Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аймағы: «Таным»
Бөлімдер: ҚМҰҚ
Тақырыбы: “5 цифры туралы өткенді пысықтау, 45 сандарын салыстыру.Заттарды пішініне қарай
геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікте бағдарлау: «алдында», «үстінде»,
«астында», «артында» .“
Мақсаты: 5 көлеміндегі заттарды санау қабілетін нығайту; цирфрды заттың санымен
сәйкестендіруді үйрету, бірбірінен әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттар тобын теңестіруді
үйрету; айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды көре білуге үйрету,
«алдында», «үстінде», «астында», «артында» түсініктерді бекіту.
Үлестірмелі материалдар: үстелге ұсақ ойыншық салынған 2 қорап қойылады (ұзын, қысқа),
жұмыс дәптерлері. Ісәрекет
кезеңдері
Мотивациялық
қызығушылық
Ұйымдастырушы
лықізденушілік
Тәрбиешінің іс әрекеті
«Сан» және цифр» ойыны.
Педагог балаларға саны жағынан әртүрлі заттардың
суреті бар (1,2,3,4,5) карточкаларды кезекпен
көрсетеді.
Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсетуі
тиіс.
1тапсырма.
Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді.
Әр қатарға сол жақтағы фигураға сәйкес фигураны
жапсырыңдар.
Неше сопақша салдыңдар?
Неше шаршы салдыңдар?
2тапсырма.
Педагог суретті мұқият қарап шығуды тапсырады.
Содан соң барлық заттардың геометриялық
фигураларға ұқсайтынына балалардың назарын
аударады. Педагог балаларға сұрақ қояды және
тапсырма береді:
Заттың атын атаңдар.
Геометриялық фигураларды атаңдар.
Заттарды өздеріне ұқсайтын геометриялық фигураның
суретімен қосыңдар. Қай фигураны қандай заттармен
қостыңдар?
Сергіту минуты.
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Айналып билейміз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Айналып билейміз.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Педагог тапсырма береді:
«Менің қолымда карточкада неше дөңгелек бар екен,
санап шығарыңдаршы балалар. Содан соң карточканың
жоғарғы жолағына биік 4 шыршаның суретін салыңдар
(4 дөңгелегі бар карточка көрсетеді). Сосын 5 дөңгелегі
бар карточканы көрсетіп, тағы бір тапсырма береді:
Мына карточкада неше дөңгелек болса, төменгі
жолаққа сонша қысқа шырша салып шығыңдар»
3тапсырма.
Сұрақтар қою:
Жоғар жолақта неше шырша бар?
Төменгіде ше?
Олардың саны туралы не айтуға болады?
Олардың саны тең, яғни бесбестен болуы үшін не
істеуіміз керек?
Жоғары жолаққа тағы бір шырша бүрінің суретін
салуды сұрайды.
Енді олардың саны туралы не деуге болады?
Әр қатардағы суреттердің арақашықтығына назар
аударады. Тәрбиеші былай деп нақтылайды: шырша
бүрінің арақашықтығы әртүрлі болғанына қарамастан,
олардың саны тең, бірдей.
Балалардың
ісәрекеті
Балалар тиісті цифр
жазылған карточканы
көрсетеді.
Балалар тапсырманы
орындайды және сұрақтарға
жауап
береді:
Бес сопақша салдық.
Төрт сопақша салдық.
Балалар тапсырманы
орындайды және сұрақтарға
жауап береді.
Доп, сағат, қияр,
тоңазытқыш, қалпақ.
Шеңбер, шаршы
тіктөртбұрыш, сопақша,
үшбұрыш.
Сағатты шаршымен , допты
дөңгелекпен,
тіктөртбұрышты
тоңазытқышпен, үшбұрышты
қалпақпен, сопақшаны
қиярмен қостық.
Балалар өлең мазмұнына
қарай жаттығу жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап
беріп, тапсырманы
орындайды.
Төрт шырша.
Бес шырша.
Жоғары жолақта төменгіге
қарағанда шырша бүрінің
саны кем, ал төменгіде
жоғарыға қарағанда артық.
Жоғарғы жолаққа тағы
біреуін саламыз.
Енді олар теңесті. Білу керек : 5 цифрын; геометриялық фигура – дөңгелек.
Күтілетін нәтиже:
Болу керек: заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру, 45 сандарын салыстыру.
Істей білу: геометриялық пішіндер туралы түсінікті, кеңістікте бағдарлауды: алдында», «үстінде»,
«астында», «артында»
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.