Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
химия
8 кл
29.12.2017
Жалпы мақсаттар
Оқуда ойлау қабілеттерін арттырып, сөздік қорларын молайту. Жат қылықтардан аулақ болуға,тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Өмірмен байланыстырып, салыстыра білу.Функционалдық сауаттылықтарын дамыту.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы..Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Документ Microsoft Word.docx
Сынып: 8
Тақырыбы: Химиялық байланыстың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық
байланыстардың түзілу мәнін таныстыру, ковалентті байланысқан жай
заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру өз
беттерінше сипаттап, байланыс түрлерін бірбірінен ажырата білуге
үйрету.
2. Дамытушылық: Өз беттерінше жұмыс істеу, ізденушілік, зерттеу,
ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілік: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, өзіндік ой
қорытуға, өзөздерін бағалай білуге, жанжақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа материалды игеру
Әдістәсілдері: зерттеу, миға шабуыл,интерактивті,өзіндік жұмыс,іздену
Формасы: топтық
Технологиялар:СТО, жеке тұлғаға бағытталған технология элементтері
Көрнекілігі: периодтық кесте, слайд,интерактивті тақта, карточка
Барысы: 1.Ұйымдастыру (Сынып 3топқа бөлінеді)
Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңілкүйлеріңіз калай?Сіздерді көргеніме
қуаныштымын. Бүгінгі сабақта сіздер өз ойларыңызды, пікірлеріңізді ашық, еркін
айтып, отырыңыздар.
Кәне, балалар, жақсы көңілмен сабағымызды бастау үшін мынадай
психологиялық тренинг өткізейік.
2.Психологиялық дайындық.
Көзді жұмып жақсы нәрселер ойлаңыздар.Өздеріңізге және бірбірлеріңізге
сәттілік және жақсы көңілкүй тілеңіздер. Көздеріңізді ашып, бірбірлеріңізге
күле қараңыздар.
Мұғалім сөзі: Балалар, елімізде қуанышты бейбіт күніміздің тағы бір таңы атты.
Еліміздің болашағы мектеп қабырғасындағы ұрпақ. Сондықтан Қазақстан
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім керек. Ендеше, білім алатын
тағы бір сабағымызды бастайық. Бүгін сіздермен бірге біз «жас зерттеушілер» ретінде жұмыс жасаймыз. Мына
құралған әрбір топ кішігірім ғылыми зертхана болады, сіздер өз араларыңыздан
осы зертхананың ғылыми жетекшісін сайлап алыңыздар. Яғни сіздердің бүгінгі
зерттеу жұмыстарыңызға жауап беретін осы жетекші болады. Алдарыңызда
сонымен қатар, бағалау парағы берілген. Яғн әрбір берілген тапсырмалар
орындалып болғаннан соң, әр оқушыға баға қойылып отырады. Сондықтан
сабаққа жақсы қатысыңыздар.Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.
КЕСТЕ
Өте дұрыс,жарайсыңдар, балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Химиялық
байланыстың түрлері
Яғни осы тақырып бойынша ғылыми зертханада әр топ өз зерттеулерін жүргізеді.
Балалар, бүгінгі сабақта алдарыңызға қандай мақсат қоясыздар?
Бүгінгі сабақтан не үйренгілеріңіз келеді?Қане, топта талқыға салып айта
қойыңыздаршы?
Жарайсыңдар, балалар! Осы мақсаттарға жету үшін бүгін сіздер жақсы
зерттеушілік қабілеттеріңізді көрсете білулеріңіз керек. Жақсы зерттеуші болу
үшін бойларыңызда қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?(Оқушылар
жауаптары: алғыр, тапқыр, білімді, шапшаң, қабілетті). Тамаша ,балалар!
Ең алдымен жаңа зерттеу жұмысын бастамас бұрын,сіздермен бірге кішкене
сергіту ойынын ойнайық. Келісесіздер ме?Онда тақтадағы тапсырмаға назар
аударыңыздар.
Топтық жұмыс.
Топта талқыға салып, дұрыс жауабын тауып жауап беру керек.
Ойынның шарты:
Керемет, балалар!Енді жаңа сабағымызды бастайық. Бүгінгі күнді жазып
қояйық.Зерттеу жұмысын мына жоспар бойынша жүргіземіз.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Ковалентті полюссіз байланыс
2.Ковалентті полюсті байланыс
3.Иондық байланыс Ал, балалар, мына кестеге қарай қойыңыздаршы. Бірінші бағанға натрий туралы
не білесіздер соны жеке жұмыс жасау арқылы жазамыз,енді жұппен жұмыс
жасаймыз, сосын топта талқыға салып, бөлісіп, айтамыз.
