Семей ядролық полигоны
Оценка 4.8

Семей ядролық полигоны

Оценка 4.8
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
11.05.2018
Семей ядролық полигоны
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
тарих научная работа.docx
Кіріспе КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды   адамдарға,   жануарлар   мен   табиғатқа   тікелей   зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом   бомбаларының   жарылыстары   сұмдық   ауыр   болды.  Семей   маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.   таусылып,   шегіне төзімі 1949   жылдан   1963   жылға   дейін   жер   бетінде   жасалған   сынақтардың зардабы   әсіресе   мол  болғаны   рас.   Бұл  аймақтағы   аурулардың   есеп­қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек­ қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай   халықтың   еді. Басқа   ядролық   державалармен   салыстырғанда,   Қазақстан   аумағында қиратқыш   әлуеті   жағынан   орасан   зор   ядролық   арсенал   болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан   стратегиялық   қару­жарақ   пен   оны   жеткізу   құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери­техникалық   әлует   қуаты   жағынан   тұтас   бір   индустрия,   өзіндік   бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.   жеткен   КСРО­ның   ыдырауы   нәтижесінде   Қазақстан   толық   әскери   ядролық циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. 3 І тарау. Қайда кетіп барасың сен Заман ай Еліміздің тарихындағы ең қасіретті зұлматтың бірі Семей ядролық сынақ полигонының   өмірге   келуі.   Алғашқы   атомдық   жарылыс   даусы   1949   жылы тамыздың  29 ­ы,  таңғы  сағат  7­  де  естілді. 1948­1964  жылдар  аралығында семей полигонында ядролық жарылыстар болып, жер асты сынақтары 1964­ 1989 жылдары жүргізілді. Ядролық қару­жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына   және   халықтың   денсаулығына   кері   әсерін   тигізді.   Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске   асырылды.   Олар:   жер   қойнауын   тиімді   пайдалану,   (минералды шикізаттарды   кешенді   пайдалану,   игерілген   жерді   рекультивациялау   және көгалдандыру). Семей ядролық полигоны ауданында 450­ ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілу салдарынан атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен молшерде радиоактивті материалдар жіберілді. Тек   Семей   ядролық   полигонының   ғана   емес,   соған   жақын   жатқан   үлкен аумақтар   да   (Павлодар,   Қарағанды,   Жезқазған   облыстары   және   Ресей Федерациясының   Алтай   өлкесі)   радиоактивті   ластануға   ұшырады.   Соның нәтижесінде   сол   аумақтағы   көптеген   тірі   ағзалар   және   тұрғын   халықтары қатты зардап шекті.  Ядролық   қару­   жарақтарды   сынау   аймақтың   табиғиортасына   және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді.  Соңғы сынақтардан бері 10 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигоны күні бүгінге дейін экологиялық қауіпті аудан болып есептеледі.   Өйткені   онда   ұзақ   сақталатын   заттар   жинақталған.     Полигон аймағында   бүгінге   дейін   топырақ   және   өсімдіктер   ластанған.   Қазақстан Үкіметі   Семей   ядролық   полигонымен   шектесіп   жатқан   аудандарға экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен   Жапония   елдері   Семей   ядролық   полигоны   аймағында   экологиялық зерттеулерді жүргізуге қаржылай көмек көрсетті. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда   адамдарға,   жануарлар   мен   табиғатқа   зардабын   тигізген   ашық сынақтар   жасалды.   Сосын   оларды   жер   астына   жасай   бастады.   Атом бомбаларының жарылыстары қорқынышты әрі барша халық үшін ауыр болды. Семей маңындағы радиациалық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан зардап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы мол болды. Отбасыларында кемтар балалар көбейді.  Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына   жақын   аудандарда   дүниеге   келген   сәбилердің   дене   бітімінің жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер өте көп болды. 4 Мамандардың   айтуынша,   соның   бәрі   қысқа   мерзімді   және   қалдықты радиацияның  кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шекті. Жылма­жыл радионуклидтердің жинала   беруі   жердің   құнарлығын   азайтты.   Жерде   орасан   зор микроэлементтер:   темір,   мыс,   магний   және   басқа   металдар   әртүрлі   дәнді дақылдар адам организміне сіңді. Бір кездері ядролық полигон Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының   адам   ең   аз   қоныстанған,   сонымен   қатар   негізгі   коммуникация жерлерінен   оншалықты   қашық   емес   деген   сөздер   шыққан.   1989   жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін ұйымдастырылған күресті «Невада   ­   Семей»   қозғалысының   ұйымдастырушылары   бас   болып   алғашқы митингісі   өткізілді.   Оны   басқарған   белгілі   қоғам   қайраткері,   ақын   Олжас Сүлейменов.   Осы   «Невада­Семей»   атом   полигонына   байланысты   халыққа үндеу   айтылды:   онда   былай   делінген   болатын:   «Сайын   даламыз   ядролық жарылыстардан тозып бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес.   40   жыл   ішінде   бұл   арада   мыңдаған   Хиросималар   жарылды.   Біз келешектен қауіптенеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады.  Қазақстандағы   ядролық  қаруды  тоқтатып, өз  үйімізде  бейбітшілік  пен тыныштық орнату, өз құқықтарымызды қорғау үшін күресу мақсатында біз «Невада­Семей» қозғалысын құрдық. Осы уақытқа дейін үнсіз шыдап келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «сынақтар тоқтатылсын» деп қарсы   күреске   шықты.   Ядролық   сынақтардың   қатері   жөнінде   барлық бұқаралық   ақпарат   құралдарында,   теледидар   мен   газеттерде   жиі   айтылып жазылды.   Радиациялық   сәулелердің   зардаптары   жайлы     дәрігерлер   мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей   полигонындағы   сынақтар   саны   азая   бастаған   еді.   Халықтың бастамасымен   тұңғыш   рет   КСРО   Үкіметі   қаруды   сынауға   тыйым   салу­ мораторий   жасау   туралы   шешім   шығарды.   Қазақстан   Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы 1991 жылдың 28 тамызында жарлық шығарылды. Сөйтіп төзімділік пен күрескерлік көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті. Ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан   бастарту   әрекеті   жасалды.   Семей   полигоны   жабылғаннан   кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.   Егер   дәрігерлердің   келтірген   мәлеметтеріне   зер   салатын   болсақ, аймақтағы онкологиялық науқастар саны басқа аймақтармен салстырғанда 2 есе көп. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің   рагы,   лимфогемобластоз   және   басқа   да   қатерлі   ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Бүгінгі күнге келер болсақ... 5 Осыдан   25   жыл   бұрын   1991   жылы   29   тамызында   еліміз   үшін   тарихи шешім   қабылданды.   Қазақстан   Президенті   Нұрсұлтан   Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген   Семей   полигоны   жабылды.   Бұл   Тәуелсіздіктің   теңдесіз   жеңісі. Жарылыстың   үні   мәңгі   өшті.   «29   тамыз   күні   адамзаттың   игілігі   үшін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жапты. Бұл әрине   ең   алдымен   Қазақстан   халқымен   оның   көшбасшысы   Назарбаевтың еңбегі әрі ерен ерлігі. Семей   сынақ   полигоны­әлемдік   қарулану   бәсекесінің   салдары. Жапонияда   алғаш   рет   атом   бомбасын   жарған   АҚШ­тың   күштілігін мойындағысы   келмеген   КСРО   өз   бомбасын   жасап,   оны   сынау   үшін   қазақ жерінде   полигон   ашады.   Сынақ   алаңы   бұрынғы   Семей   облысы   Абыралы ауданы, соныменқатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды.   