Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық
Оценка 4.8

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Оценка 4.8
Лекции
docx
воспитательная работа
2 кл
14.05.2017
Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық
Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық Құндылық: Қиянат жасамау Қасиет: Ешкімді ренжітпеу Мақсаты: «Қиянат жасамау», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: • келісім, жарастық, қиянат жасамау туралы түсінік беру; • достыққа бейімділік сапаларын дамыту; • өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелер, музыка. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Өсиет әңгіме • Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?(Адам , Ат, Ит барлығы бірге ынтымақтастықта өмір сүруге,адам басқаруға келіседі). • Жапалақ неліктен жалғыз қалды? (Ынтымақтастықтан, адамның басқаруына қарсы болғандықтан жапалақ жалғыз қалды.) • Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар? (Ынтымақтастық, достық, өзара татулық, шыдамдылық, сүйіспеншілік).Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық Құндылық: Қиянат жасамау Қасиет: Ешкімді ренжітпеу Мақсаты: «Қиянат жасамау», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: • келісім, жарастық, қиянат жасамау туралы түсінік беру; • достыққа бейімділік сапаларын дамыту; • өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
кел.docx
Тақырыбы: Келісім түбі­ жарастық Құндылық: Қиянат жасамау Қасиет: Ешкімді ренжітпеу Мақсаты: «Қиянат жасамау», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:  келісім, жарастық, қиянат жасамау туралы түсінік беру;  достыққа бейімділік сапаларын дамыту;  өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелер,  музыка. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Өсиет әңгіме  Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?(Адам , Ат, Ит барлығы бірге  ынтымақтастықта өмір сүруге,адам басқаруға келіседі).  Жапалақ неліктен жалғыз қалды? (Ынтымақтастықтан, адамның  басқаруына қарсы болғандықтан жапалақ жалғыз қалды.)  Келісімде,жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп  ойлайсыңдар? (Ынтымақтастық, достық, өзара татулық, шыдамдылық,  сүйіспеншілік). Ескертулер 3. Дәйексөз. «Келісіп пішкен тон келте болмас» Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? Дәйексөзді хормен қайталату.  Адамдар бір­бірімен келісіп, ақылдасып атқарған істің нәтижесі де жемісті болады. Әр түрлі пікірлерден соң ортақ дұрыс шешімге келу адамдардың  бір­бірін құрметтеуіне, бір­біріне қиянат жасамауына, бір­бірін  құрметтеуіне, сыйласуына, достасуына жағдай жасайды. «Келісіп пішкен  тон келте болмас» деген осы. 4. Әңгімелеу. Ешкімге жауыздық қылма М.Дулатов Тіленші байдан қайыр сұрайды. Бай оған ешнарсе бермей: «Кет, жоғал», ­ деп  ақырады. Тіленші кетпейді. Сонда бай ашуланып, алдында жатқан тасты алып  Тіленшіге атты. Тіленші жерден тасты алып, қойнына салып тұрып айтты: «Осы  тасты қашан сенің өзіңе жоғалтпай атуға күн туғанша сақтармын»,­деп. Тіленшінің айтқанындай­ақ, тасты ататын күн туады. Бай бір жаман іс істеп  малынан айырылып,өз қателіктерін түсініп,жалғыз келе жатыр екен. Бұған  тіленші кез болып, қойнындағы сақтап жүрген тасын алып атпақшы болады да,  ойланып тұра қалып, өзіне­өзі сөйледі: «Әттеген­ай бұл тасты бекер сақтап  жүрген екенмін, мұнан бай әлі күшті күнінде мен бұдан қорқушы едім, мұны  күндеуші едім, енді қазір мұндай нашар қалін көріп көңіліме аяушылық түсті»  депті.  Тіленші мен байдан көмек сұрап келгенде, бай тіленшіге көмектесті ме?  (көмектескен жоқ, ол Тіленшіні таспен атып қуып жіберді).  Бай ақшасынан, малынан айырылғаннан кейін, кезінде өзінің  жасағандарының дұрыс емес екендігін түсінді ме? (иә, ол қателігін түсінді. Себебі адамдардың бәрі қателесуі мүмкін, бірақ күндердің­күнінде өз  қателіктерін түсінеді). 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1­топ: Айгүлдің анасы 1000теңге беріп, оны мұғаліміне беруін тапсырды. Айгүл  мектепке келе жатып жолдан дүкенді көріп, кіріп шықпақшы болды. Сол жерден  өзіне көптен бері ұнап жүрген бантикті көріп, ол еш ойланбастан анасының  берген ақшасына бантикті сатып алмақшы болды... Сен Айгүлдің орнында болсаң не істер едің? 2­топ: Сендер үздік қолөнер жарысына қатысқалы жатырсыңдар. Сендерге  қарсылас көрші ауылдың оқушылары. Сол сәтте сендер олардың бұйымдарының  сендердікінен әдемі екенін көріп, қалайда жеңуді ойлап, олардың дайындап  келген бұйымдарын әдейі бұздыңдар. Өздерің ойлағандай 1­орынды сендер жеңіп алдыңдар. Бірақ соншалықты қуана қоймадыңдар. Ары қарай не істер едіңдер? 3­топ:Сенің құрбың Айжан баспадан жаңа шыққан аңыз­әңгімелер туралы кітап  оқып жүргенін көрдің. Сеніңде оқығың келіп, кітапты Айжан сұрап алдың.  Айжан саған ол кітапті туған күніне әкесі алып бергенін айтып, жоғалтпауыңды  өтініп аманат етті. Сен ол кітапті өзімдікі деп, мақтанып жүріп қайда  тастағаныңды білмейсің. Бір күні Айжан сенен кітабін сұрап келді, сен не  істейсің? Сахналап көрсетіңдер. (15 мин уақыт беріледі) 6. Топпен ән айту. Аман жүрсін достарым деймін 7. Үйге тапсырма. Піл мен Маймыл халық ертегісін оқу. 50­52­бет 8. Соңғы тыныштық сәті. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық

Тақырыбы: Келісім түбі- жарастық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2017