Сүт - өте бағалы өнім. Сүт – ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі болып табылады. Сүт өсімдік өнімдерімен және мал өнімдерімен қосылып, адам тағамының биологиялық құндылығын арттырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай – ақ дәрумендермен біріге отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.
ӘОЖ 658.516(574)
ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА СҮТ ТАҒАМДАРЫНЫҢ САПАСЫН
СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
Канагатова А.У., Токанбаев А.Е.
kanagatova1975@mail.ru
Сүт өте бағалы өнім. Сүт – ақ амин қышқылдарының, макро және
микроэлементтердің, дәрумендердің таптырмайтын көзі болып табылады. Сүт өсімдік
өнімдерімен және мал өнімдерімен қосылып, адам тағамының биологиялық құндылығын
арттырады. Себебі, сүт ағзаға түсетін қоректік заттардың жалпы көлемін ғана арттырып
қоймай, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздармен, сондай – ақ дәрумендермен біріге
отырып, ағзаға сіңу үшін өте қолайлы жағдай туғызады.
ə
Сүт барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100
грамм сүтте 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген
мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондайақ белгілі мөлшерде А1,
В2, Д дәрумендері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл дәрумендер қыстағыдан
ед уір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы
негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады.
Сүт ақуызының 7596 пайызы организмге сіңімді келеді. Сүт құрамындағы лактоза қанты тез
ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және
бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондайақ, 60тан астам фермент,
әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық
заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т.б.), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3) микроорганизмдер
болады.
Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар
әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз биенің
сауылған сүті саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш
қуат беретін сусын. Сүт сауын малдан, яғни жылқыдабиеден, түйеден, сиырдасауын
сиырдан, қой, ешкідесаулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық
сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын
тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы
ақтың орнын басқамен айырбастамайды. "Аузы аққа тиді", "уызында жарыған" немесе
"уызында жарымаған" деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор
екенін көрсетеді.
Сүт – адам мен сүтқоректі жануарлардың сүт безінде лактация кезеңінде түзілетін
сұйық зат.
Сүт бағалы тағамдық өнім. Ана босанғаннан, мал төлдегеннен кейін алғашқы күндері
сүт уыз түрінде шығады. Ана сүттінің уызы сәбиді әртүрлі аурулардан қорғайтын затқа
(антиденелерге) бай. 710 күн өткен соң сүттің әдеттегі құрамы қалыптасады. Ана сүтінің
құрамы сәбиге қажетті қоректік заттар, гормондар (әсіресе, қалқанша бездің гормоны),
ферменттер, ақуыздар, көмірсулар мен витаминдерге бай болғандықтан сәбидің организмі
оны жақсы сіңіреді. Сондайақ сүт құрамындағы минералды тұздардың (кальций мен фосфор)
сәбидің қаңқа сүйегінің қалыптасуына әсері зор. Сондықтан баланың дұрыс дамып, өсуі үшін
жас сәбиді ана Сүтімен емізудің маңызы өте зор [1].
Мал сүті құнды тағамдық зат, одан әртүрлі сүт тағамдары, май, балмұздақ, т.б.
жасалады. Адамның күнделікті тағамдық рационында сиыр сүті көп пайдаланылады. Сиыр
сүтінің құрамында су (87,5%),
сүт қанты (4,7%), май (3,9%), ақуыздар (3,3%), минералдызаттар (0,7%), витаминдер мен ферменттер бар.
Мал сүтінің құрамындағы ақуыздар:
альбуминжас организмнің өсуі; глобулин иммунитеттің қалыптасуы үшін қажет. Сүт майы
глицеридті қоспалардан тұрады. Салқындатылған сүтте май түйіршіктерінің диам. 0,120 мкм
болатын суспензия, ал жаңа сауылған сүт пен ысытылған сүтте эмульсия түрінде болады. Осы
түйіршіктер сүт біраз тұрғаннан кейін оның бетіне кілегей болып жиналады.
Сүт лактозасы (дисахарид) таза күйінде ақ түсті, кристал тәрізді ұнтақ. Оны айран, қымыз
ашыту үшін және медицинада,бактериологияда қоректік орта дайындау үшін қолданады.
