Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 23.09.2015
Білім беру саласы:Қатынас
Бөлім:Тіл дамыту
Тақырып: «Масақ»( украин халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету,өз ойларымен бөлісе білу талпындыру.Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып, кейіпкерлер бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жалқаулыққа бой алдырмауға баулу.
Әдістер: сөздік, көрнекілік, әңгімелесу,түсіндіру
Көрнекілігі: хрестоматия, суреттер, демонстарацияялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Сөздік жұмысы: әдептілік, сыпайлылық, еңбекқорлық.
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-танымдық
|
Қуыршақ театры: «Масақ ертегісінің кеіпкерлері қонаққа келеді.
|
Балалар қуанады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
Жаңа сөздермен түсінік жүргізу: Демонстрациялық суреттердегі бидайдың масағын, диірмен суреті, қапта тұрған ұн суреті, пештің суреті, бәліш суретін балаларға көрсетіп, оларға түсінік беру. Жаңа сөздермен жұмыс: масақ, диірмен. Жаңа сөздерді «телефон» ойыны арқылы қайталату. Ойынның ойналу шарты: педагог жаңа сөзді айтады, балалар бір-бірінің құлағына сыбырлап айтып шығады.Ең соңғы бала естіген сөзді айтып береді. Қуыршақ театрының қойылымы: Ерте де екі Тышқан және дауысы әдемі бір Әтеш өмір сүріпті.Екі Тышқанның біреуінің аты Круть, екіншінікі Верть екен. Тышқандар күніге тек ойнауды,өлең айтып, билеуді ғана біліпті.Ал Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кірісе екен.Сөйтіп, бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады.Әтеш Круть, Вертьті шақырып,былай депті:-Қарандаршы, мен нені таптым? Тышқандар тезірек жүгіріп келіп былай деді: О,оңы үгіту керек. Әтеш, ал оңы кім үгітеді? Круть Мен емес деді. Верть: Мен де емес, деп айқалады. Жарайды, онда мен үгітейін.Сөйтіп, Әтеш жұмысқа кірісті.Ал, тышқандар болса, ойнап,би билеп жүрді.Біраздан соң Әтеш жұмысын бітіріп, екі тышұанды шақырады. Әтеш: Круть,Верть қарандаршы мен қаншама дән үгіттім. Тышқандар жүгіріп келіп, екеуі бірден шақылдады.Круть,Верть Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек. Әтеш ал кім көтереді? Круть.Верть біз емес. Жарайды, ендеше мен дәнді диірменге салайын.Сөйтіп, қабына дәнді салып алып Әтеш кетті. Ал Тышқандар сол уақытта бір-біріне секіріп ойнайды. Әтеш қайтадан диірменнен оралып, Тышқандарды шақырады.Мен, ұн әкелдім,-деді . Ал Тышқандар: Жарайсын, Әтеш енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек. Сонда Әтеш: Кім енді илейді?- дейді.Ал Тышқандар болса баяғыша жауап берді. Тышқандар: Мен емес, мен де емес,- деп жауап береді. Әтеш- Қайтадан өзім жасайтын секілдімін.Сөйтіп, әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты. Пеш қызып, оған бәлішті салды. Ал тышқандар сол уақыттарын жоғалтқан жоқ.Өлеңдерңн айтып, билеп жүрді. Міне, бәліш пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса бірден үстел басына жүгіріп келді. Круть: Ой, менің қарным ашты. Верть: Ох, менің жегім келіп тұр. Сөйтіп, үстелге отырып алды. Сонда Әтеш: Тоқтай тұрындар. Алдымен сендер маған масақты кім тапты соңы айтындаршы? Тышқандар Сен таптың деп айғалайды. Әтеш:Ал оңы кім үгітті? Тышқандар: Сен үгіттің. Әтеш:Ал кім дәнді диірменге тарты? Тышқандар: Тағы да сен, ақырын айтты. Әтеш:Ал кім иледі? Отынды әкелді? Пешті кім жақты? Бәлішті кім пісірді? Тышқандар: Бәрән де сен, бәрін де сен!- ақырын айтты. Әтеш:Ал сендер не істедіндер сонда? Не деп айтатындарын білмей, айтатын жауаптары болмады.Сонымен Круть пен Верть үстелден тұрып кете берді.Ал Әтеш болса оларды ұстамады. Себебі: мұндай еріншек пен жалқауларға бәліш берудің де қажеті жоқ деп түсінді. Сұрақ-жауап: Балалар сендерге кейіпкер соңынан сөздерін қайталап отырған ұнады ма? Ал сендер не түсіндіндер? Ендеше мақал- мәтелді қайталайық. Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектің наны тәтті. Әрине, балалар, еңбекпен табылған нан тәтті. Жақсы, балалар өз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайық. Сергіту жаттығуы: Қанат жаям жалма-жан, Талпынғандай ұшуға. Иіліп келіп, қол созам, Аяғымның ұшына. ( Педагог жаттығуды қимыл-қозғалыспен орындату және екі рет қайталау). Дидактикалық ойыны:Қайсысы ірімшікті жақсы көреді? Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ойын шарты: жұмыс дәптерде орындалады. |
Ойынды қызыға ойнайды. Балалар қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
|
Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар қуанып, әр кейіпкердің сөзін қайталап отырады.
-Ал оңы кім үгітеді? -Мен емес деді. Мен де емес деп айқалады. Жарйды ендеше мен үгітейін.
Енді дәнді диірменге салып, ұн етіп үгіту керек.
Балалар педагог қойған сұрақтарға ойлана дұрыс жауап береді.
Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
Ойынды ойланып жауап беріп, ойнайды. |
||
Рефлекстік-үйлесімділік
|
Қорытындылау. Жаңа сөзерді дұрыс айтуға ұсыныс білдіру.
|
Балалар ұсынысты қабылдайды.
|
Күтілетін нәтиже
Біледе: Еңбекқор сөзімен жалқау сөздер айырмашылығы;
Игереді: Кейіпкерлер дауысын айнытпай салуды.
Меңгереді: Бәліштің қалай жасай алатындығын біледі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.