреті қашанда үстем
болады. Мемлекеттік тілде сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін
нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын арттырады. Тіл ұлттың мәдени
коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, құндылықтарды бағалай білу
жүйесінің коды. Тіл билік, үлкен саясат. Тіл «Мәңгілік Ел» идеясының
басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу ұлттық намысты ояту мен
жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы тиіс.
М.Шаханов айтқандай төрт ана үшін күресуге белді бекем буған ұрпақ елі
үшін аянбайды. Қазіргі кездегі күрделі мәселенің бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру баршамыздың міндетіміз. Мәңгілік
елдің мәңгілік тіліне айналу үшін бірқатар маңызды іс шараларды жүзеге
асырып, соның нақты нәтижесінен қорытынды шығаруымыз қажет. Ол үшін
қазақтың ауыз әдебиетін кеңінен қолдануымыз керек. Мақал мәтел,
жаңылтпаштар, өлеңдер, нақыл сөздерді жаттап қана қоймай мағынасына
терең бойлауға баулу басты міндетіміз. Сонымен бірге Мың бір мақал, жүз
бір жұмбақ» сайыс, «Ана тілім – дана тілім, бақ тілім» атты бастауыш сынып
оқушылары арасында ертеңгіліктер өткізуге болады. Бұл жұмыс түрлері
оқушының бойындағы ұлттық тәрбиені дамытудың құралы болып табылады .
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі
аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден
алады . Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп ,
қиялға қанат бітіретін , жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің
мол қоры бар рухани азық», деп атап көрсеткен. Халық ертегісін оқыта
отырып, оқушылардың бойына үлкенді сыйлау, әдептілік, кішіпейілдік ,
қайырымдылық , жанашарлық , ізеттілік , инабаттылық, қарапайымдылық
секілді тағы басқа қасиеттерді оқушының бойына дарытамыз.
Сонымен қатар бірлікке тәрбиелеу, бірбірінің ынтымақтастықта жұмыс
істеу, берекелі орта қалыптастыру бағытындағы ісшаралар Мәңгілік ел
идеясындағы басты құндылық екенін ескерту қажет.
Әр оқушының
көшбасшылық қабілетін дамытатын жұмыстарды ұдайы жүргізу , Мәңгілік ел
идеясын жүзеге асырудың басты құрал екенін ұмытпағанымыз жөн. Тарихи
оқиғалар және тарихтағы ұлы тұлғалар туралы мәліметтерді оқушы жасына
сай ықшамдай отырып таныстыру немесе «Қазақ хандығына 550 жыл» ,
«Қазақтың батырларын білесің бе?», «Елімнің тарихы менің тарихым» ,
«Мәңгілік ел ұланы» атты интеллектуалдық сайыстар, сыныптан тыс
шараларды көптеп өткізуге болады. Сонымен бірге дүниетану пәнінен
еліміздің тарихын, мәдени мұраларын, Тәуелсіздік жолында құрбан болған
қайсар батырларымыз бен хандарымыздың ерліктерімен танысады.
Оқушыларға бабаларымыздың ерлігін, даңқты істерін үнемі насихаттай
отырып , оқушылардың ұлттық сана сезімін, ұлттық рухын, дүниетанымын
жетілдіреміз.
Математика пәні оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсатыұлттық
және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды
дамуының қажетті деңгейін қамтамассыз етуге бағытталған. Ұлттық тәрбие
беру негізінде қазақтың байырғы өлшемдерін немесе қара есептерін
математика сабағынан кеңінен қолданысқа енгізу керек. Қара есептер халықтық қазына. Қара есеп халықтың бірнеше ғасырлар бойы еңбегі, білімі,
өнері жұмсалды. Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен бірге
оларды жалпы адамгершілік рухында тәрбиелеуде бұлардың ерекше маңызы
бар. Өйткені , оқушылардың математикалық қабілетін дамыту мақсатын
жүзеге асыруда қара есептің алатын орны зор. Мысалы. «Қойшылар» есебі.
Бір қойшы екіншісіне :
Маған 5 қойыңды берсең , менің қойым сенікінен алты есе артық
болады,дейді.
Екінші қойшы біріншісіне:
Жоқ, сен өз қойыңның бесеуін маған берсең , сонда екеуміздің
қойымыз бірдей болады,деді.
Сұрақ: Әр қойшының неше қойы болған?
Ж: әркімде 19 және 9 қой болған.
Сонымен бірге сынып сағаттарында «Математика әлеміне саяхат»,
«Сандардың қасиеті», «Жас математик» секілді түрлі сайыстар жүргізуге
болады.
Елбасы білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде «Болашақта еңбек
етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» деген еді.
Қорыта келе, ұстаз қауымының атқарар ісі көп , оны парыз деп білуіміз
керек. Алдымызда ұлттық құндылықты бойына сіңірген, отансүйгіш, елі мен
жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді , иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу,
оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармаған жөн.
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.