ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

  • Лекции
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала тех карт 7.docx

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы: « Қуыршақ Әйгерімнің  туған күні»

Мақсаты: а) Балалар ойыншық туралы әңгіме құруға, өз ойларын, толық сөйлемдер арқылы жеткізе білуге үйрету.
ә) Әңгіме құрастыруды үйрету арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

б) Ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын арттыру.

Сөздік жұмысы: қуыршақ, ойыншықтар.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ ойыншық, жұмсақ ойыншық- аю, резиналы ойыншықтар, пластмассалы машина.

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Моти

вация

лық

-қозғаушылық

Ғажайып сәт: Тобымызға қуыршақ

 Әйгерімнің келуін хабарлайды.

Балалар қуыршақтың келгеніне қуанады.

Ұйым

дас

тыру

шылық- ізденістік

-Балалар, бұл не?
Кәне, «Қуыршақ» сөзін қайталаймыз.
-Балалар бұл қуыршақтың есімі- Әйгерім

«Қуыршақ» тақпағын жаттату.

 

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ,
Ойыншықтар таңдайды,
Ақыл айтсақ,  бұйырсақ.

                                      (Н. Әлімқұлов)

(Тақпақ жаттатудың әдіс-тәсілі: «Суретті жаттау»

Түсіндірілуі: суреттерді тақтаға салып, әр қатарға салып, тақпақты жаттап алу. Мысалы,

Біздерде бар қуыршақ

(қуыршақ суретін салу.)

 Бұзау, қозы, құлыншақ(бұзау, қозы, құлыншақ суреттерін салу

Ойыншықтар таңдайды,
Ақыл айтсақ,  бұйырсақ.

(қол қимылымен көрсету).

Сұрақтарға жауап алу.

-Балалар «Қуыршақ» неге жатады? Ыдыс-аяққа ма? Жануарларға ма? Немесе құстарға жата ма?  Әлде ойыншықтарға ма?

 

 

-Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтар бар?

 

Дидактикалық ойын:

«Ойыншықты тап»

Ойын мақсаты: ойыншықты атау және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратып, сол ойыншыққа өздерің мейірімді  тілек тілейсіңдер.

Мысалы, балалар алдымен көздерін жұмалы, қойылған ойыншықтар ішінен педогог біреуін жасырып қояды. Қандай ойыншық жоқ?

 

 

-Ойыншық жасалуына қарай?  Жұмсақ па? Қатты ма? Әлде созылмалы ма? Ал сол ойыншыққа қандай мейірімді сөз айтасың.

 

-Балалар, бүгін қуыршақ  Әйгерімнің туған күні екен.
-Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?

 

-Әйгерімнің туған күнін қалай жақсы, көңілді өткізуге болады.

-Кәне, шағын әңгіме құрайық.

Әңгіме құрау: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні» (тіл дамыту дәптері)

Мақсаты: ауызша өз ойларын жеткізе білу.

Шарты: Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау арқылы, әңгіме құрау.

Мысалы:

Әйгерім қуыршақтың туған күніне аю келді. Аю Әйгерімге өзінің сүйікті тағамы- бал сыйлады. Оны көрген Әйгерім қатты қуанды.

 

Сергіту жаттығуы:

Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

(Сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды)

-Бұл- қуыршақ
-Қуыршақ

 

 

 

 

Педогог айтқанын қайталап, жаттап алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қуыршақ ойыншыққа жатады.

 

 

Әр бала өзойыншықтарын атап өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Аю ойыншығы жоқ, оның қалған ойыншықтардан қарағанда, пішіні үлкен, түсі қоңыр.

 

Аю- жұмсақ ойыншық. Мен оны ұқыпты, таза ұстап ойнаймын.

 

 

Балалар өз ойларын білдіреді.

 

 

Балалар ауызша әңгіме құрап айтуға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарынан тұрып жаттығуды орындайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Әңгіме құрағанда толық сөйлем құруға тырысады.

 

Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айту.

Балалар педагог сөзіне зейін қойып, орындауға тырысады. Балалар ұсынысты қабылдайды.

 

Күтілетін нәтиже

біледі: ойыншықтардың неден жасалғанын білу;

игереді: толық сөйлем құрауды;

меңгереді: өз ойларын сөйлемдер арқылы жеткізуді біледі;