Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Оценка 4.7
Исследовательские работы +1
docx
английский язык +1
Все классы
21.06.2017
Аталмыш материалда шет тілі сабақтарында дəстүрлі емес сабақ түрлерін қолданылуы жайында сөз қозғалады. Дəстүрлі сабақтардың негізгі түрлері мен олардың оқу процесіндегі орны мен маңызы да айтылған. Қазіргі таңда оқушылардың сабаққа деген ынталары мен қызуғышылықтарын ояту үшін дəстүрлі сабақтардан қарағанда дəстүрлі емес сабақтардың пайдасы мол деген сенімдемін.
дипломная Зайнолла Айсулу(1) (1) (1).docx
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Зайнолла А.Ә.
мектепте шетел тілі сабағында оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050119 – «Шет тілі: екі шет тілі»
Орал 2017
1 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі п.ғ.к.
доцент Кисметова Г.Н. ____________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «мектепте шетел тілі сабағында оқытудың дәстүрлі емес
түрлерін қолдану»
мамандығы 050119 – «Шет тілі: екі шет тілі»
Орындаған: А.Ә. Зайнолла
Ғылыми жетекші
шет тілдерінің магистры: А.С. Утебаева
2 Орал 2017
М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
шет тілдер кафедрасы
Мектепте шетел тілі сабағында оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану
Орындаған: студент А.Ә. Зайнолла
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.С. Утебаева
3 Орал 2017
03401 топ студенті Зайнолла А.Ә.
«Мектепте шетел тілі сабағында оқытудың дәстүрлі емес түрлерін
қолдану» тақырыбындағы дипломдық жұмысын орындау барысында
берілген тапсырмалар кестесі
5В011900 – “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы
№
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Бөлім
Қосымша әдебиеттер, анықтамалық
материалдарды іздеу
Теориялық бөлімнің жазылуы
Жұмыстың эксперименттік/практикалық
бөлімнің орындалуы
Қорытынды бөлімнің жазылуы
Кіріспе бөлімнің жазылуы
Орындалу уақыты
Қыркүйек – қазан
2016ж.
Қарашажелтоқсан
2016ж.
Қаңтарақпан 2017ж.
214 наурыз 2017 ж.
1631 наурыз 2017 ж.
Дипломдық жұмысты тексеру және
талқылау үшін кафедраға тапсыру
611сәуірге дейін
2017ж.
Ғылыми жетекші:
А.С. Утебаева,
шет тілдер магистр
Кафедра меңгерушісі:
Г.Н.Кисметова,
п.ғ.к., доцент
4 Мазмұны
Кіріспе…………………………………............…………………………..…......6
Бірінші бөлім. Мәселенің теориялық негізі
1.1 Дәстүрлі емес сабақтардың мәні……………………...................................15
1.2 Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық және мотвациялық
аспектілері...............................................................................................…….......17
1.3 Дәстүрлі емес сабақтардың алуандығы мен ерекшелігі..............................18
1.4 Оқу процесіндегі дәстүрлі емес сабақтың құрылымы..................................21
1.5 Дәстүрлі емес сабақтардың формаларының ерекшеліктері мен
түрлері.....................................................................................................................25
1.6Инновациялық білім мазмұнын құрудағы дәстүрлі емес сабақ
түрлері.....................................................................................................................28
1.7 Дәстүрлі емес сабақтар кезінде қолданылатын инновациялық
технологиялардың негізгі ерекшеліктері мен
сипаттамалары.......................................................................................................32
1.8 Шет тілі сабағында ғаламтор көздерін қолдану...........................................37
Екінші бөлім. Кейбір дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін сипаттау..............39
2.1.1шығармашылық сабақ...................................................................................43
2.1.2Рөлдік ойындар………………………………………………………..…....47
2.1.3 Отырыс сабақтар……………………………….................………....…......48
2.1.4 Прессконференция. Интервью. .....………………...........………....….... 50
2.1.5 Дебат технологияларын сабақ барысында пайдалану..............................54
2.1.6 Саяхат және экскурсиясабақтары……………………………….....……. 59
2.1.7 КТК. Жарыс.Викторина. Концерт. Әдеби серуен.............................… ...63
2.1.8Бағдарлама сабақтар …………………………………………………........ 64
2.1.9Жобалау әдістемесі………………………......………………………….... 67
2.2 Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану арқылы жүргізілген эксперимент
сабақтар............................................................................................69
2.3........................................................................70
Қорытынды............................................................................................................74
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................77
Қосымшалар...........................................................................................................81
5 Кіріспе
Қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесінде жаңа технологияларды
пайдалану өзекті болып табылады. Сонын ішінде тілдерді үйрету мақсатында
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін, зейіндерін сабаққа аудару үшін
мұғалімге деген жауапкершілік арта түседі. Осы міндетті орындау үшін
«Тілдерді қолдану мен дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» жасалынған болатын. Бағдарлама аясында Қазақстанда
мемлекеттік тілді дамытумен қатар, орыс және шет тілдерін, сонын ішінде
ағылшын тілін дамытуға баса назар аударған. Сонымен қатар елбасымыздың
2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдамасында «Тілдердің үш
тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды
ұсынған болатын. Сондықтанда қазіргі заман талабына сай мектептерде
ағылшын тілін білім алушыларға меңгерту әр ұстаздың алға қойған мақсаты болу
керек деп білеміз[24,3].
Аталған мәселе бойынша көптеген шетел методисттерімен қатар, қазақ
методисттері де елеулі еңбек сіңірген. Солардың ішінде Ж.Әбиев, С.Бабаев,
А.Құдиярова, М.Жұмабаев,
М.Бакирова, Қ.Саркина, Л.Тоқтарғазина
Ж.Нұсанова және т.б. ғалымдар зор еңбектер жазған.
Жалпы педагогика ғылымына үлес қосқан қазақ ағартушы педагогтарының
бірі – Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы 15
бөлімнен тұрады. Онда рухани жан тәрбиесі жанжақты терең қамтылған.
Жұмабаев кітабының Орынборда жарық көрген нұсқасына М.Жолдыбаетың
қазаққа «Педагогика» кітабы қажетті де ғажап дүние, тұңғыш оқулық деуінің
маңызы зор. Мағжанның пайымдаунша аталмыш оқулық, баланың бесікке салған
күннен бастап, тәйтәй басқан әр қадамына, елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз
жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады – деп сұрақ
қойып анықтама берген. Оқулықта негізінен тәрбиеге баса назар аудартылған.
Себебі тәрбие – білім бастауы, кезкелген оқытушы білім берер алдында ең
алдымен сыныптың тәрбиесіне назар аударуы қажет. Ал аталған оқулықта
тәрбие бөлімдері туралы нақты әдістемелік материалдар бар[14,68].
Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағытында зерттеу
жүргізген, Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым – Раиса
6 Лемберг. 40 жылдары «Сабақтың құрылыс проблемасы», «Білімді бекіту және
сабақтағы біліктілік» т.б. сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шеберлігіне
үлкен мән беріп, оның дидактикалық негізін қалаған болатын. Ал 5060 жылдары
«Оқыту әдістемесі», «Дидактикалық очерктер» және т.б. мақалаларында
Лемберг Р.Г. оқу процесін психологиялық негізде талдаған және сипаттаған
болатын. Оның оқу құралы, оқыту жолдарын айқындайды, оқыту әдістемесінің
шығармашылық жолын белгілеп береді[13,113].
Осы мәселе бойынша психологияға үлестерін қосқан қазақ ғалымдарын да
атап өткен дұрыс. Себебі психология арқылы білім алушының ойын, оның
психологиясын біле аламыз. Баланың нені ойлап отырғанын білмейінше, білім
алушыға сабақ түсіндіру өте қиын. Сол себепті Қазақстанның көрнекті
психологы Жарықбаев Құбығұлдың еңбектерін де атап өтуіміз керек. Қ.Б.
Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы» еңбегі арқылы сан ғасырлық
тарихы бар, қазақ халқының көне заманнан бергі тәлімтәрбиесін,
психологиялық және педагогикалық оқуағарту туралы ойпікірдің қалыптасу
бағыттарын саралап та сараптап, бүгінгі өмірдің талаптарына сәйкес зерттеп,
жазған болатын[33,119].
Оқытуды ұйымдастырудың формалалары туралы түсінік, аралас сабақтың
құрылымы, сабақта білім алушылардың жеке дара, топтық және ұжымдық
танымдық ісәрекеттері, білім беру жұмысын ұйымдастырудың сабақтан тыс
түрлері және де қазіргі сабақтардың түрлері туралы, сонымен қатар оларға
сипаттама берілген. Аталған оқулық негізінен 5 бөлімнен құралған. Әрбір
бөлімде қарастырылған педагогикалық мәселелердің негізгі идеялары мен
мазмұны тыңғылықты айқындалып, ғылыми дәрежесі көтерілген, педагогикалық
ойлауды дамытуға сай негізгі ұғымдар жеке қарастырылған.
Методика ғылымының дамуы неізінде оқытудың жаңа тәсілдері мен
бағыттарын іздену, сондайақ оқу процесінің жаңа формаларын табу
қажеттілігін тудырады. 1960 жылдардын бастап Ресейде шет тілін меңгерту
мақсатында коммуникативті бағыттағы жаңа оқу кешендері құрыла бастады,
методисттер ағылшын тілін үйретуде оқытудың дәстүрлі емес түрлерін кіргізуді
ойлай бастады.
Кеңес үкіметі кезінде бұл мәселені жақсы талқыға салған Липецк
методикалық метебі болатын.
Кеңес үкіметі ғалымдары сол уақытта методиканың теориялық және
практикалық бағытында жаңа тәсілдер мен бағыттарды, өзгерістерді енгізген
болатын. Әрбір педагог ғалымның бұл мәселеге бағыттаған кезкелген еңбегі
педагогика ғылымы үшін өте қажет.
Ресейде дәстүрлі емес сабақтар туралы, оларға тәжірибелік және
методикалық тұрғыдан ұсыныстар жасаған, әрине, Е.И.Пасов, О.И. Медведева,
В.П.Кузовлев, Н.Е.Кузовлева, И.Н.Верещагина, Г.В.Рогова, Л.П.Малишевская,
Э.Л.Носенко, В.И.Кунин, С.С.Соловей, А.Л.Димент. Мұндай жұмыстарды
жасаудың мақсаты оқытушыларға сабақ беруге көмек беріп, олардың
7 методикалық біліктіліктерін арттыру. Жоғарыда айтылған педагогтардың
еңбектерінің басым көпшілігінң бірінші бөлігінде теориялық сұрақтарға мән
берілген. Ал екінші бөлігінде дәстүрлі емес сабақтардың тәжірибе негізінде
істелген жұмыстары мен шет тілінде сөйлеу процесін дамытуға арналған
тәсілдер туралы кеңестерін берген.
Кейбір жұмыстар,
мысалы О.И.Медведеваның «Мұғалімнің
шығармашылығы» атты еңбегінде Мәскеудің жалпы білім беретін
мектептеріндегі шет тілі оқытушыларының жалпы атқарған жұмыстары
кірген[30,190].
А.Л.Дименттің «шет тіліндегі тематикалық кештер» атты еңбегінде
сыныптан тыс шараны қалай ұйымдастыру керек екені жазылған және оның
ішінде ісшараларға сценарий таба аламыз. Сценарииларда пьесалар, өлеңдер,
әндер, ойындар, жұмбақтар, жаңылтпаштар таба аламыз, олар дәстүрлі емес
сабақ өткізгенде таптырмас құралдарға айналуы мүмкін. Дәстүрлі емес сабақ
формалары өте жеңіл түрде сабаққа айналуы мүмкін[9,345].
Бұл жерде М.И. Дубровинаның еңбегін еске алмасқа болмас, ол шет тілі
сабағындағы сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізгенді жөн санап, тілді кино
мен диафильмдердің көмегімен өткізген дұрыс деп есептеген. Себебі олар оқу
процесіндеоқушылардың қызығушылығын оятып, оны одан әрі тиімді
етеді[11,9092].
Э.Л.Носенко «Шет тілі сабағында ЭВМ қолдану» атты кітабында шет тілі
сабағында компьютерді қолдану керек деген ұсыныс тастаған. Компьютер
көмегімен жаңа оқу материалдарды ағылшын тілі сабағына енгізе аламыз.
Компьютерлік технологиялар басымдылық танытқан заманда, әрбір бүлдіршін
кішкентай кезінен компьютер қолданушысы атанған кезде Э.Л.Носенконың
ұсынысы өте орында болып табылады. Бірақ ең бастысын ұмытпауымыз қажет,
ең ақылды деген технология тірі қарымқатынасты алмастыра алмайды[36,91].
Қазіргі таңда ағылшын тілін үйрету методикасында теорияға қарағанда
сараманға көп көңіл бөлінеді. Оның себебі жаңадан теориялар аз болып
табылады, сондықтан методисттер теориялық ұсыныстарды тәжірибе жүзінде
көрсетуді жөн санап отыр.
Ағылшын методисттері дәстүрлі емес сабақ мәселесіне көбіне
практикалық жағынан қарайды. Олардың ойлары баяндауда өте қарапайым
болып келеді.
К. Ливингстоун, В.Т. Литлвуд, Р.Б. Кэтл, Р. Линтон өздерінің көптеген
еңбектерін шетел тілін оқытуда рольдік ойындардың маңызына арнаған.
Олардың араларында рольдік ойындарды жіктеуде айтарлықтай біртұтас
ұқсастық байқалмайды. Олардың ойлары тіпті «рольдік ойындар» терминін
түсіндіруде де әр түрлі, ал ойындарды өткізудегі методикаларын айтпауға да
болады.
К. Ливингстоунның еңбегіне ерекше назар аударсақ деймін. Өзінің «Role
Play in Language Learning» кітабында ол білім берушілерге ағылшын тілі
8 сабағында рольдік ойындарға қалай дайындалу және өткізу керектігі жөнінде
кеңестерін ұсынады. Аталған кітапта рольдік ойындардың оқытудың барлық
деңгейлеріне сай түсіндірмелері бар[59,175].
К.Ливигстоунның көлемі жағынан шағын келетін кітап оның авторы
рольдік ойындардың беделді насихаттаушысы және өз ойларының сенімді
қолдаушысы екеніне көзімізді жеткіземіз.
Аталған еңбектің басты еркшелігі оның практикалық бағыты, яғни кітапта
теориялық дәлелдеулермен қатар практикалық кеңестер берілген, сондайақ
әртүрлі мақсаттарға бағытталған ойындардың сараланған сипаттамалары.
Тағы да айтарлықтай еңбектердің қатарына Кембридж университетінің
прфессорлары Э.Мэйли және Э.Даффтың «Drama Techniques in Language
Learning» атты оқулығын жатқызуға болады[60,477].
Бұл еңбекте авторлар тілді меңгерудің тиімді тәсілі ретінде театрлық
әрекеттерді қарастырады. Сонымен қатар оқу процесінде қарымқатынастың
шынайы жағдайы ретінде шынайлық пен күтпеген әрекеттер орын алады.
