Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"
Оценка 4.7

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Оценка 4.7
Разработки уроков
doc
биология +1
3 кл
05.11.2019
Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"
Бұл жұмыс жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына жетекшілік ететін сынып жетекшілерге қөмекші құрал ретінде ұсынылады немесе кез-келген жарыстар өткізгенде, басқа сабақтарда, мысалы қазақ тілі, әдебиеттік оқу пәндерінен сайыстар өткізгенде осы жоспармен жүргізуге болады. Материалды ұстаздар, сынып жетекшілер өз іс тәжірибелерінде қолдануға ұсынамын.
с-з мерген.doc
Тақырыбы: Сөз мерген Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл ­ ой өрісін  жан ­ жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған  ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі ­ өнеге алуға баулу.  Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа  жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту. Түрі: Сайыс сабақ Әдісі: Ой қозғау, сұрақ ­ жауап. Көрнекілігі: топ атаулары, суреттер, интерактивті тақта Жүру барысы: І. Ұйымдастыру. ­ Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстан  болашағы – білімді ұрпағында, сондықтан «Сөз мерген» ақыл­ой зерделі  ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 1. Оқушыларды топқа бөлу. 1 ­ топ: «Болашақ» Ұраны: Жарқын болашақ білімді ұрпақтың қолында. 2 ­ топ: «Бірлік» Ұраны: Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. 2. Топ басшыларын сайлау. 3. Б   ақылаушыларды    4. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.   сайлау. Жоспары: 1. «Зымыран сұрақтар» 2 “Тапқыр болсаң, тауып көр!” 3. «Сөздің көркі – мақал»  4. «Кім жүйрік?» 5. «Сөз ойла, тез ойла!». ­ Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе ­ бірің еріңдер Білімді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер. ­ Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді  көрсетіп, өлеңдермен, мақал ­ мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді  ортаға салайық. Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жана ма? Тәрбие тәлім табар мән Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда. 1 ­ кезең: «Зымыран сұрақтар». Бұл кезеңде топ басшылары сайысқа түседі. 1 ­ топ: «Болашақ» 1. Лириканың басты ерекшелігі  не? /Адамның көңіл­күйін, ішкі сырын сөзбен  бейнелеп көрсетеді/ 2. Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. (Тақырып) 3. Әзіл­сықақ жазудың асқан шебері кім? /Оспанхан Әубәкіров/ 4. Қосымшаның неше түрі бар? (2 түрі) 5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? /9/ 6. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? ( Ы. Алтынсарин) 7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай) 8. Жиб­Жица қай елге тән күрес? /жапон/ 9. Білте дегеніміз не? /майшамның тұтатқанда жарық беретін ширатылған  талшығы/ 10. Басты байлық не? (Денсаулық) 2 ­ топ: «Бірлік» 1. Абайдың әжесі кім? (Зере) 2. «Қазына көтерген бала» әңгімесі кім жайлы жазылған? /Қаныш Сәтбаев/ 3. Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз не деп аталады?  /Қаратпа сөз/ 4. Автордың айтқысы келген басты пікірі қалай аталады? (Мәтіндегі негізгі  ой) 5. 1925ж. Парижде өткен бүкіл дүниежүзілік жарыста ән салған қазақ әншісі  кім? (Әміре Қашаубаев) 6. Сөздің өзгермейтін мағыналы бөлігі қалай аталады? (Түбір) 7. Жатыс септіктің сұрақтары? Кімде? Неде?  8. Әнұранның авторлары кімдер? Ш.Қалдаяқов, Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. 9. Қазақтың киелі саны. (7) 10. Тұңғыш қазақ ғарышкері? Т.Әубәкіров 2 ­ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Бұл кезеңде мақалдар жалғасын  табу. (1 мин) 1 ­ топ: «Болашақ»  1Білекті бірді жығар,...(білімді мыңды жығады) 2 Әдептілік белгісі (иіліп сәлем бергені) 3 Ата көрген оқ жонар (Ана көрген тон пішер) 2 ­ топ: «Бірлік» 1 Дос жылатып айтар(Дұшпан күлдіріп айтар) 2 Батыр туса ­ ел ырысы (Жаңбыр жауса ­ жер ырысы) 3 Адам көркі ­ шүберек (Ағаш көркі ­ жапырақ) 3 – кезең: «Сөздің көркі – мақал» демекші берілген сөздерден мақал­ мәтел құрап ой­өрісімізді кеңейтейік.  1 топқа: кітап, тіл, су, туған жер, бала.  2 топқа: жігіт, отан, оқу, гүл, батыр. 4 – кезең: «Кім жүйрік?» Шарты: Берілген сөз тіркесін мейілінше бір сөзбен айту. (3 мин) 1 ­ топ: «Болашақ» 1. Төбе шашы тік тұрды. (Қорықты) 2. Көз ұшында көрінеді. (Алыста) 3. Қолды болды. (Ұрланды) 4. Жүрек жұтқан (Батыр) 5. Қоян жүрек. (Қорқақ) 6. Көзі ілінбеді. (Ұйықтамады) 2 ­ топ: «Бірлік» 1. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты) 2. Бетінен оты шықты. (Ұялды) 3. Араларынан қыл өтпейді. (Достар) 4. Күлін көкке ұшыру. (Құрту) 5. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды) 6. Көз шырымын алу. (Ұйықтау) 5 кезең:  «Сөз ойла, тез ойла!».  1 мин ішінде айтылатын сөздің саны көп болу  керек. Қорытынды: Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, ­ дей келе сөз кезегін әділқазыларға  беріледі. «Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ Ашық «Сөз мерген» интеллектуалды сайысы Сыныбы: 2 «В» Пән мұғалімі: Исанова Ш.А 2017­2018 оқу жылы

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"

Сыныптан тыс іс-шара жоспары "Сөз мерген"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.11.2019