Кей   деректерге   сүйенсек,   18   млн   дай   га   жерді   сынақ алаңынаайналдыруға шешім қабылданған. Семей полигоны­ Совет Одағының өте үлкен стратегиялық объектісі болған. Бұл жоба аясында қаншама ғалым жұмыс   істеген.   40   жыл   ішінде   450   ден   астам   ядролықжарылыс   жасалған. Семей   полигонында   әуеде   және   жер   бетінде   сынақтан   өткізілген   ядролық зарядтардың   жалпы   қуаты   1945   жылы   Хиросимаға   тасталған   атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Мұның бәрі де дәлелденген фактілер.   25   жыл   уақыт   өтсе   де,   жарылыстың   жаңғырығы,   100   мыңдаған адамның тағдыры әлі есімізде. Сырқаттарға шалдығып, толық айыға алмай жүрген   азаматтар   әлі   де   баршылық.   Мемлекеттарапынан   қаншама   жағдай жасалғанымен,   жазылмайтын   жара   болып   тұр.   1991   жылғы   29   тамызда Нұрсұлтан Назарбаев сынақ алаңын жабу туралы №409 жарлыққа қол қойды. Бұл жалпы еліміздің ертеңі үшін жасалған қадам.      6 2 тарау. Бүгінгі күннің батыры ертеңгі күннің үлгісі Семей   ядролық   полигонының   зардабы   бүгінгі   күнге   дейін   жалғасып, өскелең   ұрпақтың   санасына   сіңірілуде.   Семей   полигонынан   зардап   шеккен қаншама   адамдардың   ішінен   мүгедек   болып   қалса   да   рухани   бай,   төзімді, шыдамды,   талантты   адамдар   бар.   Соның   айқын   бір   дәлелі,   бүгінгі   күннің батыры атом сынақтарының зардап шегуші Кәріпбек Күйікіп. Ол өте талантты Қазақстанның белгілі суретшісі, әрі қоғам қайраткері. Оның еңбектері мен суреттері елімізде ғана емес, шетелдік көрмелерде орын алған. Атап айтар болсақ:   АҚШ,   Германияда,   Японияда,   Ұлыбританияда   ұйымдастырылған көрмелерде   қойылып   көрермендердің   көз   айымына   айналып   ықыласына бөленген. Кәріпбек Күйіптің суреттері көбінесе әлеуметтік тақырыптарды өткір әрі нанымды суреттеген. Күйіп өз шығармаларын тісімен, аяғының саусақтарымен салады. Осыған қарап­ақ дені сау адамдар көп нәрсені аңғарып, өзіне өмірден сабақ   алары   хақ.   Бүгінгінің   батыры   Кәріпбек   Күйікіптің   өмірге   деген   көз қарасы, төзімділігі, шыдамдылығы еңбекқорлығы, ерік жігері бүгінгі өскелең ұрпақ біздерге үлкен ой салып, болашаққа үлгілі істері мен еңбектері үлгі өнеге болары сөзсіз!     нәтижесінде   зерттеулердің Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық­экологиялық алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның   адамға   ықпалының   механизмі   қазіргі   кезде   едәуір   жақсы парықталған.   Бұл   орайда   ең   қауіптісі   –   иондалатын   радиацияның   ықпалы гендік   кодты   дауасыз   өзгерістерге   соқтыруға   мүмкін   екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының   радиациялық   сәулеленудің   ықпалына   ұшыраған   басқа аумақтардың   тұрғындарының   арасында   сырқат   санының   ұдайы   өсіп   келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. бері есе     үш     Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның   кесірінен   болатын   генетикалық   мутациямен   байланысты. Адамдар   ғана   емес,   жер   де   азап   шегеді.   Жылма­жыл   радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.  7 Жерде   орасан   зор   микроэлементтер:   темір,   мыс,   магний   және   басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді. Сутегілік құрылымы РДС­2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып   көрмеген.   Жарылысы   1953   жылғы   12   тамызда   Семей   ядролық полигонының   төңірегін   тетірентті.   Оның   қуаты   480   килотонна   еді. Жарылыстан   кейін   пайда   болған   нарттай   жанған   радиоактивті   газдардың саңырауқұлақ   секілді   бұлты   16   километр   биіктікке   көтерілді.   Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955   жылы   22   қарашада   ТУ­16А   әскери   бомбалағышы   Семей полигонының   үстінен   ұшып   бара   жатып,   жаңадан   жасалған   қуаты   1,7 мегатонна   болатын, зарядын   тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны   мен   жер   қабатының   дірілі   бүкіл   дерлік   Қазақстан   аумағы   мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.   