J.C. Schwerdtfeger, N. Gutschow, T.L. Wullen, Eaber, H.P. Dreitzel секілді
неміс методисттерін атап өтпеске болмас. Олар басты назарды тыңдау мен
сөйлеу материалдарына аударуға және де тыңдалған, оқылған материалдарды
рольдік диалогтар, дисскустық сабақтар мен интервью арқылы талдауға кеңес
береді.
Ағылшын тілін үйретуде мұғалім дәстүрлі сабақтарды емес, дәстүрлі емес
сабақтарды пайдаланғандары дұрыс. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес сабақтан
айырмашылығы неде? деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен екі түсінікке де
анықтама бергеніміз жөн болар.
тіл алғыштығымен,
Дәстүрлі сабақ дегеніміз – “мұғалімге бағынатын оқушылардың
тәртібімен,
нәтижелілігімен сипатталатын сабақ;
қалыптасқан дәстүр мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлмедәл
кескіні. Дәстүрлі сабақтарға, көпшілікке белгілі, жаңа тақырыпты үйрету, жаңа
үйренген материалды бекіту, меңгерген материалдарды тексеру, тарауды немесе
тақырыпты қайталау жатады”[1,142].
Ал дәстүрлі емес сабақтар білім алушылардың белсенділігін арттырып, өз
бетімен білім алып, саналы түрде ойлау қабілетін қалыптастырады. Мұндай
сабақ түрлері оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытып, олардың
логикалық ойлау қабілеттерін күшейтеді.
Мектеп программасына дәстүрлі емес сабақтардың кірігуінің мақсаты оқу
мен тәрбие процесіне еш кедергі келтірмейақ, әр оқушының жеке
ерекшеліктерін қалыптастыру болып табылады. Дәстүрлі емес сабақтарда
дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқу процесінде мұғалімнің позициясы өзгеріске
ұшырап, оның мінезқұлқы, принциптері, сабақ жүргізу әдістәсілдері, оқу
формасында біршама айырмашылықтар байқалады. Мұндай сабақтарда
мұғалімнің қызметі
оның қызметі
"жеткізу","түсіндіру", "көрсету" емес, ал оқушылармен бірігіп, мәселенің
айтарлықтай өзгереді.
Енді
9 шешімін табу. Оқытушы өзін режиссер сияқты көрсетеді. Жаңа оқу шарттарына
сай ұстаз жауаптың дұрысбұрыстығына қарамастан әр оқушының жауабын
мұқият тыңдап, олардың түсінулері мен логикалық ойлау қабілеттерін бақылап,
білдіртпей оқушыларды сұрақтың дұрыс шешіміне көмектесіп, оларға дұрыс
бағытбағдар беруі қажет[34,267].
Ағылшын тілі пәні өзінің спецификасымен ерекшеленеді, өйіткені басқа
пәндермен салыстырғанда бұл сабақтың басты мақсаты шәкірттердің
коммуникативті белсенділіктерін арттыру және қалыптастыру болып саналады.
Қазіргі таңда шет тілді меңгерудің кең тараған жолы оқушыларды сол халықтың
дәстүрімен таныстыру, үйрету. Халықаралық коммуникацияны қалыптастыру
арқылы дәл осы мақсатқа жетуге болады. Коммуникативтік белсенділікке
арналған жаттығулар мен тапсырмалар ағылшын тілі пәнінің бірденбір
ерекшелігі боп саналады.
Шетел тілі жалпы білім беретін сабақ ретінде тәрбиелік, білімділік және
дамытушылық міндеттерін атқарумен қатар, мектептің алға қойған міндеттерін
шешуде өз үлесін қосады.
Қазіргі таңда шет тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтілік
белсенділіктерін дамытып, сөйлесуге үйрету басты талап болып саналады. Білім
алушы шет тілі сабағында ең алдымен оның коммуникативтік функциясын
пайдалануға тырысады, сондықтан да ғалымдардың, методисттердің және
оқытушылардың басты назарлары шетел тілі пәнінің тиімділігін арттыруға және
де білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған. Сонымен білім беру сапасын
көтеру мақсатында оқыту процесіне сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану
тиімді болып табылады.
Дәстүрлі емес сабақтар шетел тілі пәнінің әр түрлі сатысында мотивация
деңгейін, оқу материалдары мен өмірлік ситуациялар арасындағы байланысты,
білім алушылардың дербестілік пен шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Шетел тілі пәнінде сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдануда әрбір жас
ұрпақта сол елдің салтдәстүрін білуге деген танымдық және қызығушылық
процесі оянады; әртүрлі қызмет саласында алған білімдерін практика жүзінде
қолдануға мүмкіндік береді, сөйлеу біліктілігі мен дағдысын одан әрі нығайта
дамытып, сол арқылы біліділік, дамытушылық және тәрбиелік мәселерді тиімді
шешуге көмектеседі.
Қазіргі заманғы талаптарға сүйенсек сабақтың дәстүрлі емес түрлерін
қолдану мәселесі өзекті қаралатын мәселердің бірі болып табылады. Күннен
күнге білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтары сөніп бара жатырған
секілді, ал шет тілі жалпы білім беретін мектептерде міндетті пәндердің
қатарына кіре отырып, бұл пәнді меңгерту кейбір қиыншылықтарды тудырады.
Білім беру процесінде сабақтың дәстүрлі емес түрлерін (танымдылық
элементтерімен) қолдану оқушылардың тілдік кедергіні жеңіл, әрі білдіртпей
жойылуына көмектеседі[43,382].
10 Бүгінгі күнде адамды тұлға ретінде тануға көп көңіл бөлініп келеді баланың
түсінігі, оның ойлау мәдениеттілігі сонымен қатар оның жанжақты дамуы мен
жеткен жетістігі.
Өмірдегі іскерлікте шешімін табуға арнаулы орта мектепті бітірген,
білімімен сусындаған, өз бетімен ойлай алатын білім алушыларға, аяқ астынан
болатын тосын жағдайларды шешу, біздің заманымызда аса күрделі мәселе емес.
Сондықтан да мектеп мұғалімдер ұжымы оқушылардың бойындағы жеке
қасиеттерін қалыптастыруда және дамытуда әр оқушының қабілеті мен
мүмкіндігін ескеруі міндетті. Бұл жолдарды жүзеге асыруда шығармашылық,
ізденімпаздық, дәстүрлі емес сабақтар аса көңіл аударуға тұрарлық болып
саналады.
Ағылшын тілі пәні бойынша дәстүрлі емес сабақтарды бір
тақырыптың немес тараудың соңына жеткенде, немесе бірнеше сабақты
қайталағанда өткізу тиімдірек.
Шәкірттердің шығармашылық дербестігін қалыптастыру әдістемесі жеке
тұлғаның еріктіқұндылық танымдық жағынан жетілген тұлға ретінде
қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады. Білім беруші мен оқушының
оқу процесі өте күрделі және сан қырлы болып есептеледі. Оның тиімділігі
және қолайлығы оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Оқытушы өз пәнін
жетік білгенімен білім алушылардың қызығушылығын оятып, шығарамшылық
әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін
емес жағдай.
Сол себепті дебілім алушылардың
шығармашылық дербестігін
қалыптастыруда жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру үшін келесідей
принциптерді басшылыққа алынуы тиіс:
Оқу материалының мазмұнын құрастыруда білім берудің мазмұндық және
шығармашылық ісәрекетін есепке алу принципі . Ал бұл принципті жүзеге
асыру тек оқу процесінде болуы қажет. Себебі оқыту мен тәрбие, сабаққа деген
қызығушылық тек сабақта ғана жүзеге асады, меңгертіледі.
Шәкірттердің шығармашылық дербестігін қалыптастыру, қызығушылығын
арттыруға ықпал ететін дәстүрлі емес (шығармашылық) сабақ түрлерін 4 түрге
бөліп қарастыруға болады:
1. Танымдық (сарамандық жұмыс сабағы, кіріктірілген, проблемалық
сабақтар);
2. Эвристикалық (саяхатсабақ, диалог сабақ,
сабағы,жоспарлау сабағы);
3. Әдіснамалық сабақ (сынақ сабақ, рефлексиялық сабақ, жалпы қорыту
сабағы);
4. Коммуникативтік (көрме сабақ, сайыс сабақ, КВН, конференция сабағы,
шығармашылық есеп сабағы) [47,66].
болашаққа бағдар
Тіл сайысын өткізудегі басты мақсат – өткен тақырыптарды қайталап,
шетел азаматтарының мемлекеттік тілге құрметтеп қарауын, сонымен бірге
11 теледидарда жүргізілетін қазақ тіліндегі бағдарламаларға қызығушылықтарын
арттыру.
Топта жұмыс жасау білім алушыға өз ойын еркін жеткізуге, жауапты
болуға, ізденіске және өз ойын ортаға салуға мүмкіндік сыйлайтынын байқауға
болады. Әрине, алғашқы сатыда білім алушылар бірден белсенділік танытып,
ойларын ашық айтуға қиналатыны рас, бірақ уақыт өткен соң белсенділік
танытып, тапсырманы өз бетінше орындауға немесе топпен, жұппен жұмыс
жасауға дағдыланады[18,194].
Оқытушы басқарушы емес – байқаушы, кейде бір ойнаушы рөлінде де бола
алады. Жаңа тақырыпты ашу, оны оқушыларға түсінікті жеткізу әр түрлі
тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар материалды меңгеріп,
үйден әрі қарай жұмыс жасауға, ізденуге тапсырмалар алуға дағдыланады.
Дәстүрлі емес сабақты жоспарлау әдістемесін назарға ала отырып, сабақ
оқу ерекшеліктері мен кезеңдеріне тоқталсақ:
Сабақ жоспары – оқытушының білім беру бағдарламасын жүзеге асыру
құралы. Оқытушы өзара байланысты бір емес бірнеше сабақтарды: тақырыбы,
мақсаты, міндеті, ісәрекет түрі мүмкін болатын нәтижелер ойластырылады.
Сабақ өтетін сынып оқушыларының әрқайсысына тән ерекшеліктерін,
шығармашылық әлеуетін, өткен сабақ жетістігін ің элементтерін назарға алу.
Сабақ түріне, сонымен бірге мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге
негізделген сабақ идеясын жасау.Білім алушылардың шығармашылық
нәтижелерінің оқу процесінің стандартымен сәйкес келуін ескеру.
Сабақтың мақсатын жазбаша құрастырып, талдап, нақтылау[3,277].
Сонымен, сабақтың дәстүрлі емес түрлері – білім алушылардың шығармашылық
дербестігін қалыптастырудың негізгі құралы және сапалы білім берудің басты
көзі болып саналады.
Жалпы оқыту жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі
сабақтастықтарды қамтуға ұмтылған көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру мен
жаңаша оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын жобалау, жаңа
ақпараттық, компьютерлік жабдықтармен жұмыстануға көшу қазіргі кездегі
заман талаптарынан туындап отырғаны белгілі.
Білім беруді дамытудағы негізгі мәселе – оқыту жүйесінің барлық
деңгейіндегі қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби
біліктілігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге
қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы тұрғыдан алсақ, үздіксіз оқыту
жүйесінде базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға тән
саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп, қалыптастыруда
атқарар рөлінің маңызы зор екенін айтпасақ та түсінікі. Қазіргі таңда елімізде
жас буыннан бастап шетел тілін меңгерту қолға алынған болатын[2,233].
Еліміз әлемдік бірлестікке мүше болған заманда білімнің рөлі мен маңызы
артқан болатын. Мәдениетті жоғары ХХІ – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті
оқыту ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды
12 мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің
мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар мен міндеттер нақтылануда.
Шетел тілін қазақ және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім білім
алушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу секілді іскерліктері мен
дағдыларын жетілдіріп қана емес, оларды өзін қоршаған айналасындағы
адамдармен қарымқатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел
тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін барлық білім
мазмұнының негізгі мақсаты болып есептеледі. Шетел тілі арқылы білім
алушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірмен
танысады[22,36].
Шетел тілін оқытудың негізгі формасы – сабақ. Ал сабақты түрлендіріп,
әдістәсілді үнемі жетілдіру – білім алушылардың үлгерімін, танымын
жақсартып, қызығушылығын арттырады. Себебі дәстүрлі емес сабақтар
интеграциялық
сабақ пен пәнаралық байланысты жетілдіру
мақсатынабайланысты пайда болған[29,267].
Дәстүрлі емес сабақта білім алушы оқытушының түсіндіргендерін ғана
меңгеріп қана қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Білім алушы
белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға,
белгісіздікті анықтауға өзі бетімен жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр
түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрі қарай
жалғастырады. Яғни зерттеудің өзектілігі де сол, білім алушының білімді жаңа
бір қарқынмен алуандығы дәстүрлі емес сабақтың рөлін анықтау.
Жұмыстың мақсаты:
Теориялық материалдарды меңгеру және мектептерде шетел тілін оқытуда
сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолданудың практикалық мәселесі.
Зертту жұмысының өзектілігі: мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері
елдің сана сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер елімізді
дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар,
еліміздің ішкі нарығын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен
ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелі –
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі оқытуды дамыту
тұжырымдамасы». Аталған тұжырымдамада еліміздің оқыту жүйесінде
реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағытбағдар
жасалынды.
Жұмыстың міндеттері:
1. Дәстүрлі емес сабақтардың басты ерекшеліктерін атап көрсету.
2. Дәстүрлі емес сабақ түрлерінің психологиялық және мотивациялық
аспектілерін көрсету.
3. Дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін сипаттап, олардың көбіне
қолданылатын түрлеріне шолу жасау.
13 Жұмыстың ғылымипрактикалық маңыздылығы
дипломдық
жұмыстың нәтижесі мектепте шетел тілін үйрету дәріс курстарында, арнайы
курстар мен семинарларда –шетел тілін үйрету барысында сабақтың дәстүрлі
емес түрлерін зерттеуге арналған, сонымен қатар курстық жұмыстарда
қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі:
Тақырыптың мазмұнын ашу үшін бірқатар авторлық ғылыми жұмыстар,
баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, сонымен бірге интернет
желілеріндегі берілген мәліметтер қолданылды. Атап айтар болсақ, Қоянбаев
Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика», Усманов Ә.Ә., Сарсенбаева М.Б.
«Педагогика дәрістер жинағы», Мұхамбетова С.Қ. «Педагогика», М.Жұмабаев.
«Педагогика», М.Бакирова, «Оқыту – тәрбиелеу технологиясы», Қ.Саркина,
«Конференция сабақ», «Оқыту – тәрбиелеу технологиясы», Л.Тоқтарғазина
«Іскерлік ойындар», «Оқыту – тәрбиелеу технологиясы», Ж.Нұсанова, «Сайыс
сабағы», «Оқыту – тәрбиелеу технологиясы» секілді отандық ғалымдардың
еңбектерімен қатар, Пассов Е.И., Колова Т.И., Волкова Т.А. «Беседы об уроке
иностранного языка», Livingstone С. «Role Play in Language Learning, Maley А.,
Duff А. «Drama Techniques in Language Learning», А.А. Леонтьев Эмоционально
– «волевые процессы в овладении иностранным языком. – "Иностран. языки в
школе», М.И.Дубровин «Учебное кино и диафильмы в обучении английскому
языку в средней школе» сияқты бірқатар шетел ғалымдарының еңбектері
басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс екі тараудан, тарау өз ішінде бірнеше бөлімдерден,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша
қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында шетел тілін оқытудың негізгі
міндеттері, ұйымдастыру формасы сипатталад, оқытуды ұйымдастырудың
негізгі формасы – сабақ талданады. Сонымен бірге, дәстүрлі сабақ арасындағы
айырмашылық қарастырылды.
