ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 28 күннің мол шуағы.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы:  Күннің мол шуағы.

Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктермен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелетін заттың сипатама қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар:

Қажетті құрал-жабдықтар:

Сөздік жұмыс:

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық қозғалу-

шылық

Педагог жұмбақ жасырады:

Тұрғанымен жыраққ өзі,

Таусылмайтын шырақ көзі.

Балалар шеңбер бойында алақан түйістіріп тұрып, шешуін айтады:

«Күн»

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды.

Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.

-Күн- бүкіл жер шарына, әлемге жарық жылу беретін табиғат сыйы.

Күсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарыға көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады.  Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады.

«Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны.

-Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?!

(Балалар жауап таба алмаса, педагог өзі айтады  )

-Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен

-қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.

Педагог бір түсті атайды, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.

Педагог күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.

-Алдымен қылқаллммен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз.

Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.

Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.

Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады.

 

 

 

Күннің пішіні неге ұқсайтындығын, түсін, жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады.

Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды.

Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.

 

Түстерді ажыратып ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді.

Дәптерді қолдарымен қозғалтып, айналдыра отырып салып көреді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рақметін айтып, шығып кетеді.

Өз өздеріне баға береді.

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді

игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.

менгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған

Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018