Шетел психологтары
Оценка 4.9

Шетел психологтары

Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
психологическая работа +1
Взрослым
08.04.2018
Шетел психологтары
Психологияның даму тарихы туралы мәліметтерге сүйене отырып, ежелгі психологияның дамуы, орта ғасырлардағы психология, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы психологияның дамуы, психологияның дербес салалары бойынша шетел психологтарының көзқарастары мен еңбектерін толықтай зерттеу болып табылады.Психологияның даму тарихы туралы мәліметтерге сүйене отырып, ежелгі психологияның дамуы, орта ғасырлардағы психология, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы психологияның дамуы, психологияның дербес салалары бойынша шетел психологтарының көзқарастары мен еңбектері.Психологияның даму тарихы туралы мәліметтерге сүйене отырып, ежелгі психологияның дамуы, орта ғасырлардағы психология, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы психологияның дамуы, психологияның дербес салалары бойынша шетел психологтарының көзқарастары мен еңбектерін толықтай зерттеу болып табылады.Психологияның даму тарихы туралы мәліметтерге сүйене отырып, ежелгі психологияның дамуы, орта ғасырлардағы психология, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы психологияның дамуы, психологияның дербес салалары бойынша шетел психологтарының көзқарастары мен еңбектері.
Шетел психологтары.docx
1 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлімі Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер 1.1.Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары койнауынан бөлініп шығуы туралы шетел психологтарының көзқарастары 1.2.Ежелгі   психологияның   дамуы   жөнінде   шетел   психологтарының көзқарастары 1.3.  Орта   ғасырлардағы   психология  туралы   ілімнің     дамуы   жөнінде   шетел психологтарының көзқарастары 1.4. XIX ғасырдың     бірінші жартысындағы психологияның дамуы жөнінде шетел психологтарының көзқарастары 2.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы барысында шетел психологтарының еңбектері 2.1.Жүйке қызметінің  рефлекстік табиғаты туралы И.П. Павлов ілімі және оның негізгі қағидалары 2.2.Зейін туралы жалпы ұғым туралы шетел психологтарының еңбектері 2.3.Тұлғаның   жеке­дара   өзгешеліктері   туралы  шетел   психологтарының көзқарастары Қорытынды  2 Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Менің   курстық   жұмысымның   тақырыбым  «Шетел  психологтарының қарастыратын өзекті мәселелері».  Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.  Зерттеу   өзектілігі:  Психологияның   даму   тарихы   туралы   мәліметтерге сүйене отырып, ежелгі психологияның дамуы, орта ғасырлардағы психология, XIX ғасырдың   бірінші жартысындағы психологияның дамуы, психологияның дербес     салалары   бойынша   шетел   психологтарының   көзқарастары   мен еңбектері. Зерттеу   мақсаттары   мен   міндеттері:  Психологияның   даму   тарихы туралы   мәліметтерге   сүйене   отырып,   ежелгі   психологияның   дамуы,  орта ғасырлардағы   психология,   XIX   ғасырдың     бірінші   жартысындағы психологияның   дамуы,  психологияның   дербес     салалары   бойынша   шетел психологтарының көзқарастары мен еңбектерін  толықтай   зерттеу   болып   табылады. Зерттеу пәні: жалпы психология. Зерттеу обьектісі: психология пәнінің тарихы. 3 Курстық   жұмыстың   құрылымы:  Курстық   жұмысымның негізгі құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.  Негізгі   бөлімде психологияның даму тарихы туралы мәліметтер, яғни психологияның   философия   мен   жаратылыстану   ғылымдары   койнауынан бөлініп   шығуы  туралы   шетел   психологтарының   көзқарастары,   ежелгі психологияның дамуы жөнінде шетел психологтарының көзқарастары, орта   дамуы   жөнінде   шетел ғасырлардағы   психология   туралы   ілімнің   психологтарының   көзқарастары,   XIX   ғасырдың       бірінші   жартысындағы психологияның   дамуы   жөнінде   шетел   психологтарының   көзқарастары, психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы барысында шетел психологтарының еңбектері, жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы И.П. Павлов ілімі және оның негізгі қағидалары, зейін туралы жалпы ұғым туралы шетел психологтарының еңбектері,тұлғаның жеке­дара өзгешеліктері туралы  шетел психологтарының көзқарастары туралы мәліметтер   курстық жұмысымда толықтай ашылып жазылған. 4 Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер 1.1.Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары койнауынан бөлініп шығуы туралы шетел психологтарының көзқарастары Ерте   замандардан   бастап   адам   баласының   назары,   ақыл­ойы   өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл­ойы мен іс­әрекетінің, тіршілік бейнесінін, кұпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірынша мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері   Мысыр   мен   Үндістанда,   Қытай   мен   өзге   елдерде   адам   баласының мәдениеті   өсіп,   дамып,   осы   заманғы   ғылыми   білімнін,   бастапқы   іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды.  Алғашқы  құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда   адамдардың   әрқилы   наным­сенімдерге   негізделген   көзқарасы қалыптасты.   Мұндай   көзқарастар   тек   діни   нанымдарға   ғана   негіз   болып 5 қоймай,   адамның   жан   дүниесі   туралы   табиғи­ғылыми   көзқарастардың туындауына да себепші болды. Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен   жанының   сырын   білуге   ден   қойылды.   Адам   тіршілігінін,   негізі   —  қан айналысына   ерекше   мән   берілді.   Тіршіліктің   негізі   —   қан   айналымындағы сұйықтық   және   ондағы   құрам   деген   түсінік   қалыптасты.   Ертедегі   Қытай медицинасында  б. з.  д. XIII  ғасырда   денені  басқарушы  жүрек   қызметі  деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек   заттармен   қосылып,   адамның   физиологиялық   тіршілігімен   бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық — діни ой­пікір­   әйгілі   ғұлама   Қонфуцийдің   (б.   