Сүттің минералдық құрамы:
макроэлементтер (кальций, фосфор, натрий, калий, күкірт, хлор, магний, т.б.)
микроэлементтерден (цинк, мыс, темір, күміс, т.б.) тұрады.
Сондайақ ферменттер, гормондар, иммунды денелер, газдар да кездеседі. Сүт
құрамындағы вегетативті микробты (оның ішінде патогендік түрін) жою үшін пастерлеу әдісін
қолданады.
Сүт тағамдары сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде
сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық
сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған
сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, қымыз,құрт, сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден
белгілі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”,
қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт
өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИОС”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді
шығарады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше
мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ
түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы,
жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін
ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де
пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам
организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт
қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол
денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүт; түйе сүті; қой ешкі сүті; сиыр сүті
делінеді.
Ал, жас төлдеген малдың алғашқы бір – екі күнгі сүті уыз болады. Сиыр көктемгі және
жаз айларында күніне үш рет, күзге қарай суала бастаған кезде екі рет сауылады. Қой тал
түсте қосақталып бірақ рет, бие сағат сайын, тіпті одан да жиі сауылады. Інгеннің сауымы да
бие тәрізді деуге болады, бірақ биеден гөрі сиректеу сауылады.
Қой мен ешкі мамыр айынан бастап тамыз айына дейін сауылады. Қой, ешкіні сауғанда
төлін салып идіріп сауу, қосақтап қойып төлсіз сауу сияқты екі түрлі әдіс қолданылған.
Салып сауу көбінесе төлдердің жас және өрістететіп бөлек бағуға еркін жарай қоймаған
кезінде болған. Бұл кезде қозы, лақ көгенде немесе керегеден, шетеннен, шиден істелген
қоршауда ұсталып, сауарда ғана емізіледі.
Екінші әдіс түрі қосақтап сауу. Мұнда сауылатын қой ешкі төлдері бауырына
салынбайды. Олар өрісте бөлек бағылады. Саулықтар мен ешкілер арқанға тізіліп,
қосақталады да, бір шетінен сауыла бастайды. Мұндай қой матаудың түрін «қосақ» немесе
«қой қосағы» дейді. Өйткені қой қосақтау қазақ тіліндегі «бие қосақтау» деген сөздің
ұғымынан басқарақ. Қойды қосақтағанда оларды қатарластырып емес, қарама – қарсы
тұрғызып, бастарын айқастырып, екіекіден арқанға шалып қояды. Сонда ұзын қосақталған
қойлардың бастары біріңғай ортаға келіп, артқы қосақтың екі жағында қатарласып тұрады.
Өйткені, қой, ешкі басқа малдардай, бір жақ жанынан емес, тура артында отырып сауылады.Қосақта тұрған саулықтар, әдетте бір шетінен бастап, түгел сауылады, бұл «бірінші сауым»
делінеді, одан кейін екінші рет сауылады, бұл «жебе сауу» деп аталады. Содан кейін қой
ағытылып, қозысымен жамыратылады. Мұны «қозы жамырату» дейді. Жамыраған қозылар
енесін еміп, 23 сағат бірге жайылғаннан кейін кешқұрым қайта бөлінеді. Бұл «қозы бөлу»
делінеді [2].
Қай түліктің болса да соңғы иіндісі, соның ішінде қойдың жебе сауған сүті қою, әрі
майлы, жұғымдылығы да жақсы келеді. Мұны қазақ шаруалары ғасырлар бойғы бай
тәжірибелерінен жақсы біледі.
Кейбір себептермен бұзау немесе қозы өліп қалған жағдайда енесінің суалып кетпеуі үшін
оған басқа малдың төлін телиді. Мұндайда бір төл екі енені қатар емеді. Ал, төлдің өз енесі
өліп, жетім қалса оны өлтірмеу, сүтсіз қалдырмау мақсатымен басқа малдың бауырына салып
телиді. Мұнда екі енеден туған екі төл бір енені емеді. Соған қарай «тел құлын», «тел қозы»
дейтін атаулар қалыптасқан.