термоядролық   РДС­37   1962­1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14­18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау   жарылыстың   салдарынан   бір   көздері   жартастардан   құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер   астындағы   әрбір   үшінші   жарылыстан   соң,   жарылыс   нәтижесінде пайда   болған   жарықтар   мен   саңылаулардан   радиоактивті   газ   шығып   кетіп жатты. 1989   жылы   12   ақпанда   кезекті   жоспарлы   ядролық   сынақ   өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт   30   мыңнан   астам   адам   тұратын   аумақты   бүркеді.   Бұл   аймақта радиациялық фон 3000­4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15­20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті. 8 Қорытынды Қорытындылай   келе,   мен   осындай   шешімге   келдім.   Жарқын   болашақ өскелең   ұрпақтың   қолында.   Біз   Кәріпбек   Күйіп   секілді   азаматтардан   үлгі алуымыз   керек,   ешқандай   кемшілігімізге   қарамастан   осы   кісіге   ұқсап бағуымыз   керек.   Семей   полигонынан   зардап   шеккен   адамдардан,   біздің өміріміз әлде қайда жеңіл. Он екі мүшеміз сау, «не жейміз, не киеміз, қайда тұрамыз?» деген сұрақтар жоқ. Біз бақыттымыз, әрі басқа адамдарға да бақыт сыйлауға міндеттіміз. Бір   кездері   ядролық   полигон   нақ   Семей   жерінде   неге   құрылды   деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған,   сонымен   бірге   негізгі   коммуникация   жерлерінен   оншалықты қашық   емес   деген   сөздер   шыққан.  Тек   осы   себептерден   ғана   құрбандыққа шалу   үшін   адам   саны   қандай   болуы   керек   деген   сұрақ   туындайды.   Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға   ұйғарған   «Невада   ­   Семей»   қозғалысының   алғашқы   митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол   жылдың   6   тамызында   Семей   облысының   Қарауыл   ауылында   ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз   ядролық   жарылыстардан   қалтырап   бітті,   сондықтан   да   онда   ары қарай   үнсіз   қалу   мүмкін   емес.   40   жыл   ішінде   бұл   арада   мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су   мен   тамақ   ішу,   өмірге   нәресте   әкелу   мүмкін   емес   болып   барады. Қазақстандағы   ядролық   қаруды   тоқтату   үшін,   өз   үйімізде   бейбітшілік   пен тыныштық   орнату   үшін,   өз   құқықтарымыз   үшін   күресу   мақсатында   біз «Невада ­ Семей» қозғалысын құрдық».  Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға   жол   жоқ!»,   «Сынақтар   тоқтатылсын»   деп   мәлімдеді.   Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение   мен   газеттерде   әңгіме   бола   бастады.   Түрлі   елдердің парламенттері   өз   сессияларында   қозғалыс   ұрандарын   талқылап   жатты. Радиациялық   сәулелердің   зардаптары   жайлы   дәрігерлер   мен   ғалымдардың 9 ашық   әңгіме   қозғауға   батылдары   жетті.   Бұқараның   қысымымен   Семей полигонындағы   сынақтар   саны   азая   бастаған   еді.   Халықтың   бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп   тиянақтылық   пен   елімталдық   көрсеткен   қазақ   халқы   өз   мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың  29 тамызында  Семей  ядролық  полигоны  жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. 10 Пайдаланған әдебиеттер: 1. Н.Ә. Назарбаев «Бейбітшілік кіндігі». – Астана «Елорда», 2001 2. О. Жанайдаров «Менің елім ­ Қазақстан». – Алматы: «Балауса баспасы», 2003 3. Журнал «Арай» 1988 жыл № 10 4. «Заман ай» көркем филімінен ақпарат. 5. 11 Қосымша №1 12 Қосымша№2 13 Қосымша№3 14 Қосымша№4 15 Қосымша№5 16 Қосымша№6 Нұрсұлтан Назарбаев пен Олжас Сүлейменовтың шешім қабылдаулары 17 Қосымша №8 Кәріпбек Күйіпов 18

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық полигоны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2018