Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
Оценка 4.9

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Оценка 4.9
docx
26.12.2019
Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
18.11.19 урок.docx

 

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 4- бөлім. Достық пен татулық-таптырмас бақыт

Мұғалімнің аты-жөні: Сактаганова Ж.Х.

Мектеп:  № 16 орта мектеп Қостанай қ

Күні:18.11-19.11

Сынып: 8   Б,В                                                  

Қатысқандар:                                                                      Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Осы сабақта қол жеткізілетін  оқу мақсаттары

8.1.5.1.тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау;

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

Сабақ мақсаты

1.      Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру;

2.      Тірек сөздер арқылы өлеңнің негізгі ойын анықтау;

3.      Тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу;

Бағалау  критерийі

·         Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

·         Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

·         «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар

Қажетті сөз тіркестері: Бір тойым,қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін

Пікіталас үшін пайдалы сөз оралымдары: менің ойымша, меніңше, дегенмен, мен бұған келісемін/келіспеймін, себебі...

Құндылықтарға баулу

Өлеңдегі негізгі ойды ашу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін білуге баулу;

-          шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-          өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-          қарым-қатынас жасау қабілеті құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыс

Сабақ мазмұны әдебиеті пәнімен кіріктірілген, пікірталас әрекеті қоғамтану, әлеуметтану салаларымен байланысты

Алдыңғы білім

Оқугшылар бұған дейін тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтауға дағдыланған, тірек сөздерді табу біліктері қалыптасқан, алайда көзқарастарын білдіру дағдыларын шыңдауды қажет етеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау.

Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі

Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді.

 

Алдыңғы білімге кері байланыс

ТЖ. «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар үш-үштен топтасады, бір оқушы мазмұндайды, екінші оқушы тыңдайды, сұрақ қояды, үшінші оқушы жазып алады. Сосын рөлдер ауысып отырады

Топтастыру. «Шақыру билеті, той гүлі, киіз үй» суреттері бойынша топқа бөлінеді.

С. «Миға шабуыл» әдісі

-          Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

-          Салт-дәстүрлерге байланысты не ұйымдастырылады?

-          Сендер қандай тойларда болдыңдар?

-          Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты: Т.Айбергеновтың «Бір тойым бар» өлеңімен танысу, негізгі ойын анықтау.

Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Картинки по запросу дружбаКартинки по запросу той той думан

Картинки по запросу той той думанКартинки по запросу төлеген айбергенов

 

Оқу мақсаттарымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу той заттарыКартинки по запросу той заттары

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалымалды жұмыстары

С. Сөздікпен жұмыс

Сөздердің синонимдік қатарын анықтайды.

Сәби - младенец

Қарт – старец, старик

Той – праздник, свадьба  Жеңге – сноха  Ұран – клич, девиз

Кемпір – старуха  Етегін – подол   Сабылдыртам - измучить

Тыңдалым кезеңі

С. Өлеңді мұқият тыңдап, басты ақпараттарға назар аударыңыз.

 

Бір тойым бар

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ...бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін...

Т.Айбергенов

Тыңдалымнан кейін

Ж. «Негізгі бес сұрақ» әдісі

Берілген сұрақтар бойынша жауап беріңіз.

1.Өлең не туралы?

2.Той қашан болады?  3.Тойдың ұраны қандай?

4. Қарттарға нені сағындыртады?   5. Сәбилерге кімді үлгі етеді?

Бағалау критерийі:  •         Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Дескриптор:

-          сұрақтарға жауап береді;

ҚБ. Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді. Сұрақ қою, түсіндірме

 

ЖЖ. «Кластер» әдісі

Өлеңдегі тірек сөздерді тауып, негізгі ойын анықтаңдар.

Ықтимал жауаптар: бір тойым, қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін

 

Бағалау критерийі: тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

Дескриптор:

-          өлеңнен тірек сөздерді табады;

-          негізгі ойды 1 сөз/сөз тіркесімен көрсетеді;

ҚБ. Өзара бағалау.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі.

1-қабат – түсінгені туралы

2-қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек, қалай өзгерту керек.

3-қабат – болашаққа ұсыныс береді, маған ұнады, алайда ........

Жазылым тапсырмасы.

Жақын достарыңызды жинап той өткізу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Осындай той достықты нығайтуға септігін тигізе ме? Өз ойыңызды осы өлең жолдарын дәлел ретінде қолданып жазыңыз. Жұмысыңызда біріңңғай мүшелерді, төл сөздерді, сұраулы сөйлемдерді қолдана отырып тыныс белгісінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Сөз көлемі 70-80 сөз.

 

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы бірнеше оқушы өз ой толғауларын оқиды. Қалған оқушылар өздері қызықтырған жердегі тыныс белгі қалай қойылғанын сұрайды.

 

«F» бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар.

·         Тыныс белгілерді орынды қолданады

·         Өз ойын жеткізе алады

·         Өлең жолдарынан дәлел келтіреді

Жаңа сөздерді қолданады

 

Ж. «ПОПС» формуласы

«Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға өз пікірлеріңді білдіріңдер.