Оқутәрбие процесінде қолданылатын
инновациялық технологиялардың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамалары
беріледі.
Жұмыстың келесі тарауында дәстүрлі емес сабақтардың бірнеше түрлерін
сипатталып, түрлері кеңінен қарастырылды. Сонымен бірге сабақтың дәстүрлі
емес түрлерін тәжірибе жүзінде қолданылуы мен нәтижесі көрсетілген.
Дипломдық жұмыс барысында төмендегідей әдістер қолданылған:
салыстырмалыаналитикалық, тарихитоптау, жүйелеу, топтастыру және т.б.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығысабақтың дәстүрлі емес
түрлерін бөліп қарастыру.
Көріп отырғанымыздай бұл мәселені отандық ғалымдармен қатар, шетел
ғалымдары да жақсы зерттеген. Атап кетерлік жағдай отандық методисттердің
14 еңбектерінде көбіне теориялық аспектілер талданса, ал шетел ғалымдары
практикаға көбірек сүйенеді. Отандық ғалымдар мен шетел ғалымдарының
еңбектерін бірдей қарастыру арқылы біз мәселенің толықтай шешімін таба
аламыз.
Сондайақ қазіргі кездегі шет тілді үйретуге байланысты методикалық
оқулықтарды саралап қарасақ, олардың мазмұны дәстүрлі емес сабақ түрлерін
қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ әрине сабақтың қалай өтуі көп жағдайда
мұғалімнің шығармашылық қабілетіне, сабақтың сценариі дұрыс құрылуына
байланысты. Сабақтың қызықты, танымды, әрі есте қаларлықтай өту үшін,
оқытушы сабаққа бар білімін салумен қатар, өз жанының бөлшегін де салу керек.
1. Мәселенің теориялық негізі
1.1Дәстүрлі емес сабақтардың мәні
Алайда мұндай тұлғаны тілді меңгеріп жатырған елдің әлеуметтік
мәдени ерекшеліктерін үйретпей қалыптастыру мүмкін емес. Тілді және
мәдениетті қатар үйрену тек қана тәжірибелік, жалпы білімділік және тәрбиелік
мақсаттарды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың
алдағы уақытта да мотивацияларын жоғалтпауға көмектеседі. Мұғалім үшін
оқушының бойындағы жақсы мотивацияны қалыптастыру ең басты
мақсаттардың бірі болуы шарт.
Ережеге сай мотивтер жаңа білімді меңгеру, жаңа дағдыны өз бойына
қалыптастырумен байланысты болып табылады. Бірақ шет тілін меңгерушінің ең
бірінші және табиғимұқтаждығы – коммуникативтілік. Оқушылардың
коммуникативтілігін арттыру үшін, ортадағы климатты жақсы қалыптастыру
үшін оқытушы білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыратын оқу формаларын пайдалана білуге тиіс.
15 Оқушылар сабақ үстінде белсенді және коммуникативті болулары үшін
сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдана білген дұрыс. Мектеп мұғалімдерінің
және педагог–ғалымдар дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыра түсетініне тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсеткен
болатын.
Дәстүрлі емес сабақтардың басты жетістігі білім алушылардың
әлеуметтік–мәдени біліктіліктерін дамыту мен мінсіздендіру, тілді меңгеріп
жатырған елдің мәдени тарихы туралы білімін кеңейту. Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келгенде, жұмыстың мақсаты – қазіргі уақыттағы
мектептерге дәстүрлі емес сабақтардың маңыздылығын көрсету, өйткені
мұндай сабақтар оқушылардың әлеуметтік мәдени сауаттылығын жоғарылату.
Әлеуметтік мәденисауаттылық феномені басқа халықтардың мәдениетін
түсіну мен қадірлеуге, өмірге деген көқарасты қалыптастырады, өзге халықтың
мәдениетін қабылдауға, сонымен бірге сөйлеу мәдениетін білуге көмектеседі.
Бүгінгі таңда педагогғалымдар сабақтың дәстүрлі емес түрлерін, соның ішінде
видеосабақтарды, мерекесабақтарды, интернетсабақтарды және т.б. сабақ
формаларын кеңінен пайдалануға кеңес береді.
Видеосабақтардың
басымдылығы мектеп оқушыларының тілді меңгеріп жатырған елдің
мәдениетімен байланысуға мүмкіндік беруі. Видеоматериалдар тек қана сол
тілде сөйлейтін адамның сөздерін тыңдатып қана қоймай, «қауіпсіз» ортада
қатысушылар сол халықтың және тілдің мимикасымен, бірбірімен көзқарасын
байқауға мүмкіндік береді. Шет тілі сабағында интернет материалдарын
қолдану оқушыларға шынайы тілдік ортаға шығуға жағдай жасайды[39,301].
Кезкелген сабақтың және оның әрбір элементінің методикалық,
психологиялық және педагогикалық (эмоционалдық) аспектілері бар екендігі
барлығымызға белгілі. Сабақтың мазмұны оқытылып жатырған тілдік
материалдардың көмегімен ажыратылады, ал оның оқушыларға берілу жолы
таңдалған
елеулі көлемде психологиялық
(эмоционалдық) және педагогикалық аспетілермен байланысқан, көмегімен
ажыратылады. Бала үшін әрбір тілдік материалды қызықты, танымды және
маңызды етіп өткізуге дәстүрлі емес сабақ көмектеседі.
методикалық бағыттың,
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері өз алдына не екенін, олардың мәні және
дәстүрлі сабақтардан қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап көрелік.
Тақырып бойынша еңбектерді және кейбір сабақтардың методикалық
әзірлеулерін талдап, саралап, біз мынандай қорытындыға келдік: дәстүрлі емес
сабақ– бұл:
1. Сюжетімен (көптеген жағдайларда біртұтас сценарилер біріктіріледі);
2. Құрылымымен (дәстүрлі емес сабақтардың барлық кезеңдері бірбірімен
байланысуы керек);
3. Материалдың берілуімен;
4. Оқытудың біркелкі емес құралдарын қолданылуымен;
5. Рольдерді белгілеуімен;
16 6. Процесстің орындаушыларының өзара қарымқатынасымен ерекшеленді
[51,386].
Қазіргі таңдағы шетел тілін меңгертудегі сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің
басты сипаттамалары:
Практикалық, білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардағы
мәселелерді кешенді түрде шешу (пратикалық мақсаттар басыңқы роль
атқарады).
Оқу процесіндегі коммуникативті бағыттылық.
Шетел тілін меңгеру кезінде мотивацияның маңызы.
Әрбір сынып үшін оқытудың әдісін оңтайлы таңдау.
Әрбір білім алушы шетел тілін уйрену процесінде сабаққа белсенді қатысып
отыратындай дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану.
Сабақ үстінде білім алушы мен білім беруші арасында және білім алушылардың
бірбірімен сөздік қарымқатынасқа түсуге жақсы психологиялық климат
тудыру.
Оқытудың әртүрлі құралын, сонымен бірге техникалық құралдарды,
пайдалануға мүмкіндік жасау [58,31].
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолданудағы мақсаттар:
Басты мақсат – оқыту процесінің сапасын арттыру, сабқтың тиімділігін көтеру.
Міндеттері:
1. Ойлау белсенділігін дамыту.
2. Коммуникативті дағдыны қалыптастыру.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
4. Шығармашылық қабілеттерін жоғарылату.
5. Ағылшын тілін оқытудағы мотивацияны арттыру.
6. Оқыту материалдарымен өмірлік ситуациялардң арасындағы байланысты
іздеу.
1.2 Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық және мотивациялық
аспектілері
Шетел тілін оқытуда факторларды методикалық, жалпы психологиялық
және индивидуалды психологиялық деп бөле отырып, жалпы психологиялық
фактордың ең маңыздысы ретінде мотивацияны атап айтуға болады. Мотивация
– адамның, теориялық және практикалық қызметінде де, мінезқұлығын оятуға
түрткі болар жүйе.
Шетел тілдері методисттерін қазіргі таңда толғандыратын басты
сұрақтарының бірі мотивация мәселесі. Сонын өзінде жалпы білім беретін
мектептерде шетел тілін оқытуда мотивация мәселесін шешуң жолы әлі алыс
көрінеді. Бұндай шешімге келудің бірден–бір себебі жоғары сыныптардағы
оқушыларға берген сауалнаманың нәтижесі. Сауалнаманың нәтижесі келсек
17 білім алушылардың 69%ында оқуға деген қызығушылықтары жоқ екендігі
анықталды.
Жақсы көңілкүй мен эмоциялар орталық жүйке жүйесінің қозу дәрежесін
көтеріп, кезкелген мектеп пәнді оқушылардың жақсы ұғынуына тиімді әсерін
тигізеді. Алайда шетел тілінен сабақ беретін мұғалімдер басқа пән
мұғалімдеріне қарағанда оқу процесін жақсарту мақсатында сабақтың
эмоционалдық атмосферасын белсенді қалыптастыра білгені жөн және де
қатысушылардың жақсы эмоцияларын қалыптастыра алуы керек.
Тағы атап кетерлік мәселе, білім беру процесіндегі эмоционалдық жайт
оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын арттыра отырып, шетел тілін
үйренуде жағымды әсер етумен қатар, білім алушылардың пәнді тұрақты түрде
меңгерулеріне себеп болады. Алғашында оқу процесінің жаңа түрі ретінде
қалптасқан болса да, күнделікті бір оқулықпен жұмыс жүргізу, әрдайым біркелкі
жаттығуларды орындату жағымды эмоциялардың туындауына кедергі болып,
қатысушыларды жалықтырып жібереді. Оқу процесінде біркелкі түсетін
ақпараттар мен бірдей типті жаттығуларды орындау өте белсенді білім
алушыларды жалықтырып, олардың белсенділігін төмендетеді. Сондықтан да
білім беруші шет тілі сабағын қызықты өткізе отырып, мотивациялық дәрежені
көтереді[42,194].
Пәнге деген қызығушылықтың қалыптасуына оқушының субъективті
қабылдауы улкен, әрі маңызды роль атқарады. Білім алушылар көп жағдайда
шет тілін меңгеру кезіндегі жағымсыз көзқарасты практикалық құндылықтың
жоқтығында деп түсіндіреді. Қызығушылықтың қалыптасу процесі, оның ішінде
мұғалімнің беделі мен меңгерген білімді практикалық түрде пайдалану,
объективті және субъективті факторлардың әсерінен екендігі дәлелденген пікір
болып табылады. Расымен де, басқа пәндермен салыстырғанда шет тілін
үйренудегі
қызығушылықтың пайда болуы білім берушінің беделі мен
тұлғасына, сабақты барынша қызықты етіп өткізуіне байланысты болып келеді.
Шет тілін меңгеру кезінде қызығушылықтың төмендеуі, білім беру
процесінде үйренген білімді практика жүзінде қолданылмауы деп түсіндіріледі.
Осы орайда Г.В.Рогова былай айтқан:
«Оқудың алғашқы кезңінде балалар шет тілін оқудың мұқтаждығын сезіне
алмайды. Оқытушының басты міндеттерінің бірі–шет тілі кезкелген сауатты да,
білімді азаматтың өмірінде маңызы зор екендігін түсіндіріп қана қоймай, тілді
үйренуге ынталандыра білу... Білім алушылар үйреніп жатырған тіл қарым
қатынас құрал және ақпаратты алу құралы екендігін сезіне білулері қажет.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану арқылы мотивация мәселесін шешуге
болады. Қатысушылар сабақтан зор әсер алуларына ұмтылу керек[48,122].
1.3 Дәстүрлі емес сабақтардың алуандығы мен ерекшеліктері
18 Қазіргі жаһандану заманында,цифрлық технологиялар кезенінде әрбір
өскелең ұрпақ компьютер мониторының, смартфонның, планшет экранының
алдында тапжылмастан балалық шақтың қызығынан бас тартып, ойдан
құрастырылған кейіпкерлермен бірге күнітүні отыра беруге дайын секілді
көрінеді. Осындай қиын сәтте мұғалімнің басты мақсаты – оқушыны виртуалды
өмірден шығарып, сабаққа қызығушылықтарын ояту. Оқушыны тек қана білімнің
арқасында белсенді жеке тұлға ретінде қалыптастыруға болады.
Айтылып өткендердің барлығы тікелей мұғалімнің шеберлігіне, оқу
прцесіне дайындығына, шығармашылық қабілетіне, әрдайым жаңа формалар мен
оқудың жаңа түрлерін ізденуіне тікелей байланысты.
Оқытушының
педагогикалық шығармашылығы оқушы бойындағы сабаққа деген өшкен
шырақты қайтадан жандыруға мүмкіндік береді.
Ешбір жоспар да, оқу құралдары да, методикалық оқулықтар да мұғалімге
сабақтың дайын схемасын бере алмайды. Сабақтың схемасын оқытудың
жағдайына сәйкес, білім алушылардың деңгейлеріне сай оқушыларға не қызықты
болады екенін тауып, оларды ойлануға, ізденуге талпындырып, оқушыларды
бақылау арқылы мұғалім өзі құрастыра білу керек[50,172].
Ағылшын тілін үйретуде мұғалім дәстүрлі сабақтарды емес, дәстүрлі емес
сабақтарды пайдаланғандары дұрыс. Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес сабақтан
айырмашылығы неде? деген сұраққа жауап беру үшін, алдымен екі түсінікке де
анықтама бергеніміз жөн болар.
Дәстүрлі сабақ дегеніміз мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен,
тіл алғыштығымен, нәтижелілігімен сипатталатын сабақ; қалыптасқан дәстүр
мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлмедәл кескіні. Дәстүрлі
сабақтарға, көпшілікке белгілі, жаңа тақырыпты үйрету, жаңа үйренген
материалды бекіту, меңгерген материалдарды тексеру, тарауды немесе
тақырыпты қайталау жатады[32,23].
Дәстүрлі емес сабақтардың оқу процесінде алатын орны ерекше. Оны
салыстырмалы түрде талдап, ерекшеліктері мен артықшылықтары кестеден
көруге болады (қосымша №1)
Ал дәстүрлі емес сабақтар білім алушылардың белсенділігін арттырып, өз
бетімен білім алып, саналы түрде ойлау қабілетін қалыптастырады. Мұндай
сабақ түрлері оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытып, олардың
логикалық ойлау қабілеттерін күшейтеді.
Мектеп программасына дәстүрлі емес сабақтардың кірігуінің мақсаты оқу
мен тәрбие процесіне еш кедергі келтірмейақ, әр оқушының жеке
ерекшеліктерін қалыптастыру болып табылады. Дәстүрлі емес сабақтарда
дәстүрлі сабақтарға қарағанда оқу процесінде мұғалімнің позициясы өзгеріске
ұшырап, оның мінезқұлқы, принциптері, сабақ жүргізу әдістәсілдері, оқу
формасында
байқалады.
