Білім беру саласы: Қатынас 22.10.15
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту қосымша
Тақырыбы: Әңгімеде...
Мақсаты: а)Балаларды педагогтің үлгісі бойынша ойыншықтар жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге үйрету.
ә) хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрай білуге үйретуді жалғастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Б) Ойыншықтармен дұрыс ойнап білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: доп.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, қуыршақ және машина.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Баланыңіс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
«Бөлмеге саяхат» ойынымен бастап, топ бөлмесіндегі заттарға олардың ішінде ойыншықтарға назар аударту. |
Балалар бәрін аралап, мұқият қарап шығады. |
Ұйымдас- тырушылық- ізденістік
Ұйымдас- тырушылық- ізденістік
|
Балалар өз орындарына келіп отырады. Ойын: «Ойыншық қандай фигураға ұқсайды?»ойынымен жалғастырылып, қарапайым математикалық түсініктерімен байланыстыра келе , ойыншықтардың көлемі, түр-түсі, пішінін анықтап талдау жұмыстары жүргізіледі. (Мәселен, мен допты көрдім. Оның пішіні геометриялық фигура-дөңгелекке ұқсайды. Доп тек біреу ғана болған жоқ, олар көп болды. Түстері әр түрлі. Допты жерге соқсаң, ыршиды). «Д» дыбысын буын ішінде айыруға берілетін жаттығуы.
Да-да-да-дала До-до-до-доп Ду-ду-ду-думан Дә-дә-дә-дәптер Ди-ди-ди-диван «д» - «т» -дыбыстарын сөз ішінде келтіріп айтқызу. Дүбір-түбір Доп-топ Дұрыс-тұрыс Дара –тара Дос-тос «д» дыбысының да, «т» дыбысының да балаларға дауыссыз дыбыстарға жататындығын және оның кедергіге ұшырап қысылып шығатындығын түсіндіру. Дәптермен жұмыс. Тіл дамыту дәптеріндегі тапсырманы орындау. Сергіту жаттығуы: Домала доп домала Балшыққа тек жолама Жек көремін оныңды Бүлдіресін қолыңды. Секіріп өт ордан да Секіріп өт жолдан да Қуса күші жетпесін Машина басып кетпесін. (Ө. Ақыпбеков) Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау. «Менің сүйікті ойыншықтарым» тақырыбында әңгіме құрастыру. Шарты: қуыршақ және машина ойыншықтарын алу және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын айта келе, әңгімелеу. (мысалы, әкем менің туған күнімде қуыршақ сатып әперді. Ал ініме машина сатып әперді. Әкем маған қуыршақты көрсеткен уақытта мен «Алақай!»-деп қатты қуандым. Менің қуыршағымның көйлегі қызыл түсті, басында әдемі қалпағы, сүйкімді сөмкесі бар, т.б.) |
Балалар өз көрген ойыншықтарын белгілі бір геометриалық фигураға ұқсатып, оның түр-түсіне, үлкенді кішілігіне тоқталып өтеді.
Жаттығуды орындау.
Дәптердегі тапсырманы орындау.
Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.
Сәл ойланып, әңгіме құрауға тырысады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Ойыншықтарын ойнау ережелерін еске түсіріп, үнемі қолдануды түсіну. |
Балалар ұсынысты қабылдайды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: үлгі бойынша шағын әңгімелерді бейнелеп айтуды.
игереді: «д» және «т» дыбыстарын анық айтуды.
меңгереді: өз ойын жеткізіп, әңгіме құрауды біледі.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.