з.   д.   551­—479   жж.)   есімімен байланысты. Оныц іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің   пікірінше,   адамның   білімі   мен   пснхикалык   сапалары   —   туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болын туады, бірақ оны дұрыс   жолдан   тандырып,   бұзатын   —  сыртқы   орта.   Сондықтан,  ол  өз   бой­ ындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, акыл­ойының кемелдене түсуіне  бой ұрғаны  жөн деп үйретеді. Конфуцийдің   бұл   пікірін   шәкірттері   әрі   карай   дамытып,   ел   арасына кеңінен жайды. Адамның   тәні   мен   психикалық   тіршілігінде   қан   айналу   процесінің айрықша   маңызды   қызмет   атқаратындығы   туралы   пайымдаулар   келесі дәуірлерде   Вавилон,   Мысыр,   Қытай   мен   Үндістан   сияқты   ежелгі   Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құұрылымындағы бөлшектер мен   адам   психикасының   дамуы   туралы   жалпы   заңдылықтардың   бір   арнаға келіп құятынын көрсетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүние­ 6 сіне   қатысты   мәселенің   өте   ерте   кездерде­ақ   адамзат   мәдениетінің, дүниетанымы   мен   білімінің   философиялық   жүйесін,   табиғат   жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс   нәтижесі   болғандығын   көрсетеді.   Міне,   осы   орайда,   "психология тарихын   зерттеген   ғалымдар   бүл   пәннің   практикалық   маңызы   мен   ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғы­ лымдарының   түйіскен   торабынан   өрбіп  шыққандығымен   түсіндіреді.Бұл  — объективтік шындық және ғылыми тұжырым. 1.2.Ежелгі психологияның дамуы жөнінде шетел психологтарының көзқарастары Сонау   ерте   замандардан   бері   адамдардың   әлеуметтік   өмірі   олардың күнделікті   сан   алуан   іс­әрекеттерінен,   бір­бірімен   қарым­қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез­құлық сипаттарының өзара айырмашылықтарынан тұратындығы белгілі болған. Осындай үғым­түсініктерде адамның жаны тәнімен  бірге  болады деп саналған. 7 Өндіріс   пен   кәсіптін,   өнер   мен   мәдениеттің,   салт­сананың   дамуымен қатар   әр   алуан   әдет­ғұрыптар   да   қалыптасып   отырады.   Адамдар   өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым  анимизм  (латынша «анима» — жан деген сөзден шыққан) деп аталады. Ежелгі    грек  жұртының       ғұламалары  —­ Гераклит (б.  з. д. VI ғ.). Демокрит (б. з. д. V ғ.) жан­табиғаттың ­бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы   (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім­психиканы адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427— 347 жж.) жан­ мәңгілік   нәрсе,   ол   өлмейді,   өшпейді   деген   қорытынды   жасады.   Ол   бұл пікірімен   өз   заманында  үстемдік   кұрған   билеуші   топтың   мүддесін   қорғап, психиканы   түсіндіруде   идеалистік   бағытты   жақтады.   Оның   көзқарасы психологиядағы   материалдық   пен   рухани   дүние   екеуі   бірдей   қатар   өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды. Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.) психологиялық ой­пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мең медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында   жан   дүниесінің  (психиканың)   әрекетін  шындык  әдіс   арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті.  Психология   Аристотель   заманында­ақ  дербес   сипаттағы   ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалык әрекеттердің басым көпшілігін материалистік түрғыдан  шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шындыққа, материалистік   бағытқа   қарай   бұрды.  Сонымен,  Гераклит   пен   Демокриттің, 8 Платон   мен   Аристотельдің   жан   жайындағы   көзкарастары   пси­хологиялық ілімніғ келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды. Жан   жүйесі   жайындағы   ертедегі   ілім   көптеген   ойшылдар   мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б. з. д. I ғ.), Гален (б. з. д. II ғ.) психологияның жан дүниесінің   сырымен   байланысты   табиғи   негіздерін   іздестірді.   Ал   ұлы   грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470— 399 жж.) «өзіңді өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай­ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл­ой аркылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой­пікірлерінің философиялык және   әлеуметтік   негіздері   сол   заманның   экономикалық­саяси   құрылысына орай   түрлі   идеялық   бағытта   (материалистік   не   идеалистік)   болуы таңданарлык жайт емес. 1.3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілімнің  дамуы жөнінде шетел психологтарының көзқарастары Ежелгі   дүниенің   кұл   иеленушілік   коғамның   іргесі   қаусап,   тарих сахнасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық 9 қоғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан   адам   психикасы   жайындағы   ілім   мистикалык   және   діни көзқарастар   ықпалына   көшті.   Жан   екі   түрлі   сипатта   өмір   сүреді   деп   уа­ ғыздалды.   Психика   туралы   ертеден   қалыптасқан   тәжірибелік   зерттеулер схоластикамен   алмасты.   Жан   жайындағы   аристотельдік   ілім   өмірден шеттетілді. Алайда,   VIII—XII   ғасырларда   араб   тілді   Шығыс   елдерінде философиялық ой­пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс   елдеріндегі   мәдениет   пен   ғылымның   орта   ғасырларда   Еуропа   мен басқа  да  елдерге  тарап,  кең  қанат  жаюы жалпы  адам баласы мәдениетінін өркендеуіне   әсер   етті.   VII   ғасырда   Халифат   мемлекетінің   құрылып,   араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің  таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды.   