Сиырды күн сайын 3 рет, бұзауын салып, идіріп сауады. Бұзау бөлек бағылады немесе
тұмылдырық, сірге кигізіп енесімен бірге жібереді. Жоғарыда айтылған артықшылығы
бойынша сиырдың соңғы иіндісін шайға қатып, бөлек сауған.
Інген тез исініп кетеді, сондықтан оны тез сауу қажет. Осыған байланысты кей уақытта
оның екі жағында түрегеп тұрып екі әйел сауады. Бие тез исінеді, оны сауған кісі құлынын
салып, идіргеннен кейін бір қолымен оң жақ санының алдынан, екінші қолымен сол жақ
санының артынын құшақтай отырып тез сауады. Бие емшегінің үрпі кең және жұмсақ келеді.
Сондықтан оны тезтез саумаса сүт ағып кетеді немесе исініп сүті тоқтап қалады. Бұзау мен
қозының немесе құлын мен ботаның емген уақытта енесінің желінін түрткілеп еметіні белгілі.
Өйткені желінді шайқаған сайын сүт мол келеді. Сондықтан да қосақтағы қойды сауған
әйелдер әлсін әлсін желінін жұдырықтап отырады. Сонымен қатар қай малды сауғанда да
қол құрғамау үшін сауыншы екі қолын әлсін әлсін жылы сүтке малып, дымдап отырады.
Қазіргі кезде сауда жүйелерінде, мемлекеттік сүт зауыттарында, сонымен қатар сауда
жүйелері мен жеке меншік фирмаларда қолдың сүті және т.б. сүт өнімдері көптеп кездеседі.
Осы өнімдердің ішінен сапалы және адам денсаулығына зиян келтірмейтін сүттер де бар. Осы
мақсатта әртүрлі сүт түрлерін қарастырсақ, мысалы, қолдың сүтін, пастерленген және
стерилденген сүт түрлері алынып салыстырылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес
олардың сапасын қарастыруға болады.
Сүт ешқандай азықтүліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім.Өйткені
сіңеді. Сондайақ сүт амин
организмге оның құрамды бөлігінің 9598 пайызы
қышқылдарының, макро және микроэлементтердің, витаминдердің таптырмайтын көзі.
Сүттегі жұғымды заттардың жиынтығы тағамның ешбірінде жоқ. Сүт ақуыздары –
казеин, альбумин, глобулин өте құнды болып саналады.
Сүт майы жаңа сауылған сүттің беткі жағында протеиннің жұқа адсорбциялы қабатына
бөлек түйіршікті эмульсия түрінде кездеседі. Сүт майы ең бағалы тағамдық майлардың
қатарына жатады. Оның өзіндік ұнамды иісі бар, дәмді, қоректілігі жоғары және оны организм
жақсы сіңіреді. Сүт майының құрамына ұзын және қысқа талшықты көміртегі атомдарынан
құралған майлы қышқылдар кіреді[3].
Сүт қанты (лактоза) жануар тектестілерде ең негізгі көміртегі болып табылады. Ол
сүтте нағыз ерітінді түрінде кездеседі және сүт қышқылы мен спирт болып оңай ашитын,
глюкоза мен галактозаның жылжығыш формасы түрінде көрінеді.
Минералдық заттар сүтте органикалық тұз және органикалық емес қышқылдар түрінде
кездеседі. Сүттің құрамында өлшемді мөлшерде кальций, фосфор, калий, натрий, магний,
марганец, темір, мырыш, мыс, кобальт, стронций, күкірт, йод және көптеген басқа металдар
мен металлойдтардың шашырындалары бар.
Сүттің қоректілік қасиеті малдың тұқымына, сауылу маусымына, малды бағып,
азықтандыру жағдайына және оның денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Сиыртуғаннан кейінгі бес күн бойы сауып алынған уыздың кәдімгі сүттен үлкен айырмашылығы
бар.
