ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 25 көктемгі гүлдер.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы:  Көктемгі гүлдері

Мақсаты: Қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысыты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің, гүлдердің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, боялулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуендікуйтабақ.

Сөздік жұмыс:нәзік, хош иісті, әдемі т. б.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

Педагог жұмбақ жасарады:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-cалаға толады.

Ағаш басы, бүршік атып,

Гүл-бәйшешек толады.

«Бұл қай кезде болады»?

«Бұл қай мезгіл»?

Дидактикалық ойын.

 

Шеңбер бойында тұрып жұмбақ жауабын айтады.

 

 

Сұраққа жауап береді.

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

 Педагог жұмбақ жасарады:

Өзі сондай нәзік.

Су құйсақ кетеді.

Алақанын жайып.

Көктемде ең алғашқы, ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді.

Балаларды осы тақырыпта сөйлетіп, оларды тыңдайды, еркін сөйлеулерін қадағалайды.

Сергіту сәті:

Бізгүлдердей өсеміз,

Жапырығы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

-Қазір өздерің айтқан гүлдердің бірі-қызғалдақ гүлінің суретін саламыз. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын.

Педагог дымықыл қылқаламмен сурет салу әдісін таныстырады.

Алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне қылқаламның ұшын үшбұрыштап бастыра отырып, қағазды айналдыра бірінің жанына бірін қатарластыра орналастыру арқылы гүлдің күлте жапырақтарын, содан кейін сабағы және жапырағын салу керектігін түсіндіреді. Сабағын жасыл бояуға қылқаламды көберек батырып алып, күлте жапырақтан төмен қарай түзу сызықтар жүргізу арқылы салады, жапырақты екі кисық сызық бір нуктеден бастап екінші нүктеге жеткізіп қосу арқылы салғызады.

Одан соң қалаған түсті пайдаланып, қызғалдақ гүлін салу жолын көрсетеді.

Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз, оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жағары қарай үшбұрыш жасай отырып ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз.

Оны өздерің таңдаған бояуымен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз.

 

 

 

-Гүл

-Бәйшешек, қызғалдақ.
Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді, жәндіктер, жануарлар оянады.

 

 

Өлең жолдарына сйкес қимылдар жасайды.

 

-Нәзік, әдемі, хош иісті ақ, сары, қызыл түсті гүлдер болады.

Гүлдің ерекшеліктеріне көңіл аударып, қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап, бейнені нақты беруге тырысады, сабағын түзу сызықпен сызу арқылы салады, жоғарғы бөлігіне гүлін салып, сосын жапырақтарын салады, бояйды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерін тексереді, мақтайды. Балалардың гүлдерді өз қалауы бойынша таңдап салуларына мүмкіндік береді және талдау барысында кімнің шығармашылық қабілеті басым болғанына көңіл аударады.

Балалар салған суреттеріне өздері баға береді.

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуді.

игереді: эстетикалық сезімн қалыптастыруды.

менгереді: түстерді сезінніді және аралыастыра білу дағдылсын жетілдіруді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Педагог жұмбақ жасарады: Өзі сондай нәзік

Педагог жұмбақ жасарады: Өзі сондай нәзік

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018