Жаратылыстану,   медицина,   математика   мен   адамтану ғылымдары   өркен   жайып,   ежелгі   дүние   ғұламалары   Платон   мен Аристотельдің,   Гален   мен   Архимедтің   еңбектері   араб   тіліне   аударылды. Сөйтіп,   бұл   еңбектер   Кіндік   Азия   елдеріне,   Үндістаннан   бастап   сонау Пиренеи түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің   философия   мен   өзге   де   ғылымдардың   қарқынды   дамуына   өз шарапатын тигізді. Аристотельдің   және   басқа   да   ғалымдардың   идеялары,   ашқан жаңалықтары, ой­пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл­Фараби (870 ­950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980—1037   жж.),   Ибн   Рошд   (Аввероэс)   (1126—   1198   жж.)   сияқты   орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім   өркендеді.   Араб   ғалымы   Ибн   әл­Хайсам   (Әлгазен)   (965—   1039   жж.), 10 Иранның медик ғалымы Закария Рази (865— 925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді. Әбу Насыр әл­Фараби — сай алуан енбектер жазып, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған данышпан ғалым. Онын адам жан дүниесінің қыр­сырын ашып көрсететін   бірнеше   шығармалары   бар.   Солардың   ішінде   «Ізгі   қала тұрғындары»,   «Азаматтық   саясат»,   «Мемлекеттік   қайраткерлердің   өнегелі сөздері» тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінеп талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән­жайына анықтама   түсініктер   береді.Әл­Фараби   Аристотельдің   еңбектерін,   әсіресе, оның   «Жан   туралы»   деп   аталатын   шығармасын   жете   зерттеп,   араб   тіліне  Жан   жүйесінің   сырын   зерттеуде   Әл­Фарабидің   Аристотель аударды. ықпалында болғандығы — шындық фактор.  Ұлы ойшыл Әл­Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Сондай­ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш­қуат пайда болады, сол күш­қуат   кабілетінің   негізгі   түрлері   мынадай   деп   көрсетті:   адамды қуаттандыратын күш (арабша — «әл қуат әл­газийа»); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл­ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс­әрекетке ұмтылу қуаты.   Адам   бойындағы   күш­куаттың   әл­Фараби   «атаған   түрлері   жеке психикалык процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің «Екінші ұстаздың сөз (акыл­ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін еңбегінде психикалық   процестердің   барлығына   жуығын   адамның   белгілі   мүшелерінің қатысуымен   жасалып   отыратын   материалдық   құбылыстар   деп   анықтап, әсіресе,   адам   жанының   акыл­ойға   байланысты   болатындығының   ерекше 11 маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс­ әрекетінің   ерекше   бір   жалғасы   болып   саналады.  Түс   керуді   осы   заманғы психология   да   дәл   осы   мағынада  қарастырады.   Әл­Фарабидің   психология жайындағы   мұндай   ой   жүйесін   адам   жанының   шынайы   болмысын    және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзкарас деуге болады. Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста — Ибн Сина, ал батыста   —   Ибн   Рошд   болды.   Бұлар   табиғи   ғылымдарды   зерттеумен   шұ ғылданып, олардың   нәтижелері   еуропалық елдерде кеңінен таралды.  Ибн Синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыр дүниенің шартарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден­бір құрал болды. Алиби  Рошдтың ақыл­ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластиканы діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жаннын,   тіршілігі   тәнге   байланысты,   оның   заңдылығын   қалай   болса,   солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның  жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындыққа   сай   келмейді   дейтін   мистикалык   үғымның   жалғандығын   ашып көрсетті. Ибн Синаның көзкарастарындағы тағы бір маңызды мәселе — оның жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан  қарастырған  бір­біріне қайшы   пікірі.   Оның   анықтауынша,   жан   туралы   түсінік   ғылым   мен   дін   ол   бұл   мәселенің арасындағы   аралық   қабат   сияқты. психофизиологиялық   мәнін   ашып   көрсету   үшін  тәжірибелік   зерттеулерді   Алайда, барынша үдете түсу керек дейді. Меднциналық психология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні — өткен замандағы беделді ғалымдардың  пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасынын табыстарына иек артьш, неғұрлым 12 тәжірибеге,   оның   жетістіктеріне   сүйену   қажет   дейді.   Мұндай   он­ тұжырымдарын ол өзінің «Медицина қағидаларында» кеңінен баяндайды.  Адам   психикасының   ми   қызметіне   тәуелді   болып   отыратындығы   бұл еңбекте   материалистік   тұрғыдан   қарастырылады.   Ибн   Сина   зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл­күйіне қатысты сезімі мен эмоциясынын және   аффекттің   табиғи   негізінің   іздестірілуі   сол   замандағы   психология іліміндегі жаңашылдық бағыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой­пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бакылауға жүгінді. Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидіқ ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу жайындағы ой­пікірі, Ибн әл­Хайсамның психофизиологиялық   идеялары   Ибн   Сина   зерттеулерімен   ұштасып,   жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жаюына елеулі үлес қосты. Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек   өмір   сүретіндігі   жайлы   психологиялық   ой­пікірлер   одан   әрі   қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Акиянекий (1225—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі   көзқарастары   үдей   түсті.   Алайда,   мұндай   схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізге ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—1263 жж.), оның шәкірті Ролжер Бэкон (1214—1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік   қағиданы   жаңғыртты.   