ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тех карт 6.docx
Ұйымдастырылған оқу іс­әрекеті Ұйымдастырылған оқу іс­әрекетінің түрі: Сурет салу. Тақырыбы: Алтын күз. Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі  ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен  жоғары қарай жіңішкеретінін, яғни жоғары жағы жіңішке, төмен жағы жуан  болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің  үйлесімдігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты  қорғауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті. Қажетті құрал­жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, су, сүлгі, қылқалам,  магнитофон, баяу әуенді күйтабақ. Сөздік жұмыс: алтын күз ­ сары алтындай; жомарт ­ қолы ашық. Оқу іс­әрекет  кезеңдері Мотивациялық­ қозғаушылық ­ Балалар, сендерді аналарың не  деп еркелетеді? Сендерге қандай  жылы сөздер айтады? Тәрбиешінің іс­әрекеті Ұйымдасты­ рушылық­ ізденістік Тәрбиеші күз мезгілі туралы  тақпақ оқып, осы тақырыпта  әңгімелеседі. «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) Алтын, алтын, сары алтын, Алтын күзде нұр жатыр. Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді, Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі. Тәрбиеші балаларға күз  мезгілінің белгілерін айтқызады. Сергіту сәті: «Тамып, тамып, тамып, тамып»  деп айтып отыра кетеді. Суретке қарап, сурет салғызады. ­ Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғарыға қарай  жасаймыз, төмен жағы жуандау  болып келеді, бұтақтары екі жақ  шетіне,діңінен жіңішке әрі қысқа  болып келеді. Балалардың іс­ әрекеті Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап  береді. Сұрақ­жауап. ­ Күз мезгілі. ­ Алтын күз дейміз. ­ Жаңбыр жауып тұр. ­ Ағаштар қозғалып  тұр. Жапырақтар  түсіп жатыр. ­ Аспан бұлттанып  тұр. ­ Күн суыта бастады. Тәрбиешімен бірге  қимылмен көрсетеді. Дәптерді ашып, жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды. Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз. Балалар бұған қосымша жерді, бұлтты, күнді салады. Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды  сызық сызамыз, қылқаламның  бүкіл ұшымен жерді солдан оңға  қарай бояймыз. Жаңбырды  қылқаламның ұшымен саламыз. Рефлексиялық­ түзетушілік ­ Балалар, бүгін біз не жайлы  сурет салдық? ­ Өте жақсы, суретті тамаша салдыддар. Ағаштардан жапырақтар жерге  түсіп жатыр, жапырақтың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып,  жапырақтар саламыз. Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз. Саусақпен көк түске бояймыз. Балалар суретке қарап әңгімелеп береді. Күтілетін нәтиже: Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді. Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды. Меңгереді: Ағаштың жапырақтарын көлденеңнен салуды.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018