ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 22 қысқы табиғат шыршалар.doc

 

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Қысқы табиғатты шыршалар

Мақсаты: Қырау жапқан әртүрлі ағаштардың суретін салуға үйрету, аралас техникамен жұмыс істеуге баулк, түрлі бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу. Алыс және жақын орналысқан шыршалардың бейнесін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сегізмдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері, боялар, су сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: омбы қар, қырау, аяз.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

Арайлап таң атты,

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін даламыз.

Қайырлы таң, достарым.

    Балалар өленді мұқият тыңдайды.

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

- Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме?

Педагог әңгіме, сұрак-жауап әдісмен балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтеді.

Бой сергіту:

      Қайта-қайта қар жауады,

      Қыс келгеннің белгісі.

      Бойын түзеп, қар жамылды,

      Биік, әсем шыршалар,

      Қуанады, жайнайды.

Ұнтаспадан «Балалар, ағаштарды қыраумен көмкеруге көмектесіндер.

Ағаштар көп, мен үлгере алатын емеспін» деген дауыс естіледі.

Сұрақ-жауап әдісімен балалармен жұмыс жүргізіледі.

Ағаштағы қар ериді. Бірақ, түнде аяз қарып, оларды қырау басалады. Ормандағы түрлі ағаштарды, шыршаларды қармен, қыраумен жабайық. Ол үшін жасыл шыршаларға ақ бояумен қарлардың суретін саламыз. Қар жамылғанда ағаштар қандай болады, естеріңе түсіріп көріңдер?

Педагог жаңа техника- қылқаламның ұшымен сурет салуды меңгерту жұмыстарын жүргізеді. Қырауды жартылай құрғак қылқаламмен салу жолдарын түсіндіреді. Ол үшін қылқаламды бояуға малып алып, артығын алып тастау үшін қағаз сүрткішке бір рет тигізіп алу керектігін айтады.

 

 

Далада қар жауып тұр. Шыршаларды қар басқан, балалар қар атысып ойнап жүр.

 

 

Өлең жлдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

Қағаз бетіне орман ағаштарының әр түрін қылқаламмен бастыра салады. Ағаш бұтақтарын, шыршаның үстін басқан қырауда салады.

Қылқаламның ұшымен ағаш бұтақтарындағы қырауларды жасайды. Жақын және алыста орналысқан шыршалардың салыну жолын естеріне түсіреді.

Сүйкей жағу тәсілмен ағаштар үстіне дақтар қалдырады.

 

 

 

Рефлек -

сиялық-

түзету-

шілік.

Осы шығармашылық саласы бойынша сурет салу оқу іс- әрекетіне жақсы қатасқан балаларды мадақтау.

Балалар салған суретттерін талдап, шағын әңгіме құрайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:омбы қар, қырау басқан ағаштардың суретін өз ойларынан салуды.

Игереді:сүйкей жағу тәсілімен дақтар салуды.

Меңгереді: алыс және жақын орналысқан шыршалардың бейнесін салуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме?

Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме?

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018