 

Бірінші сөйлем. Менің ойымша .................

Екінші сөйлем. Себебі мен оны .............. деп түсіндіремін.

Үшінші сөйлем. Оны мен .................... фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.

Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен .......... деген түйін жасадым.

 

Диалог және қолдау арқылы саралау:

А. Бұл оқушылар дәлелдеме келтіріп, пікір білдіруге жетелемейтін нақты сұрақтар бойынша ғана жауап береді.

В. Бұл оқушыларды ойды ашып айтуға бағытталған ашық сұрақтар арқылы мұғалім дәледі көзқарас айтуға жетелейді.

С. Бұл оқушылар формулаға сүйеніп, өз ойларын ашық айтады.

 

Бағалау критерийі: •          «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді

Дескриптор:

-          клишені қолданып сөйлейді;

-          пікіріне өлеңнен дәлелдер келтіреді;

ҚБ. Өзара бағалау. «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиожазба

 

Г.Косымова «Қазақ тілі мен әдебиеті» электронды оқулығы, «Мектеп» баспасы, Алматы қаласы 2018 жыл.

 

http://expert.mektep.kz/ru/shop/48649-8_klass/49630-aza_tl_men_debijet/1

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

Рефлексия. «Шығу парағы» әдісі

Бүгін сабақта не білдіңдер? Бұрын не білетін едіңдер?Қанша жаңа сөз үйрендіңдер?

1.      Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер ме?

«Шығу парағын» пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

парақтар

 

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау, құндылықтарды сіңіру

Сыныптағы саралау жұмысы диалог және қолдау арқылы арқылы жүзеге асырылды. Жеке жұмыс барысында барынша қолдауды қажет ететін оқушылар дәлелдеме келтіріп, пікір білдіруге жетелемейтін нақты сұрақтар бойынша ғана жауап берсе, орташа қолдауды қажет ететін оқушыларды мұғалім ойды ашып айтуға бағытталған ашық сұрақтар арқылы дәледі көзқарас айтуға жетелейді. Қолдауды қажет етпейтін оқушылар формулаға сүйеніп, өз ойларын ашық айтады.

Сыныптағы бағалау оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстарына кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Керібайланысберуде мұғалім бағалау критерийлері мен дескрипторды негізге алады. Қалыптастырушы бағалау«Мадақтау сэндвичі», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы жүргізіледі. Сабақ соңында «Шығу парағы» әдісі негізінде жүргізілетін рефлексия келесі сабақты жоспарлауға негіз болады.

Оқушылардың сабақтағы физиологиялық, психлгиялық дамуларын сақтау мақсатында  «Жылы лебіз», «Үш қадам сұхбат», «Миға шабуыл», «Негізгі бес сұрақ», «Кластер», «ПОПС формуласы» сияқты белсенді әдістеріне негізделіп құрылды.  Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында сынып сабақ өткізуге қажетті құралдармен, АКТ-мен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?

 

 

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: Сактаганова Ж7Х7

Мектеп

№16 орта мектеп Қостанай қ

Сынып:  9АБВ

 

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәтиже  сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.5.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі,  құрама атауларды дұрыс жазу

9.5.1.1 ырықсыз етістің қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда  орынды  қолдану

Сабақ                 

мақсаттары

Барлық оқушылар:  Өмірге деген қызығушылықтарын арттырады;  сүйіспеншілік құндылығы арқылы өмірдің мәнін түсінеді

Көптеген оқушылар:  Жаңа білімді меңгереді, талдайды;

Кейбір оқушылар:  Айнала қоршаған адамдарға ізгі ниеттерін дамытады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар сыйластық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерінің маңыздылығын түсінеді, қарым-қатынаста қолданады.

Тілдік  мақсаттар

 

Ниет – адамның өзгеге бағытталған түзу,дұрыс ойы.

Құндылықтарды

дарыту

-          жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;

-          топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;

-          өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; 

-          топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Аудиоплеер

Бастапқы білім

 

Табиғаттан нәр алып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

 

Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т ережесі-тәртіп, тыныштық, талап, тазалық, татулық.

Оқушыларды топқа бөлу. Түстер арқылы топқа бөлу.

Сары түс –«Отбасы» тобы

Қызыл түс – «Достық» тобы

Жасыл түс – «Қоршаған орта» тобы

Көк түс – «Мектеп» тобы

Тыныштық  сәті. «Достық елі»

- Балалар, денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жайлап жұмамыз. Өздеріңді ұшқыш кілемге отырып, «Достық еліне» сапар шегіп барамыз деп елестетіңдер. «Ұшқыш кілем» көкке көтеріліп барады. Алдымыздан қоңыр жел есіп тұрғандай. Ашық аспан биігінен қарасақ биік-биік таулар мен шексіз далалар, ну ормандар мен тоғайлар, көлдер мен шөлдер артта қалып бара жатқандай. «Достық еліне» де келіп жеттік. Нұрдан төгілген жан жылулығы бой-бойымызға тарап бара жатқандай. Өйткені, достық-сыйластық пен жылылықтан құралады. Көзімізді ептеп ашайық. -Кім қандай әсерде болды?

