ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 2.docx

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Күз.Күзгі ағаштар

Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтарымен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация

лық-қозғау

шылық

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?

 

- Дұрыс байқапсыңдар, тағы қандай өзгерістер болады?

 

Тәрбиеші балаларға күз маусымының

 өзгерістері туралы қосымша ақпарат

береді.

- Күз мезгілі?

- Күн қысқарабастады, жапырақтар сарғайып жерге түсіп жатыр

құстар жылы жаққа ұшады.

- ауа райы суытады, жаңбыр жауады.

            Ұйымдасты

рушылық-ізденістік

-Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған

ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар

 ма, ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады.

Ағаштың түрлері көп. Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы. Екі ағаш бір-біріне ұқсай

ма, әлде өзгешеліктері бар ма?

Мынау – үйеңкі ағашы. Үйеңкінің

жапырақтары пішіні жағынан әр түрлі,жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының жапырақтарының түсі қандай болып тұр?   

-Үйеңкі ағашы ерте көктемде гүлдейді, жазда жемісін беріп, күзде  жемістері піседі. Бұл ағаштың жапырақтарын көгалдандыру жұмысына қолданады.

Балалар, қараңдаршы, үйеңкі ағаштары қай жерлерде өсіп тұр? Яғни, балалар, үйеңкі

 ағашы күн  көзінде де, немесе ала көлеңкеде

 өсе береді. суыққа төзімді және ылғалды өте жақсы көреді, сондықтан не істеуіміз керек

 екен?

Енді, балалар, мына бір ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады, кім біледі?

Бұл – емен ағашы.

-кәне, емен ағашын құшақтап көріңдерші

қандай екен?

Енді үйеңкі ағашын құшақтап көріндер, ол қандай , жуан ба әлде жіңішке ме?

Енді жоғарыға қарап, екі ағаштын биіктігін салыстырайық. Қайсысы биік, қайсысы аласа?

Жапырақтарының пішіні қандай?

 

Емен ағашы да жеміс береді, кәне, еменнің жемісін кім көрсетеді және оны қалай атайды?

Тәрбиеші емен ағашының қабығымен жаңғағының емдік мақсатта пайдылығын түсіндіреді.

-Балалар , ағаштар жанды табиғатқа жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата ма?

-Неліктен олай ойлайсыңдар?

-Олардың өсу үшін не қажет?

-Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы

 бар?

-Дұрыс айтасыңдар, ағаштарды көгалдандыру үшін де пайлаланады және шаң тозаң ,

түтіннен қорғайды. Қалай қорғайды.

Ал жануарлар үшін қандай пайдасы бар?

Тәрбиеші қорытындылайды.

«Жапырағынан таны» ойыны:

Ойын шарты бойынша 1.әр түрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды. 2. Жинаған жапырақтарының ішінен үйеңкі және емен ағаштарының жапырақтарын тауып, сипаттап береді (пішіні, түсі, қай ағаштың жапырағы т.б)

Сергіту сәті

Сергіту сәті аяқталғаннан соң тәрбиеші балаларға үйеңкі және емен ағашының жапырақтарын жинауды тапсырды.

Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде

берілген тапсырманы түсіндіреді.

Бірдей емес, өзгешілігі бар (балалар екі

ағаштың айырмашылықтарын айтуға тырысады).

 

 

 

 

 

 

 

-сары, қызғылт түс.

 

 

 

 

Ашық алаңда және көлеңкелі жерде өсіп

Тұр.

 

Жиі суарып тұру керек.

 

Балалар білетін болса, жауап береді. Білмесе тәрбиеші өзі айтып толықтырады.

-Жуан.

-Емен ағашына

қарағанда жіңішкерек.

-Емен ағашы биік,

үйеңкі ағашы аласа.

-Сопақша, жиегі ирек. Емен ағашының

 жемісін алып келіп, оның жаңғақ деп аталатындығын айтады.

 

 

-Жаңды табиғатқа жатады.

-Өйткені оларда біз сияқты өседі.

-Ауа, су, жарық, жылу қажет.

-Көлеңке болады, әдемілік үшін

қолданады, жиһаздар жасайды.

Шаңды жапырағына қоңдырып алады.

жануарлар олардың жемісін, жапырағын жейді. Құстар олардың бұтақтарына ұя салады.

 

Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды. Әр бала жапырақтар жинайды.

Жинаған жапырақта

рын бастырып, оларды бояйды.

Рефлексия

лық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл-күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен дінінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді.

Меңгереді: емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдаланылуы, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктерді күтуді, қамқорлықпен қарауды.


Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта

Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады

Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақтар қойылады

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен дінінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен дінінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018