ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тех карт 1.doc

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ, бізге қонаққа келді» (ойыншықты суреттеу жайлы әңгіме құрау)

Мақсаты:а) Тәрбиешінің үлгісі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білу білігін жетілдіру.

ә) Өз ойын еркін жеткізуге , ғана сөздерді меңгертуге баулу.

б) Эстетикалық талғамын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері , ұлттық көйлек киген  қуыршақ.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі. Қуыршақпен сәлемдесу.

Балалар қызыға қарайды. Сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме?

- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.

- Балалар , қуыршақ есімін айытқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.

- Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді.

- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш». (Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады.

- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық.

- Кәне, бәріміз бірге:

 

- Енді Сұлушаш қуыршағымыздыға тоқталайық.

- Сұлушаш сендерге ұнады ма? несі ұнады?

(шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, қамзолы,үкісі).

- Сұлушаштың шашы қандай?(қою қара шашты)

- «Қою қара шашты» деген «шашы қалың»дегенді білдіреді.

- Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды).

- Көздері қандай?

(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.)

- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай? (Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)

 

Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

- Бөрік киімнің қай түріне жатады.

 

- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?

- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

- Білмейміз.

 

 

 

2-3 бала шығып есімін сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жоғары шығыңыз , төрлетіңіз!

 

өз ойларын жеткізеді. Оның шашы ұзын , әдемі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Шашын ол өріп қойыпты.

- Көздері дөңгелек, күлімдеген.

 

- Оның көйлегі ұзын, әдемі, ақ түсті.

 

- Бөрік бас киімге жатады.

- Бөріктің төбесінде үкісі бар.

 

Дидактикалық ойын: «өз орнына орналастыр».

Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету.

Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі № 2 тапсырмасы бойынша үкі туралы әңгімелейді және үкінің қауырсының керекті затқа орналастырады.

Үкі – орман құсы.

Үкінің – жүні үлпілдек.

- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.

 

Сергіту жаттығуы:

«Қуыршақ» өлеңін оқып беру.

 

Сөйлемейсің сен неге,

Тілің жоқ па , қуыршақ?

Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ  па, қуыршақ?

Аяғың бар ма, сен неге,

Жүре алмайсың, қуыршақ?

Жұмсағанда сен неге,

Тіл алмайсың, қуыршақ?

Біз күлгенде, күлмейсің,

Аңқаусың ба, қуыршақ?

Бізбен бірге жүрмейсің,

Жалқаусың ба, қуыршақ?

(Р.Тышқанбаев)

 

«Айнытпай сал» ойыны.

Шарты: қуыршақтың жылаған дауысын салу.

 

Құлыншақтан қуыршақ,

Шауып жүріп құлады.

Салшы даусын, қуыршақ,

Сонда қалай жылады?

Ж.Қалжанова

 

Үкі суретіне қарап әңгімелейді және тапсырманы орындауға атсалысады.

 

Балалар үкінің дыбысын салады.

 

 

Қайталайды, әрі қимыл-қозғалысын келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қуыршақтың жылаған дауысын салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Балалар , Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты. Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жаңа, ізгі сөздерді достарына айтсын! Қонағымызды шығарып салайық. Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз? Қонақты шығарып салу. Жол көрсету. Қорытындылап , мадақтау.

 

 

 

- Сұлушаш сау бол!


Күтілетін нәтиже:

біледі: ұлттық киім атауларын;

игереді: жаңа сөздер мен ізгі сөздерді;

меңгереді: қонақжайлылықты.


Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:

Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме? -

Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме? -

Дидактикалық ойын: «өз орнына орналастыр»

Дидактикалық ойын: «өз орнына орналастыр»

Рефлексиялық-түзетушілік -

Рефлексиялық-түзетушілік -
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018