Шетелдер экономикасы” пәні, «Шетелдердің экономикалық саясаты»пәні ,«Әлемдік экономика » пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі замандағы әлемдік шаруашылықтың интернационализалануы мен ғаламдануы әлемдік экономиканың заңдылықтары мен проблемаларын игеріп білуді талап етеді.Шетелдер экономикасы әлемдік экономиканың не екенін, қазіргі заманғы шетелдердің экономикасының дамуы қандай бағытта дамып келе жатқандығын хабар береді. “Шетелдер экономикасы” пәні экономикалық статистика, табиғатты пайдалану экономикасы , халықаралық экономикалық қатынастар, қаржы және т.б ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл пәнде келесі маңызды тақырыптар қарастырылған: әлемдік шаруашылықтың негізгі сипаттамасы және қазіргі даму тенденциясы , даму деңгейлері бойынша елдердің арасындағы айырмашылықтар, әлемдік экономикалық ресурстар және оларды елдер бойынша бөлу ,әлемдік шаруашылықтың негізгі субьектілері мен өзара байланыстары қарастырылған.
шет елдердин экономикасы.doc
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.