Психологияның   даму   тарихында   орта ғасырлық дәуір талас­тартысты оқиғаларға толы болды. Психология   ғылымының   тарихында       XVII   ғасырдың   алатын   орны ерекше. Бұл кезеңде Еуропа халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша көзқарастар қалыптаса     бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон     (1561—1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, онық нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет 13 деп санады. Оның пікірінше,     адамның     ақыл­ойын     жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы   білімін   өсіріп,  күш­қуатын арттыру керек. Бұл орайда, дүниенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVII ғасырдағы психологиялық ой­пікірді дамытуда:  а) жанды дененің, соның ішінде адамның   да   жан   дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашу;  ә)   әрбір   индивидке   (жеке   адамға)   тән   сананы,   оның   ішкі   дүниесін бақылау    арқылы  өзіндік психикалық күй­жайын;  б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін, оның өз мінез­құлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге   бой ұруын;    в) денесінің күш­қуатын, жүйке жүйесінің қызметі     мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай  күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді.   Психологиялық   ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап,  өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596— 1650 жж.), Т. Гоббс (1588—1679 жж.), Б. Спиноза (1632 — 1677 жж.), Г. Лейбниц (1646 —1716   жж.),       Дж.   Локк  (1632—1704   жж.)   сиякты   аттары   әлемге   әйгілі адамдар болды. 14 1.4. XIX ғасырдың   бірінші жартысындағы психологияның дамуы жөнінде шетел психологтарының көзқарастары XVIII   ғасырда   психология   ғылымында   айтарлықтай   өрлеу   байқалып. физик   И.   Ньютон   мен   физиолог   ғалым   А.   Галлердің   (1708—1777   жж.) зерттеулері     оның   негізі   болып   саналды.   Жүйке   жүйесі   мен   бұлшық   ет қызметінің   физиологиясы   организм   тіршілігінің   негізі   туралы   ілімді жетілдіруге   әсер   етіп,   оның   мәнін   арттырды.   Сөйтіп,   ойлаудың   дамуында ақыл­парасат шешуші рөл атқарады дейтін бұрынғы козқарас енді тәжірибелік зерттеулерге сүйенетін болды. Психиканы осы тұрғыдан қарастыруда әрқилы бағыт   ұстаушылар   жіктеле   бастады.   Олардың   бірі   жан   дүниесін   зерттеу адамның   ішкі   сырын   түсінуге   бағытталуы   қажет   деп   санаса,   ал   енді   бірі психиканы   танып   білудегі   тәжірибенің   жаратылыстану   ғылымдарын зерттейтін тәжірибеден ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс деген пікірді қолдады. Сонымен,   XVIII   ғасырдағы   психофизикалық   құбылыстардың   мәнісін   мәселерге   ойысып,   түрлі   психикалық ашу   енді   психофизиологиялық   процестердің сыры жүйке жүйесінің қызметін зерттеумен шектелетін болды. Осы бағытты қолдаушылардың өздері бірнеше топқа бөлініп, түрлі көзқарасты ұстанды.   Солардың   ішінде   Швейцария   зерттеушісі   А.   Галлердің     бағдары психиканың   пайда   болуында   жүйкелік   процестер   бірінші,   ал   түрлі   ой   мен идеялардың   өзара   байланысты   түрде   туындауы   екінші   кезектегі   құбылыс дейтін   көзқарасты   куаттай   түсті.   Мұның   бәрі­психологиядағы   эмпиристік бағыттың көріністері. 15 Ассоциативтік   психология.   Ньютон   ашқан   әлемдік   тартылыс   заңы   XIX ғасырдың соңына дейін өзтермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның   ағартушылары   Ньютон   мен   Локк   есімдерін   қосарлай   айтып дәріптеді. Өйткені, бұл екеуі де ассоциативтік  психологияны механикалық және   сенсуалистік   көзкарастарға   негіздей   отырып   зерттеген   болатын. Ассоциациялық   (байланысты)   қағидаларды   колданудың   өрісін   көне замандардағы   Үндістан   мен   ертедегі   грек   ғұламалары   да   қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерініц   жиынтығы   атқаратын   қызмет   машинамен   істелетін   әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді. Психология   тарихында   ассоциацияны   жалпы   категориялық   ұғым децгейіне тұңғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші — ағылшын дәрігері Гартли (1705—1757 жж.). Ол психикалық процестердіц бәрі ассоциацияға сүйенеді деп   түсіндірді.   Гартлидің   «Адамды   бакылау»   деген   кітабы   (1749   ж.) ассоциацняның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге күш салды. Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің   жемісі   болып   табылатын   ақыл­ой,   ерік­жігер   қасиеттерін   де анықтайды. Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік   тұжырым.   Бір   сөзбен   айтқанда,   Гартли   теориясын   XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.   XIX ғасырдың бірінші жартысы — психологияның даму тарихындағы елеулі   кезеңнің   бірі.   Бұл   аралықта   рефлекторлық   теорияға   негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун (1778—1820), Джемс Милль   (1778­1830),   Дж.   Ст.   Милль   (1806—1873)   сияқты   зерттсушілер қолдады.   Мұндай   көзқарас   бойынша,   біріншіден,   психика   түйсік   пен 16 қарапайым   сезім   түрлерінен   тұрады;   екіншіден,   ассоциация   бойынша   — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрылымдар — елес, ой, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді. Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын   Гельмгольц   (1821—1894) зерттеу   нәтижелерімен   анықталады. ассоциацияның  жасалуын сезім мүшелерінің кызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин   Г. ассоциацияны   эмоция   арқылы   түсіндірді.   Орыс   физиологы   И.   М.   Сеченев (1829—1905)   ассоциацияның   физилогиялық   негізін   бас   миы   рефлексінің қызметімен   ғылыми   тұрғыдан   дәлелдесе,   Г.   