Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы
Оценка 4.7

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы

Оценка 4.7
docx
11.05.2023
Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен    шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы
Баянд АЕ.docx

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ

 

 

 

 

 

Баяндама тақырыбы:

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы

мен    шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы

Дайындаған:

Қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Жигитекова А.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы, 2022-2023 оқу жылы

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы(аукцион түрінде өткізу)

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.

Бүгінгі таңда педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.

Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп,  пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады.

Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе – сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін.

Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады.  Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.
1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.Әрине ,барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.

3.Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгертпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.

Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Осы көптеген берілген  тапсырмалардың ішінен өз оқушыларыма қажетті  материалдарды сұрыптап, әр оқушының қызығушылығы мен шығармашылық деңгейін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар дайындауға тырысамын.

Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .

Өз жұмысымда  педагогика ғалымдары В.П.Беспалько мен  . Ж. А. Қараевтың  деңгейлік технологияларына жүгінемін:

В.П.Беспалько

1. «Міндетті», «оқушылық».

2. Алгоритмдік .

3. Эвристикалық .

4. Шығармашылық ,- деп төртке бөлді. Ж. А. Қараевтың технологиясында төрт деңгейлік тапсырмалар кездеседі.Онда:

1. Жаңа өтілген тақырыпты қайталау, пысықтау , ереже жаттау.

2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3. Танымдық іздену.

4. Ұғым , түсінік , қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.

Деңгейлеп оқыту технологиясының төрт деңгейлік тапсырмаларын барлық оқушылардың толық орындауы талап етіліп, әр деңгей ұпаймен белгіленіп, рейтингті жүйелеп есептелінеді , мониторинг бойынша баға қойылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді . Яғни мықтылар өз қабілеті мен икемдігін бекіте түседі. Әлсіздер өзіне сыни көзбен қарауға дағдыланып сенімсіздіктен арылып , белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген құлшыныс ұлғайып , білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді.

Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған деңгейлік тапсырмаларды ойластыру керек.

Деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.      жаттап алуға лайықталған болуы керек:

2.      алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:

3.      тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Қазақ тілі пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында орындаған жаттығуларға ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.(Кластер құру, тірек сөздер, Венн диграммасы, Қос диаграмма, сұрақ –жауап және тб)

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.      Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. (логикалық тапсырмалар, ребустар мен сөзжұмбақтар, диалогты толықтыр, )

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар:

1.      танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, ереже жаттау, т .с. с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

2.      Әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын жаттығулар.

3.      Өздігінен мысалдар келтіріп құрастыру және оны өз ойынан шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, сызба ретінде салу, көрнекі құралдар дайындау берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

1.      Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына , оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз  өз ойын қорытып шығаруы. (ПОПС формуласы, эссе,)

2.      Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.

Демек , бұл тапсырмалар –оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады .

 

 

 Сонымен, атап айтқанда  деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.


Қорыта айтқанда, деңгейлеп оқыту технологиясының  тиімділігі  осы тәжірибе  барысында байқалып,  оқушылардың  оқуға деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы өзінің деңгейіне  , білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып, әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі, мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті.  Нәтижесінде: жан – жақты  шығармашылық іс - әрекеті бар тұлға болып қалыптаса алады. Оған қоса мұғалімнің де  шығармашылық қызметін  дамытуға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша  деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар.

 

Деңгейлік тапсырмалар (мысалдар):

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз...»  (Абай), 7«Б» сыныбы

Дифференциалды тапсырма: - Бүгінгі тақырыпқа байланысты «Адам болам десеңіз» - негізгі ақпарат жазу1-2 сөйлем (1 деңгей); Синквейн (2 деңгей); ПОПС (3 деңгей)

Тақырыбы: Өмір бойы білім алу-бәсекенің талабы, 9 «В» сыныбы

Дифференциалды тапсырма: кластер құрастыр (1 деңгей); үлгі бойынша сұрақ қой (2 деңгей); Мәтін бойынша 2-3 сұрақ –жауап құрастырып, сыныптасымен сұхбаттас (3 деңгей)

Тақырыбы: Қазақ телевизиясы, 9 сынып

1 деңгей - Негізгі ақпаратты анықта

2 деңгей - Жоспар құру

3 деңгей - Сөйлемдерді перифраз тәсілі арқылы өзгерту

 


 

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты»

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты»

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы(аукцион түрінде өткізу) Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту…

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы(аукцион түрінде өткізу) Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту…

Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді

Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді

Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады

Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы

Сұрыпталған материалдарды білім алушылардың қызығушылығы мен    шығармашылық деңгейіне сай тиімді қолдануы

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2023