«Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайыс-сабағы (5 класс)
Оценка 5

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайыс-сабағы (5 класс)

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
5 кл
01.04.2017
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайыс-сабағы (5 класс)
Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, қызығушылығын арттыру. Күтілетін нәтиже: оқушы қалай ойлау керектігін үйренеді, ынталы, өзіне сенімді, еркін өз ойын дәлелдей алады, сыни көзқараста пікір айта отырып тұжырым жасай біледі. Оқушылар бір-бірінен үйреніп, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуді және бағалауды үйренді
Тапқырлар.docx
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»  Сайыстың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой  ұшқырлығын,  қызығушылығын арттыру.  Құралдары: «Дұрыс шешімін тап » көк түске, «Сұрақ­жауап» қызыл түске,  «Ойлан да, тап» сары түске, «Құпия сырын аш» жасыл түске боялған 4 тор  көзді слайд, ұпайлар жазылған көк, сары,қызыл, жасыл карточкалар, таза  парақтар, слайдтағы тапсырмалар.  Ойынға қатысушылар: «Тапқырлар»,«Алғырлар»,«Ептілер» , «Зеректер»  оқушылар топтары.  Ойын шарты: 4топ 4 үстелді дөңгелектене отырады.  Ойын бойы топтар кезекпен бір түсті тор көзді таңдайды.  Көк тордағы тапсырма әр топқа жеке беріледі. Дұрыс жауабын тапса, 5 ұпай  беріледі, таппаса, онда дұрыс жауап тапқан топқа беріледі.  Сары тордан таңдаса 1 сұрақ жалпы қойылады. Әр топ есептің жауабын  жазбаша түрде береді.Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпайдан  беріледі.  «Құпия сырын аш» жасыл тордан таңдаса, 1сұрақтағы жасырынған зат  жұмбақталып айтылады. Жұмбақталған заттың атын әр топ қағазға жазып  береді. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 2 ұпайдан беріледі.  Қызыл тордан таңдаса, әр топқа жеке сұрақтар қойылады. Әр топ 1 минутта  қанша сұраққа жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады.  Әр бөлімге берілетін ұпай саны:  Көк түс­ 5 ұпай.  Жасыл түс­ 2 ұпай.  Сары түс­ 3 ұпай.  Қызыл түс­ қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай. Ойын барысы: 1) Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Ауыздан­ауызға таратылып, ұрпақтан­ұрпаққа жалғасып келе жатқан  халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл  есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адам ойының ұшқырлығы  ескеріледі Ойынның қорытындысы: Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның  қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапатталады. «Тапқыр болсаң –  талас жоқ», деп текке айтылмаған. Әр адам өзінің ой ұшқырлығымен,  тапқырлығымен, шеберлігімен елінің көркеюіне үлес қоса алады.

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайыс-сабағы (5 класс)

«Тапқыр болсаң, талас жоқ» сайыс-сабағы (5 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017