Тәуеосіздіктің 25 жылдығына орай жазылған шығарма. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқаннан бері 25 жыл бойы елі үшін жері үшін аянбай еңбек еткен елбасының ерен еңбегін айтпау мүмкін емес. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз аса беделді бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Қазақстанның табиғаты тамаша. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Әмудария өзендері, шетсіз, шексіз ұлы дала жатыр. Еліміздің ұлан – байтақ даласында мол байлық бар. Еліміздің даңқты да, дәулетті өмір сүріп жатқаны қасықтай қаны қалғанша күрескен ата – бабаларымыздың арқасы. Алланың өзі сыйлаған бостандық – қазақ халқының мерейін өсіре түсті. Дербес, тәуелсіз ел ретінде туымызды жария етуге мүмкіндік берді. Алайда бостандық бұлттан кейін шыққан күндей жарқ ете қалған жоқ. Қазақ халқы кең далада еркін өскен ерке бұландай. Халқымыз бостнадықты бәрінен қымбат санаған. Бостандық үшін ел мен жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсене жүріп жаумен шайқасқан. Бостандық жолында күрескен Жәнібек, Кенесары сияқты батырларымыздың аттары тарихта мәңгі қалады. Талай ғасырлар бойы ата – бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді, бақыт жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа зор үмітпен қараймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Менің және құрбы достарымның қосар үлесіміз – терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде, мемлекеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік. «Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!» – деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді
Жанна шығарма.doc
Елбасы жолы
Менің туып, өскен жерім – Қазақстан Республикасы. Қазақ халқында
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Мен
қазақ болып, қазақ елінде, қазақ жерінде туғаныма мақтанамын және өзімді
өте бақытты санаймын.
Қазақстан – бүкіл қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған, киелі
жер. Ол менің елім, менің Отаным.
Қазақ жерін шығыс пен батысты жалғастырған алтын көпір дейді. Осы
жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз пайдалы қазбалар қоймасы.
Қазақстанда 15 миллионға жуық адам тұрады. Астанасы Арқаның төрінде
орналасқан Астана қаласы. 1991 жылдың 16 желтоқсаннан бастап еліміз
тәуелсіздік туын көтерді. Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып
сайланды. Қазақстан әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір
еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық
валютасы бар Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Қазақстанды
әлемнің жүзден астам елі таныды. Біздің еліміз аса беделді бірқатар
халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Қазақстанның табиғаты
тамаша. Мұнда Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Әмудария өзендері, шетсіз,
шексіз ұлы дала жатыр. Еліміздің ұлан – байтақ даласында мол байлық бар.
Еліміздің даңқты да, дәулетті өмір сүріп жатқаны қасықтай қаны қалғанша
күрескен ата – бабаларымыздың арқасы. Алланың өзі сыйлаған бостандық –
қазақ халқының мерейін өсіре түсті. Дербес, тәуелсіз ел ретінде туымызды
жария етуге мүмкіндік берді. Алайда бостандық бұлттан кейін шыққан күндей
жарқ ете қалған жоқ. Қазақ халқы кең далада еркін өскен ерке бұландай.
Халқымыз бостнадықты бәрінен қымбат санаған. Бостандық үшін ел мен
жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсене жүріп жаумен
шайқасқан. Бостандық жолында күрескен Жәнібек, Кенесары сияқты
батырларымыздың аттары тарихта мәңгі қалады. Талай ғасырлар бойы ата –
бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді, бақыт
жолындағы еркін мемлекет. Күн сайын өміріміз жақсарып, жарқын болашаққа
зор үмітпен қараймыз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы
бүгінгі күннен басталады «қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің
қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен
жауапкершілік артады. Менің және құрбы достарымның қосар үлесіміз –
терең білім алып, мемлекеттік тілді жетік меңгеру. Ұрпағы өз тілінде,
мемлекеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік. «Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!» – деп Мағжан атамыз
жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық
күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері
мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды
қажет етеді. Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан
кешуден сабырмен өткен сарабдал халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін,
тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Мемлекеттік тәуелсіздікті төрт аяғынан
тең тұрғыза алған Н.Ә.Назарбаев еліміздің алда тұрған бірнеше он жылдығына
жүйелеп жоспар құрып, халқына қамқорлық жасаудан тайынбайтынын өзі
әлденеше рет дәлелдеді. Елбасымыздың сарабдал саясатына қолдау көрсету –
халықтың еншісінде. Тәуелсіздігіміздің, болашағымыздың негізі рухани тірегі,
кепілі – байырғы халқымыз. Ақ пейіл де, ақжарқын халқыма әрқашан Алла
жар бола бергей!