Мұндай сабақтарда мұғалімнің қызметі айтарлықтай өзгереді. Енді оның қызметі
айырмашылықтар
біршама
19 «жеткізу», «түсіндіру», «көрсету» емес, ал оқушылармен бірігіп, мәселенің
шешімін табу. Оқытушы өзін режиссер сияқты көрсетеді. Жаңа оқу шарттарына
сай ұстаз жауаптың дұрысбұрыстығына қарамастан әр оқушының жауабын
мұқият тыңдап, олардың түсінулері мен логикалық ойлау қабілеттерін бақылап,
білдіртпей оқушыларды сұрақтың дұрыс шешіміне көмектесіп, оларға дұрыс
бағытбағдар беруі қажет.
Ағылшын тілі пәні өзінің спецификасымен ерекшеленеді, өйіткені басқа
пәндермен салыстырғанда бұл сабақтың басты мақсаты шәкірттердің
коммуникативті белсенділіктерін арттыру және қалыптастыру болып саналады.
Қазіргі таңда шет тілді меңгерудің кең тараған жолы оқушыларды сол халықтың
дәстүрімен таныстыру, үйрету. Халықаралық коммуникацияны қалыптастыру
арқылы дәл осы мақсатқа жетуге болады. Коммуникативтік белсенділікке
арналған жаттығулар мен тапсырмалар ағылшын тілі пәнінің бірденбір
ерекшелігі боп саналады [ 29,97].
Білім алушыларға дәстүрлі емес сабақ психологиялық жағдайларын
өзгертеді, яғни мұндай оқу процесі мүлдем басқа қатынас, жақсы көңіл күй,
шәкірттердің өзөздерін жаңа бағытта көрсетулері, сонымен қатар мүлде басқа
жауапкершілік пен міндет болып табылады. Ұстаздарға келер болсақ, мұндай
дәстүрлі сабақтар өз ісін басқа қырынан таныту.
Дәстүрлі емес сабақтар – құрамында әртүрлі оқыту формасы бар сабақтың
түрі. Ол мұғалім мен оқушылардың біріккен шығармашылық әрекеттері.
Дәстүрлі емес сабақтардың мысалына ойынның түрлері, топтық жұмыстар,
әртүрлі жарыстар, мерекесабақтар, іскерлік ойындар, бинарлық сабақтар,
конкурссабақ, театрсабақ, жарыссабақ, концертсабақ, практикумсабақ,
прессконференция, консультациясабақ, диспутсабақ, жобаны қорғау сабағы,
семинарсабақ және т.б. келтіруге болады. Мұндай түрдегі сабақтарға
компьютерлік технологиялар, жобалар және әртүрлі формалардағы тестілеу
жұмыстарын жатқызуға болады[43,93].
Мұндай сабақтарды қолдану оқыту және тәрбиелік процессіне не береді?
Тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтар:
1. Топтық жұмыс формаларын қолдануды үйретеді;
2. Сабаққа қызығушылықты арттырады;
3. Оқушылар өзіндік жұмыс жасауға дағдылатады;
4. Оқушылардың белсенділігін жоғарылатады;
5. Оқытушы мен оқушы арасында жаңа байланыс орнатады[58;15];
Дәстүрлі емес сабақтар бір бірімен формалары мен түрлері арқылы
ажыратылады. Кесте арқылы (қосымша №2) дәстүрлі емес сабақтардың
әртүрлілігін көре аламыз.
1.4 Оқу процесіндегі дәстүрлі емес сабақтың құрылымы
20 Сабақтың тиімділігіне бірбірімен өте жақын байланысты екі жағдай әсер
етеді: тыңғылықты дайындалу және шеберлікпен өткізу. Дұрыс емес
жоспарланған, білім алушылардың оқу мүмкіндігіне санаспайтын сабақтың
пайдасы жоқ десек артық кетпеспіз. Сабаққа дайындалу – нәтижеге жеткізетін
шаралар жүйесін жасау, оқу тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Оқытушының
сабаққа дайындығы – нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу тірбие
проуесін дұрыс ұйымдастыру.
Оқытушының сабаққа әзірлігінің үш кезеңі қаралады: диагностикалық,
болжау және жобалау немесе жоспарлау. Білім беруші мәліметтердегі
фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде
оқытушы оқу материалын оқушылардың мүмкіндігіне икемдейді, жақсы нәтиже
беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты
өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі пайдаланылып, оқу
сағаттары есептеледі.
Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады.
Диагностика арқылы сабақты өткізуге қажетті барлық жағдайлар анықтауы
мүмкін. Мұғалім оқушылардың мүмкіншіліктерін, ісәрекеттерінің және мінез
құлықтарының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін
оқушыдан талап ететін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін,
тәжірибеге тиімділігін анықтап, сипаттайды. Тірек білімдерді қайталауға, жаңа
материалды меңгеруге, оны бекітуге және дұрыстауға кететін уақытты мұқият
талдайды[29,45].
Сабақты жоспарлау және оған әзірлену кезеңдері:
Бөлімдерді тақырыптарға бөліп, әр тақырыпқа бөлінетін сағат санын
белгілеу;
Бағдарлама, әдістемелік құрал мектеп оқулығы және қосымша
әдебиеттерді оқып, әр сабақтың алдында білімділік, тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарын қою.
Тақырыпты ашуға қажетті мағлұматтарды іріктеу, оқуға қажетті тірек
білімдерді анықтау;
Негізгі материалды, нақтырақ айтсақ сабақтан білім алушы түсініп, есінде
қалу керек мәліметтерді анықтау;
Сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс тәсілдерді белгілеу;
Тақырыптағы мағлұматтардың бөгде тақырыптағы мәліметтермен
байланысын ашу;
Сабақтың барлық кезеңіне оқытушы мен білім алушы атқаратын
жұмыстарды, сонын ішінде жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру
кезеңдегі жұмыстарды қолдану. Оқушыларға өз білімдерін өзгерген
жағдайларда қолдандыру;
Сабаққа қажетті дидактикалық құралдарды, атап айтар болсақ кино,
видеофильмдер мен диофильмдерді, суреттерді, плакаттарды,
21 карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттердә және басқа да
қосымша көрнекі құралдарды іріктеу;
Техникалық білім беру құралдарын тексеру;
Оқытушы тақтаға жазатындарын, салатын суреттерін жоспарлайды, білім
алушыларға өзінің жұмысына ұқсас жұмыстарды орындатады;
Сабақ барысында орындалатын өзіндік жұмыстардың көлемін және
түрлерін анықтау;
Білім, іскерлік дағдыларды бекіту түрлерін және тәсілдерін, білімдерді
талдап, қорытынды жасау, жүйелеу жолдарын белгілеу;
Білім, іскерлік дағдылары тексерілетін білім алушылардың тізімін жасау,
білмдерін тексеру түрлері мен әдістерін сипаттап, іскерлікті тексеруді
жоспарлау;
Үй тапсырмасының мазмұнын, алатын көлемін, формасын белгілеп, оны
орындау тәсілдерін табу;
Сабақтың қорытындысын шығару әдістәсілдерін білу;
Тақырып бойынша сыныптан тыс орындалатын жұмысты жүргізуді
жоспарлау;
Сабақтың барысын талапқа сай жоспарлау.
Жобалау – бұл сабақтың сабақтың қалай өтетіні туралы болжамдар.
Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысын таңдау.
Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығаруға
болады. Сабақ мақсатміндетіне қарай қалыптастырылатын білім, іскерлік
100 % деп алынады. Аталған көрсеткішті зиянды заттар азайтады[26,135].
Экскурсия барысында оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар
сан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды, зерттеді,
сонымен бірге өмірде болып жатырған құбылыстарды тікелей қабылдайды.
Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға қоғамға пайдалы болуға
көмектеседі. Далада, орманда, өзен жағаларында білім алушылар табиғат
сұлулығын түсінуге дағдыланып, өздерінң әсерлерін сурет салу, гербарийлер
жасау арқылы білдіре алады. Экскурсия жаңаша білімдермен қатар, оқытушыға
өз шәкірттерін жақсы тануға көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10
шәкірттен 40 шәкіртке дейін болады, ұзақтығы 4090 минутқа жетуі мүмкін.
Практикумдар арқылы білім алушылар тәжірибелік, зертхана жұмыстарды өз
беттерінше рындауға мүмкіндік алады. Олар оқу курстарының ірі білімдерін
оқыған соң өткізіледі, сонымен бірге теориялық материалды тәжірибеде көрсету
үшін де өткізуге болады.
Практикум 23 апта өтеді. Оқытушы сыныпты екіүш білім алушыдан
тұратын топтарға бөледі. Әр топ бірбіріне ұқсамайтын зертханалық және
тәжірибелік жұмыстарды арнайы сабақ кестесі бойынша орындайды. Практикум
өткізер алдында кіріспе дәріс және нұсқау берілетін сабақ өтеді. Практикум
кезінде білім алушылардың тірек білімдерін жаңғырту тәсілдері
пайдаланылады[55,104].
22 тексеріледі.
Тұрақты
өлшенеді.
шамалар
Оқушылардың іс әрекетін басқару құралдары: жұмыс істеу ережелерін,
қажетті материалды қайталату; зертханалық жабдықтарды суреттеу; оның қалай
жұмыс істейтінін, тапсырмаларды орындау тәртібін айту, тақырып бойынша
бақылау сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің тізімінжасау.
Жұмысты алгоритм бойынша істегенмен, шығармашылық, зерттеу жұмыстарын
да жүргізуге болады. Белгілі бір заңдылықтардың, теориялардың шындыққы
сәйкестігі
Практикум кезінде оқушылар шығарамашылық сипаттағы тапсырмаларды
орындайды; химиядан тәжірейбе өткізеді, сызба жұмыстарын жасап, физикалық,
биологиялық, әлеуметтік, тарихи, фенологиялық зерттеулер жүргізіледі[44,388].
Білім алушылардың ісәрекетін басқару құралдары: жұмыс істеу
ережелерін,керекті материалдарды қайталау; зертханалық жабдықтарды
суреттеу, оның қалай жұмыс істейтінін, тапсырмаларды орындау тәртібін айту,
тақырып бойынша бақылауға раналған сұрақтарын және қосымша
материалдардың тізімін жасау. Жұмысты алгоритм бойынша орындағанымен,
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды.
Бірінші тәжірибелік сабақтың құрылымы:
• Практикумның тақырыбын және мақсатын мұғалімнің хабарлауы;
• Оқушыларға керекті білімдерді олардың естеріне түсіру;
• Оқу жұмысына ынталандыру, нұсқаумен таныстыру;
• Керекті жабдықтар мен материалдарды іріктеу;
• Оқушыларға жұмысты орындағаны туралы есепті құрастыру;
• Алынған нәтижелерді талқылап теориялық тұжырымдар жасау;
• Нәтижелерін қорғау;
• Іс әрекетті талдау.
Практикумдар әдетте жоғары сыныптарда өтеді, бірақ бастауыш
сыныптарда қысқа мерзімді зертханалық және тәжірейбелік тапсырмалар
орындатуға болады.
Пәндік үйірмелер,
оқу
бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге
оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр
жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән
мұғалімі.
зертханалар Сабақта пәнді
шеберханалар,
жазушылардың,
Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып,
атақты ғалым,
басқада қайраткерлердің өмірі мен
қызметтерімен, ғылым және техниканың жаңа жетістіктерімен танысып,
ғалымдардың мерейтойына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді,
техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірейбе жұмыстарын жүргізеді,
зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырылады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар
үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс шаралар,
байқаулар мен олимпиадалар өткізеді.
Кеңестер оқушыларға жеке
23 тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар сұрақ
береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған мамандардың
берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі.
Олимпиадалар және байқаулар: олимпиадалар аудандық, облыстық,
республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі
олимпиадалар мен байқаулар Интернет желісінің көмегімен өткізіледі.
Балардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең
жақсы жұмыстары көрсетіледі [15,137].
Конференциялар олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар
баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
нәтижелері бойынша сөз сөйленуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта,
мектепте өткізуге болады.
Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір
мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің
ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға
алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға
әзірленеді.
Конференцияның ұзақтығы 12сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы
оқуға 710минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар
беріп, сын пікірлер айтады және қосымшалар енгізеді. Конференция соңында
мұғалім қорытындылып,
белсенді
шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді.
баяндамашылардың жұмыстарын,
не мамандар кеңес береді.
Баяндамашыға мұғалім,
ерекше
назар
жұмыстарына
Өз мәліметтерін келтіреген,
әдеби деректермен шектелмеген
оқушылардың
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап,өз пікірлерін айтады.
Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.
Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп
оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстары байланыстырады,
пәнді
Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең
оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық
беріледі.
оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады.
аударылады.
Факультативтер теориялық және тәжірейбелік түрде де өте алады.
Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондықтан олардың іс әрекеті
белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейкесті тақырыптарды,
оқушыларға ыңғайлы іс әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл ойын, есін,
қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.
Сабақты талдаудың мақсаты:оқушыларың білім, іскерлік және дағдылардың
сапасын бақылау,мұғалімге нұсқаулар беру,мұғалімнің жетістігі мен
кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу,мұғалілнің
атқаратын жұмыстарын белгілеу.
Сабақты өткізу деңгейлері:
24 Жақсы: мұғалімнің сабақ мақсатына сай оқушылармен кері байланысы болып,
қиыншылықтарды жеңуі;
Өте жақсы: мұғалімнің оқушыларды мәселені шешуге қатыстыруы және сол
арқылы тақырыпты меңгертуі;
• Орташа:оқушылардың білімін және іскерліктерін анықтауы және тақырыпты
сабақ мақсатына сәйкес ашуы;
• Төменгі: оқушылардан өткен тақырыпты сұрау. Жаңа материалды
жоспармен түсіндіру. Оқушылардың танымдық іс әрекеті аз, белсенділіктері
төмен [28,63].
1.5 Дәстүрлі емес сабақ формаларының ерекшеліктері мен түрлері
Бүгінгі таңда оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға баса назар
аударылып отыр – оның санасына, рухани байлығына, моральдық санасына,
сонымен қатар жоғары дамыған интеллекті мен интеллектуалдық потенциялына.
Тиісінше, орта мектепті білімді интеллектуалды, жалпы ғылымды меңгерген,
терең ойлай алатын, өмірлік және проыессианалдық сұрақтарды оңай шеше
алатын тұлғалар біздің қоғамға қажет екеніне ешкім жасыра алмас. Мектептерде
әрдайым оқыту процесін біртұтас жүйе ететін, оқытудың барлық сатыларында
білімділік және тәрбиелік мақсаттары қамтылған жаңа формалар мен тәсілдерді
табу үшін ізденіс жүруі қажет.
Мектеп мұғалімдер ұжымы бір мезгілде мектеп программасындағы
материалды терең меңгертіп, сонымен қатар оқушылардың дүниетанымдарын
жанжақты кеңейтуге және әрбір оқушыны жеке қабілеттері мен икемдерін ойға
ала отырып, олардың тұлға ретінде қалыптастыруына жағдай жасайтын түсінікті
қалыптастыра білу қажет.
