Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтап,
құстардың түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын,
көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін,
түсініктерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Әдебиет
Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
II. Ұйымдастыру.
1.1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1.2. Әділ-қазылар алқасын сайлау
1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
ІІІ. Марапаттау.
ІV. Қорытынды.word документ
Құстар біздің досымыз.docx
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың құстар туралы білімдерін тиянақтап,
құстардың түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға бейімдеу. Отанын, жерін, орманын,
көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ойөрістерін,
түсініктерін, логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Әдебиет
Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсатміндеттері.
II. Ұйымдастыру.
1.1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1.2. Әділқазылар алқасын сайлау
1.3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
ІІІ. Марапаттау.
ІV. Қорытынды.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші:
Армысың шұғылалы алтынкүн!
Армысың мейірімді жерана!
Сәлеметсіздір ме,қонақтар
Жүргізуші:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түссін даламыз
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Құстар – біздің достарымыз» атты танымдық
сайысына қош келдіңіздер. Сайысқа қатысушылар 7 сынып оқушылары. Сайысымыз мына кезеңдерден тұрады.
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Құстар әлемі»
3 кезең «Кім көп біледі?»
4 кезең «Біз өнерліміз»
5 кезең «Байқампаздар»
6 кезең «Кім жылдам?»
7 кезең «Кім тапқыр»
8 кезең «Кім шебер»
Жүргізуші:
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Жүргізуші:
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт береке күнімен
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Баршамызға белгілі 1сәуір –Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан
құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып
келеді. Бүкіл дүниежүзі бойынша12 мыңдай құс тіршілік етеді. Біздің елімізде
құстарға бай. Біздің елімізде 500ге жуық құстың түрі бар. Олар зиянды жәндіктер
мен кенелерді, кемірушілер мен құстарды құртып, егін мен орманды қорғайды.
Дәл қазір елімізге жылы жақтан құстар ұшып келуде. Қазақ халқы шебер әншісін
«бұлбұлға», ардақты азаматын «сұңқарға», қас сұлуын «аққуға», ержігітін
«жапалаққа» теңеген. Ал ендеше осындай табиғаттың ерекше бір жаратылысы
құстарға арналған сайысымызды бастайық.
Жүргізуші:
Шақырамыз ,келіңдер жарысуға .
Күш , өнер ,біліммен алысуға
Бар өнерді салайық , ортамызға
Қанеки, кім шығады сайысуға
Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Жүргізуші:
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар. Топтарға әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жандарсыздар!
Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділбағасын беретін әділ қазылармен
таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін
Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың 1–ші кезеңін бастаймыз
1 КЕЗЕҢ
«ТАНЫСТЫРУ»
Әр топтың топ басшылары: топтың атын және топтың ұранын, эмблемасын
таныстырып қорғайды
Жүргізуші:
Құстар ұшып келеді,
Қанаттарын қағады.
Ұшып,келіп отырды,
Қайта ұша жөңілді.
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңілкүйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.
Әр топтың оқушылары құстар туралы біраз мәліметтер айтып кетсе!
Келесі кезеңге өтсек
2 КЕЗЕҢ
Үйге берілген тапсырманы қорғау
«ҚҰСТАР ӘЛЕМІ» Жүргізуші:
Ойын – толқын жатқандай асып, тасып,
Біреуі мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып
3 КЕЗЕҢ
Оқылған мақалмәтелдерді жалғастыру
«КІМ КӨП БІЛЕДІ?»
І топ:
1. Қыран құс шашыпжейді,
Қарақұс басып жейді.
2. Қыранқұстың баласы ұшса келмес ұяға.
3. Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
4. Құсты қанат ұшырады,
Ерді талап ұшырады.
5. Құсқа алтын тордан, қу бұтақ қымбат.
ІІ топ:
1. Тұлпар шаба жетіледі,
Сұңқар ұша жетіледі.
2. Құстың сәні – қос қанаты.
3. Құс қанатымен,
Ер – жолдасымен
4. Ұясын ұнатпаған құс оңбас.
5. Өлеңге енсе, сөз сұлу,
Аққу жүзсе, көл сұлу.
ІІІ топ:
1. Құс қанатымен танылар,
Жігіт қайратымен танылар
2. Қыран да күннен асып ұша алмайды
3. Бұлбұлдың үні тәтті,
Тотының тілі тәтті.
4. Қуатты сөз – дуалы.
Құс сияқты қанатты боп туады
5. Бүркіт шаңқылдаса өлер.
ІV топ:
1. Бұлбұлға бал жақсы,
Кекілікке тау жақсы. 2. Қарға алғырболса да,
Қаршығаның орнын баспас.
3. Баға білсең – құс та бағлан
4. Құс та өзұясына қарай ұшады.
5. Ескексіз қайықшы – қанатсыз құс.
V топ:
1. Сұңқар жоқта жапалақ жыртқыш.
2. Көршінің тауығы қаздай,
Жұмыртқасы жұдырықтай
3. Бұлбұл үнді, жылан тілді.
4. Үйіріне жеткенше тұлпар асығады,
Ұясына жеткенше сұңқар асығады
5. Жаман атты жақсы бақсаң – тұлпар,
Бөктергінің бабын тапсаң – сұңқар.
Жүргізуші:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей.
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Сал кәнеки өнерінді ортаға
4 КЕЗЕҢ.
Алдын – ала берілген үйге берілген тапсырмаларға сәйкес өз өнерлерін көрстеу
«БІЗ ӨНЕРЛІМІЗ»
Жүргізуші:
Қәне қанат жазайық, қарлығаш болып ұшайық.
Ұшыпұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан болып секіріп,тоқылдақ болып шоқиық
Сергіту сәті Оқушылар құстар сияқты билейді
Жүргізуші:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей. Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
5 КЕЗЕҢ
Берілген мәтіннен құстардың атын табу керек
«БАЙҚАМПАЗДАР»
Жүргізуші:
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткіз бе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт
6 КЕЗЕҢ «
Оқушылар берілген мозайкадан сурет құрап шығады, бейнеленген суреттерді
қорғайды
КІМ ЖЫЛДАМ?»
Жүргізуші:
Ол үшін ойын ойнайық.
Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық
7 КЕЗЕҢ
Үйден дайындап келген жұмбақтарды бірбіріне жасырады.
«КІМ ТАПҚЫР»
Жүргізуші:
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.
8 КЕЗЕҢ
Оқушылар өз шеберлішін танытып жасап келген ұяларын қорғайды
«КІМ ШЕБЕР?»
Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал қазір әділ қазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады
Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан арттық үйренетін ештеңе
жоқ деп санаушы болма» дегендей Н.Д.Зеленскийдің сөзімен бүгінгі
«Құстар – біздің досымыз» атты сайыс сабағын аяқтаймыз.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.