Отаным – менің мақтанышым, абыройым. Еліміздің ұлан байтақ жері,
бейбіт сүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің
кеңдігіне, жер қойнауының байлығына, асу бермес заңғар тауларға, кең
жайлаулар, шалқыған көлдер мен мың бұрала аққан күміс күлкілі өзендерге
қызыға да, қызғана да қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған
мөлдір бұлақтары, тыптынық, таза көлдері, сарқыраған өзендрі, көк тіреген
алып таулары, барлығы мейірбан халықтарымыздың байлығы. Осындай бай
халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда! Бізге жол сілтеуші
жұлдыз елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт сүйгіш саясаты. Мен
өзпрезидентімесенемін. Отанымныңжарқынболашағынасенемін!
Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған
Қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің
бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай
тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр
басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршіліктынысын терең білу, маңдай тіреген
проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік
ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған
бағытын табандылықпен жүзеге асыру Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.
Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып,
этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің
аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына
жазылды. Бұл жолда елбасы өзінің даралығымен, тәуелсіздікті тәу ететін,
шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір
салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың
символына айнала білді.
Әрине, мұның барлығы да жұдырықтай жұмылған жұрттың, бұрынғы
тәуелсіздікті аңсап өткен атабабаларымыздың және елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің жемісі. Тұңғыш президентқай
мемлекет үшін де даусыз тарихи тұлға. Қазақстан Республикасының
дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және де мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық
мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің күллі әлемге танылып үлгеруі
Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Қазақ бұрын толыққанды мемлекет
орнатпаған,астана салмаған ел еді.Ал қазір,Елордалы,Елбасылы ел
болды.ЕлордамызАстана халықаралық қатынастардың да астанасына айнала
бастады. Астана салу былай тұрсын,қу тақыр даламыз да енді бүгін жайқалған
орманға айнала бастады.Байтақ даланы орманға,жасыл елге айналдырамын
деген Елбасының «Жасыл ел» жобасы байырғы қазақ халқының «Мәңгі ел»
орнатамыз деген асыл мұратын еске салады.Ал,«Болашақ» бағдарламасы
талай қазақ баласының жоғарғы білім алуына және ең бастысышетелдерде
білімін одан әрі дамытуына үлкен көмегін тигізді.«Қазақстан2030»
стратегиясының арқасындаел танымастай болып өзгерді.Халықтың жағдайы
жақсартылды.Бұл стратегия бойынша алға қойылған міндеттер мерзімінен
бұрын орындалып, елімізде «Қазақстан2050» даму стратегиясы бекітілді.
Елордамызда алдағы уақытта «ЭКСПО2017» көрмесінің өткізілуінелдіктің
ерен жемісі десе де болады. Себебі, бұған дейін ТМД кеңістігінде көрмені
өткізу бақыты ешбір елге бұйырған емес. Ал Қазақстан болса, алпауыт
елдермен аламанға түскен бәйгеде жеңімпаз атанып, тағы да талайды
таңқалдырды. Әрине, осындай жетістіктердің барлығы да Елбасымыздың
салиқалы саясатының арқасы. Осы саясаттың арқасында біз Тәуелсіздіктің
тәтті дәмін сезініп отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаевхалқының жағдайын
тереңінен түсінетін,замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін
ұтымды пайдаланып, оны атабабамыздан қалған асыл өнегемен әдемі
ұштастырып келе жатқан озық Елбасы. Сонымен қатар, әлем мойындаған,
жаһанға атағы таралған, қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі заманның
көшбасшысы, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын
арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
Қазақ елі«мәңгілік ел». Қазақ елі жасасын!
Шығарма "Елбасы жолы"
Шығарма "Елбасы жолы"
Шығарма "Елбасы жолы"
Шығарма "Елбасы жолы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.