Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Оценка 4.9

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы

Оценка 4.9
Научные работы
администрации +1
4 кл
11.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну. Отан - Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол), тақырып желісі бойынша слайдтар, нақыл сөздер. Сабақтың барысы: Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің . Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік, қош келдің! Дей отырып бүгінгі желтоқсан жаңғырығы атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Желтоқсан желі» бейнеклипін көру. - Жаңа біздер экраннан көрген бейне баяннан қандай көрніс көрдік? - Бұл көрністегі оқиға қалай аталды немесе қандай баға берілді? - Алаңға жастар неліктен шықты? - Ендеше себебін кеңірек білу үшін келесі бейне баянды көрейік. Екінші бейнебаянды көреміз - Ендеше достар, желтоқсан оқиғасы туралы мағұлмат алдық деп ойлаймыз. Олай болса, біздер желтоқсан көтерлісі туралы білгендерімізді ортаға салайық. - Ендеше бүгінгі айдарлармен танысайық 1. Таныстыру осы жерде 3 топ өздерін таныстырады 2 Білгенге маржан 3 Постер қорғау 4 Сұрақ жауап - Ендеше таныстыру айдарын бастайық қанекей 3 топпен танысайық 1ші топ - 2ші топ - 3ші топ -- Ендеше 2ші айдарды бастайық. Оқушылар сіздерді ортаға шақырамыз. 1ші оқушы: -1986 жылғы Қазақстан желтоқсаны Ресейдегі 1905 жылғы Санк-Петербургтағы қанды жексенбі болса, Москвада – желтоқсанда қарулы көтеріліс болды. 2ші оқушы : - 16-желтоқсан, 14 сағат Үкімет үйінің алдына он мыңдай адам жиналған. Дені қазақтың жас жігіттері мен қыздары. Оларды бұлараға ешкім де тоғытып айдап әкелеген жоқ. Қазақстан ұлтының бостандығы үшін өз еріктерімен келегндер. 3ші оқушы: - Тәуелсіздік жолы – ұзақ жол, ғасырлық жол ол ата-бабаларымыздың жолы, ерлік жолы. 4ші оқушы : - Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалайды 5ші оқушы : - Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды 6шы оқушы: -Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. - «Біз — қазақ, ежелден азаттық аңсаған» демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас – азатыққа жасалған бір қадам дей отырып келесі постер қорғау айдарына өтсек Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында постерді бітіріп сол постерді қорғауға оқушы шығады. 1топ: Желтоқсан оқиғасы. 2топ: Желтоқсан құрбандары. 3топ: Желтоқсан тәуелсіздік бастауы Бастаймыз 10 минут уақыт кетті. - Жақсы осымен біздің 3 ші айдарымыз да бітті. Ендігі ең соңғы айдар сұрақ жауап 1 – Қай кезде үкімет үйінің алдында халық жиналып тұрды? (16 желтоқсан 14 сағат) 2- Қай жылы желтоқсан оқиғасы тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды? (1986 жылы) 3.Қазақстан Республикасы қай жылы қай күні тәуелсіздігін жариялады? 4. Ақыры оқиға кезінде неше адам ұсталды. (2401 адам ұсталды) 5. 1905 жылы санкт петербургте қандай күн болды ( қанды жексенбі) 6. Қазақстан Тәуелсіздік алғанына неше жыл толды? (25жыл) - 1986-жылғы Алматыдағы “жаппай тәртіпсіздіктер” Қазақстан ғана үшін емес, сондай-ақ, КСРО көлемінде де ірі тарихи оқиғаға айналды. Олар кеңес тарихында жаңа тараудың бетін ашты. Бұл жаңа кезең түрлі жерлердегі жиілеп кеткен толқулармен сиппатталады. Ендеше қорыта келсек бүгін -------------- тобы жеңіске жетті . Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. - Қатысғандарыңызға рахмет өте қуаныштымын.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.02.2017