Спенсер   (1820   —   1903)   оны психиканың   филогенездік   дамуымен   ұштастырып,   жалпы,   психика   дамуы мінез­құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді. XIX ғасырдың 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850­1909), Г. Мюллер (1850­1934)   тәрізді   басқа   да   психологтардың   еңбектерінде   ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік   сипаты   айқындалып,   оны   зерттеушілер   табиғи­ғылыми   негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып,  биологиялық үлгіге иек артты. 17 2.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы барысында шетел психологтарының еңбектері XIX ғасырдың ортасындағы психикалық іс­әрекет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс­тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст ­Коит —1798—1857), иррационализм (А. Шопенгауэр — 1788—1860), волюнтаризм,   вульгарлық   волюнтаризм   бағыттары   тұтынған   қағидалардың мақсаты,   түптеп   келгенде,   психикалық   құбылыстарды   идеалистік   және кертартпа жолға салу  еді. Мұндай бағыттар В. Вундт, Джемс, Бергсон, 3. Фрейд   сияқты   психолог   ғалымдардың   болашақтағы     көзқарастарының қалыптасуына теріс ықпал етті. Вульгарлық материализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер,   Чольбе   т.   б.)   деректі   материализмді   дәріптеп,   адамның   мидың қызметі   түріндегі   ойлауы   бауырдың   өтті   бөліп   шығаратыны   сиияқты қатынаста   болады   деген   қате   пікірді   қолдады.   Бұл   зерттеушілердің психология саласына қатысты іргелі құбылыстарды қарастыруы сынаржақты сипатта   болып,   адамның   жан   дүниесі   жайындағы   түбегейлі   мәселелердің шындығын аша алмады. 18 Адамның санасы мен жеке басына тән мінез­құлқының тарихи түрғыда әлеуметтік өмірмен, қоғамнын, жағдайымен ұштаса калыптасатындығын XIX ғасырда орыстың революцияшыл демократтары В. Г. Белинский, (1811­1848), А.   И.   Герцен   (1812­1870),   Н.   А.   Добролюбов   (1836—1861),   Н.   Г. Чернышевский   (1827—1689)   бірыңғай   материалистік   негізде   гуманистік жолмен   зерттеді.   Сөйтіп,   адам   психикасының   қыр­сырын   табиғи   тұрғыдан іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және   материалистік   ілім   өріс   алып,   ол   өткен   дәуірлердегі   саяси экономикамен, социализм жайындағы болжамдармен ұштасты. Г. Гекель (1770 —1831)   еңбектерінде   сананың   тарихи   дамуын   адамның   даралық ерекшеліктерімен байланысты түрде қарастырды. Психиканың   дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамудың негізгі субъектісі екендігі К. Маркс, Ф. Энгельс, Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалды, адам қоғам мен табиғат   өзінің   белсенді   іс­әрекеті   арқылы   барлық жағдайына   бейімделіп, қажеттіліктерін өтейтін акыл­ой иесі ретінде анықталды. Сөйтіп, XIX ғасырда адамның   жан   жүйесін   зерттейтін   ғылым   сапалық   жаңа   мәнге   ие   болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы иақтылы іс­әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынаиы мәні айқындалды.   Ғылымның   мұндай   жетістіктері   психологияны   дербес   ғылыми пәнге   айналдырды,   оның   өзіндік   мақсат­міндеттері   мен   зерттеу   әдістерін анықтады. Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра   келе, бұл пәннің тәжірибелік   (эксперименттік)   ғылым   екендігін   айқын   сезіне   аламыз.   Бұл анықтаманың   мәнісін   әрбір   психикалық   құбылыстар   мен   психологиялық сипаттардың   сырын,   мән­жайын   арнайы   тәжірибелер   қолданып   анықтауға болатындығымен   түсіндірген   жөн.  Осы   орайда,   біз   бұл   пәннің   тәжірибелік 19 ғылым   ретінде   бой   көрсетуін   бірқатар   зерттеулерге   және   теориялық көзқарастарға    сүйене  отырып   баяндаймыз.    Мәселен, 1)   В.   Вундт   жэне   Ф.   Брентано   (1838—1917)   кезқарастарындағы психикалық  құбылыстардың   әуел бастан  «өзінше    пайда      болуы»      деген пікірлердің    дәрменсіздігі; 2) И. М. Сеченев зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы   кұбылыстардың   сол өзара   қатынасы   —   алғашқы,   ал   психикалық   қатынастардан   туындайтыны   —   нәтиже   деп   саналуы.   Сөйтіп,   Сеченевтың материалистік   бағыт   ұстап,   оның     сол   кездегі   қоғамдық   тарихи   жағдайға тәуелді деп қарастырылуы;  3) психологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзкарастардың философиялық жәие биологиялық негіздері;  4) әр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан  психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы;  5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық және дарвиндік зерттеу нәтижелері. XIX ғасырдың ортасында психологияның дербес және тәжірибелік пән болып   тарихи   қалыптасуы   нәтижесінде   адамның   жан   дүниесінің   сырын   әр тарапты   зерттеу   қызу   жүргізіледі.   Өмір   тіршілігінің   мұндай   талаптары психологияның   жаңа   салалары   мен   тармақтарының   өркен   жайып   дамуына қолайлы   жағдай   тудырды.   Осы   жағдайлар   адамтану   ғылымдары   арасында психологняның жетекші орын алатындығын айкын анғартты және сол кезенде бұл пәннің мынадай салалары өрбіді:  1. экспериментальдік   психология,  бұл   сала   қазіргі   кезде   жалпы психология деп аталады;  2. адамның   даралық   ерекшеліктері; дифференциалды   психология,  онын   негізгі   зерттеу   объектісі  —  балалар   мен   тәлім­тәрбие (педагогикалық) психологиясы;  20 жануарлар   психологиясы;   әлеуметтік   және  мәдени­тарихи   даму 3. психологиясы; 4. психотехника. Психологияның   дамуындағы   осы   кезеңде   әр   түрлі   бағыт­бағдар   мен түрлі ағымдағы мектептер де тарих сахнасына келіп, бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырды. Олардың негізгілері мыналар: Э. Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі —   В.   Вундт.   Бұл   мектеп   сананың     құрылымын   тәжірибелік   тұрғыдан іздестіруді   мақсат   етті);  Вюрцбург   мектебі  (Батые   Европа   мен   АҚШ­та кеңінен   таралды.   Психикалық   процестерді   тәжірибелік   зерттеулер   арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К. Марбе, И. Орт, А. Майер, Г. Уотт, А. Мессер, Н. Ах, К. Бюлер, О. Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды. Американдық   психологиядағы   функционализм   ағымы.  Негізгі мақсаты   —   психология   ғылымының   жетістіктерін   тәжірибеде   қолдана отырып, адамның мінез­құлқын зерттеу. Бұл ағымның кернекті өкілінің бірі Р. Вуд­вортс (1869—1962) болды. Бихевиоризм  —   XX   ғасырдағы   психология   ғылымын   сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу   объектісі   деп   санамайды.  Бихевиоризмнің   іргесін   қалаушы   Эдвар Торндайк (1874­1949). Гештальт   —   психология  —   Германиядағы   психологиялык   мектеп. Оның негізін қалаған Маке Вертгеймер (1880—1943). «Гештальт» немісше— тұрпат,   түр,   форма,   құрылым.  Қазақша  құрылым   психологиясы  деп   алып отырмыз.   Бұл   мектептің   мақсаты   —   жеке   психикалық   процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу. Фрейдизм.  Бұл — Австрия ғалымы 3. Фрейд (1856— 1939) есімімен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.Бұл ілім адам өмірінің көп жақтарын қарастырып, бірсыпыра ғылымдармен байланыста болады. 21 XIX ғасырдың ортасынан бастау алып, XX ғасырдың басында өрістеген психология пәнінің дербес ғылымға айналуы мен тәжірибелік сипат алуына неміс психологтары көп үлес қосты. XX ғасырдың 30—40 жылдарыида капиталисте елдерде бихевиоризмнің психология ғылымыныц даму тарихында өзіндік бағыт­бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүннесін зерттеп, танып білу, гипотезалық­дедукциялық бихевиоризм  (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм  және  неофрейдизм  тәрізді жаңа бағыттары пайда   болды.   Неофрейдизм   (көрнекті   өкілі   —   X.   Корни,   1885—1953)   — биологиялық   еліктеудің   әлеуметтік   факторлармен   байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологі Курт Левин (1890— 1974)   адамдардың   белгілі   бір   топтарының   қозғаушы   күштерін,   ондағы адамдардың өзара қарым­қатынасын қарастырып, «өріс» теориясын жасадьы. Бала  ақыл­ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуі т. б. мәселелерді бір жүйемен   қарастырған   біздің   заман­мыздағы   көрнекті   психолог   маман­ швейцариялық Жан Пиаже (1896—1980). 22 2.1.Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты туралы И.П. Павлов ілімі және оның негізгі қағидалары Жүйке   жүйесінің   қызметі  рефлекс  арқылы   жүзеге   асып   отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596—1650). Рефлекстің   биологиялық   сипатын   чех   ғалымы   Иржи   Прохаске   де   (1749— 1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі.  Кибернетика ғылымы жарыққа шықпастан көп бұрын орыс физиологы П.   К.   Анохин   (1898—   1974)   ұсынған   осы   теория   (1935)   рефлекс   туралы ілімнің творчестволықпен дамытылуының айғағы еді. Сөйтіп, физиолог Н. А. Бернштейн   (1896—1966)   айтқандай,   қазір   рефлекстердің   жасалу   жолын 23 доғамен   белгілемей   "рефлекс   шеңбері"   арқылы   жасалатындығын   мойындау бірден­бір ғылыми түсінік болып отыр. Рефлекс туралы теорияның негізгі қағидаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И. М. Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған "Ми рефлекстері" деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын   рефлекс   тұрғысынан   түсіндірді.   Сеченовтің   отандық   ғылым алдындағы   баға   жетпес   еңбегі   мынада:   ол   рефлекстік   теорияның   негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан   алғаш   рет   шешті.   И.   М.   Сеченов   мынадай   қарапайым   тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен  пайда болатынын бақылады.   И.   М.   Сеченов   мидың   тілінген   жеріне   ас   тұзының   кристалын салғанда   онда   рефлекстің   тежелуге   ұшырағанын   көрген.   Бүл   тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын  көрсеткен И. М. Сеченовтін ми қабығында   қозумен   қатар   тежелу   процесі   де   қоса   қызмет   атқарады   деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді. И. М. Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И. П. Павловтың   шартты   рефлекстер   туралы   ілімінде   (бүл   ілім   жоғары   жүйке қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И. П. Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойына рефлекстердің жаңа түрін — шартты рефлекстерді зерттеді. Олардың көптеген заңдылықтарын ашты, шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден ерекшеліктерін көрсетті. Рефлекстің   осы   екі   түрінің   арасында   мүлде   байланыс   жоқ   деуге болмайды. И. П. Павлов шартты рефлекстер сыртқы жағдайлардың әсеріне 24 бейімделуіне қарай шартсыз рефлекстерге ауысып отыратындығын, сөйтіп бұл екеуінің арасында өзара байланыстың барлығын талай рет айтқан болатын. 2.2.Зейін туралы жалпы ұғым туралы шетел психологтарының еңбектері Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда,  зейін дегеніміз айналадагы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық  әрекетімізді тұрақтата алу. Адамға   тән   әрекеттің   кез   келген   түрінде   зейін   орын   алмаса,   оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824­ 1870)   зейіннің   маңызын   былайша   көрсеткен   еді.   "Зейін   адам   санасынан 25 қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бүл есікке ілімнің бірде­бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды". Зейіннің   физиологиялық   негіздерін   И.   П.   Павлов   ашқан   жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И.   П.   Павлов,   егер   ми   қабығының   бір   алабында   қозу   процесі   пайда болса,   осымен   байланысты   қалған   алаптарында   тежелу   процестері   пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі   болып   жатады   да,  айналасындағы   алаптарда   тежелу   болады   (теріс индукция заңы). Зейіннің   физиологиялық   негіздерін   орыс   физиологы,   академик   А.   