«Салауаттылық - өмір негізі»
Оценка 4.9

«Салауаттылық - өмір негізі»

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
обществознание
Взрослым
15.05.2017
«Салауаттылық - өмір негізі»
Сабақ мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: салауатты өмір сүрудің мәнін ашу, Дамытушылығы: салауатты өмір сүруіне ықпал ету, Тәрбиелілігі: денсаулығын бағалауға, салауатты өмір сүруге қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі сабағымызда айтылғандай «Дені саудың – жаны сау» демекші, біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. (әуен ойналады)Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі сабағымызда айтылғандай «Дені саудың – жаны сау» демекші, біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де, мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы көңіл - күйде сәл тыныштықта отырайық.
сабақ жоспары 10 сынып.docx
Өзін­өзі тану пәнінің мұғалімі:                                                                                                        Макенова Г.К. Өзiн­өзiтану сабағының жоспары Мектеп: ЖББ №65 орта мектеп Мерзiмі:  Тақырып: «Салауаттылық ­ өмір негізі» Құндылық: дұрыс әрекет. Қасиеттер: мейірімділік, төзімділік, ізгілік Мұғалiм:Макенова Г.К.    Сынып:10 «а» Оқушылар саны:13 Сабақ мақсаты: оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы  түсініктерін кеңейту, зиянды әрекеттерден аулақ болуға  тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: салауатты өмір сүрудің мәнін ашу, Дамытушылығы: салауатты өмір сүруіне ықпал ету, Тәрбиелілігі: денсаулығын бағалауға, салауатты өмір сүруге  қоршаған орта тазалығын сақтауға тәрбиелеу.   нақыл Ресурстар: мәтін, сөздер, үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта Сабақ   барысы:  Ұйымдастыру   кезеңi.   Оқушылармен   амандасу, түгелдеу. Тыныштық   сәтi.  Баяу   әуен   ойналады.  Терең   тыныс   ала   отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл ­ күй орнату. Сабақ барысын талдау: 1.Тыныштық сәтi.Нұрға бөлеу Ыңғайланып   отырыңыздар,   денелеріңізді   түзу   ұстаңыздар. Аяқ­қолыңызды   айқастырмаңыз.   Қолыңызды   тізеңізге   немесе үстелге   қоюға   болады.   Көздеріңізді   жұмуларыңызды   өтінемін. (әуен ойналады) Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай   бойлап   барады.   Кеудеңіздің   орта   тұсында   гүл   түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек­қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.   Нұр   сәулесі   сіздің   бойыңызға   ақырын   тарай   бастағанын елестетіңіз.   Ол   біртіндеп   күшейе   түсуде.   Оймен   осы   нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің   қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.   Қолымыз   тек   жақсы,   ізгі   істер   істейді   және   баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда.   Олар   сізді   тек   жақсылық   жасау   үшін   жақсы   жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.  Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты   және   жақсы,   ізгі   сөздер   ғана   айтады.   Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.   Нұр   бірте­бірте   қарқын   және   шұғылана   бастайды,   сіздің денеңізден   шығып,   жан­жағыңызға   сәуле   шашады.   Осы   нұрды туысқандарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. мұғалімдеріңізге,     Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан­жануарларға, өсімдіктерге,   барлық   тірі   жанға   таралсын...   Ғаламның   барлық түпкір­түпкіріне   нұр   бағыттаңыз.   Ойша   айтыңыз:   «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».  Осындай   Нұр,   Махаббат   және   Тыныштық   күйінде     отыра тұрыңыз...   Енді   осы   Нұрды   жүрегіңізге   орналастырыңыз.   Нұрға   толы бүкіл   әлем     сіздің   жүрегіңізде.   Оны   осындай   әсем   қалыпта сақтаңыз.  Жаймен көзіңізді ашуға болады. Сұрақтар: 1.Балалар,жаттығу барысында не сездіңдер? 2. Қандай күйде болдыңдар? 3. Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды:Олай болса, осы жақсылықтарыңды  жүретеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды  сақтайық.  2.Үй тапсырмасын тексеру: «Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді»шағын эссе . 3.Дәйексөз. “ Дені сау  адам­табиғаттың  ең қымбат жемісі.”                                                                             Халық нақылы (Дәйексөз   бойынша   оқушылардың   жауабы   тыңдалып, қорытындылады) 4.Мұғалім сыйы.    «Қара пима» видео ролик. Сұрақтар. 1.Балалар видеороликтен не түсіндіңдер? 2.Әкесінің іс­әрекеті дұрыс па? Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады. 5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1­ топ. 1.Берілген денсаулық сөзін пайдаланып,сөзжұмбақ  құрастыр 2­ топ. Жағдаятты талдау.  1.Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сырының иісі  шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің 2.Саған 11­сынып оқушысы:  «Маған күнде бір қорап темекі алып бер.  Екеуіміз бірлесіп шегеміз.  Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық .Әйтпесе...... » деп жұдырығын  көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің? 3­топ. Салауатты­өмір салты тақырыбында сурет салу 6.Топпен ән айту. Құс жолы      Сөзі: Ұ.Есдаулетов  Әні : Ф.Жолдасова Аспан, аспан шайдай ашық Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық Құс жолы ғарыш көкке туған жерден Қараймын жандай ғашық Жанға серік болса жұлдыз Ғарышқа қанат қақты самғап Туған жерден қаншама ұл­қыз Қайырмасы Құс жолы шақырады арманға ұқсап Жұлдыздар жайып арман құшақ Жаса мәңгі жырға толы көркем өлкем Сен Отан  достық әннен қуат алған Бақыт құсы бүгін ұя салған Келді жайнап бала көктем Күкен еді дала көктем Шалғайда тербей есті ерке самал Жібіктей жаңа леппен Ауыл саған талмай ұштық Бұлақ суын қанбай іштік Қарлығаш ұя салған туған үйлер Бізге қандай ыстық Қайырмасы 7.Үй тапсырмасы. «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдай отырып, бүгінгі  сабағымызда айтылғандай «Дені саудың – жаны сау» демекші,  біздің өміріміз, денсаулығымыз өз қолымызда екенін өте жақсы  түсінеміз. Деніміз сау болса, отбасымызда да, достарымызбен де,  мектепте заманауи білімді меңгеруде де еліміздің көркеюіне  үлесімізді қосамыз. Көңіліміз шат, жанымыз тыныш болады. Осы  көңіл ­ күйде сәл тыныштықта отырайық.  Тыныштық, тыныштық!  Тыныштық барлық жерде,  Тыныштық бүкіл әлемде!

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»

«Салауаттылық - өмір негізі»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2017