ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Өскемен қаласы әкімдігінің Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі
Тарихтағы цифрлар
( Қазақстан тарихынан әдістемелік құрал)
қысқартылған күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісінде
«Қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігі»
Камбасова М.М., Мухамадиянова А.М., Бигельдинова А.С.
Түсініктеме
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты Қазақстан тарихындағы білім жаңаруда.
Таңдау курсында берілген материалдар Отан тарихына деген ынта мен қызығушылықты арттыра түсуге, сонымен бірге осыған дейін алған білімдерін тереңдетуге бағытталған.
Курс өткізуші ұстаз негізгі мектеп бағдарламасына сүйеніп, қосымша сабақ ретінде оқытылатын курста тарихи оқиғалар тізбегі, терминологиялық сөздік, сандық-сапалық көрсеткіштермен қатар, ортағасырлық саяхатшылар, тарихи қайраткерлер туралы мәліметтер ұсынады, сол ақпараттарды қайталайды, бекітеді.
Таңдау курсы «Қазақстан Республикасының жалпыға орта білім беру» мемлекеттік білім стандартының Қазақстан тарихы пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламасының негізінде жасалды.
Бағдарлама Қазақстан тарихын толық қамтитын тақырыптарды құрайды. Бағдарламада қазақ мемлекеттілігінің тарихи-өркениеттік бастаулары, даму, өрлеу тарихы, әсіресе Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихы жүйемен берілген.
Мақсаты: Қазақстан тарихынан мағлұмат ала отырып,қоғамдық ой-санада орын алған елеулі өзгерістерге орай тарихи процеске көзқарас та мүлде жаңа арнаға түскен қазіргі кезеңде ғылыми-теориялық ұғым-түсініктерді, терминдерді ажырата және талдай алатын тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Оқушы өткен сынып бағдарламаларын еске түсіріп, қайталай отырып, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамыту, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.
2. Тірек схемалар, кестелер толтыру,терминдермен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын орындау арқылы оқушының алған теориялық білімін бекіту.
3. Оқушыларды оқу мотивациясын қалыптастыруға, танымдық белсенділігін көтеретін, шығармашылықтарын дамытуға, пән бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етуші құрал Тарихтан алған білімдерін қолданбалы түрде салыстыруға , талдауға ой пікірін дәлелдей білуге машықтандырады.
Курсты оқыту әдістері мен түрлері:
1.Тарихи шығармаларды оқу, талдау
2. Өз бетінше іздену жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік емтихан мен ҰБТ дайындалады.
3. Тест тапсырмаларын орындау
Оқыту құралдары:
1.Түрлі тарихи кітаптар, өткен курс оқулықтары;
2.Баспасөз деректері, ғылыми – танымдық журналдар
3.Интернет материалдары
Барлығы 34сағат.
Аптасына 1 сағат
Курс өткен оқушы меңгереді:
- Қазақстан тарихының даму кезеңдері мен уақыттың шеңберін біледі;
- Қазақ тарихында өзіндік орындары бар зиялы қауым өкілдерінің қызметіне талдау жасай біледі;
- Сандық-сапалық көрсеткіштермен жүйелі жұмыс жасай алады;
- Өткен курс бағдарламасын қайталай отырып, негізгі оқиғларды жадыларында бекітеді, қажет болғанда пайдалана алады (мемлекеттік емтихан, ҰБТ)
«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-бағдарламалық құрылымы
І-бөлім. Тас дәуірінен б.з. V ғасырына дейінгі кезеңдегі Қазақстан - 2 сағат
Бұл бөлімде Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан. Тайпалық одақтар. Алғашқы көшпелі мемлекеттер туралы оқылады.
ІІ- бөлім Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан V-XIII ғ.- 9 сағат
Қазақстан түркілер кезеңінде, Қазақ хандығының құрылуы, Қазақстан монғол империясының құрамында тақырыптары қарастырылады.
ІІІ- бөлім Қазақстан Ресей империясының құрамында - 7сағат
XIXғ. Қазақстан мәдениеті. Әдебиет. Ғылым. Музыка. Халық ағарту ісі, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер және олардың маңызы, Қазақстан ХХ ғ. басында. Әлеуметтік – саяси, экономикалық дамуы, Қазақстанның Ресей Империясына қосылуы және оның қорытындысы сияқты тақырыптар қамтылады.
