Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.3С Түзулердің параллельдігі |
Мектеп: |
|||||||
Күні: 28.02.2019 |
Мұғалім аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 7 |
Келген оқушылар саны: |
Жоқ оқушылар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Үшбұрыш теңсіздігі. |
|||||||
Оқу мақсаттары |
7.3.2.8 үшбұрыштың қабырғаларын және бұрыштарын салыстырады (үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жатады және керісінше...); 7.3.2.9 үшбұрыш теңсіздігін біледі және қолданады; |
|||||||
Сабақ мақсаты |
Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларын және бұрыштарын салыстырады, үшбұрыш теңсіздігін біледі және қолданады; перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын біледі; |
|||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Салыстыру- Compare- Сравнивать Теңсіздік- Inequality- Неравенство Перпендикуляр- Perpendicular- Перпендикуляр Көлбеу- Inclined- Наклонная Проекция- Projection- Проекция |
|||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу |
Құрмет(Зерттеушілік жұмысты қорытындылаған кезде оқушылар бір-бірінің ойын тыңдайды); Ынтымақтастық( жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне кері байланыс береді).Өмір бойы оқыту(оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізгеннен кейін осы жұмыстардың пайдасын және керектігін ауызша талқылау). |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Сызу – оқушылар зерттеушілік жұмыс жүргізген кезде сызуды орындайды. |
|||||||
Негізгі дағдылары |
Өзін-өзі реттеу дағдылары: Оқушылар сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін өздері тұжырымдай алады. Оқушылар өздігінше теореманы дәлелдейді. |
|||||||
Алдын-ала білімдері
|
Үшбұрыш және оның түрлері, үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 1-5 мин |
І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Оқушылармен бағалау критерийлерін құру. |
|
||||||
Сабақтың ортасы
6-9 мин
10-14мин
15-20 мин
21-26мин
27-35мин |
ІІ. Білімдерін өзектеу -Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қандай қасиеттерін білесіңдер? -Үшбұрыштың сыртқы бұрышының қандай қасиеттерін білесіңдер? ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. Жұптық жұмыс. Әр жұп өз қорытындысын шығарады. Мұғалім оқушылармен қорытындылап, оқушыларға теореманы ұсынады. Үшбұрыш теңсіздігі Зерттеу жұмысы: №1 тапсырма. 8см, 3см, 2см үш кесінді арқылы үшбұрыш құрап көрелік. Үшбұрыш шығама?– бұдан үшбұрыш құрау мүмкін емес. ( үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу барысында оқушылар кез-келген үш кесінді көмегімен үшбұрыш тұрғызу әрқашан мүмкін бола бермейтінін тереңірек сезінеді).
№2 тапсырма 1.Кез келген АВС үшбұрышын салыңыздар. Ең үлкен қабырғасын АВ-мен белгілеңіздер. 2.Сызғыштың көмегімен үшбұрыштың әр қабырғасын өлшеп жазыңыздар. 3. АС және ВС қабырғаларының қосындысын есептеңіздер. 4. АВ және АС+ВС кесінділерінің ұзындықтарын салыстырыңдар. 5.Қорытынды жасаңыздар. (АВ<АС+ВС) Әр оқушы өзінің қалауымен әртүрлі үшбұрыштар салды, оған қарамастан бәрінің нәтижесі бірдей болады: АВ<АС+ВС. Теорема Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
№3 тапсырма. Келесі теореманы оқушылар дайын дәлелдеу арқылы зерттейді. Сосын оқушылар мен мұғалім қорытындылап, мұғалім оқушыларға дұрыс нұсқасын ұсынады.
Мағынаны тану Осы теңсіздіктерді үшбұрыштар теңсіздігі деп атайды.
Есептер шығару № 1 Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 6 см болса, онда оның табаны 15 см-ге тең болуы мүмкін бе? №2 Екі қабырғасының ұзындығы: 1) 2 см және 5 см; 2) 21 см және 9 см: №3 Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 20 см, ал екіншісі 10 см. Бұлардың қайсысы үшбұрыштың табаны болуы мүмкін? №4 Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 50 см, ал бір қабырғасы 10 см. Оның өзге қабырғаларын табыңдар?
|
|
||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақ мақсаттарына қайтып оралу Үй жұмысы. Үшбұрыштардың теңдік белгілерін қайталап келу. Кері байланыс: Қай мақсатқа жеттім деп ойлайсыңдар? Мақсатқа жету үшін тағы не қажет? Оқушылар өз-өздерін бағалайды |
|
||||||
Қосымша ақпарат |
||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Бірлескен жұмыс бұл тыңғылықты жоспарланған жұмыс, себебі сенімділігі аз оқушылар өз деңгейіндегі сенімділігі аздармен жұмыс істейді. Серіктестер арасында диалог бір уақытта оқиды. Бір-біріне тәуелді болмайды
|
Қалыптастырушы бағалау оқушылар жұмысын бақылау және диалогты пайдалану арқылы өткізіледі.
Өткен сабақтан стикердегі ұсыныстарды дұрыстыққа тексеру керек. Оқушылар бірлескен жұмыстары графикте дұрыс болмайтын немесе әрі қарай қолдауды жеткілікті қажет етпейтін оқушылар бірлескен жүйе кестесін құра бастайды
|
ИКТ байланыс – пікірталас кезінде графиктер құруды қамтамасыз ететін интерактивті бағдарламаны пайдалану
Құндылықтар: Оқушылар теңдік үшін контекстерді есепке алып бірегей болады, бірлескен жұмыс жағдайында қолдайтын және сындарлы болады.
Оларда коммуникативті қасиеттерін дамытып мұғаліммен және өз тұстастарымен диалог жасау мүмкіндігі болады.
Белсенді қатысушылар өз зерттеулерінде жауапты оқушы ретінде қолдау қажеттігін сезінетін болады. |
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
|
|
|
||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1:
2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
|
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.