Жемшөп майы сиыр организмінен сүтке біренсарандап өзгеріссіз өтіп отырады. Егер
сауын күнжарамен барынша азықтандырса, онда мұның құрамындағы май сиыр майына май
қышқылын береді. Ал май қышқылы күнжарада өте көп, сондайақ бұл сары майдың
консистенциясы мен дәміне өзіндік әсер етеді. Кейбір мал азықтары сүт пен сүт
тағамдарының сапасына да әсер етеді, дәмін, түсін, иісін, түрін және консистенциясын
өзгертеді. Дәрілік өсімдіктер, жуа, сарымсақ, мұнай өндіруге қажетті заттар мал организміне
барысыменақ сүтке өзгеше иіс береді. Сиырлар бұршақ сабанымен, дала қызғалдағымен
барынша азықтандырылғанда, жаңғақтың, альханың, тозғанақтың жапырақтарын, жусанды,
ақселеуді тағы басқаларын жегенде сүтке қолайсыз қышқыл дәм береді. Мал азығының
құрамына кіретін мұндай өсімдіктердің әсерінен, сүт өзінің түсін опоңай өзгертеді.
Жаңа сауылған сүттің дәмі жағымды, аздап тәтті, түсі ақшыл сары. Әрбір малдың
сүтінің өзіне тән иісі бар. Оны жабық тұрған ыдысты ашқан уақытта сезуге болады.
Консистенциясы бірқалыпты сұйық болады. 1 кестеде мал сүтінің құрамындағы қоректік
заттар құрамы көрсетілген.
Кесте 1. Мал сүтінің құрамындағы қоректік заттар құрамы (%)
Мал түлігі
Сиыр сүті
Бие сүті
Ешкі сүті
Қой сүті
Түйе сүті
Құрғақ зат
12,5
10,3
13,4
18,2
13,6
Майлылығы
3,8
1,25
4,4
6,7
4,5
Ақуызы
3,3
2,15
3,6
6,3
3,6
Лактоза
4,7
6,5
4,9
4,3
5,10
Судың массалық үлесі сиыр сүтінде 86%. Айтып отырған себебіміз су барлық
органдардың құрамына кіріп, онда әртүрлі қызмет атқарады.
Сүт ақуызы табиғаттағы ең толық бағалы ақуыз болып есептеледі. Организмде сүт ақуызы
100% ке дейін қорытылады, сіңімділігі 98% ке дейін барады. Сүт ақуызын салыстырғанда
өсімдік ақуызының сіңімділігі 7080% қана болады.
Сүт ақуызының массалық үлесі 3,3 3,4%.
Микроорганизмдердің әсерімен сүт қанты ашиды, сол кезде әртүрлі қышқылдар (сүт
қышқылы, май, пропион қышқылдары), спиртте (этил, бутил, т.б.) және күкірт қышқыл
газдары пайда болады. Микроорганизмдердің түріне қарай сүт қышқылын, спирт қышқылын,
пропион қышқылын және май қышқылын түзе ашиды.
Сүттің сүт қышқылын түзіп, ашуы әртүрлі ірімшіктер, айран, сүзбе тағы басқа өнімдер
дайындағанда пайдаланылады.
Сиыр сүтінің құрамында 6% ке дейін сүт майы болады. Сүт майы әртүрлі май
қышқылдары мен глицериннен тұрады. Сондайақ сүт майының құрамында қаныққан және
қанықпаған май қышқылдары бар. Сиыр сүтінің майында басқа мал майына қарағанда төменгі
малекулалы (май, капрон, лаурил, каприл) май қышқылдары көп кездеседі. Бұлар сары майға
жағымды иіс беріп, тамақтың маңызын арттырады. Сүт майындағы алмастыруға келмейтін
линол, линел, арахидон май қышқылдары организмде түзілмей, тек қана сүт тағамдарымен
келеді. Сүт тағамдарын жасауда жоғары молекулалы (стераин, олеин) май қышқылдары сары
майдың консистенциясы қатты, ал төменгі малекулалы май қышқылдары көп болса, онда
майдың консистенциясы жұмсақ болады. Сары майдың қатты немесе жұмсақ болуы кей
кездерде жемшөптің құрамына да байланысты.
Сүт майының тағамдық маңызы жоғары болғанмен кейбір кезде осы қасиетін
холестериннің төмендетіп жіберетіні бар. Холестерин қан тамырларының қабырғаларынақабаттасып, организмнің атеросклероз ауруына шалдығуына әкеп соқтырады. Сондықтан
адамдар сары майды, кілегейді көп қабылдауға болмайды.
