«Т дыбысы мен әрпі»
Оценка 5

«Т дыбысы мен әрпі»

Оценка 5
Разработки уроков
docx
русский язык
Детсад
23.04.2018
«Т дыбысы мен әрпі»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Т әрпінің баспа түрімен таныстыру. Т әрпінен келетін сөздер айта алуға,сөз құрауға,буынға бөлуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету. 2. Балаларға сөз құрату арқылы сөздік қорын молайту, ойын арқылы суреттерді көрсете отырып, ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Балаларды әсемдікке,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: суреттер, суреттер,кеспе әріптер,Әліппе- дәптер слайттар, тақтаға ілетін құралдар,бор. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Армысың асыл күн! Армысың асыл жер! Армысың көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне,менің қолым. Торғай,тоқылдақ,тауықтың дауыстарын аудиожазбасын тыңдату. -Бұл қай құстың дауысы?торғай,тоқылдақ,тауық. -Бәрі қандай дыбыстан басталады? Т дыбысынан. Т дыбысын айтып көрейікші.Тіліміз қандай қалыпта тұр?Тіліміз тісімізге қатты тиіп тұрма? Балалардың жауаптарын тыңдаған соң Т дыбысына тіліміз кедергі жасап,тісімізге қатты тиіп тұр,яғни,бұл дыбысты қандай дыбыс дейміз? Дауыссыз дыбыс. Т дыбысын дөңгелекпен белгілесек болады? Көк дөңгелекпен. Т әрпімен таныстырып, ауаға жаздыру. IV. Сергіту сәті: Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын. II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз. Мимикалық гимнастика: Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй) Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию» Әліппе дәптермен жұмыс: Т әрпін бастырып жазады. -АТ,-ОТ,-ТА,-ТО,-ТӘ,-ТУ А-ТА,ТА-У,ТА-Т,ТО-Т буындарын айтқызу. IY.Сергіту сәті: Торғай,торғай тоқылдақ, Жерден дәмді шоқып ап, Бөтекесі бұлтиып Шиқ-шиқ етіп отырмақ. Әліппе дәптердегі Торт,үстел,телефон,тақия сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Т дыбысының орнын айтқызу. Ойын: «Сиқырлы таяқша» Т әрпінен басталатын сөздер айтып,балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді.Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді.Ойын осы ретпен жалғаса береді. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Психологиялық дайындық. Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Мимикалық гимнастика: Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй) Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию» Жұмбақтың шешуін табу. 1.Тұмсығымен ояды, Ағаш қүртын жояды. (тоқылдақ) 2.Ағашта болса егер мең, Хабар беріп тұмсықпен, Тұмсығымен емдейді, Сосын көңіл демдейді. (тоқылдақ) IY.Сергіту сәті: Торғай,торғай тоқылдақ, Жерден дәмді шоқып ап, Бөтекесі бұлтиып Шиқ-шиқ етіп отырмақ. IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Психологиялық дайындық. Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Мимикалық гимнастика: Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй) Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию» Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Т әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. Т-т-т-т-т қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену. Ойын: "Т" дыбысын тап. АӘБИТШЗТНКД Дәптермен жұмыс. Әдемі, сауатты орындату Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау: Т әрпін ayада жазу. Т әрпін қолымен үстінен бастыру. Т әрпін жаздыру. V. Бекіту. «Не жоқ?» ойыны. Мұғалім тақтада ілініп тұрған суреттерді есте сақтауын өтінеді. Сосын бала көзін жұмған уақытта мұғалім бір суретті алып қояды. Жоғалған суретті табу керек. Ермексаздан т дыбысын жасау. Көз жұма отырып т дыбысын жаздырту. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. VII. Бағалау. Балаларды жеке-жеке мадақтау.1. Балаларды Т әрпінің баспа түрімен таныстыру. Т әрпінен келетін сөздер айта алуға,сөз құрауға,буынға бөлуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету. 2. Балаларға сөз құрату арқылы сөздік қорын молайту, ойын арқылы суреттерді көрсете отырып, ойлау қабілеттерін арттыру. 3. Балаларды әсемдікке,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сауат ашу.docx
Сауат  ашу. Сабақтың тақырыбы:  «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі. Сабақтың  мақсаты:   Ғ  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз   құрап, буынға бөліп оқуға  жаттықтыру.   Ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту,  қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу.   Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.  Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ­жауап, топпен  жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз, тақтаға   ілетін құралдар, бор.  I  апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу   құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)  Психологиялық  дайындық. Қуанамын менде                                                   Қуанайық күнге                                                   Шуақ шашқан елге                                                   Бәріміз де бірге ­Жарайсыңдар, балалар! Өткенді  қайталау. ­Қандай  дыбыспен  таныстық?  (Н н  дыбыспен)  ­Дауысты  ма,  дауыссыз  ба? (дауыссыз) ­Н н  дыбысы  сөздің  қай  жерінде  кездеседі? Мысалы:  Нан, наубайхана,т.б.    басында ортасында барлық  буында II.  Жаңа  сабақ. Жұмбақ  шешу.  Көп әріп ішінде,­                                                            Шалғы пішінде.                                                            Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)    ­Дұрыс,  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Ғ ғ   әрпімен  танысамыз.  Ғ  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.  Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге  қарап, үзік сызықтарды қосып,  Ғ әрпін   жазамыз. (Баспа  және  жазбаша  түрлерін  жазып  көрсету)  Ғ ғ ­ дауыссыз дыбыс. Ғ  ғ  дыбысын көк  дөңгелек  текшемен  белгілейміз.  ­Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту  сәті:  Біз жаздық, біз жаздық,                                  Қолымыз шаршады.                                   Ақырын демалып                                  Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз (қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»    Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ  дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі  ғ дыбысы ның  орнын тап.     IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы  таяқша» ойыны.  Шарты: « Ғ ғ»  әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір­біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы  ретпен жалғаса береді. Суретпен  жұмыс. Мысалы: ағаш  сөзіндегі  ғ  дыбысының  орнын  тап. III  апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру   кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз(қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»       Оқулықпен  жұмыс. Сөздерді  аяқтау, буындарды  оқыту.  Та­ға, ға­лам, са­ғат, ға­рыш, т.б Әліппе дәптермен жұмыс.  Ғ әрпін бастырып жазады. ­ҒА,­ҒО,­ҒУ.  А­ҒА, А­ҒАШ, ТА­ҒА,  буындарын айтқызу. IY.Сергіту сәті. IY  апта Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Психологиялық  дайындық.  Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Тапсырма: дәптердегі   сызықтарға  қарап   Ғ  әріпін  үзік  сызықтар  арқылы   сызып   үйрену.   Ғ­ғ­ғ­ғ­ғ  қолдары  жаттықтырғанша  жазып  үйрену. Ойын: «Сөз  ойла – тез  ойла» Ойын: "Ғ" дыбысын тап.  АӘБИҒШЗТНКҒ  V. Бекіту. «Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.    VII. Бағалау. Балаларды  жеке­жеке мадақтау.

«Т дыбысы мен әрпі»

«Т дыбысы мен әрпі»

«Т дыбысы мен әрпі»

«Т дыбысы мен әрпі»

«Т дыбысы мен әрпі»

«Т дыбысы мен әрпі»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2018