Тамаша, яғни біраз мәліметтер біледі екенбіз. Енді 2ші бағанға не білгілеріңіз
келеді, соны жеке дәптерлерімізге жазамыз, енді жұптаса қояйық, енді барлығын
қорытып, топта талқыға салып дайын болған топ шеңбер жасап, қолдарыңызды
көтере қойыңыздар. Басқа топ тыңдаймыз, олардың айтқандарын қайталамаймыз.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім Тамаша, балалар. Енді әрбір кішігірім ғылыми зертханаларға зерттеу жұмысын
беремін. Сол берілген тақырыпқа 5 минут уақыт беріледі.Оқимыз, сосын
алдарыңызда қағаз бен маркер бар, соларды пайдалана отырып қысқаша кластер,
немесе тірексөздермен жазып, әр топтан шығып қорғайсыздар.Тапсырма
түсінікті ме балалар?Ендеше іске кірісейік.
1топ. Ковалентті полюсті байланыс
2топ. Ковалентті полюссіз байланыс
3топ. Иондық байланыс
Көзге жаттығу.
Бекіту тапсырмалары:
1. Осы алған біліміміздің нақтылау үшін келесі тапсырмаларды
орындайық. “Айқыштар мен нөлдер” ойыны
А) ковалентті полюсті ә) ковалентті полюссіз
NaCl
Si
KI
HCl
HF
HI
Na
O2
Cu
Cl2
HI
KCl
HCl O2
Au
Na
Cu
N2
б) иондық
Na2S
CH4
Br2
PH3
KCl
NH3
O2
H2O
NaCI
Келесі тапсырманы балалар жеке орындап, өзімізді бағалаймыз.
Тест жұмысы
1. Иондық байланысы бар қосылыстардың қатарын көрсетіңіз
а) NaF CaF2 Na2 SO4
б) N2, Na2 S, HF
с) K2 SO4, O2
2. Полюссіз ковалентті байланысы бар қосылысты көрсетіңіз
а) Na2 SO4
б) HF
с) O2
3. Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А) электртерістігіайқын айырмашылық бар элемент атомдары
Б) электртерістігі бірдей
С) электртерістігінде айырмашылық аз. 4. Ковалентті полюссіз байланысы бар қосылыстар қатарын көрсетіңіз
а) F2, O2 N2, C8
б) N2, Na2 S, HF
С) NaF, CaF2, Na2 SO4
5) Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?
А) иондық
б) коваленттік
с) металдық
6. Оттек молекуласы түзілгенде неше ортақ электрон жұбы түзіледі?
А)1
б) 2
с) 3
7.Иондық байланыс қалай жасалады?
А) атом электронын электртерістілігі жоғары Атомға беруі
Б) ортақ электрон жұбының түзілуі
С) электрондардың жалпылануы
Дұрыс жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7
А С С А Б Б А
Бағалау шкаласы: 1қате «5»
2 қате –«4»
34 қате «3»
Ал, кәнекей, балалар!3топтан маған «мен» деген 3оқушы шықсын.(карточкамен
жұмыс)
Қалған оқушылар топта жұмыс жасаймыз.Қай топ бірінші болады екен?
Жауаптарын салыстыру.
Кім жүйрік?
NaCIнің құрамындағы натрийдің массалық үлесін есептеңдер.
187,2г натрий хлоридін алу үшін қанша грамм натрий қажет?
Ал енді балалар бүгінгі сабақта не үйрендіңіздер?Кестенің 3ші «Үйрендім»
бағанына жазыңыздар.(алдымен жеке, сосын жұптасып, содан соң топта талқыға
салып, жауап береміз.)Табылмаған сұрақтардың жауабын үйден қосымша
ізденеміз.
Бағалау парағын толтырып маған өткізіңіздер. Бағалау парағы
р/с
Оқушының
атыжөні
Айқыштар мен нөлдер ойыны
Тест жұмысы
Кім жүйрік?
Топтық жұмыс
Мұғалімнің ерекше пікірі
Орташа ұпай
1
2
3 4
5
6 7
Үйге тапсырма: § 63
№ 4 есеп.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Техника қауіпсіздігі бойынша алғашқы нұсқаулар.Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.