А. Ухтомскийдің (1875­1942) доминанта  теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы   дүниенің   коптеген   тітіркендіргіштерінің   ішінде   біреуі   миға кобірек   әсер   етеді   де,   мидың   бір   алабын   қаттырақ,   күштірек   қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы   әлсіз   қозу   процестерін   өзіне   тартып   алып   отырады.   Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.   А. А. Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И. П. Павловтың "Қозудың оптимальдық алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі. И.   П.   Павловтың   оптимальдық   козу   алабы   теориясы   ырықты   зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу   процесі   ешқашан   да   ми   қабығына   біркелкі   тегіс   тарамайды, өйткені   онда   әр   уақытта   қозу   пайда   болатындай   жағымды   "оптимальдық, жағдай"   жасалып   отырады.   Оптимальдық   қозуы   бар   осы   алап   —   ми кабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бүл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды 26 байқай   алатын   болсақ,   онда   ми   сыңарларының   оптимальдық   қозу   пайда болатын   жері   жарқылдап   көрінсе,   біз   ойлап   отырған   саналы   адамның   ми сыңарларында формасы жоне шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған   сәуле   дағын   көрер   едік,   бұлар   ми   сыңарларының   барлық жерлерін алып жатқан азды­көпті кара көлеңкенің ішінде үздіксіз козғалып жүрген болар еді.  Мүндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдык қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы   осындай   алаптардың   бір­біріне   ауысуын   тездетіп отыратындығын,   сайып   келгенде,   психикалык   әрекеттің   талғамалы   сипатта болатынын жақсы көрсетеді. 2.3.Тұлғаның жеке­дара өзгешеліктері туралы шетел психологтарының көзқарастары Темперамент   —  жүйке   жүйесінің   тума   қасиеттерінен,   туындайтын   Ол   адамдардың   эмоциялық адамның   жеке   өзгешеліктерінің   бірі. қозғыштығынан,   жалпы   белсенділігінен   жақсы байқалады.  Темперамент   —  организмнің   физиологиялық   өзгешеліктерімен,   қимыл­қозғалысынан, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық 27 құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу ежет, алғыр болса,   екінші   біреу   керісінше,   сылбыр,   жігерсіз   болады),   адамның   көңіл­ күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т. б.) эмоция сезімдерімен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б.) жақсы байқалып отырады. Темперамент   туралы   алғашқы   ой­пікірлер   ғылымда   өте   ерте   кездің өзінде­ақ   айтыла   бастады.   Ежелгі   Грецияның   белгілі   ғалымы,   дәрігер Гиппократтың  (б.  э.  д, 460—356)   еңбектерінде   бүл  жөнінде  біраз   пікірлер айтылған.   Гиппократтың   ойынша,   әр   түрлі   темпераменттер   адамдар   мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені   жылытып   тұратын   —   қан,   салқындататын   —   шырын   (слизь), құрғататын   —   бауырдағы   сары   өт   және   оған   дымқылдық   беретін   қара   өт (талақ).   Осы   терт   түрлі   сұйықтың,   араласуының   пропорциясын   грекше "красис" деп атаған. Ал латын тілінде бүл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір­бірінен аз­көптігіне байланысты   деп   түсінген.   Мәселен,   организмде   қанның   пропорцисы   артық болса,   ол   сангвиникалық   (латынша   "сангиус"­қан),   ал   шырын   басым   болса (грекше   "флегма"   —   шырын),   флегматик   темперамент   деп;   ал   организмде қара   өт   басым   болса   меланхолик   (грекше   "мелай­нехоле"—   қара   өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе — өт) темпераменті деп аталған. Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір   аурулардың   шығу   тарихын   түсіндіруге   де   жарайды   деді,   ол   мидың 28 ролін   түсіне   білді,   оны   бездердің   бірі   деп   санады.   Бүл   —   адамның   жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді. Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылык, неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау — сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді. Орта   ғасырдағы   ғалымдар   темпераментті   организмдегі   химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің   түрліше   физиологиялық   өзгешеліктеріне,   атап   айтқанда,   қан жолы   жүйесінің   құрылысына,   зат   алмасуға,   ішкі   секреция   бездеріне   т.   б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724—1804) өзінің   "Антропология"   деген   еңбегінде   темпераменттің   төрт   түрі   туралы толық   психологиялық   сипаттама   берді.   Бірақ   ол   темперамент   пен   мінез ұғымдарын бір­біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды. Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады.   Мәселен,   неміс   анатомы   Гейне   темпераменттердің   түрліше   болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. ми   кабықшасындағы   молекулярлық   қозғалыстың   жылдамдығы   мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагога П. Ф. Лесгафт (1837 —   1909)   темпераменттерді   қан   сауыттарының   жуандығы   мен   кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми түрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Сөйтіп, И. П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі — ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип — жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір­бірімен сәйкес 29 келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі —  ширақ типтер  деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір­біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі   —  қозумен   тежелу   бір­біріне   тең,   бірақ   алмасуы   сараң,   баяу қозғалатын   тип.  Әлсіз   типте   қозу   мен   тежелу   процестері   баяу   көрініп отырады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық   негіздерін   жақсы   түсіндіреді.   