Жоғарыда айтылған шарттарды іске асыру жолдары және бағыттары
шығармашылық, дәстүрлі емес, сонымен бірге тиімді болуы шарт. Шет тілі
сабағында қолданылатын сабақтың дәстүрлі емес түрлері бақылау қызметін
орындау мақсатында белгілі бір тақырыпты немесе тақырыптарды меңгергеннен
соң қолданылады. Мұндай сабақтар ерекше, дәстүрлі емес ортада іске
асырылады.
Осы секілді күнделікті ортаны өзгерту өте тиімді болып табылады,
өйіткені ол істелген жұмысты қорытындылауда мерекелік көңілкүй сыйлайды,
дәстүрлі сабақтарда кездесетін оқушылар бойындағы «қате жіберіп қоямынау»
деген жағымсыз пікірді, психологиялық бөгетті жоюға жағдай жасайды. Шет тілі
пәнінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану кезінде міндетті түрде сыныптағы
немесе топтағы оқушылардың барлығы қатысуы шарт, сонымен бірге тыңдау
және қарау құралдарының болуы да шарт.Осындай сабақтарда методиканың,
педагогиканың және психологияның қойған мақсаттарына жетуге болады:
25 оқушылардың белгілі бір тақырыптағы білімін, дағдысын бақылауға және
тексеруге болады.
іскерлік, жұмыс атмосфера қалыптасады. Оқушылар сабаққа зейін
қойып, мұқияттылықпен қарайды.
мұғалім сабаққа барынша аз қатысады.
Методикалық түрде әлдеқайда тиімді сабақтың дәстүрлі емес түрлеріне –
спектакльсабақ, мерекесабақ, экскурсиясабақ, сұхбатсабақтар және де т.б.
сабақ түрлері кіреді. Шет тілін сол мемлекетте емес, басқа елде үйрену
қиындық туғызары сөзсіз. Сондықтан да шет тілін үйретерде мұғалімнің тағы бір
маңызды міндеттерінің бірі білім алушыларға әр түрлі жағдайлар арқылы сол
халықпен тереңірек таныстыру. Ал бұған видеофильмдердің атқаратын рөлі зор.
Видеофильмдердің тағы бір басымдылығы шәкірттердің назарын аударуы.
Өйткені видеофильмдерді қарап отырған кезде тіпті назар аудармайды деген
оқушының да экранда не көрсетіліп жатқанын түсіну үшін өзінің назарын еркінен
тыс аударуға мәжбүр болады, әрі сөздерді есіне сақтап қалуына да септігін
тигізеді [ 40,130134].
Экскурсиясабақтың басқа сабақтарға қарағанда артықшылығы, оқу
процесінде білім алушылар мектеп қабырғасында емес, ал табиғат аясында
болуы. Экскурсиясабақтың оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор.
Табиғат аясына шығып, серуендеу арқылы білім алушылар эстетикалық
талғамдарын одан әрі дамытып, мейірімділікке, ізеттілікке, айналадағы барша
тірі табиғатқа деген сүйіспеншіліктері ояна түседі. Бірігіп орындаған
тапсырмалары арқылы олар бірігіп жұмыс жасауға үйренеді. Табиғаттағы жанды
және жансыз заттардың аттарын шет тіліне аударып, сөздік қорларын байытады.
Аса қызықты тағы бір дәстүрлі емес сабақтар қатарына мерекесабақ
жатады. Мұндай түрдегі сабақ формасы ағылшын тілінде сөйлейтін халықтың
салтдәстүрімен, әдетғұрыптарымен, мерекелерімен тереңірек таныстыруға
септігін тигізеді.
Әрбір ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне грамматиканы түсіндіру қиындық
туғызады деген ойдамыз. Оқушыларға ағылшын тіліндегі көп шақтар, олардың
қолданылуы мен жасалуы күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан да
мұндай сабақтарды жарыс түрінде немесе ойын түрінде өткізген тиімді. Әрі
жарыссабақ арқылы білім алушылар топпен жұмыс жасап үйренумен қатар,
сыныптастарына деген сенімділік арта түседі.
Мысалы, 5 немесе 6 сыныптарда грамматикалық шақтарды түсіндірер
кезде, сыныпты екі топқа бөліп, әр түрлі тапсырмалар беріп, жарыстар
ұйымдастырған өте тиімді әдістердің бірі болып табылады. Тез, әрі дұрыс
орындаған топқа жетондар беруге болады. Сабақ соңында жетондарды санап,
бағалауға болады[38,97].
Шет елдерде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі мюзиклсабақ.
Мюзиклсабақ оқушылардың социомәдениеттік компетенциясын дамытып, шет
тілі елдерінің мәдениетімен танысуға жағдай жасайды.
26 Мюзиклсабақтың шет тілін үйретудегі маңызы белгілі. Ежелгі Грецияда
көптеген мәтіндер ән айту арқылы үйретілген, ал Францияда көптеген
мектептерде осы әдіс әлі де қолданылып келеді. Үндістан елінде де қазіргі таңда
әліпби мен арифметиканы ән айту арқылы меңгертеді.
Мюзиклсабақтың көмегімен сыныпта жақсы психологиялық климат
қалыптасады, шаршағандық басылады, тілдік қызмет нығая түседі [ 23, 88].
Дискуссиясабақ – дәстүрлі емес сабақтардың ішіндегі күрделі
сабақтардың бірі. Ол мұғалімдермен қатар, оқушылардың да мықты дайындығын
талап етеді. Оқытушы талқыланатын мәселені дұрыс таңдай білуі қажет.
Берілген мәселе әр түрлі пікірлерді тудыра отырып, пікірталастың пайда
болуына әкелуі қажет. Мәселе оқушылардың сабаққа деген ынталарын
арттырып, қатысуға қызығушылықтарын оятуы қажет. Бірақ бір қызығушылық
жеткіліксіз.
Оқушылар қосымша әдебиеттер пайдаланып, өзіндік жұмыс жасауға
қабілетті бола білуі керек. Бұндай сабақ ұзақ мерзімді дайындықты талап етеді.
Осы сабақ арқылы оқушылар ізденістік қабілеттерін дамытып, ағылшын тілін
қаншалықты меңгергені туралы өзөзіне есеп бере алады, сонымен қатар өз
білімдерін практикада қолдана алады[12,46].
Семинар сабақтардың ерешелігі, біріншіден, білім алушылардың
тақырыпқа өздігінен дайындалуында, екіншіден, басқа оқушылармен жаңа
тақырыпқа байланысты пікірлерімен алмасуы, үшіншіден, оқытушымен бірігіп
жаңа сабақты қорытындылау. Сонымен қатар семинарсабақтың күнделікті
«классикалық» түрінен басқа да бірнеше түрлерін атап өтуге болады.
Тақырыпты тереңірек ұғыну үшін оқушылар газет, радио немесе
телебағдарламалар, ғылыми журналдар, ғылыми кітаптар қолданған кезде
семинарсабақ шығармашылық бағытта өткізіледі.
Семинарсабақтар арқылы білім алушылар жаңа тақырыпты тереңірек
ұғынуға, өзіндік жұмыс жасауға, өздерінің ойларын ашық жеткізуге, өзге
шәкірттермен пікір алмасу сияқты дағдыларын қалыптастырады.
Семинарсабаққа мұғалім оқушылардың өздіктерінен дайындалуға
мүмкіндік беретін сұрақтарды, әр оқушыға өзіндік жұмыстар дайындауы қажет.
Себебі мұндай сабақтарда әр оқушы өз белсенділігін танытып отырулары қажет.
Семинарсабақтар кезінде оқушылардың бір бөлігі баяндама дайындаса, қалған
бөлігі оқылған баяндамаға сәйкес сұрақтар дайындап, практикалық жаттығулар
орындауы қажет. Білім алушыларға топтық жұмыс жасаған көбіне қызық болып
табылады[32,58].
Дәстүрлі емес сабақтың тағы бір айтарлықтай түріне дәріссабақтар
жатады. Дәріссабақта ең бірінші білім алушыларды жаңа сабақтың тақырбы мен
мақсаты туралы жалпы түсінік беру. Содан соң осы оқу материалы келесі
семинарсабақтарда оқушылардың білім деңгейлеріне, бағыттарына және
талпыныстарына сәйкес әрі қарай тереңірек назар аудартады. Бұл дәріс
сабақтың бірінші ерекшелігі, оның екінші ерекшелігі мұғалім үй тапсырмасын
27 тексеруге уақыт жұмсамайақ, оқушыларға белсенді жұмыс жасауға
итермелейді.
1.6 Инновациялық білім мазмұнын құрудағы дәстүрлі емес сабақ түрлері
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасып қалған дәстүрлі
түрлерінен бөлек, дәстүрлі емес түрлерін қолдану жоғарыда атап өткеніміздей
кең етек жаюда. Білім беру жүйесіндегі ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес
түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылады. Оның мақсаты –
кезкелген сабақтың оқутәрбиелік мүмкіншіліктерін көп екендігін назарға ала
отырып, оны жаңа сапаға көтеру. Осындай жаһандық үрдістің бірі – сабақтың
дәстүрлі емес түрлерін қолдану болып саналады.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану – өмірден алынған жағдайларды
модельдеу, рольдік ойындарды қолдану, мәселені топтың ішінде бірігіп шешу
сұрақтарын қарастырады. Білім процесінің қандайда бір қатысушысын немесе
идеяны ерекшелеуді шектейді. Бұл жобаға адамгершілікпен, демократиялық
жолмен келуді үйретеді.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері – бұл ұжымдық, өзінөзі толықтыратын,
барлық қатысушылардың өзара біріккен әрекетіне негізделген, білім беру
жүйесіндегі білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын білім беру
процесін ұйымдастыру. Дәстүрлі емес сабақтың түрлерінің аса көп түрлері
белгілі. Әр мұғалім өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап
таба алады. Білім алушылар бірбіріне сұрақтар қойып және оған жауап беруді
үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Оқу процесінде ғылымның және ақпараттық технологияның қазіргі
таңдағы жетістігін қолданатын және бұрын оқыту үрдісінде қолданылмаған
әдістер болып табылады. Оның қағидаларына қоғам қалыптастыру, ісәрекет
арқылы меңгерту, өзіндік пен дербестікке баулу жатады.
Дәстүрлі емес сабақ түрлері – бұл танымдық әрекеттің арнаулы
ұйымдастыру формасы болып саналады. Ол толық айқындалған және мақсатын
алдынала болжауға болатын оқыту түрі. Осы секілді мақсаттардың бірі білім
алушы өзінің жеткен жетістіктерін, интеллектуалдық білімдерін сезетіндей, оқу
барысының өнімділігін көтеретін оқытудың жинақталған, қолайлы шарттарын
жасау.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің мәнісі сыныптағы барлық білім
алушылар танымдық процеспен қамтылады, олар өздерінің білімдерін және
ойлау қабілеттерін түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік ала алады. Таным
процесінде, білім беру материалын меңгеруде, білім алушылардың біріккеніс
әрекеттері келесідей жағдайларды білдіреді: кезкелген білім алушы өзіне тән
ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үзілмей
жалғасатын процесс.
28 Сонымен бірге, аталған процес өзара қолдау және қайырымдылық
атмосыерсында жүріп отырады. Яғни жаңа білімді меңгеріп қана қоймайды, оны
әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектену нәтижесінде көреді[67,29].
Сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану кезінде оқушылар мен
оқытушылар арасында тығыз қарымқатынас орнайды; ондай қарымқатынас
оқушылар қандай да бір мәнжайды талқылап, соның шешімін табуға тырысқаны
маңызды болады. Себебі сабақтың дәстүрлі емес түрлерінің басты мақсаты –
оқушылардың өз біттерімен ойды нәтижелеп, жауап табуға, тығырықтан шығуға
үйретеді. Ол өз қарымқатынастың мол ауқымын қамтиды, сонымен бірге, білім
алушылардың осыған дейінгі алған өмірлік тәжірибелері оқытудың негізгі көзі
болып саналады.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін пайдалану барысында оқушы мыналар
секілді қарымқатынасқа түседі: оқытушымен (қойылған сұрақтарға жауап беру
кезінде); өзге білім алушылармен (жұптық жұмыстанған кезде); шағын
топтармен (топпен жұмыстанған кезде), белгілі бір топпен, аудиториямен
сауалнама алғанда.
Сабақтың дәстүрлі емес қолданудың тиімді жағы – білім алушы өзге
адамдармен араласу кезінде ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинайды.
Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздікің негізігі бастау көзі болсып саналады,
сонымен қатар барша өркениетті адамзаттың қажетті құралы десек те артық
айтпағанымыз шығар.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін пйдалану оқушылардың келесідей
мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайды: олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан
ойпікірлерге логикалық түсініктеме беруге мүмкіншілік ашады; бірбірінен
жаңа, өздеріне қажетті ақпаратты ала отырып, білімін жетілдіре алады;
шыңдыққа көз жеткізуі үшін дәлелдер іздеп, ойын анықтап көрсете алады.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану барысында таным қабілеттердің мынадай
түрлері қолданылады: фактілерді еске түсіру, ойлану, алған білімін жаңа
жағдайға пайдалану, талдау, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге келу үшін,
барлық идеяларды біріктіру); баға беру (сапасын анықтау).
Бұл әдіс білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
жол ашады. Бұл ретте ең алғашқы білім берудің формалары мен түрлерін,
әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, оқыту ісін технологияландыру (қазіргі
заманғы техникаларды, мысалы: ғаламтор көздерін, интерактивті тақтаны,
электронды оқулықтарды, т.б. пайдалану) қажет. Ең бастысы оқушылардың оқу
әрекетінің субъектісі ретінде дамуын қамтамасыз ект қажет. Дәстүрлі емес
сабақтардың өткізілу нұсқасы мен мақсатміндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге
келеді: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтар[40,239].
Қазіргі таңда Қазақстанда оқытудың өзіндік ұлттық үлесі дамуда. Бұндай
процесс білім программасының өзгеруімен қатар жүреді. Оқыту процесіндегі
ескі мазмұнның орнына жаңа мазмұн қалыптасады. Ол оқушыға өзінөзі
29 өзектелендіруге, өзін толықтыруға және өзінөзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Декарттың трактатында: «өзінөзі тану жолындағы еңбек – ең құнды
еңбек» деп көрсетілген болатын. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға
оқушының білімін, білік, дағдысын емес, оның тұлға ретінде қалыптасуын, білім
арқылы дамуын қамтып отыр [26,87].
Қазіргі заманда педагогика ғылымының бір ерекшелігі – оқушының
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқытудың технологиялық тәсілінің
тиімділігі дәлелденген. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық оқыту
жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарында жасалған бағдарламалар
бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әр оқытушымен жаңаша бағытта
жұмыс істеуін, батыл шығармашылық қадамын, білім алушылардың белсенділігі
мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.
Сол себепті де оқытушы өз білімін жанжақты дамыта отырып, оқушыны
қызықтырып, жалықтырмау керек. Ұлы неміс педагогы А.А.Дистервег: «Жаман
мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді,
ойлауға үйретеді» деген болатын[10,96].
