Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылды. Оқушылар топқа бөлінді. «Ұрылар мен кемпір» ертегі есептер шығарылды.
ашық сабақ матем.docx
Қосестек орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Санды қосындыға көбейту.
Көбейтіндіні санға бөлу»
Класы: 4 а
Өткізген: Мынжасарова С.Ж.
2015 жыл Сабақтың тақырыбы : Санды қосындыға көбейту.Көбейтіндіні санға бөлу.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау,
тиянақтау. Дамытушылық: Ой өрісін, сана сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін
қалыптастыру.Тәрбиелік: Әр істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдіс тәсілі: Іздену, сұрақ жауап.
Көрнекілік: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу. Сабаққа зейінін аудару.
Топқа бөлу
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді
тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің
айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Оқушылар бірбіріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау
Көбейту кестесін еске түсіру Математикалық диктант.
5*2=10 5*3=15 18: 2=9
10: 2=5 6*2=12 20: 2=10
5*9=45 3*3=9 4*6=24
45: 5=9 9: 3=3 24: 4=6
Оқушылар ауызша орындайды
Жаңа сабақ
1топ
Жазуды жалғастыр және шығару жолын салыстыр:
84. 9= (80+4). 9 = 720+36 = 756
9. 84= 9.(80+4) = 720+36= 756
Қосындыны санға көбейту
Санды қосындыға көбейту
2топ
Жазуды жалғастыру және шығару жолын салыстыру
756: 9= (720+36): 9 =80+4= 84
450: 6= (420+30): 6 =70+5 = 75
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.
Дәптермен жұмыс.
Қосымша тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз
шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар
келеді. Кемпір:«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де
бұларды алдайын», деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып,
мынадай өлең айтыпты:
Сапырыпсапырып Арманға бер,
Құйыпқұйып Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», деген екен. Мұны естіген ұрылар:«Қой мұнымыз болмас үй» толы
кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен
ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
Ой толғаныс
Математикалық тест.
1. 5 * 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 40 ә) 35 б) 30
2. 40 + 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 60 ә) 50 б) 30
3. 48: 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 3 ә) 7 б) 6
4. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 100 ә) 80 б) 90
5. 180 * 0 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 180 ә) 0 б) 1
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.
Бағалау парақшасын толтырады.
Санды косындыга кобейту. Кобейтиндини санга болу
Санды косындыга кобейту. Кобейтиндини санга болу
Санды косындыга кобейту. Кобейтиндини санга болу
Санды косындыга кобейту. Кобейтиндини санга болу
Санды косындыга кобейту. Кобейтиндини санга болу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.