ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 29 Мысығым.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Мысығым.

Мақсаты: Мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ойқиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс:пеш, марғау.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

 

Педагог баяу әуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып, Ертегілер әліміне саяхатқа шығуды ұсынады.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрақ- жауап арқылы айтқызады.

 

Балалар көздерін жұмып, ертегіні елестете жауап береді.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтады.

Ұйымдастырушылық -  ізденістік

Педагог жетектеуші сұрақтар көмегімен «Менің мысығым» атты тақырыпқа әңгіме құрастыртқызады.

Балалардың толық жауап береуін, анық, байланыстыра сөйлеулерін қадағалайды.

-Бүгін біз мысықтың суретін саламыз. Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады.

Мсықтың суретіне қарап, оның дене бөліктеріне: басы, құлағы, көзі, денесі, мұрты, құйрығы, аяғы т.б. талдау жасайды.

Сергіту сәті:

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Сурет салу әдісі:

Ең алдымен денесін, басын, содан кейін аяқтарын, құйрығын салуды ұсынады.

Алдымен денесін үшбұрыш тәрізіді са-

-Мысық тышқан аулайды. Оның жүні үлпілдек, мамықтай екен.

 

Суретке, үлгіге қарап мысықтың суретін салуға кіріседі. Дене бөліктерін атайды.

Денесі үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. Басын дөңгелектеп үзбей сызып шығады, қалаған түспен бояйды.

 

 

Өлен жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

 

лып алып, қызғылт сары бояумен бояу қажет.

Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсағын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек.

Соңында құйрығы сопақша пішінмен салынады.

-Сендерге бір өтінішім бар. Кім сурет салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойлансын және оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып берсін.

Педагог ұмбақ жасырады.

Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған.

 

 

Дене бөліктерін анықтап, қылқаламмен сызық жүргізіп алады, үшбұрышпен денесін,дөңгелекпен басын және басқа дене бөліктерін салады. Суретті тегістеп, әдемілеп бояйды.

 

Жұмбақтың шешуін тауып, жұмбақты жаттап алады.

Рефлек сиялық-

түзетушілік

Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтайды және мадақтайды. Балалардың әңгімелеріне орай кімнің үй жануарларына өте жақсы қамқорлық жасайтынын айтады.

Балалар бір-бірінің салған суретін қарап, кімнің мысығы ең жақсы, үлпілдек немесе тегіс әдемі боялғанын айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салуды.

Игереді: үй жануарларын салу дағдысын.

Менгереді: шыдамдылықпен еңбек етуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсағын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек

Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсағын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018