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, сапалы білім беру еліміздің
жаһандануыныңи ижәне инновациялануының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе
жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы сөзсіз
түсінікті. Еліміздің болашағы орта білім беретін мектептен толыққанды сапалы
білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан
шығары айдан анық. Себебі ертеңгі күн ел тізгінің ұстар азаматтар – бүгінгі
мектеп
Мектепте жұмыс атқаратын кезкелген оқытушының алдына қазіргі таңда
қойылатын талап өте үлкен, әрі зор болып отыр.
оқушылары
болып
табылады.
Мұғалім өзінің инновациялық ісәрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп,
сол жаңа педагогикалық технологияларды білім беру, тәрбие үрдісінде жүйелі
қолдану арқылы білім алушылардың білім сапасын көтеру қажет. Сонда ғана
заманауи педагогикалық технологияларды білетін, өз тәжірибесінде пайдаланған
әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамып, адамзат баласы ғаламдану үрдісі
жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника
жетістіктерін қолданып жүрген тұста оқыту жүйесі де осы өзгерістерге сай
жаңашылдық пен әлемдік білім кеңістігіндегі соны ізденістерге сай сабақ
жүргізудің уақыт міндеттеліп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал осындай
міндеттірді жүзеге асыру – өз ісінің шебері болумен бірге, өз мамандығын сүйіа,
адао да таза жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұлағатты ұстаздың
ғана еншісінде.
Сабақ – оқытушы мен білім алушының өз қажеттілігіне орай оқу
әрекеттерін яғни білімді меңгеру мен меңгерту, машық дағдыны қалыптастыру,
30 ізденіске баулу, шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен
мақсат міндеттер тұрғысынан бірігіп жұмыс істейтін ынтымақтастық нышаны.
Сабақ тек қана жалаң білім беруге құралмай, білім берушінің шынайы
қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз қамтамасыз етерлік
шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы керек. Мұғалім алдындағы
басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының заман талабы
мен ағымына сай қалыптасуына ықпал жасау.
Тұлғаның жанжақты жетілдіруінде таным баспалдақтарына жетелер
дағды қалыптастыруға жол ашатын білім беру мен тәрбие технологиясын жете
білу, меңгеру, біліктілігін дамыту, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау
оқытушы міндетінің бастау көздері. Біздің елімізде қазіргі кезде оқытудың жаңа
үлгісі дамуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі
түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу.
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі ісшараларды
жүзеге асырудың маңызы зор.
Бірінші кезекте, білім беру үдерісінде қазіргі таңдағы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев
Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Олар жинаған
тәжірибе барлық қазақстандық оқыту жүйесіне таратып, барлық білім беру
мекемелерін солардың деңгейіне тарту керек.
Екінші кезекте, педагогтар құрамының сапасын көтерудің маңызы орасан
зор. Арқаулық педагогтік оқытудың үлгіқалыптарын, мектептер мен жобалар
ұстаздардың біліктілігін көтеруге талаптарды күшейту керек деп айтылған
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
2010 жылғы «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты
бағыты»
атты жолдауында.
1.7 Дәстүрлі емес сабақтар кезінде қолданылатын инновациялық
технологиялардың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамалары
Бүгінгі таңда әлемде жүргізіліп отырған іздендіру үрдістері оқыту
мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды да анықтау. Техника мен ғылым
көлемінің ұлғая түсуі мектептегі оқыту мазмұнының қайта құру және оқу
тәрбие орындарының ісәрекет қағидаларын қайтадан қарауға, соның ішінде
оқытушының кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, сонымен қоса бар педагогикалық
үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне
алып келді. Қазіргі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық
оқыту технологияларын қолданудың тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелденген
болатын.
Ұзақ жылдар бойы оқыту жүйелерінің дамуы сырттай қатысты
факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын
31 қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейде сәйкес келеді.
Сол себепті де ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола
алады.
Инновациялық оқыту жүйесі технологияларын мектеп ұстаздары нақты
қабылданған шешім бойынша ғалымдардың басшылығымен жасалынған, ғылыми
тұрғыдан негізделген бағдарламалар арқылы оқу үрдісінде қолдануға болады.
Себебі, мектеп ғылымның теориялық жетістіктерін істәжірибеде таратудың
негізгі ордасы болып саналады.
Қазіргі таңдағы педагогикалық ойпікірдің даму қарқынына орай адамға
керекті білім деңгейінің де артқаны анық. Сол себепті де ең маңыздысы білім
алушылардың өз бетімен дамуын, шығармашылық деңгейінің артуын, тұлғалық
сапаларының қалыптасуын қамтамасыз ету қажет. Инновациялық оқыту
технологияларын сараптап, таңдап алу және оның мәнін түсінбеу – білім беру
процесіне кедергілер жасайды.
Инновациялық үрдіс – жаңалықты жасау (тудыру, әзірлеу) меңгеру,
қолдану және тарату бойынша жасалынатын кешенді ісәрекет. Оқыту қызметін
орталық орынды иеленетін оқутәрбиелік үрдісін инновациялық тұрғыда
қарастыруға болады. Себебі оның мақсаты – жастарға тұлғаның жаңа
қасиеттерін қалыптастыруда жаңа білімдер беру.
Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың
ілгері білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденйиялар қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
Үздіксіз білім беруге көшу;
Компетенцияға негізделген білім;
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
Оқытудың ашықтығы, актуальдандырылуы;
Білімді ізгілендіру;
Білім берудегі инновациялық әдістер[20,311].
Ілгері білім беру;
Қазіргі таңдағы мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың жаңа
модельдерін жасау, оқыту технологияларының жекелеген элементтерін сабақта
пайдалану бағытында жаңа қадамдар жасалынуда. Мектеп мұғалімдерінің
алдында тұрған жауапты міндет – ол білім алушыға тиянақты оқыту, білікті
ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін оқытушылар, әрине оқытудың тиімді әдістәсілдерін
өз тәжірибелерінде қолдана білу қажет. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа
жаны құмар етіп шығару үшін оқытушы оқытудың жаңаша әдістерін пайдалану
арқылы білім алушының сабаққа деген белсенділігін, ынтасын, шығармашылық
ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Қазіргі заманға сай шнт тілін оқытудың ғылымидүниетанымдық
міндеттері:
Шет тілі кеңістігінің барлық деңгейлерін зерттеу
32 Тіл мен қоғам арасындағы байланысты түсіну
Шет тілінің қазіргі нарықтағы маңызын түсіну
Қазіргі дүниедегі саясиэкономиалық, әлеуметтік қарым –
қатынастарды түсіну
Қолданбалы міндеттері:
1. Әр түрлі шет тіліндегі білім көздерінен мағлұмат бере алу
2. Шет тіліндегі әдебиеттерді аудара алу
3. Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай алуы
4. Шет тілінде зерттеу жұмыстарын жүргізу
5. Шет тілін күнделікті өмірде пайдалану
Қоғамда орын алып жатырған өзгерістер оқытушының жұмыстарына биік
талаптар қояды. Оқытушы білім алушыларға білім беріп қана қоймай, білім
алушыны ізденіске шығармашылық зерттеуге тартып, жеке тұлғаны қоғам талап
етіп отырған деңгейде оқытуға, тәрбиелеуге тиіс.
Білім алушыларды ынталандыру, шет тіліндегі білімдердің құндылығын
түсіндіру, оларды меңгеруі үшін қосымша материалдардың маңызы өте зор.
Қосымша материалдарды пайдалану арқылы білім алушы алған білімдерін
күнделікті өмірде қолдана алады.
Білім алушылардың байқағыштығын, есте сақтау, қиялдау, азаматтық
бейнесін жасау, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қалыптастыру, өмірге
шынайы көзбен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру, қабілеттерін дамыту.
Сонымен қатар қазіргі басылымдарда шығып жатырған жаңашыл мұғалімдердің
еңбектерін, газетжурналды қолданудың маңызы өте зор келеді. Жалпы
педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жанжақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жағдайда да,
жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту
мақсаты болып саналады.
Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сол
себепті де оның өзіндік танымдылық ісәрекеті белсендірілуі қажет. Бұл мақсат
білім берудің әдістемелік жүйенің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы
қалыптарының өзгерулерін талап етеді:
әр сабақта жаңа сөздерді үйреніп, синонимдерін және антонимдерін таба
білу.
оқытушы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап бейімдеуші;
оқушы ізденуші;
сабақтың әдістәсілі қызығушылықты ояту, көзбен көріп, сезіндіру,
жаңалыққа ұмтылдыра отырып пікірлесу
сабақтың өту аудиториясы – мүмкіндігінше табиғат аясы, яғни оқушы тірі
табиғатпен ондағы компоненттермен тілдесу, бірлесу арқылы тану, сөздерді
аудару.
сабақтың тұрпаты – оқушы мен мұғалім байланыстарынан туған ерікті
сабақ.
33 оқу процесіне берік енген жаңа технологиялардың бірі модульді білім
беру. Оның негізгі идеясы – оқушы өз бетімен оқуы қажет, ал оқытушы оның
қызметін бақылаушы.
Модульді блок – цикл,заманға сай оқу жоспарының негізі сабақ. Модуль
уақытқа сай сабақта қолданылуы керек. Егер де бір модульді бірнеше сабаққа
бөлсек түсіну тиімділігі азаяды. Модульді бағдарламаның жүйелі жұмысы
курсты тақырыпқа, сабаққа, саға санына бөліп қойылған.
Жеке тақырып ішінде модульді сабақтар автономды және өзара алмаса
алады, яғни циклді құрайды.
Білім алушы игеруді кезкелген модульдан (сабақтан) бастай алады.
Мысалы: 3тен бастайды, кейін 6ны игереді, сонан соң 5сабақты меңгереді.
Осндай циклдар жалғаса береді. Сонымен, осыдан кейін кіші топтарда (36 адам)
жұмыс жүргізсе, модульді шығару және дайындауға оқытушының аз ғана уақыты
кетеді.
Оқу ақпаратын тасымалдаушының негізінде оқу элементтерін түрлендіру
(қосымша №3) арқылы көре аламыз.
Сөйтіп, мoдульді технологияның ерекше қасиеттерін атап өтсек:
иілгіштік (білім алушыныңжеке тұлғалық ерекшеліктеріне бейімделу)
динамикалық (қызметтің түрі мен әдістерін оқыту)
жинақылық (модульдердің жеке тақырып ішінде өзара алмасушылығы)
білім беру процесінің түрлі сатысында модульді сабақты жүргізу мүмкіндігі
оқытушы мен оқушының байланыс түрінің өзгеруі
Қазіргі заман жаңа компьютерлік технологиялары гипертексттік ортаға
тәжірибе жүзінде кезкелген ақпараттарды (текст, бейне, дыбыс, бейне, видео,
анимация және т.б.) енгізуге мүмкіндіктер береді, сонымен бірге бұндай
ақпараттар көрсетілімі мен ұйымдастырылуына байланысты жүйені одан да
жоғары деңгейге жеткізіп – гипермедиа немесе мультимедиа деп атауға
болады[51,260].
Жоғарыда аталған сөздерге әртүрлі ақпарат көздерінде көптеген
түсініктеме басқа да сөздер кездесіп жатады – біз бұндай атаулардың барлығын
синоним сөздер деп есептеп, өзіміз мультимедиа деп қолданамыз.
Мультимедиа түсінігі кең спектрдегі мәндерді қамтиды: бұд құрастыру
технологиясы мен ретінде, өнімнің өзі ретінде, аппараттық қаптама ретінде,
және нәтижесінде, жаңа ақпарат түрі ретінде де қолданылады. Мультимедиа
түсінігінің пайда болуымен қарапайым әдістемелік көрсетілімдердің көрнекілігі
және материал иллюстрациясының безендірілуі артуда.
Мультимедиа түрлі программалық және техникалық құралдар негізінде
құралады, білім алушыға тиімді әсер етеді, ақпаратты өңдеу, елестету, сақтау
және құрудың компьютерлік құралдар ретінде көрсетіледі, оқушы бір мезетте
оқырман, тыңдаушы, көрермен, қатысушы бола алады.
Қазіргі таңдағы жаңа аудиовизуалды (ыңғайлы навигация, иілгіш үлестік
берілу, интерактивтілік) ақпараттардыөңдеудің әдістерін пайдалану, түрлі
34 рецепторлық айқын әрекеттердің бір мезетте қолданылуы білім алушының оқыту
ақпараттарын меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мультимедия білім алу үрдісін әртүрлі аөрнекі ақпараттардың
интеграциясының көмегімен ғана тиімді арттыруды қамтамасыздандырып қана
емес, сонымен бірге айта кететін ең маңызды артықшылықтарының бірі – басқа
сызықты ақпараттарды беру құралдары – интерактивтілігі болып саналады.
Қоғамдағы ізгілендіру оның білім және мәдениет жүейсін дамыту
процесінде ақпараттық технологиялар маңызды рөл атқаруда. Білім беруде
жаңа және әрдайым даму, жетілдіру үстіндегі компьютерлік технологияларды
қолдану білім беру әдістемесінің формаларымен әдістерін өзгертті.
Ақпараттық технологиялар тәжірибе жүзінде қоғамдағы бар мамандық
салаларына байланысты пәндерді оқытуда. Олай болса, шет тілі пәнінің
оқытушысы да компьютерді жетік меңгеріп, информатикадан хабары болуы
шарт.
Шет тілі ғылымы өте қызықты да күрделі. Пәнге қызықтыру арқылы,
оқушыға табиғаттың күрделі құбылысары мен заңдылықтарын ұғындырып,
сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника
жаналықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді
қолдануды талап етеді [6,101].
Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының
шығармашылық интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірге
пайдалана білу дағыларының қалыптасуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда қолданып жүрген электронды оқулықтың оқушыны білім
қорымен қаруландырып қана қоймай, танымдық белсенділігін арттыруда алатын
орны ерекше екендігі күнделікті сабақ барысынан байқалып жүр. Мектептерде
шет тілі пәні бойынша 610 сыныптарға арналған оқулықтар бар. Бұл оқулықтар
білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалған. Осы
оқулықтарды өз сабақтарымызда пайдалану барысында оның көптеген
артықшылықтарына көз жеткіземіз. Қосымша тапсырмалары, сарамандыққ
жұмыстары арқылы электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын
толықтырады.
Компьютерде элетронды оқулықты пайдаланып, шығармашылық ізденіс
жұмыстарынжүргізу арқылы өз біліктілігін арттыратын ақпараттармен танысып,
ойөрісін кеңейтуге жол ашады.
Шет тілі пәні бойынша көптеген мағлұматтардың жетіспеушілігі кейде
қиындық келтіріп жатады. Міне, осы орайда электронды оқулықтың көмегімен
пайдалану арқылыжәне қашықтықтан оқыту желісі арқылы оқушыларымыз өз
бетінше жаңа фактілер ашып, жаңа ұғымдар табады. Әрбір ізденіс жұмыстарын
жүргізгенде оқушы өзін жаңалық ашушы ретінде сезініп, білімге деген
құштарлығы артады.
