Күні ,айы ,жылы: 29 қараша 2018ж
№9 «Мереке» ересек тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпімен таныстыру
Мақсаты: «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Білімділік: «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді айтқызып, буынға бөлуді үйрету.
Дамытушылық: сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: балабалды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, үйрету, түсіндіру, сұрақ-жауап, шаттық шеңбер, сергіту сәті.
Көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптер, әріп қималары.
Сөздік жұмыс: алыста, көлде
Билингвальды компонент: бақа-лягушка, бақбақ- одуванчик
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Ойын: «Ойлан тап?»
Ойын шарты: тәрбиеші колына доп алып сұрақ қойып кез келген балаға допты лақтырады, ал балалар допты қағып алып өз жауаптарын айтып тәрбиешіге қайта лақтырады.
- Сауат ашу оқу қызметінде нені үйренеміз?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Қандай, қандай дыбыс?
-Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
-Дыбысты біз не істейміз?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
-Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Балалар шаттық шеңберіне тұрып келген қонақтар мен амандасады.
Балалар өз жауаптарын айтып тәрбиешіге қайта лақтырады.
-Әріптерді және дыбыстарды.
-Дыбыстың таңбасы.
-Дыбыс екіге бөлінеді.
-Дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс
-Қызыл текшемен белгілейміз.
-Көк текшемен белгілейміз.
-Айтамыз,естейміз.
-Кедергісіз айтылады.
- Кедергімен айтылады
Ұйымдастыру- шылық- ізденістік Бүгінгі ашық оқу қызметінде топқа бөлінеміз?
I - Дауыстылар тобы
II - Дауыссыздар тобы
III - Әріптер тобы
-Балалар бүгінгі ашық оқу қызметімізді бастамас бұрын өткен оқу қызметімізді қайталап алайық?
-Балалар, барлығымыз слайдьқа назар аударайық?
-Ойын: «Сөз ойла тез ойла?»
- Балалар,біз бүгінгі ашық оқу қызметінің жаңа тақырыбымен танысамыз?
-Ол үйренетін жаңа дыбысымыз бен әріпті жұмбақ қою арқылы табуымыз керек ?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын тапсаңдар бүгінгі оқу қызметін бастаймыз?
-Біз жұмбақ шеше аламыз ба?
Жұмбақтар
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Көкала кастьюм киеді
Бойын жерге жасырған
Күннің көзін сүйеді
Бұрымы бар жасылдан
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп үркіп тұрады
-Жарайсыңдар балалар, осы қой, қарбыз, қоян деген сөздердің басында қандай әріп естіліп тұр?
-Енді біз бүгінгі өтетін жаңа әріпіміз бен дыбысымыз - «Қ» дыбысы және әріпін екен.
-Балалар, қане қолымызды иегіміздің астына қойып қ-қ-қ-қ-қ деп айтайықшы.
-Балалар иегіміз қолымызға тиіп тұр ма?
-Неге тимей тұр?
- Ал дауыссыз дыбыстар қалай айтылады екен?
-Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
-Енді осы - «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді білеміз бе?
- Балалар қа - ла деген сөзді буынға бөлейікші?
-Неше буынға бөлінеді екен?
- Қала деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?
-Дұрыс айтасыңдарбалалар неше буын болса сонша дауысты дыбыс болады.
- Енді осы қала деген сөзді алдымыздағы текшемен жазыңдар?
- Бір бала тақтаға шығағойсын?
- Қ- қандай дыбыс?
-А- қандай дыбыс?
-Л- қандай дыбыс?
-А- қандай дыбыс?
- Қала деген сөзде неше дысыб бар екен?
- Қала деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?
- Балалар, қала деген сөзге дыбыстық талдау жасадық.
-Дыбыстық талдау жасап текшемен жаздық.
- Енді бір сергіп алайық, сегіту сәтіне бір ойын ойнайық.
Ойын: «Дыбысты анықта?»
Ойынның шарты:
- «О»-дыбысынан басталатын сөздер айтқанда кезде сендер қолдарынды шапалақтайсыңдар,
- «Қ»-дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарыңды тоқылдатасыңдар.
-Балалар, мен сендерге «қ» дыбысы мен таныстырдым.
-Балалар, слайдьқа назар аударайық мынау «Қ» әріпінің үлкен баспа түрі.
-Ал мынау «қ» әрпінің кішкентай баспа түрі.
-Балалар, осы «қ» әрпі туралы бинежазба не айтады екен?
-Тыңдаймыз ба?
-Балалар, бейнежазба сіздерге ұнады ма?
-Бейнежазбада қандай әріп туралы айтты?
-Бүгінгі өтіп жатқан «қ» әрпі туралы айтты.
- Тапсырма
-Суреттегі заттарды ата?
- Қ дыбысы қай сөзде кездеседі? Сәйкестендір
Балалар үш топқа бөлінеді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Ойынды қызыға ойнайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Н,Ғ,Р,О,
- Иә
-
Жауабы: Қой
-Жауабы: Қарбыз
-Жауабы: Қоян
- «Қ» дыбысы мен әріпін.
-Балалар қайталайды. Қ-қ-қ-қ-қ.
-Жоқ
-Себебі ол дауыссыз дыбыс.
-Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады.
-Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.
-Қарбыз, қасқыр, қасық,қоян, қымыз, қауын, қазан, құлпынай, қой,
-Қа-ла
-Қала деген сөз екі буынға бөлінеді.
-Қала деген сөзде екі дауысты дыбыс бар.
- Қ-дауыссыз дыбыс
-А-дауысты дыбыс
-Л- дауыссыз дыбыс
-А-дауысты дыбыс.
-Қала деген сөзде төрт дыбыс бар.
-Балалар ойынды қызығаойнайды.
-Балалар,биене жазбаны мұқият қарайды.
-Иә тыңдаймыз.
-Иә, ұнады.
-Балалар, тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық- түзетушілік Дидактикалық ойын.
Ойынның шарты: «Қ» әрпінен басталатын сөздерді тауып сөз құрайды.
-Жарайсыңдар балалар,
-Балалар, бүгін қандай ашық оқу қызметін өттік?
- Бүгінгі ашық оқу қызметінде қандай әріппен таныстық?
- Қ- қандай дыбыс?
-Сендерге бүгінгі өткен сабағымыз ұнадыма?
Жарайсыдар.
Балаларды мақтау ,мадақтау.
- Ойын шарты бойынша бір суретке сөз құрайды.
Сауат ашу
-«Қ» әрпімен таныстық.
- Қ-дауыссыз дыбыс
Иә ұнады
Тәрбиеші: Табинаева Ф.Н қолы______
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.