ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 31Ұлттық баскиімді әшекелейміз.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Ұлттық баскиімді әшекелейміз.

Мақсаты: ұлттық баскиімдерді ажыраты білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналыстыра үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

        Қолданылатын көрнекі құралдар:

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, доп.

Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттық баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстыртады.

Шеңберге тұрып балаларғадопты лақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көше түрін айтып жауап береді

(тақия-тақиялар, етік-етіктер).

Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді. Балалрдың анық сойлеулерін қадағалайды.

«Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойыны.

Педагог балалардын үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрайды.

Сәукеле туралы түсінік береді.

Педагог ұлттық баскиім- сәукелені әшекелеуді ұсынады (сәукелені қиып дайындап беруіне болады).

Салыну жолдары:

Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстерімен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қарай гуашпен боятып, сәл кепенен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою- өрнектер салып, өздері қалаған түспен әшекейлетеді. «Қызғалдақ» және «толқын» өрнектерін салуды ұсынады.

Балалар сұраққа толық жауап береді.

Киімдерді атайды, неден жасалғанын қайда киетінін айтады.

(Көрмені топтағы палас үстіне немесе үстел үстіне ұйымдастыруға болады.)

Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.

Қандай түспен, қылқаламмен, қай жерін бояп жатқандарын айтады.

 

Рефлекциялық-түзетушілік

Балалардың жұмыстарына талдау жасалады. Жұмыстарды көрмеге іледі.

Балалар жақсы жасалған сәукелені атап көрсетеді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық баскиімдерді ажыратуды.

Игереді: ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыруды.

Менгереді: көз мөлшерін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді

Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018