Сонымен, жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды
оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер мыналар болмақ:
35 түрлі анықтамалық ақпараттар алады;
оқушылар өздігінен білім алады;
пәнге қызығушылығы артады;
оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды;
қосымша терең білім алады және өзін өзі тексереді;
тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап, талдайды;
дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;
тесттік тапсырмалар шешеді;
Шет тілі пәні бойынша білім беруде компьютерлік технология мен
мультимедияны енгізу болып табылады. Шет тілі сабағында компьютерлік
технологияны қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Шет тілі пәні бойынша
сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны қолдануға
болады (қосымша №4).
Соңғы уақыттарда оқушылардың компьютерлерді пайдалануға деген
қызығушылығы күшейді. Компьютерлік оқыту процестеріндегі ең қиыны және
сонымен қатар, ең маңыздысы бағдарламаны қамтамасыз ету және
бағдарламалықпедагогикалық құралдар болып табылады. Бұл оқушылардың
сабаққа қызығушылығы және шығармашылық белсенділігі артып, келешекке
өздерінің алған білімдерін басқада білім салаларына қолдана алады[4,7679].
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқутәрбие үрдісінде
әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту
мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен өтіп, (бағдарлама,
оқулық, оқу курстары) екінші саты – ақпараттық технология деңгейіне көтерілу.
1.8 Шет тілі сабағында ғаламтор көздерін қолдану
Ғаламтор дүниежүзіндегі барлық жаңалықтарды қамтитын және
таптырмас қызмет көрсететін бірбенбір құрал. Шет тілі оқытушылары да
ғаламтордың көмегіне жүгініп, оны жоғары бағалағаны қазіргі таңда
таңқалдырмайды. Бірақ ең бірінші дидактикалық тапсырмаларды, оқытуға
қажетті материалдарды ұмытпауымыз қажет. Ғаламтор өз кезегінде барлық
көздерімен осы қажеттіліктерді, мақсат пен тапсырмаларды іске асыруға
көмектесетін құррал дсекартық кетпеспіз.
Сондықтан да шет тілін оқыту барысында ғаламтордың қандай көздері
дидактикалық тапсырмаларды орындауда көмектесе алатынын алдынала шешіп
алғанымыз жөн. Ғаламтор шет тілін меңгерту үшін түпнұсқа мәтіндерді оқуға
және тілді тасымалдаушы адамдармен байланыс жасауға мүмкіндік беретін
құрал, яғни ол шынайы тілдік орта қалыптастырады. Алдымен «шет тілі»
сабағының ерекшеліктерін атап өтсек. Cабақтың басты мақсаты – мәдениаралық
байланыс орнататын коммуникативті біліктілікті қалыптастыру.
36 Біздің заманымызда дәл осы мақсат оқушылар арасында сұранысқа ие,
әрі маңызды болып табылады. «Шет тілі» пәнінің тағы бір ерекшелігін атап
өткеніміз жөн болар. Сөйлеу дағдысын тек байланыс кезінде, яғни бірбірімен
сөйлескен кезде ғана дамытуға болады.
Оқытушы әрбір сабаққа дайындық кезінде дидактикалық құралдарды
дұрыс таңдап, қандай методикалық тапсырмаларды қолдану керек екенін
ойластыру қажет. Егер біз қарастырып отырған мәселе – ғаламторды сөз ететін
болсақ, онда ғаламторды методиканың қандай бағытында қолданатынымызды
шешуіміз қажет.
Мысалы:
жобаға дайындық кезінде оқушылар өзіндік жұмыстана білуі және өз бетімен
сабақ ортасында қажетті материалды табу үшін;
ізденіс жасай алуы үшін;
білім алу кезінде ешқандай да сұрақтар тумас үшін.
Ғаламтордың әртүрлі ақпараттық көздерін оқыту процесіне кірістіре отыра,
бірнеше дидактикалық тапсырмаларды тиімді орындауға болады.
ғаламтордағы түрлі дыбыстық мәтіндерді пайдалану арқылы, оқушылардың
мәтінді түсіну қабілеттерін арттыруға болады.
ғаламтор арқылы білім алушылар қазіргі замандағы белсенді және енжар
лексиканы
сөздік орларына толықтырады.
шет тілі қызметінің тұрақты мотивациясын қалыптастыру. Сабақтың
мазмұнына желілік материалдарды қосу арқылы,
оқушылар біздің
планетамыздағы өмірді жақсырақ түсініп, шығармашылық, зерттеулік және
ғылыми жобаларға қатысады, шеберліктерімен және дүниетанымдарын
кеңейтеді.
сабақтың желілік материал қосу қызығушылығымен мен іскерлікті
дамыту, бірлескен ғылымизерттеу, ғылыми және шығармашылық жобаларды
қатысуға, студенттер жақсы біздің планетада өмір түсінуге мүмкіндік береді
[6,126].
37 2. Кейбір дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін сипаттау
Қазақстанның оқыту саласындағы түбірлі
өзгерістер мектеп
мұғалімдерінің, жалпы ұстаздар қауымының шығармашылықпен жұмыс істеуіне
үлкен жол ашуда. Олар өздерінің істәжірибелерінде сабақтың бірқатар тиімді
түрлерін кеңінен қоладнуда.
Демек, қазіргі таңда білім берудің және шығармашылық еңбектің басты
нышаны – сабақты түрлендіріп өткізу болып отыр. Әдіскер ұстаз Қ.Бітібаева
сабақтың дәстүрден тыс 25 түрін атап көрсеткен болатын: дәріс сабақ, семинар
сабақ ,пәнаралық байланыста оқытуға негізделген үштік сабақ, конференция
сабақ, сот сабақтар ,жәрмеңке сабақтар, прессконференция сабағы,концерт
сабағы,пікірталас сабағы, саяхат сабақтар , композициялықб сабақтар ,әдеби
монтаж сабақтар, көзқарас сабағы,брифинг сабақтар , ерлік сабағы,іздендіру
сабағы, кездесу сабақтар,практикалық сабақтар,ұлылар мінбесі сабағы, емтихан,
емепсынақ сабақтар ,реферат қорғау сабақтар, пікір қорғау сабақтар ,көкпар
сабағы,жарыс сабағы ,ойын сабақтар.
Жоғарыда атап өтілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына
байланысты өткізіледі. Себебі кезкелген тақырып (қос) үштік сабақ, сол
сабағын немесе концерт, композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола
бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына тәуелді. Бұны да назарға
ұстаған жөн болар. Оқушылардың білім деңгейі алғашқы кезекте ескеріледі.
Конференция, пікірталас (пікірсайыс) сабақтары диагностика жасалғаннан кейін
барып өткізіледі.
Баланың қабілеті қарымқатынасы, білім деңгейі, өрісі ескерілмей белгілі
бір дәстүрден тыс сабақ өткіземін деп айту қате іс. Сабақ түрінің сабақ
мақсатына байланыстылығы оның дамытушылық, білімділік және тәрбиелік
38 мақсаттарынан тысқары. Сабақ қандай мақсатта өткізіледі? Жаңа сабақты өту
мақсатында немесе өтілген сабақты қорытындылау, қайталыу мақсатына өтуі
мүмкін. Демек, сабақты типке бөлу қажеттілігі болып тұр. Мектеп
программасында оқытылатын барлық дерлік пәндер бойынша ұсынатын
сабақтиптері жөнінде төмендегідей мәліметтер барын алға тартамыз:
оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді
қолдану сабақтары;
білімді, іскерлікті және дағдыны бақылаутексеру сабақтары;
аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Дәстүрлі емес оқытудың ең тиімді түрі – сабақ. Оқыту үрдісінде дәстүрлі
емес сабақтарды қолдану білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын,
белсенділігін арттырады, жалпы білім алуға деген ынтасын тудырады[43, 186].
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтудің мәні мынада:
білім алушылардың танымдық белсенділігі, оқуға деген қызығуы
артады;
кәсіби мәнге ие қасиеттерін қалыптастырады.
білім алушылардың бастамашыл, шығармашылық әлеуеті дамиды;
оқытушы оқыту мен тәрбиелеудің қолайлы жағдайын іздестіреді;
режиссерлік, орындаушылық, әртістік, т.б. қабілеттерін жетілдіріп;
Оқытудың дәстүрлі түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық және
тәжірибелік жұмыстар, консультация, емтихан, сынақ) мүмкіндігі шектеулі,
оқытушы режиссерлік, консультанттық, ойлап табушы немесе суретшілік,
сонымен қатар білім алушының жанжақты дамуын, оның ой ісәрекетінде
жүелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.
Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу оқытушы мен білім алушылар тарапынан
мынадай ісәрекеттерді талап етеді:
сабақтың алдынала өте ұқыпты дайындалуы: арнайы тапсырмалар
беріледі, сабақ мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен рөлі анықталады.
Қажетті дидактикалық материалдар мен әр түрлі көрнекіліктер әзірленеді.
сынып және әр оқушы ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сәйкес
сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады. Нақты жоспарланады.
оқу үлгерімі төмен және оқуға немқұрайлық танытқан білім
алушылардың танымдық ісәрекетін жандандыруға ерекше назар аудартады.
Дәстүрлі емес сабақтардың өткізілуі де алуан түрлі, мұғалім қиялында
шек болмайды,тек түпкі мақсаты – сабақты жандандыру, білім алушының
қызығушылықтарын арттыру, еш өзгеріссіз сақталуы тиіс.
Сабақтың дәстүрлі емес түрлері білім алушылардың сабаққа деген
қызығушылығын оятып, немқұрайлығын жойып сабаққа деген дағдысын
қалыптастфырады. Сондықтан да сабақтың дәстүрлі емес түрлерін қолдану,
оқыту үрдісінде басты рөл атқарады[16,101].
39 Сабақты құруда шығармашылық әдістемеде оқытушы сабақты стандартты
емес формасына аса үлкен көңіл бөлінеді, ол білім алушының өзіндік танымдық
әрекетінің дамуының құрылуна бағытталған. Мұндай сабақтарға зертеу
сабақтарын жатқызуға болады. Мысалы, білім алушыларға белгілі бір тақырып
аясында өз зерттеулерін жүргізіп, сол зерттеулері бойынша өз ойларын ортаға
салу керек.
Бейнефильмдер болса, киносабақтар өткізу мақсатталған, бұндай
сабақтарда білім алушылар жаңа материалды бейне тізбектен және диктор
мәтінінен білім берушінің бағыттаушы әрекетімен игереді.
Оқытушының шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты
түрде, өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдермен толықтырып
отыруы мақсатында төмендегі сабақтың түрлері мен оның құрылымын
ұсынылады: зертханалық сабағы – іздендіру мақсатында,саяхат сабағы –
танымдық қабілетін дамыту,семинар сабағы – оқушының білімін тереңдету,
сайыс сабақ – білім алушылар ойларының жетігін бақылау,конференция сабақ –
іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру,сынақ сабақ – білім
дағдысын бір жүйеге келтіру,диспут сабақ – білім мен дағдысын
қалыптастыру;ойын, жұмбақ – білім алушылар зейінін дамыту;сахналық сынақ –
білім алушылар шығармашылығын дамыту; талқылау сабағы – ауызекі тілдегі,
жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау; ертегі сабақ – білім алушылардың
ойлау қабілетін дамыту; интеграциялық сабақ пәнаралық байланысты
дамыту;панорамалық сабақ мақсаты – озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық
зертханасын ашып, сабақ беруі.
Интеграциялық сабақ пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына
байланысты пайда болған. Бұл секілді сабақтарда бір тақырыпты әр түрлі
пәндерден беретін ұстаздар оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты –
оқу материалдарын байланыстырып, сабақта білім алушыларға терең оқыту,
ойлау қабілетін дамыту[26,124].
Оқу интегралдарын жоспарға сай пәндер бойынша біріктіріп беру, білім
алушылардың жанжақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіншілік
жасайды. Сондықтан да әр жыл сайын әрбір оқытушы пәндердегі ұқсас
материалдарын біріктіріп, яғни пәнаралық байланыс принципін пайдаланып,
тиімді іске асырады.
Панорамалық сабақты айтатын болсақ, ол сабақтың өткізудегі негізгі
мақсаты – озат оқытушылардың өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі,
яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін оқытушыға
қойылатын ең бірінші шарт оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік
әдісінің болуы.
Оқытушының оқыту процесіндегі ең көп сүйінетін әдісі қандай, ол әдістің
тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезінуі керек. панорамалық
сабақтарға қойылатын талаптардың бірі – оқытушының өткізген сабағын өзі
40 талдауы. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, тек бір сабақ арқылы оның
көп жылғы игі тәжірибелерін көпшілікке таратады.
Сайыс сабақ – сабақтың атына байланысты сыныпта екі немесе одан да көп
топтар білімдері бойынша сайысқа түседі. Алдынала білім алушылардың өзінен
қазылар алқасы құрылады. Оқытушының көмегімен қай топтың жеңгені
анықталады. Екі топтың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да
жауаптары салыстырылады. Срңынан қорытынды шығарылып, нәтижесі
айтылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы
өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал және
қорытынды шығару. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол
туралы көп білетін білім алушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер
бұйымдары және т.б. заттар түседі. Зат туралы түсінігі шет тілінде айтылып,
оқушылар заттарды таныстыруға мүмкіндік алады.
Көңілді тапқырлар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау
мақсатында өткізіледі.
Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі – ойын сабақ. Соңғы жылы әр түрлі
бағыттағы интерактивтік ойынға негізделген сабақтарды өткізуге болады. Себебі
ойынға құрылған сабақтарда білім алушылардың белседілігі артып, әдетте
түсінуі, есте сақтауы қиынға түсетін мәселелерді игеруге ерекше шабытпен,
ынтамен кіріседі. Осы секілді сабақтар білім алушылардың тиянақты біліммен
қатар ұшқырлығы, шығармашылық ізденісті талап етеді. Сол себепті ойынға
негізделген сабақтардың танымдық мәнімен қатар, тәлімтәрбиелік маңызы да
өте зор болып табылады. Ойын сабақтардың нәтижесінде білім алушылар:
нақты мақсат қоюға дағдыланыды
оқу процесіне белсенді қатысады
өз ойын айтады, оны дәлелдеуге талпынады.
Айтылған жауаптардың құндылығы жоғары болады және әр түрлі жауап
бере алады.Сараптауға, бағалауға дағдыланады.Сабақтың бұл түрі – оқушының
шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың
ойөрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты
меңгергенін тексеруге өте тиімді әдіс.
Логикалық тапсырмалар білім алушының психологиялық және жас
ерекшелігіне байланысты таңдалынады. Қазіргі педагогтардың пікірінше
сөзжұмбақ білім алушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын
бір жүйеге жүйелейді.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға
жетелейді. Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде
білім алушыларға сызу қиындақ туғызады, сол себепті де сөзжұмбақты алдын
ала тақтаға сұрақтарымен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкене
қалташалар арқылы жасауға да болады. Қалташаларға салынған кеспе
қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға
41 болады. Тақырып бойынша құрастырлған сөзжұмбақты оқушылармен жеке
жұмыс жасағанда да қолдануға болады[18,124].
