8.10.2015 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылыған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту қосымша
Тақырыбы: «З» және «с» дыбыстары
Мақсаты:
Сөздік жұмыс: күз, су.
Қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Демонстрациялық құралмен жұмыс: Балалардың назарын жыл мезгілінің суретіне аудару. Оларды ерекшеліктеріне сай атау. (күз, көктем, қыс, жаз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау. |
Назарларын суретке аударып, оларды атауға әрекеттенеді.
Күз мезгілі екенін, ай атауларын атауға атсалысады. |
Ұйымдастыр-шылық- ізденістік
Ұйымдастыр-шылық- ізденістік |
Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау. Қай сөзде «с», қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағала, сөйлем құрауын ұсыну. -«Ыз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық. -Ненің дыбысына ұқсайды?
-«С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып,күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.
«З» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату. За-за-за – таза Зу-зу-зу – жазу Зы-зы-зы – қозы Зе-зе-зе – зерек Аз-аз-аз – жаз Ыз-ыз-ыз – қыз Үз-үз-үз – күз Із-із-із – сәбіз
Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету. Са-са-са – сана Су-су-су – суық Се-се-се – кесе Ас-ас-ас – тас «С» және «З» дыбысның ауада жазылуын көрсету.
«З» дыбысның 3 санына ұқсайтыны айтылады.
Топтағы немесе басқа да «З» және «С» дыбыстары бар заттарды атау.
Тыныштық сақтап отырып сағаттың дыбысын тыңдату. Оның қажетілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту. -Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт.
Сергіту жаттығуы. Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау, Жаңбырдың сіркіреп Келгенің қызық-ау. (Қ.Ыдырысов)
Дидактикалық ойын: «З және с дыбыстары»
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Судың да сұрауы бар.
Жаңылтпаш жаттату. Арықтан су сылдырлап ағады, Сылдырап ағада, Сылдырап ағады, Сылдырап ағып, Сырдарияға барады.
|
-Күз(з) -Қыс(с) -Жаз(з) Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды. -Ыз-ыз-ыз.
-Араның, масаның дыбысына ұқсайды.
Буындар мен сөздерді педагогпен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.
Педагогпен бірге ауада жазуға талпынады.
«З» дыбысның 3 санына ұқсайтынын біледі.
Өздері білетін сөздерді атауға тырысады. Терезе, асік, сағат, сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан.
Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы әңгімелеседі.
-Сырт-сырт, сырт-сырт.
Қимылдарын келтіріп жасайды.
Дәптермен жұмыс.
Педагогпен бірге қайталайды. Мақалдың мағынасын түсініп, суды үнемдеу керегін түсінеді.
Жаңылтпашты жаңылмай қайталап жаттауға талпынады. |
Рефлексиялы-түзетушілік |
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып, таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату: -Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! |
Ізгі сөздерді қайталайды. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерінің ерекшелігін;
Игереді: «З» және «с» дыбыстарын дұрыс айтуды;
Меңгереді: суды үнемдеу керектігін, ізгі сөздерді айта білуді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.