ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 16.docx
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекет түрі: Экология. Тақырыбы: Шырша мен балқарағай. Мақсаты:қылқанжапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту.  Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан  айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи  байлығын сақтау үшін адамдардың мінез­құлық ережелерін түсінуге үйрету.  Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Қысқы орман табиғаты бейнеленген көлемді сурет, ағаштар  мен қылқанжапырақты өсімдік шыршаның және балқарағайдың суреттері. Қажетті құрал­жабдықтар: жұмыс дәптері, шырша мен балқарағайдың  қылқандары, бүрлері, мата. Алдын ала жасалатын жұмыстар: қысқы табиғатты, қарды бақылау,  балқарағайдың, шыршаның бүрлерін жинау. Әдіс­тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Оқу іс­әрекетінің кезеңдері  Мотивациялық­ қозғаушылық Ұйымдас­ тырушылық­ ізденістік Педагогтің іс­әрекеті Баланың іс­әрекеті Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбер бойына  тұрғызып, табиғаттың өсіп­ өркендеуі үшін жылы  лебіздер мен тілектер айтуды ұсынады.  Тәрбиеші балаларға қыс  мезгілі, онда болатын  өзгерістер, ересек  адамдардың еңбегі мен  балалардың әрекеті, ойыны,  ауа­райы т.б. туралы  сұрақтар қояды. Миға шабуыл: Тәрбиеші балаларға қысқы  орман табиғаты бейнеленген  суретті көрсетіп өздеріне  таныс қандай ағаштарды  көріп тұрғандарын сұрайды. ­Неліктен олай  ойлайсыңдар? ­Мынау – шырша (суретін  көрсету). Енді осы шырша  туралы есімізге түсірейік.  Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді. Балалар өздерінің алдын ала бақылағандарын: қар жамылған ағаштарды,  қар ұлпасының  өзгешелігі, қардың  үстіне сурет  салғандарын еске түсіре  отырып жауап береді. Балалар орман  ағаштарының барлығы  бірдей болып  тұрғандығын айтады. ­Өйткені ағаштардың  бұтақтарына қар  жабысып тұр. Шыршаның түсі қандай? ­Шыршаны  қай жерлерден  көп кездестіруге болады? Тағы қай жерлерден  кездестіруге болады? Шыршаны адамдар не үшін  пайдаланады? ­Шырша мен балқарағайдың  қандай ұқсастықтары бар? ­Айырмашылығы қандай? ­Дұрыс айтасыңдар,  шыршаның инелері қысқа әрі  жиі  орналасады ал  балқарағайдың инесі ұзын  болғанымен сирек болып  келеді, бұл инелерін қылқан  деп атауға болады. ­Енді бүрлеріне қараңдар,  айырмашылығы бар ма? Тәрбиеші балалардың  жауаптарын толықтырып,  балқарағай туралы толық  ақпарат береді.  Балқарағайдың да басқа  өсімдіктер сияқты тамыры,  діңі, бұтақтары,  жапырақтары болады.  Жапырақтары қылқан деп  аталады.Сол себепті де оны  қылқанжапырақты деп  атайды. Шыршаға және басқа қылқанжапырақтыларға  қарағандағы ерекшелігі, олар қыс мезгілінде қылқанын  түсіреді. Қылқандары  жұмсақ, нәзік болады.  Балқарағай ерте көктемде,  қылқаны щыққан кезде  ­Жасыл. ­Тауда, ормандарда. ­Жол жиектерінен,  балабақшалар мен  мектептерде, үйдің  аулаларынан. ­Музыкалық аспап,  қағаздар жасайды. Жаңа жыл ағашы ретінде  пайдаланады. Балалар жаңа өсімдік  түріне таңырқай  қарайды. Педагогтің жанына  барып, екі өсімдікті  салыстырады. Екеуінің де инелері бар  және түстері де жасыл,  әрі биік.Шыршаның  инелері қысқа,  балқарағайдың инесі  ұзын. ­Шыршаның бүрі ұзынша сопақ, балқарағайдың  бүрі сопақша  болғанымен, басы  домалақтанған қысқа. Балалар педагогтің  айтқанын мұқият  тыңдайды. гүлдейді. Гүлі деп қызыл,  сары түсті бүрлерін айтады.  Балқарағай суыққа төзімді.  Балқарағай мен шырша  ауаны тазартады және  олардың қылқандары мен  бүрлерінен дәрілер жасайды.  Оларды адамдар құрылыста  көп пайдаланады. Бірақ  оларды бей­берекет кесуге  болмайды. Керісінше оның  өсіп­жетілуіне жағдай жасау  керек. Тәжірибе жасау:  Балалардың алдына шырша  мен балқарағайдың  кептірілген қылқандары  беріледі (инелері кіріп  кетпес үшін резеңке балға  береді). Балалардан  қайткенде иістерін шығаруға болатындығын ойлануларын  сұрайды. ­Қайткенде иісі жақсы  шығады. ­Қылқандарының бастапқы  қалпы қандай еді? ­Енді не пайда болды? Педагог балалардан жасаған  ұнтақтарын екі ыдысқа  салғызып, біреуіне суық,  екіншісіне ыстық су құяды  да бетін жауып қояды.  Біраз уақыттан кейін (ыстық  су суыңқыраған кезде)  бірінші суық су құйылған,  екінші ыстық су құйылған  ыдыстың қақпағын ашып,  балалардан қайсысының  иісінің қатты шығып  тұрғанын сұрайды. Соңынан қайнаған су  құйылған сұйықтықты  сүзгіден өткізіп, шыны  Балалар мәселені  шешуге тырысады.  Қылқандарды матаның  арасына салып басы  резеңке балғамен ұрып,  үгітеді. Бастапқы  қалыптағы иіспен  салыстырады. ­Үгіткенде. ­Ине тәрізді болатын. ­Үгінді, ұнтақ пайда  болды. Балалар ыстық су  құйылған ұнтақтың  иісінің қатты шығып  тұрғандығын айтып,  себебін түсіндіруге  тырысады. құмыраға құяды. ­Міне, балалар, біз өзіміз де  дәрі жасай алады екенбіз,  бұны тұнба деп атайды. Бұл  тұнбаны суық тигенде денеге жағуға, ауызды шайқауға  және моншаға пайдалануға  болады екен. Сетгіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде  берілген тапсырманы  түсіндіреді. Педагог балалардан бүгінгі  жиыннан алған әсерлерін,  көңіл күйлерін, немен  айналысқандарын, не  үйренгендерін сұрайды. Сергіту сәтінің сөзін  қайталай отырып,  қимылдар жасайды. Балалар дәптерде  берілген тпсырманы  орындайды.  Сабақтағы көңіл  күйлерін дәптердегі  таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға  жауап беріп,  пікірлерімен бөліседі. Рефлексиялық­ түзетушілік Күтілетін нәтиже: Біледі: балқарағайдың қылқанжапырақты өсімдік екендігін, оның жануарлар  мен адамдар үшін пайдасын, олардың көбінесе орманда өсетіндігін.  Игереді: балқарағайдың басқа ағаштардан айырмашылығын байқап,  сипаттауды, олардың басқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары,  жапырақтары болатындығын, жапырағының қалқан деп аталатындығын,  қылқанжапырақты өсімдіктердің тұрмыстағы, медицинадағы пайдасын,  табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін. Меңгереді: тәжірибе жасау, тапсырманы орындау барысында құралдарды  ұқыпты пайдалануды.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018