Күні: 23.01.14 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Әңгімеле...
Мақсаты: а) Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге, жай және
күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді
жалғастыру.
ә) Балалардың тіл байлығын байыту.
б) Балаларды отбасын сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: отбасы.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақы көйлек киген екі қуыршақ (бірі үлкен, бірі кіші), тіл
дамыту дәптері.
Оқу ісәрекетінің
кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдас
тырушылық
ізденістік
Амандасамыз.
Сәлеметсіз бе?
Аманесенсіз бе?
Балалар қызыға қарайды.
Педагогтің ісәрекеті
Баланың ісәрекеті
Ғажайып сәт: қонаққа екі
қуыршақтың келгенін хабарлау.
Балалар, ең алдымен бізге қонақ
келсе не дейміз?
Балалар, амандасудың да көптеген
түрлері бар?
Ендеше, біз екі қонағымызды төрге
шығарайық.
Балалар, екі қыз апалысіңлі екен.
Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен.
Енді осы екі қызға қарап отырып,
шағын әңгіме құрайық.
Әңгіменің тақырыбы:
«Айгөлек пен Айгүл»
Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық
киімін киіп алыпты.
Қараңдаршы қандай әдемі? Сендерде
қазақтың ұлттық киімін кигенді
ұнатасыңдар ма?
Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді?
Иә, біздің Республикамыздың аты?
Біздің жеріміз қандай?
Біз туған жерімізді, Отанымызды
жақсы көреміз бе?
Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері
тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері.
Дегенмен біз барлық ұлт
өкілдерімен бірге татутәтті өмір
сүріп жатырмыз.
Ал енді, балалар, бізге келген екі
қуыршақ қызды әңгімелейік.
Айгүлдің шашы қандай екен?
Сәлем! Ер адамдарға кіші
ұлдар:
«Ассаламағалейкум!!деп
амандасады.
Қош келдіңіздер!
Әрине ұнатамыз.
Біздің ұлтымыз қазақ.
Біздің Республикамыз
Қазақстан деп аталады.
Біздің жеріміз үлкен, байтақ.
Әрине, жақсы көреміз. Себебі
біз осы жерде туылғанбыз.
Орыс, татар, өзбек, қырғыз т.б.
Айгүлдің шашы қара,
бұрымды, қолаң және ұзын
болып өріліпті. Көздері
дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр
мұрынды, әдемі аузы бар. Ол
үнемі өзінің қасынан сіңлісін
тастамайтын қыз екен. Оның Балалар сендер халық әні:
«Айгөлек» әнін білесіңдер ме?
сіңлісінің атыАйгөлек.
Сергіту жаттығуын орындайды.
Сергіту жаттығуы:
«Айгөлек»
Айгөлек – ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай туған кезімде,
Би, билейміз дөңгелеп.
(Сергіту сәтін өлең шумағының
ырғағымен қимылқозғалыс арқылы
орындау.)
Балалар, енді сендер Айгөлек пен
Айгүлдің ауылына барғыларың
келеді ме?
Ендеше барлығымыз көз жұмамыз.
Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл
бейнесін елестету. (Ыңғайы келсе,
әуен арқылы орындалса.)
Боран дауысы қалай шығушы еді?
Иә, уілдейді.
Айгөлек пен Айгүлдің отбасында
атасы, әжесі, ағасы, жеңгесі,
әпкелері, інілері бар екен. Сонда
олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші
отбасылы ма?
Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту
дәптеріндегі «Отбасы мүшелерін
сызық арқылы және ретімен
орналастыр, орналастыру себебін
түсіндір» тапсырмасын орындату.
«Отбасы» өлеңін оқып,
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Әжең – асыл ардағың,
Атаң – дана қорғаның.
Ағаң – қамқор асқарың,
Інің – мөлдір аспаның.
(М. Қуанышбеков)
Сурет арқылы тақпақты жаттату.
Екі ойыншыққа сипаттама бере білу
керек.
Әрине, барғымыз келеді.
Балалар көз жұмып, көз
алдарына қысқы ауылды
елестетеді.
Уууууууууууууууууууу
Олар үлкен отбасылы екен.
Дәптермен жұмыс жасау.
Тақпақты педагог соңынан
қайталап отыру арқылы жаттап
алу.
Сипаттамада ең әдемі
сөздермен жеткізе білу керек.
Рефлексиялық
түзетушілік
Күтілетін нәтиже:
біледі: мақал – мәтелді білу;
игереді: әңгімелеуді игереді;
меңгереді: сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі.
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.