Сыныптан тыс шара "Наурыз"
Оценка 4.7

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
1 кл
14.11.2017
Сыныптан тыс шара "Наурыз"
Тақырып: «Наурыз-ұлыстың күні» Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. «Төс қағысу» Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! Үйден жасап келген жүрекшелерін-тілектерімен оқып, үлкен жүрекшеге жабыстырады.Тақырып: «Наурыз-ұлыстың күні» Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! Мал біткеннің бал татыған ұызды, Қуат болып қанымызға тарайды. Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. «Аман ба» деп мал жаның? Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. «Төс қағысу» Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! Үйден жасап келген жүрекшелерін-тілектерімен оқып, үлкен жүрекшеге жабыстырады.
наурыз.docx
Күні:18.03.16. Тақырып: «Наурыз­ұлыстың күні» Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың  ойлау,  қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.  Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.  Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,  Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!  Мал біткеннің бал татыған ұызды,  Қуат болып қанымызға тарайды.  Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,  Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.  «Аман ба» деп мал жаның?  Бірін­бірі құшақтасып сүйеді.  «Төс қағысу»   Бәріміз тұрып бір­бірімізді құшақтап, бір­бірімізге жақсы тілектер айтып,  Наурыз мейрамымен құттықтайық!  Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!  Ақ мол болсын!  Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!  Үйден жасап келген жүрекшелерін­тілектерімен оқып, үлкен жүрекшеге  жабыстырады. Әңгімелесу  Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21­22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген  сөздерден алынып, жаңа жыл деген  ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула,  көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән  шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.  — Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата­ана шашу  шашады, музыка қосу)  — Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының  жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған  халық қастерлейтін күн. Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн  қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға  бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. ­Балалар, наурыз белгілерін кім біледі? /балалар ортаға жүгіріп келеді/ Ендеше мен сендерге сұрақ қоямын. Ал сендер маған жауап беріп көріңдер. НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ: Наиль:  Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді,  сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды.  Айтолқын:  Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».  Асқар: «Наурыз шешек» ­ өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген. Илиас: Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп  қуанған. «Наурызша» ­ деп атаған. Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз  көже» пісіріледі  Айхан:  «Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары  мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді,  бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.  Меруерт: «Наурызнама»­ шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен  болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады.  Мұнда ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат  жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Айганым:  «Наурыз бата.» ­ Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі­ осы  Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз  көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата  беріледі.  Жұмбақ  — Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:  Дәмді­дәмді тағамдарды жинайды,  Қонақтарды көңілдене сыйлайды.  (дастархан)  Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай  қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?  Қазақтың ұлттық тағамдары,  Жасымнан жақын маған бәрі.  Теңермес ем оларға мен,  Ешбір асты ғаламдағы.  ­дастарқанға қойылатын ең басты тағам не? Наурыз көже ­Наурыз көжеге салынатын 7 тағамды атау Су, сүр ет, бидай, тары, арпа, сүт, тұз  Видео көрсету «Наурыз көже» Ұлттық ойын «Арқан тартыс»  Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл  көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар.  — Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап  көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы  арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып  есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)  «Сақина салмақ» ойының ойнату Би: Гүлдер биі Ән : Алақай , Наурыз Хормен: Наурыз тілек айту Қорытынды сөз: Ән қосылсын әңіне, Сән қосылсын сәңіне! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман –есен жетейік.  Келер Наурыз тойына! Наурыз құтты болсын!!! «Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ Тақырып: Сынып:1 «А» Өткізген: Жаксымбетова Ж.М. 2016 жыл

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"

Сыныптан тыс шара "Наурыз"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.11.2017