ІV-бөлім Қазақстан Кеңес дәуірінде - 12 сағат
Бұл бөлімде, Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991жж.). Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945жж). Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1970жж.), Қазақстан кемелденген социализм кезеңінде (1971-1985жж.), Қазақстан 1917-1941 жж. аралығындаболған оқиғалар қарастырылады.
V-бөлім Тәуелсіз Қазақстан Республикасы - 3 сағат
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен халықаралық саясаттағы алатын орны, Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы, Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы сияқты тақырыптар қарастырылады.
Курс көлемінде өтілген тақырыптарды бекіту мақсатында қорытынды-қайталау жасалады.
«Қазақстан тарихы» элективті курсының күнтізбелік жоспары
Аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат
Жаратылыстану- математикалық бағыттағы 11 сыныпқа арналған
р\с |
Тақырыптың мазмұны |
Сағат саны |
Мерзімі |
І-бөлім. Тас дәуірінен б.з. V ғасырына дейінгі кезеңдегі Қазақстан (2 сағат) |
|||
|
Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан. |
1 |
|
|
Тайпалық одақтар. Алғашқы көшпелі мемлекеттер. |
1 |
|
ІІ- бөлім Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан V-XIII ғ. (9 сағат) |
|||
|
Қазақстан түркілер кезеңінде. |
3 |
|
|
Қазақстан монғол империясының құрамында |
3 |
|
|
Қазақ хандығының құрылуы |
3 |
|
ІІІ- бөлім Қазақстан Ресей империясының құрамында (7сағат) |
|||
|
Қазақстанның Ресей Империясына қосылуы және оның қорытындысы |
2 |
|
|
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістер және олардың маңызы |
2 |
|
|
Қазақстан ХХ ғ. басында. Әлеуметтік – саяси, экономикалық дамуы |
2 |
|
|
XIXғ. Қазақстан мәдениеті. Әдебиет. Ғылым. Музыка. Халық ағарту ісі. |
1 |
|
ІV-бөлім Қазақстан Кеңес дәуірінде (12 сағат) |
|||
|
Қазақстан 1917-1941 жж. аралығында |
3 |
|
|
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945жж). |
2 |
|
|
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1970жж.) |
2 |
|
|
Қазақстан кемелденген социализм кезеңінде (1971-1985жж.). |
3 |
|
|
Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991жж.). |
2 |
|
V-бөлім Тәуелсіз Қазақстан Республикасы 3-сағат |
|||
|
Қазақстанның саяси-экономикалық дамуы. |
1 |
|
|
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы |
1 |
|
|
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен халықаралық саясаттағы алатын орны. |
1 |
|
|
Қорытынды-қайталау |
1 |
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Артықбаев Ж.О., Сабданбекова Ә.Ә., Әбіл Е.А.. Қазақстан тарихынан әңгімелер (көне заманнан бүгінге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2015 жыл.
2. Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2015 жыл
3. Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы : Атамұра, 2012 жыл
4. Қасымбаев Ж., Омарбеков Т. Қазақстан тарихы (ХҮІІІғ. – 1914ж.). Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2016 жыл
5. Қозыбаев М., Нұрпейіс К., Жүкешев Қ. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2013 жыл.
6. Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., Қойгелдиев М. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2014 жыл.
7. Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., Қойгелдиев М. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2007 жыл.
8. Абишев Т. Казахстан в Великой Отечественной войне (1941- 1945гг.) , А.1958г.
9. Абулгазы Родословие древо тюрков. А.1991г.
10. Акышев К.А., Маргулан А.Х.,Қадырбаев М.К.,Оразбаев А.М. Орталық Қазақстанның ертедегі мәдениеті. 1966ж.
11. Асфендияров С.Д. История Казахстана А.1992г.
12. Байпаков К.М. Древние города Казахстана А. 1971г.
13. Байпаков К.М. Клад серебреных вещей и монет из Отрара А.1981г.
14. Бартольд В.В. Очерки истории Семиречья соч.т.2,ч.2М.1963г.
15. Гумилев Л.Н. Көне түріктер А.1994г.
16. Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта, А.1990г.
17. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячалетий. А.1978г.
18. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей, А.1994г.
19. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Қазақ шежіресі, А.1993ж.
20. Назарбаев Н.А. На порге ХХІ века, А.1996г.
21. Назарбаев Н.А. Стратегия становленя и развития Казахстана как суверенного государство,А.1992г.
22. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқыныда, А.1999ж.
24.Прошлое Казахстана в источника и материалах, 1-2часть. Сборник документов под.ред. С.Д.Асфендиярова, А.1998г.
25. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа, Ташкент 1925г.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.