Статья
Оценка 4.7

Статья

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
9 кл
14.10.2018
Статья
Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы –тіл. Сондықтан ол халқымызбен бірге туып,біте қайнасып келе жатқан мәңгілігінің мәңгілігі,ұлтымыздың төлқұжаты,рәміздік белгісі,мәдениетіміздің мәнді мәйегі,рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Тілдің міндетін,құдіретін терең түсінген халқымыз, оны көшіп жүрсе де,таза күйінде халыққа жеткізді. Бабамыздан,данамыздан қалған нұрлы да,сырлы тіліміздің бүгінде еңсесі көтерілді. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл ретінде өмірдің барлық саласында кең түрде, заң жүзінде бекітілді.Бұл- егемендіктің нәтижесі.
ұлтым басқа тілім қазақ.docx
Ұлтым басқа – тілім қазақ (мақала)                                         9 «Б» сынып оқушысы Стасив Екатерина   мәңгілігінің     мәңгілігі,ұлтымыздың            Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы   –тіл.   Сондықтан   ол   халқымызбен   бірге   туып,біте   қайнасып   келе жатқан төлқұжаты,рәміздік белгісі,мәдениетіміздің мәнді мәйегі,рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Тілдің міндетін,құдіретін терең түсінген халқымыз, оны көшіп жүрсе де,таза күйінде   халыққа   жеткізді.   Бабамыздан,данамыздан   қалған   нұрлы   да,сырлы тіліміздің бүгінде еңсесі көтерілді. Қазақ тілі­ мемлекеттік тіл ретінде өмірдің барлық   саласында   кең   түрде,   заң   жүзінде   бекітілді.Бұл­   егемендіктің нәтижесі.            Елдің елдігі­тілінде. Өз тілін аялап,сүймеген пенде, ел жұртын да сүйе алмайды.       Осындай қазақ тілін құрметтейтін азаматтардың бірі мен боламын.. Менің ұлтым   орыс   болғанымен   қазақ   тілін   жақсы   білемін.   Қазақ   тілінде   еш қиындықсыз   топ   алдында   сөйлей   аламын.   Мектепішілік   қазақ   тіліндегі   әр түрлі сайыстарға да қатысып жүрмін. Бұл менің өз тілім, орыс тілін сатып кету мәселесі емес, мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айоқандай үш тілділікті ұстануым. Қазақ тілін ұанша игерсем, шетел тңлңн де сонша білемін. Еліміздегі үш тілділік саясаты өте дұрыс деп ойлаймын. Біз сияқты   өзге   ұлт   өкілдері   қазақ   жерінде   тұрып,   қазақ   тілінде   бір   ауыз   сөз айтпауы асқан қателік.         Тіліміздің мәңгі жарқырай түсу үшін ана тіліміздің сара жолында ерінбей еңбек   етіп,   ұл   –   қыздарының   тілін   қазақ   еткен   азаматтарымызға   үлкен алғысымды білдіремін. Біз шыныменде егемендігі берік орныған, бейбіт елде өмір   сүріп   жатырмыз.   Ендеше   неге   осы   елдің   тілін   құрметтемеске.   Менің достарымның арасында да қазақ тілінде тамаша сөйлейтіндері бар. Бізге көбісі қалай үйреніп алдындар деген таңданыспен де қарайды. Егер алдыма орыс тілінде   сөйлей   алмайтын   қазақ   баласы   келсе   мен   қиналмастан   омен   қазақ тілінде сөйлесе аламын.       Тіліміздің   өркендеуі   үшін   әр   азамат,әр   қазақ   үлес   қосып,еліміздің егемендігін танытатын туған тіл болашақта толық күшіне енетініне, оны тек қазақ   жастары   ғана   емес,байтақ   даламыздағы   барлық   ұлт   өкілдері меңгеретініне сенімдімін Ана тіліміз­асыл қазынамыз, биік бәйтерегіміз болып қала бермек.               Ұлтым басқа – тілім қазақ (мақала)                                         9 «Б» сынып оқушысы     Малендор Максим            Мен №10 орта мектебінің сегізінші сыныбында оқимын. Ұлтым орыс болғанымен,   «қанаттыға   қақтырмай,   тұмсықтыға   шоқтырмай»   бір   жапырақ нанды бізбен бөліскен Қазақ елі мен үшін айбынды, асқар таудай ел.        