Организмдегі барлық биохимиялық процестерге қатысатын микроэлементтердің көбі
сүттің құрамында болады. Олар: темір, цинк, марганец, йод, молибден, мыс, фтор, бром,
алюминий, бор, қорғасын, күміс, титан, никель, литий, кадьмий тағы басқалар.
Микроэлементтердің көбі ферменттердің құрамына кіріп, клеткаларда жүретін
реакциялардың жылдамдауына көмегін тигізеді. Микроэлементтердің жетіспеушілігінен
организмнің зат алмасу процесі бұзылады. Мысалы темір көбінесе қандағы гемоглобиннің
құрамына кіреді, сонымен қатар мидың сыртқы қабығында да кездеседі. Мыс көбінесе
казеиннің құрамында болады. Цинк альдеолаза, карбогидраза, сілтілік фосфотаза
ферменттерінің құрамына кіреді. Ол, әсіресе, уыз құрамында өте көп [4].
Талдықорған қаласы бойынша сүттің сапасын тексеру үшін бірнеше сүт түрін
қолдандық. Олар «Шадринское», «Арқабаев» және табиғи сүті.Сүттің сапасын анықтау
үшін келесі әдістерді қолдандық:
1. Сүттегі сода қоспасын анықтау.
2. Сутегі крахмал қоспасын анықтау.
Зерттелген сүттер мемлекеттік стандарт талаптарына сай, нормадан аспайтынын
анықтадық.
Өндіріске түсетін сүтті ГОСТ 362467 талаптарына сәйкес бағаладық.
Сүттегі сода қоспасын анықтау.Тәжірибе шынышағына қысқышпен 3 мл сүт
тамыздық. 3мл этил спиртін қостық. Шынышағының ішіндегіні жақсылап араластырдық.
Қосындыда қабыршықтардың пайда болуын байқадық.
Ал «Шадринское», «Арқабаев» және табиғи сүтінде сода байқалмады. Үш сүтіміз де
сары түске боялды, яғни құрамында сода жоқ.
Сутегі крахмал қоспасын анықтау.Сүтке крахмалды оған су қосылғандығын
білдірмеу үшін қосады. Бұл әдіс крахмал құрамына енетін амилоза иодының жойылысымен
негізделген, көк түсті адсорбционды қосынды түзіледі.
Тәжірибе шыңысына қайнаған,
бөлме температурасында суыған сүтті
құйдық.Тамызғыш пипеткамен 34 тамшы иод қостық. Қоспаның түсінің өзгеруін бақыладық.
Егер көк түс пайда болса, онда сүтте крахмал бар екендігін білдіреді.
Шикі сүттегі крахмалды анықтау. Бұл әдіс аммиактың немесе аммони тұзының шикі
сүтте табиғи жағдайда көп болуын анықтайды және Несслер реактивінің өзара әрекеттесу
кезіндегі сүттен сары судың бөлінуін түсінің өзгергені байқалады (сурет 1).
Сурет 1. Шикі сүттегі крахмалды анықтауНәтижесі: Сүттің құрамында крахмал байқалмады. Сүтте су құрамының
байқалмайтынын көреміз.
Қорытындылай
келе, біз сүттің ежелден келе жатқан өте бағалы өнім екенін
білдік. Күнделікті қолданылатын осы тағамның сапасы адамзат ағзасының денсаулығына
әсерін тигізеді.
Сүттің құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы
халықтың талаптілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару – сүт өңдейтін орындардың міндеті
болып табылу керек. Сондайақ сүт өндіретін шаруашылықтар құрамында майы, ақуызы,
дәрумендері жеткілікті сүт саууға тырысу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық
тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965364141
2. Костылев Ю.С., Лосицкий О.Г. Испытания продукции. М.: Издво стандартов, 2001. – 248
с.
3. Исследование продовольственных товаров. Уч. пособие /В.Г. Базарова, Л.А. Боровикова и
др. 2006. – 256 с.
4. Агрономия негіздері. Қ.Әрінов,А.Нағымтаев2007. Астана