ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 30 Алма ағашы гүлдеді.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.

Мақсаты: Ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.

        Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: перде, араластыру.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

 

Шеңбер құрып жүріп, өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап айтады.

 

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

Педагог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады.

Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды.

-Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше?

Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар.

Үп- үлкен боп өседі.

-Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашның суретін саламыз. Бізге бұл тапсырмны орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. (Бояларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді.)

Ең бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жеңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын отырып, жеңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы мгүлдерін ашық күлгін түстеп саламыз.

Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарығы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.

Саусақ жаттығуы:

Ұшты ұшты көбелек,

Би биледі дөңгеле.

Гүлін көріп алманың,

Ағашқа қонды көбелек.

Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз.

Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді.

Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз.

Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады.

Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді.

 

Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық

 

 

 

 

 

(Қимылмен көрсету)

 

 

Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді.

Әдемі гүлдер ашады,гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды.

Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының гүлінің суретін салады.

Қай жерде орналысқанын айтады, кеңістікті бағдарлау.

Естеріне түсіру

Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б.м айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог балалар жұмыстарын талдайды.

Көктем туралы тақпақтар сұрайды.

Салған суреттерін педагогке көрсетеді.

Өздері білетін тақпақтарын айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: ағашты салуды естеріне түсіруді;

игереді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.

менгереді: композиция құра білуді, ойларын дамытуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Педагог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады

Педагог жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018