Үй жануарлары— жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін бал ара мен жібек көбелегі, құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Лабораториялық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.Үй жануарлары— жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін бал ара мен жібек көбелегі, құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Лабораториялық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.
Сүйкімді жануарлар әлемі.docx
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Үй жануарлары— жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде
бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек,
қойешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз,
күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады.
Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін бал ара мен жібек көбелегі,
құстардың 10 — 12 және сүтқоректілердің 60қа жуық түрлерін қолға үйреткен.
Лабораториялық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем
құстар, тоты, шымшық, аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға
үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың
жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны
азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй
жануарлары қолға үйретіле бастады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани
қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау
нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды.
Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа,
тұрқында да өзгерістер байқалады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл,
омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондайақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске
ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек
дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады.
ТӨРТ ТҮЛІК – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік
деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі.
Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар
екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” . Халық төрт түліктің
әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, жылқышы
ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп тұяқ, тақ тұяқ деп те
атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де,
азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының
айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса
жоғары бағалаған. Сондайақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше
қасиеттері болатынын ұмытпаған. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі
асауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжатжұратымен жасайтын алыс
берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты
дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірінбірі танысынтанымасын, кездесе қалған
қазақ «малжан аман ба?» деп амандықсаулық сұрасқан. Қазақтар малды тек
пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағыпкүтудің де жайжапсарын,
қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Түйе.
Түйе төрт түліктің төресі.Түйе сүтқоректілер класының көнтабандылар
отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік Американың таулы
аймақтарында таралған түйетек және түйебас та осы отрядқа жатады. Олардың денесі
түйедей кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қолтұқымдары тау тайлақ
және кекілеш деп аталады.
Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн
шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің
жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің
күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны
түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының
шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота,
тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам
ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер мол. Түйе сүттен шұбат дайындалады (қымыран
деп те аталады). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірденбір шипа, қанды
толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған.
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және
радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма
бұйымдар жасалады.Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады.
Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды
пайдаланады.
Жылқы.
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай,
құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп атайды. Ал оның
жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында
жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған.
Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен астойларда жарысқа
салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың
да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары
болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс,
шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең,
жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б. Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде
пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. Сиыр.
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран,
қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде
көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге
жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп
жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп,
сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп
мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран
сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй
асауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана,
тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Қой.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады.
«Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге
ынтаықыласы молақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге
жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын атабабамыз ерекше
қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек,
қошқар, саулық деп аталад
Төрт түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда
жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың өз малына салатын таңбасы
болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған.
Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан
жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз,
текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары
бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар
қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным,
қозым, қошақаным, ботам» деп, айналыпүйірілген, еркелетіп отырған.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Сүйкімді жануарлар әлемі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.