Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу
Тақырыбы: Cырматқы әшекелейміз.
Мақсаты: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұймдарымен таныстыру, түстік үйлесімділікті сезінуге, ою-өрнеккэлементтерінің жазықтықта дұрыс орналасуын аңғаруды, әртүрлі әдіспен сурет салуды үйреиту, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сырмамақтың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: балта, сырмақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғалушылық |
Топқа қонаққа келген Қарлығаш құсы ұшып жүріп адасып кеткенін айтып, балалрдан ауылдың қай жатқа екенін сұрайды. Оқұ іс- әрекетіне қатысып, ауылға алып кететін сыйлық жасап берулерін өтінеді. |
Қарлығашқа балабақшаға келгенін, ауылда әжелері тұратынын айтады. |
Ұйымдастырушылық - әдістемелік |
Педагог балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен- сырмақ, текемет, алаша, сандық т.б. таныстырады.Әрбір бұйымның алуан түрлі ою-өрнектермен безендірілгеніне назар аудартады. Мұндай ою-өрнектерді ғимараттар, тұрмыстық заттарда т.б. көптеп кездестіруге болады. Ою- өрнек арнайы бір ретпен орналасады. Өзіндік заңдылықтары сақталып, симметриылы ырғақпен байланысты өрнектеледі. Өрнектер белгілі бір затты көркем безендіру үшін қолданылады. Ол бұйымдарға әсемдік береді және оның көлемі мен пішінін айқындай түседі. Педагог жұмбақ жасырыды: Ою- өрнекпен өрнектелген, Үйге сәндік, көрік берген. Жерге төсесек әрқашанда, Бізге жылулық пен сәндік берген. Бөй сергіту Өрмекші өрмелеп келеді, Өрмегін тігіп, өрмелеп келеді. Көбелек ұшып жүріп, торға түсті, Бұлқынды, тартынды, Торды үзіп, ұшып кетті. Педагог «Балта» оюмен таныстырады және жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалардың түстерді дұрыс таңдауын қадағалайды. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады, сырмақтың шетіне «балта» оюын салуды ұсынады. |
Сырмақтың үстінде отырып, педагогті мұқият тыңдайды.
-Сырмақ
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. «Балта» оюын бастыра сызып, шетін жүргізеді, ортасын бояйды, балалар түстік үйлесімдікті анықтап, бояуды өздері таңдайды. Екі түрлі қылқаламмен жұмыс істейді. |
Рефлекциялық-түзетушілік |
Балалар, Қарлығаш ауыл жаққа қарай ұшып бара жатыр екен. Осы құсқа суреттерді тапсырайық. Әжемізге апатып берсін. Балалрдын жұмыстарын мақтайды. |
Суреттерді конвертке салып, құстың тұмсығына қыстырып береді |
Күтілетін нәтиже:.
біледі: қазақтын сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары туралы ұғымды.
игереді: әртүрлі әдіспен сурет салуды.
Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын, түстердің үйлесімділігін.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.