Дәстүрден тыс сабақтың тағы бір түрі – сауалнама ойыны. Сауалнама
сабағы – білім алушыларға сұрақ қойып, жауап алумен белгіленеді. Ойында кім
көп жауап берсе сол жеңімпаз атанады. Сауалнаманы сабақтың басында ауызша
есептеуге, сабақ ортасында сабақты қаншалықты меңгергенін, меңгермегендігін
анықтау үшін, сабақтың соңында білім алушылардың алған білімдерін тексеру
мақсатында қолданамын.
Жақсы ұйымдастырылған сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін
дамытады. Сабақта қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар алдынала қағазға
жазылып, қояды немесе тақтаға жазып, бетін жауып қояды. Сұраққа білім
алушылар сол бойы жауап беруге тиіс. Білім алушыларды бағалауда тек қана
дұрыс жауаптар ғана есептелмейді, сонымен бірге жылдам жауап есептеледі.
Білім алушылар жауапты кезекпенкезек береді.
Сабақ соңында шығарған есептердің есептердің дұрыстығы да тексеріліп,
қорытынды шығарылады. Әр балада жауаптың дұрысбұрыстығын көрсетіп
отыратын арнайы белгілер болады. Оқушылар осы белгі арқылы ғана жұмыс
жасайды. Мұндай ойын білім алушылардың тыныш отырып жауап беруіне және
сабақты меңгерген меңгерілмегенін анықтауға өте қолайлы. Егер білім алушы
жауаппен келіссе көк кеспені, келіспесе, яғни бұрыс жауап берілсе қазал кеспені
көтереді.
Сабақты қорытындылауда немесе пысықтауда «лото» ойынын қолдануға
болады. Білім алушылар арнаулы қалташада салынған кеспе қағаздарын алады.
Білім алушы кеспе қағаздарын алады. Білім алушы кеспе қағаздарды алып
берілген сұрақтарға жауап беріп, немесе тапсырмаларды орындап лотоны
суреттер бойынша жинақтайды. Егер жинақталған лотодан дұрыс сурет шықса,
онда білім алушы дұрыс жауап береді. Егер суреттер дұрыс жиналмаса білім
алушылар дұрыс жауап берілмегені[43,267].
2.1.1Шығармашылық сабақ
Білім беру жүйесінде мектеп негізгі саты болып табылады. Онда
шығармашылық ойөрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге
тиісті. ХІХ ғасырда атақты француз психолгі Рибо былай деп жазған болатын:
«Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге
қарағанда өнертапқыштар көп болар еді». Яғни автордың есептеуінше
шығармашылыққа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Адамды өнертапқыштыққа үйретудің басты жолы бар, ол шығармашылық
процеске, яғни шығармашылық қызметінің мәнін құратын құрылымдарға оны
үйрету. Қалған бөлігі (жинақылық, ұқыптылық, қажырылық, мінезқұлық )
көмекші қызметті орындайды.
42 Шығармашылық қызметтің құрылымы:
бұрын меңгерілген білімін және біліктілігін жаңа жағдайға дербес көшу.
таныс жағдайдағы мәселені көру
объектінің жаңа қызметін көре алу
объектінің құрылымын анықтау
шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре алу
бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді
қолдану[31,77].
Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық
педагогикасында шығармашылық қызметке енгізетін көптеген бірқатар тәсілдер
мен түрлер жинақталған. Атап айтар болсақ: жоба, үлгіні қорғау, дөңгелек
үстел, пікірсайыс, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық марафон және
шығармашылықтың осы секілді түрлерімен қатар, жоспар құру мен кіріктіру
және атақты адамдардан сұхбат алуды қолдануға болады. Шығармашылықтың
келесідей бір түрі жоғары сыныптардығы ойын. Бұл ойын әр түрлі бағыттардағы
танымал адамдар, жазушылар мен ақындар, саясаткерлер мен тарихи тұлғалар
арасында және сол адамдардың арасындағы пікірталастар орнауы керек.
Шығармашылық қабілеттерлің дамуы қаланатын,
интеллектілік
біліктілікті меңгеруге негіз болып саналатын сабақ.
Шығармашылық сабақты әзірлеу, егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда
шығармашылық тапсырмалар басым болса,
ол жағдайда тұлғаның
шығармашылығы сапасын дамыту мүмкін. Педагогтың шығармашылығына
оқушылардың шығармашылық деңгейі де басым болады.
Оқыту жүйесін құруда, білім алушыларды қисынды әрекетке бастайтын,
шығармашылық сабақтың жетістігі «түрлі» тапсырмамен анықталады.
Білім алушылардың шығармашылық деңгейі тапсырманың мазмұнына
тәуелді екені тәжірибеде дәлелденге. Егер тапсырма нашар берсе, немесе
тапсырма оның өзінің тәжірибесі
ғылымның нақты
проблематикасынан түсініксіз алыс болған жағдайда, онда сапалы нәтижеге
мүмкіншілік аз.
мен негізгі
Тапсырмаларға қойылатын талаптар:
тапсырмалар оқу программасында көрсетілгендей нақты базалық
сұрақтарға, оқудың тақырыбына немесе объектісіне байланысты болуы шарт.
тапсырмалардың алдымен белгілі бір қандай да шешімі болмауы қажет.
тапсырманың тұжырымдамасы білім алушылар үшін де, оқытушы үшін де
соншалықты қызықты немесе тосын болуы керек.
Шығармашылық сабақтарды анықтауда кезкелген жағдайда сабақтың
үйлесімді үлгісі таңдап алынады. Шығармашылық сабақтың мақсаты білім
алушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып есептеледі.
Шығармашылық сабақтарды анықтауда әрбір жағдайда сабақтың үйлесімді
үлгісі таңдалып алынады.
43 Шығармашылық сабақтар, соның ішінде, бастауыг және орта буын
сыныптарында аралас, яғни білім алушылардың қызметінің 34 түрі бірінбірі
алмастырады. Жоғары сыныптарды сабқтың әрекеттік қызметі болып табылады.
Төменде шығармашылық сабақ түрлері аттарының тізімі көрсетілген
болатын. Олардың ішінде аралас сабақтар да құрылуы мүмкін. Бұдан басқа да,
айтылған шығармашылық сабақтың әрқайсысы оны құрудың шексіз жиынтық
нұсқаларын қамтиды.
Когнитивті үлгідегі сабақтар: тәжірибе сабақтар,бақылау сабақ, зерттеу сабақ,
ізденіс сабағы, практикалық сабақ , мәселені қою және оны шешу
сабағы,түсініктерді құрастыру сабағы ,теорияны құрастыру сабақтары, концерт
сабақ, бірінші басылымдармен жұмыс сабағы: кіріктірілген сабақ, пәндік
сабақ,пән аралық сабақ,философиялық талдау қорыту сабағы.
Креативті үлгідегі сабақтар:
міндеттерді құру және шешу сабағы
диалог сабақ,қайшылықты сабақ,
қиял сабақ,өнертапқыштық сабақ,
шығармашылық сабақ,
жобалау сабақ,
тарихты өзгертусабағы,
эвристикалық жағдай сабағы,
жаңалық ашу сабағы,
шығармалар сабағы,
іскерлік ойын.
Ұйымдастыру қызметтік үлгідегі сабақтар:нормативтішығармашылық
сабағы,жеке білімділік бағдарламаны әзірлеу сабақ,топтық жұмыс сабақ, кеңес
сабақ, жоба сабақ, өзінеөзі баға беру сабағы,рефлексия сабағы.
Коммуникативтік үлгідегі сабақтары:бинарлық сабақ (екі мұғалім
өткізеді), рецензиялау сабақ,өзара бақылау сабағы,вернисаж сабағы,көрме
сабағы,аукцион сабағы,конференция сабағы,жарыс сабақ,КТК сабағы,сот
жүргізу сабағы ,спектакль сабағы, дөңгелек үстел сабағы,панорамалық сабақ.
Айтылған сабақтардың үлгілері оқытудың тұтас технологиясын құратын
тапсырмалар жүйелерін жасауға мүмкіндік жасайды. Бұндай технологиялардың
негізінде оқытушы нақты сабақтарды өткізеді және әзірленеді[57,204207].
Білім алушылардың шығармашылық қызметіне бағытталған сабақтың құру
ерекшеліктері және кезеңдері:
1.Шығармашылық сабақтың жоспары – бұл оқытушының білім
жоспарының жүзеге асырылу құралы. Сол себепті де сабақты жоспарлау бір
тақырыпта (тарауда) тапсырмаларды жоспарлаудан бастау алады. Оқытушы
біріменбірі байланысқан бірнеше сабақтарды ойластырады, олардың мақсаты,
тақырыбы бойынша оқудың жалпы бағдарламасында көрсетілгендей білім
алушылардың басты білімділік нәтижелері қалыптасады және оқылып жатқан
тарауда жетістікке жету жүзеге асырылады.
44 2.Мұғалімнің басты мақсаты білім алушылардың шығармашылық шамасын
өзектендіру.
Сабақ өткізілетін сыныптағы білім алушылардың
айырмашылықтары назарға алынады. Өткен сабақтың көптеген сәтті
элементтерін еске түсіреді. Білім алушылардың жағдайына ене отырып оқытушы
оймен тақырыпқа байланысты олардың ісәрекеттерін сезеді және болар сабақ
процесінде, керек кезде жоспарланған мазмұнын және оқытудың құралдарын
түзетеді.
3.Оқытушы тақырыптың мәселесінен өзіндік қарымқатынас
қалыптастырады. Бұл мақсатта оқулықпен, әдістемелік құралмен, кітаппен және
сабақтың тақырыбы бойынша басқа оқыту материалдарымен танысады.
Оқытушы өзіне қызықты (онда бұл мәселелер білім алушыларға да қызықты
болады) мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелерге мамандардың қарамақарсы
көзқарасын немесе әртүрлілігін белгілейді және табады. Мәселені алуан түрлі
түсіну туралы оқытушының алдынала білімі сабақта баланың пайымдауына
оларға авторлардың жеке ықпалын көруге,юілім алушылар ойларының өзіндік
бағыттарынт ескермей кетпеуге жағдай жасайды.
4.Сабақтың мәнін анықтау арқылы оқылатын курс бойынша басты
мақсатты оның мәнімен ара қатынасын белгілеу. Сабақтың мәні мен оқылынып
жатырған тақырып білім алушының санасында түрліше болуы мүмкін екенін
назарда ұстау қажет. Білім алушылардың жеке білімділік бағдарламасының
бағыттары, игеру саласындағы олардың ынтасы жөнінде мәлімет болуы пайдалы.
5.Сабақтың мәнін анықтау оқылатын курс аясында таңдап алынған
үлгілермен оның нәтижесі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар оның барысында
бір немесе бірнеше тапсырмалар ұйымдастырылып,әр білім алушыға өзінің
даралығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
6.Білім алушылардың мүмкін шығармашылық нәтижелерінің оқу
стандарттарына сәйкес келуі.
Білім алушылардың жоспарлайтын
шығармашылық туындынысына күні бұрын баламалар таңдап алынады.Мысалы
сабаққа білім алушылардың сандарды қосудың өзіндік кестесін дайындайды.
7.Оқытудың әр түрлі субьектісіне қатысты сабақтың әр түрлі дәрежедегі
мақсатын нақтыландыру,білім алушыға қатысты мақсаттың деңгейлеріне мысал
келтіру.
8.Сабақ құрылымының бір немесе бірнеше нұсқаларын әзірлеу.Сабақтың
талаптарының бірі «сабақтың тынысы»,яғни білім алушылардың ісәрекетінің
қарамақарсы түрінің алмасуы. Бастауыш мектеп білім алушыларының
сабағында мұндай алмасу 1015 минут сайын болады(ұжымдық лауысты
жұмыс),одан тапсырма беріледі және 15 минут ішінде әр білім алушылар аталған
проблеманы шешеді (даралық, ақырын жұмыс),әрі қарай білім алушылар 10
минут ішінде өздерінің нәтижелерінің бірбірінің алдында немесе топ алдында
айтады.(жекетоптық жұмысты ісәрекет),аяқтаушы 5 минутта жазба рефлексия
өтеді. Әр білім алушы дәптеріне жазады,ол не түсінеді және нені үйренеді
(даралық, ақырын іс әрекет).
45 9.Сабақтың конспектісін жазу.
Оның үлгісі:
сабақтың тақырыбы,өткізу күні;
сабақтың түрі;
сабақтың мақсаты;
сабаққа қажетті материалдар және жабдықтар;
оқу,оқыту бағытына қарай білім алушылардың қызметті кезеңдері мен түрлері;
сабак кезенінде білім алушыларға оны орындауының әр түрлі нұсқалары
бойынша тапсырмалар беріледі,мысалы: «Өз әлемінің суретін сал»;
білім алушылардың тапсырмаларды орындауының әр түрлі нұсқалары бойынша
күтілетін нәтижелері (нәтиженің 23 мүмкін нәтижесін көрсетуіңіз керек);
қаралатын мәселе бойынша мәдени тарихи ұқсастықтар;
суреттер,тапсырмалар(шешуімен),кестелер,схемалар,мектеп тақтасының түрі;
білім алушылардың ісәрекеттерінің рефлексисы бойынша тапсырма;
сабақ нәтижесінің бағасы және бақылаубелгілеу түрі;
үйге тапсырма(таңдауы бойынша әр түрлі нұсқалар немесе жеке);
білім алушыларға ұсынылған материалдар (оқулық,оқу құралы,интернет
жүйесіндегі және т.б
мұндай сабаққа дайындалуында қолданылған әдебиеттер және басқа
материалдар тізімі;
өткен тақырыптың талдау түрі,оған қатысқан оқушылар және әріптестерменоны
қарастыру қорытындысы[42,168170].
Шығармашылық сабақта білім алушылардың шығармашылық жұмыс
істеуіне көңіл бөлінеді. Бұндай сабаққа өте жақсы оқитын білім алушыларды
таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы 10 минут ішінде 12 топтың білім
алушылары айтылған тақырып бойынша сөзжұмбақ құрса, 34 топтың білім
алушылары олардың жауабын айтады. Қазылар алқасы топтарға баға қояды.
Білім алушының шығармашылық ісәрекетіне жағдай туғызу дегеніміз –
білім алушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа
аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған
үйретуге дағдылау. Шәкірттердің зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта
отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін жоғары деңгейге көтеруге
мүмкіншілік бар.
Білім алу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол
оқушының өзінөзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруна бағытталған
жаңадан әдістемелерді іздейді. Мәселені өз бетімен, жаңаша қырынан шешуге
тырысып, әрекет жасайды. Қазіргі бастауыш сынып оқушыларының әрбірі
шығармашылық тапсырмаларды шешуді өте тез, әрі табыспен меңгере алады.
Тек ондай жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушы қажет.
Барлық пәндердегі білім мазмұнында білім алушы қабілеттерінің дамуы
басты нысаны болып саналуымен байланысты, оқулықтарда берілген
тапсырмаларды өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент
46
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Шет тілінде сабақтың дəстүрлі емес түрлерін қолдану
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.