Үй тапсырмасын тексеру. «Табиғатты аялайық» эссе. Әр топ ішінен үздік эссені анықтап, оқу.

Ой қозғау. Жаңа тақырыпты ашу.

-          Оқушылар топтарыңызды не біріктіреді деп ойлайсыздар? «Әлем».

-          Біз өмір сүріп жатқан әлем қандай?

-          Бүгінгі сабақтың тақырыбы...?

 

 

 

 

Релаксация: (баяу музыка әуені ойналады)

 

 

 

Топтар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды.

Өте жақсы

Жарайсың

Сенің қолыңнан келеді

 

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Сабақтың соңы 

 

Мәтінмен жұмыс.Қызыққа толы қас қағым 

Тапсырма бойынша оқушылар мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.

1.    Ақылды адам ерінбейді.

2.    Ашу – дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

3.       Ақылдан жақын дос бар ма?

4.     Ақыл азбайды, білім тозбайды.

VII Ойын-жаттығу

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын» қолдарына кезек-кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын,өйткені.....» деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өткені болмашыға ренжімеймін» және т б

 

 

Дүниежүзілік музыка мәдениетінің қорын байытқан сазгерлерді ата

1.  Ғылым мен техника

2.  Әдебиет пен өнер

3.  Музыка

Композиторлар

Шығармалдар

Мазмұны

 

Оқу мақсаты бірге талқыланып, сабақтың бағалау критерийін (БК) оқушылар өздері құралы. Мұғалім БК соңғы нұсқасымен таныстырады.

«ЕҢ МӘНЕРЛІ ОҚУ»

Оқушылар ақын Айбатыр Сейтақтың «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты өлеңін  мәнерлеп  оқиды.  Қарамен белгіленген сөздерге назар аударып, жұпта талқылайды.

 

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

 

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

 

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

 

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

“Халқыма адалмын!” депАта Заңға

Елбасы қолын қойып Ант береді!

 

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

 

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңыммызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

 

 Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім-шарт жасасқан барлық шетел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

 

Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын,

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

“Бұл біздің – Ата Заң” деп мақтанатын!

 

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып,қастерлеген

АтаЗаң – Азателдің Ар-намысы!

 

Бағалау: Мұғалімнің бақылауы мен кері байланысы

 

Жұптық жұмыс

Теориялық материал

 

Ырықсыз етіс
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б.

Тапсырма

Мұғалім ырықсыз етіс туралы теориялық   ақпаратты ұсынады. Оқушылар ақпаратты негізге ала отырып, «Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!» атты ойтолғау жазады. Ата Заң, Елбасы, Отан, Ар-намыс,  Азат ел деген күрделі-құрама сөздерге көңіл бөліп, ойтолғаудың ішінде орфографиялық тұрғыдан дұрыс қолданыңыз.

 

Дескриптор:

мәтіннің  жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,  ойтолғау жазады;

ырықсыз етісті жазылымда орынды қолданады;

грамматикалық, пунктуациялық норманы сақтайды;

күрделі құрама атауларға көңіл бөледі.

 

«Автор орындығына» отырып, оқушылар ойтолғауды сынып алдында оқып береді. Дескрипторға сүйене отырып, өзара жұптар бір-бірін бағалайды.

 

Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс)

   1-топ: Отбасы. Сахналау.Отбасылық өмірдің қызықты кездерін, отбасы мүшелерінің өмірінің қызғылықтығы.

   2-топ: Достық. Өлең шығару.

 3-топ: Қоршаған орта. Танысқан  материалды (мұғалім сыйын) суретпен бейнелеу.

4-

Бекіту (3 минут)

- Көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

 - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

 - Жақсы ой ойлайық, жақсы іс жасайық, жүрегімізде сақтайық, іс жүзінде асырайық.

 - Енді көздеріңді аша қойыңдар. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Үй тапсырмасы (1 минут)

«Өмірімнің қызықты сәттері» жоба құру.

Рефлексия (1 минут)

Үнтаспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі қағаздар

Смайлик арқылы бағалау қызыл, сары, жасыл

 

 

 

 

 

Дәптер, түрлі түсті бояулар, қайшы, смайликтер.

Смайлик арқылы бағалау. Өте жақсы, жарайсың, сенің қолыңнан келеді.

Интерактивті тақта

Дифференциация – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс;

денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс,

   құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу  түрінде күтіледі.

 Смайлик арқылы бағалау бойынша

Қалыптастырушы бағалау оқушылар жеке деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып білімдерін нақтылайды, оқушылар смайликтермен бағаланады.

Қазақ әдебиеті, музыка пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.12.2019