Мемлекеттік тілді білу арқылы қазақ халқының дархан көңілін, бай жан дүниесін ұғындым. Осындай ұлы тарихты білу, бай тілді білу ­ біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Тілді білу – сыйластық пен түсіністіктің қайнар көзі. Тілді   білу   –   бұл   еліміздің   әрбір   азаматының   міндеті,   қазақстандық патриотизмнің алғышарты. Негізі мемлекеттік тілге деген қажеттілік болуы тиіс. Қажеттілік бар жерде тілдің өркені өседі.       Әсіресе   отбасында,   мектепте,   жоғары   оқу   орындарында   тілдің   аясын кеңейту мықты орныққаны жөн. Тіл мәселесіне кез келген мекеме басшысы бірінші кезекте мән бергені жөн. Әсіресе, сауаттылықты алға шығарып, бұл істе өздерін көрсетіп жүрген азаматтарды үлгі етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Балалық шағымнан бастап мемлекеттік тілге асқан қызығушылықпен қарап, қазақ тілін оңай меңгердім.      Мақсатым – қазақ тілінің құдіретін одан әрі танып білу. Тілдің қыр­ сырын танып­білуіме ең алдымен анамның үлесі зор. Анам үнемі Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді білу парыз екендігін әрдайым санама сіңіріп келді. Мектепте қос тілді қатар қолданамын. Қазақ елінде тұрып, қазақ тілін білмеу өте ұят деп ойлаймын. Барлық сөзін жатқа білмесенде, ауызекі сөйлеу тілін білгеннің өзі сол тілге деген құрмет. Мен қазақ тілінің қаншалықты бай екеніне   қайран   қалам.   Небір   шұрайлы   сөздермен   топ   алдында   сөз сөйлегендерге қарап шыныменде мәртебесі жоғары екеніне қуанамын. Кейде қазақ   балалары   бір­бірімен   орыс   тілінде   сөйлесіп   тұрғанда,   олар   қалай қателесіп   жүргендерін   ойлап   күрсініп   қоямын.   Саған   ешкім   орыс   тілінде немесе басқа шетел тілінде сөйлеме демейді. Ол өте дұрыс. Жан­жақты тілді меңгерген   адамның   рухани   дүниесін   кеңейтеді.   Алайда   өз   тіліне   деген құрметті деп ұмытып кетпеген абзал. Керісінше өз тілінді одан әрі дамыта түс. Нағыз қазақ елінің патриоты болсан тіл мәселесін жоғары көтер. Себебі қазіргі таңда қазақ тілінің мәселесі соңғы кезекте қалып барады. Үш тілділік деп, туған тілімзді де ұмытып кетпейік!      Қазақша үйрену қиын емес. Ең бастысы ниет керек. Бір шаңырақ астында өмір   сүріп   жатқан   соң   өзара   түсіністік   қажет.   Менің   достарымның   басым бөлігі қазақтар. Қазақ тілін жетік меңгеруіме де бірге ойнаған достарымның әсері мол болды. Мен үшін әлемде қазақ тіліндей сұлу, шұрайлы тіл жоқ.        Тіліміздің өркендеуі үшін әрбір қазақстандық азамат, әр қазақ үлес қосып, еліміздің егемендігін танытатын туған тіл болашақта толық күшіне енетініне, оны тек қазақ жастары ғана емес, байтақ даламыздағы барлық ұлт өкілдері меңгеретініне сенімдімін. Қазақ тіліміз – асыл қазынамыз, биік бәйтерегіміз болып қала бермек.       Қазақстанымның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қалай құрметтесем, оның елдігінің кепілі – мемлекеттік тілі ­ қазақ тілін өз тілім деп білемін. Мен қазақ тілінде сөйлеуді ерекшелігім деп ойлаймын. Ол – менің парызым.        Тілдер күніне орай мектебімізде іс­шаралар өтті. Бұл іс­шараға мен де қалыспай қатыстым. Сонымен қатар жыл сайын өтетін «Абай оқуларына» да белсене қатысамын.        Қазақ тілі – бай тіл. Бұл тілде талай ақын­жырауларымыз өшпес мұра қалдырған.       «Қазақстанның   болашағы   –   қазақ   тілінде».   Ендеше,   біз   еліміздің   тілін көркейтіп, қастерлеп, қадірлеуге міндеттіміз.

Статья

Статья

Статья

Статья

Статья

Статья

Статья

Статья
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.10.2018