Серікбол Қондыбай шығармалары
Оценка 5

Серікбол Қондыбай шығармалары

Оценка 5
doc
27.11.2020
Серікбол Қондыбай шығармалары
Серікбол Қондыбай шығармалары.doc

Серікбол Қондыбай шығармалары                                                            

1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалімөлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Биыл Серікбол Қондыбай шығармашылығын зерделеушілердің және Маңғыстау облысы әкімдігінің тапсырысымен “Қазан” студиясы ол туралы деректі фильм түсірді. Фильмнің ұзақтығы – 26 минут. Режиссеры – Әсия Байғожина. Көрермен оны “Жарияланбаған демонстрация хроникалары”, “Елім-ай”, “Сенім жолында” фильмдері арқылы таниды. Ол бұл жұмысты өте аз уақытта аяқтаған. Фильмнің сценарийін ғалымның бірнеше кітабын орыс тіліне аударған мәдениеттанушы, редактор Зира Наурызбаева жазды. Деректі фильм алғаш биылғы жазда ғалымның жерлестеріне арнап Ақтауда өткен халықаралық конференция аясында көрсетілген.Серікбол Қондыбайды зиялы қауым “қазақтың екінші Шоқаны” дейді. Өйткені оның ғұмыры тым қысқа болды. Бірақ бар өмірін қазақтың тарихы мен мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнады. Оны түбегейлі зерттеуде аянбай еңбек етті. Ол – өлкетанушы, тарихшы, мәдениеттанушы, географ, этнограф әрі публицист.

 

 

 

Пікірлер

Әбіш Кекілбаев: “Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым Серікбол Қондыбай – ұлттық руханиятымыздағы аса сирек құбылыс. Ол этнография мен археология, география мен ономастика, агиография мен теология, эпос пен тарих, мифология мен философия деректерін салғастыра зерттеп, түріктану мен қазақ тануға мейлінше үлес қосты. Отандық ғылым үшін жемісті болар жаңа бағыт бастап берді. Ол қалдырған мұраның деректік, пайымдамалық құндылықтары мен мәнділіктерін зерделеу - осы заманғы ұлттанудың қалыптасуы мен кемелденуіне оң ықпал етері сөзсіз. Бұл саңлақ таланттының саяқ зерттеушілік ізденістеріне, ерек елжандылығы мен еңбексүйгіштігіне таң қалмасқа шара жоқ!.. Арманда кеткен азаматтың жер бетіндегі ізі суымай жатып, ол қалдырған еңбектердің сиясы кеппей тұрып ғылыми сарапқа түсуі – аса сүйінішті жағдай”

Қойшығара Салғараұлы: “Серікболдың артында қалдырған рухани мол мұрасын тану үшін, жасалынған ғылыми тұжырымдардың парқын пайымдап, құндылық деңгейінің қаншалықты маңыздылығын сараптап, жете түсінуіміз үшін, ең алдымен, осы мұраларды тудырушы Серікболдың өзінің кім екенін, оның азаматтық болмысын танып білуіміздің, дұрыс түсінуіміздің маңызы зор. Бұл арада, мәселе әрине, оның Маңғыстаудың баласы екені, болмаса университет бітіргендігі секілді өмірбаяндық деректі білуде емес. Мәселе – әлемдік өркениеттен тысқары, шалғай жерде өмір сүріп, тым қысқа ғұмыр кешкеніне қарамай, қыруар іс тындыра алған осы бір ғажайып жанның жан дүниесіне үңіліп, оның арман-аңсарын, көздеген мақсат-мүддесін танып білуде, тағдыр тауқыметінің тар қыспағында, бір тірлігі біреуге тәуелді болып, ертеңінің не боларына сенім арта алмай белгісіз күй кешкен дәрменсіз ауру жанның тіршілік иесі ретінде емделіп, жазылудың жолын іздеп, бар мүмкіндігін тән саулығын түзетуге жұмсаудың орнына, үлкен қалада, төрт құбыласы түгел, сау адамдардың өзінің батылы барып, білімі жетіп тәуекел ете алмайтын соныға түрен салып, өз еркімен, жанкешті азапты тірлікке өлермендікпен жегілуінің себебін ашуда”.

 

 

Шығармалары

·                    «Маңғыстау географиясы»,

·                    «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997),

·                    «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000),

·                    «Есен-қазақ» (2002),

·                    «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003),

·                    «Арғықазақ мифологиясы» (2004),

·                    «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005),

·                    «Маңғыстаунама» (2006),

·                    «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006),

·                    «Жауынгерлік рух кітабы» (2006)


Скачано с www.znanio.ru

Серікбол Қондыбай шығармалары 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында

Серікбол Қондыбай шығармалары 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында

Пікірлер Әбіш Кекілбаев : “Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым

Пікірлер Әбіш Кекілбаев : “Арамыздан ерте кеткен талантты ғалым

Шығармалары · «Маңғыстау географиясы», · «Қазақ мифологиясына кіріспе» ( 1997 ), · «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» ( 2000 ), · «Есен-қазақ» ( 2002 ),…

Шығармалары · «Маңғыстау географиясы», · «Қазақ мифологиясына кіріспе» ( 1997 ), · «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» ( 2000 ), · «Есен-қазақ» ( 2002 ),…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.11.2020