Павлов   сангвиниктерді   — ширақ,   жүйке   жүйесі   күшті,   қозуы   мен   тежелуі   тең,   қозғалғыш   адам; холериктерді—ұстамсыз,   жүйке   жүйесі   күшті,   қозуы   тежелуінен   басым; флегматиктерді   жүйке   жүйесі   күшті,   қозуы   мен   тежелуі   бір­біріне   тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді — жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады. И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің   кездесетіндігін   айтты.   Мәселен,   ұстамсыз   типтің   өзінен   қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жоне қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса  қозуы   басымдау   түратын),  сонымен   қатар,   қозу   мен   тежелудің   күші тепе­тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің   типін   айыру   үшін   жасаған   тәжірибесінің   кейбір   қорытындылары адам   темпераменттерінің   физиологиялық   негіздерін   түсінуге   толық жарайтындығын   көрсете   келіп,   темпераментке   мынадай   анықтама   береді: "Темперамент   жануарлар   мен   жеке   адамның   жалпы   сипаттамасы,   әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы". Соңғы   жылдары   көрнекті   орыс   психологы   Б.   М.   Тепловтың   (1896— 1965) лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер   И.   П.   Павлов   өзінің   тәжірибесін   жануарларға   жасаған   болса,   Б.   М. Теплов   пен   оның   шәкірттері   осындай   тәжірибені   адамдарға   жасады.   Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі 30 адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден­бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930—1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің озі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп  бөлінетін  болды.  Әлсіз  типтің   де   сезімталдығы   күшті  екендігі,  осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі анықталады. Қорытынды 31 Курстық жұмысты жазу кезінде оны терең талдап, түсініп келіп   қана, оған   қорытынды   немесе   анализ   жасауымыз   керек.   Сондықтан   да   осы   курс жұмысын дайындау кезде көптеген әдебиеттер пен мақалаларын пайдалана отырып, олардың пікірлерін  талдап, өзімнің ойымен ұштастырдым.  Сондықтанда  өз курс жұмысымның  тақырыбы  шетел психологтарының қарастыратын өзекті мәселелері туралы қысқаша талдап кетейін. Ежелгі    грек  жұртының       ғұламалары  —­ Гераклит (б.  з. д. VI ғ.). Демокрит (б. з. д. V ғ.) жан­табиғаттың ­бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы   (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім­психиканы адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427— 347 жж.) жан­ мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады.  Жан   жүйесі   жайындағы   ертедегі   ілім   көптеген   ойшылдар   мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б. з. д. I ғ.), Гален (б. з. д. II ғ.) психологияның жан дүниесінің   сырымен   байланысты   табиғи   негіздерін   іздестірді.   Ал   ұлы   грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470— 399 жж.) «өзіңді өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай­ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл­ой аркылы реттеліп отырады деді. Ұлы ойшыл Әл­Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды.      Психологиялық   ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596— 1650 жж.), Т. Гоббс (1588—1679 жж.), Б. Спиноза (1632 — 1677 жж.), Г. Лейбниц (1646—1716 32 жж.),      Дж.  Локк  (1632—1704  жж.)   сиякты   аттары   әлемге  әйгілі   адамдар болды. XVIII   ғасырда   психология   ғылымында   айтарлықтай   өрлеу   байқалып. физик   И.   Ньютон   мен   физиолог   ғалым   А.   Галлердің   (1708—1777   жж.) зерттеулері  оның негізі болып саналды. Жүйке   жүйесінің   қызметі  рефлекс  арқылы   жүзеге   асып   отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт (1596—1650). Рефлекстің   биологиялық   сипатын   чех   ғалымы   Иржи   Прохаске   де   (1749— 1820) өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді. Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі.  Зейіннің   физиологиялық   негіздерін   И.   П.   Павлов   ашқан   жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен   байланысты   қалған   алаптарында   тежелу   процестері   пайда болатындығын айтқан. Темперамент   туралы   алғашқы   ой­пікірлер   ғылымда   өте   ерте   кездің өзінде­ақ   айтыла   бастады.   Ежелгі   Грецияның   белгілі   ғалымы,   дәрігер Гиппократтың  (б.  э.  д, 460—356)   еңбектерінде   бүл  жөнінде  біраз   пікірлер айтылған.   Гиппократтың   ойынша,   әр   түрлі   темпераменттер   адамдар   мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ.        Қорыта айтқанда, зерттелген тақырып бойынша жан­жақты зерттеп толық түсінік беруге тырыстым.                  Осы курстық жұмысты жазуда мақсаттарға жеттім деп ойлаймын. Жалпы курс жұмысын жазған кезде жүйелілікті сақтадым.   33 Қолданылған әдебиеттер 1. Аймауытов Ж. Психология (оқу құралы). – Алматы, 1994. 2. Алдамұратов Ә.Жалпы психология. –Алматы,   1996. 3. Алдамұратов   Ә.,   Мұқанов   М.   Психология   пәнінен   лабораториялық­ практикалық сабақтар.­ Алматы, 1978­1979 4. Алдамұратов Ә.Қызықты  психология. –Алматы,   1992. 5. Әбдірахманов   Ә.,   Жарықбаев   Қ.   Психологиялық   орысша­қазақша сөздік.­ Алматы, 1976. 6. Блейхар   В.,Бирлачук   Л.   Психологическая   диагностика   интеллекта   и личности.­ Киев, 1978. 7. Бодалев А. Психология личности. –М., 1988. 8. Жарықбаев Қ.Жантану негіздері.­Алматы.2002. 9. Сәбет Бап­Баба. Жалпы психология (оқулық).­Алматы «Дарын» 2003. 10.Рубинштейн С.Основы общей психологии.­М., 1989. 11.Тәжібаев Т. Жалпы психология. –Алматы,   1993. 12.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология.­Алматы,1996. 13.Ярошевский М.Психология в XX столетии.­М., 1974. 34

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары

Шетел психологтары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2018