ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
docx
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
ТЕХ КАРТ 19.docx
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс­әрекет түрі: Экология. Тақырыбы: Көктем кереметі. Бөртегүл.  Мақсаты: көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға  салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап  салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныстыру. Бақылаудың  қорытындысын, нәтижесін айта білу іскерлігін жетілдіру. Табиғатқа  қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ағаштардың суреттері, бөртегүлдің суға салынып, бүршік  жарған және жапырақ жайған бұтағы. Қажетті құрал­жабдықтар: жұмыс дәптері. Алдын ала жұмыстар: серуен кезінде көктемгі ауа райын, бөртегүл  өсімдігін, табиғаттағы өзгерістерді бақылау, көктем мезгіліне, жанды және  жансыз табиғатқа байланысты әңгімелесу. Бөртегүлдің бір­екі бұтағын ақпан  айының бірінші онкүндігінен бастап суға салып, бақылау жасау. Әдіс­тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Оқу іс­әрекетінің кезеңдері  Мотивациялық­ қозғаушылық Педагогтің іс­әрекеті Баланың іс­әрекеті Балалар шаттық  шеңберін құрып, өлең  жолдарын айтады.  Балалар серуен  кездерінде  байқағандарын және  оқылған шығармаларға,  тәрбиешінің алдын ала  жүргізген жұмыстарын  естеріне түсіре отырып  жауап береді.  Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады. Әңгімелеу Тәрбиеші балалардан көктем мезгілі, ондағы өзгерісте,  басқа мезгілдерден  айырмашылығы туралы  сұрап әңгімелеседі. ­Біз бүгін сондай өсімдіктің  бірі бөртегүлмен танысамыз  (гүлдеп тұрған суретін  көрсету). ­Бөртегүлді көргендерің бар  ма? ­Қайдан көрдіңдер? ­Бөртегүлдер әлі бүршік  жарған жоқ, себебі: олардың  бүршік жаруына, гүлдеуіне  әрі ертерек екен. Енді  балалар мына суда салынып  тұрған бөртегүлдің бұтағына қараңдаршы, не байқауға  болады? Ұйымдас­ тырушылық­ ізденістік ­Бірінші бүршік атады,  онан кейін одан жапырақ пайда болады, соңынан  гүодейді. Күннің жылуы, таза ауа,  су, қоректік заттар  керек. ­Адамдар суарады,  жаңбыр жауған кезде  алады. ­Неліктен топта тұрған  бөртегүлдің бұтағы жапырақ  жайған, ал далада өсіп  тұрған бөртегүлдің әлі  жапырағы жоқ. Дұрыс  айтасыңдар, бөртегүлдің  бұтағы топта тұрғандықтан  жапырақ жайды. Себебі:  олар ұзақ уақыт жылы жерде  тұрады. Ал көктем енді  келгендіктен даладағы  бөртегүл енді ғана бүршік  жаруға дайындалып жатыр.  Енді суретке қараңдар,  суретте бөртегүлдің өсу  кезеңдері бейнеленген.  Суретке қарап кім өсу  кезеңдерін айтып бере  алады?  ­Дұрыс айтасыңдар, мына  суретте бөртегүлдің гүлдеп  тұрған кезі бейнеленген.  Бөртегүл гүлденген шағында оның әдемі иісі бүкіл бақты  алып кетеді. Мамыр айында  гүлдейтіндіктен халық  «мамыргүл» деп те атайды.  Бөртегүл тек әдемі, хош  иісті өсімдік қана емес,  сонымен қатар оның  бүршігінде, гүлінде және  діңінің қабығында дәрілік  қызуды түсіруге, терлетуге  пайдаланады. Бөртегүлдің өсуі үшін не  қажет? ­Дұрыс айтасыңдар, сол  қоректік заттарды олар  тамыры, сабағы, жапырағы  арқылы алады. ­Бөртегүл ашық күнді  сүйеді, алакөлеңкелі жерде  де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Гүлдеп болған соң қуарған  гүлшоғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек.  Себебі: бөртегүлдің  гүлденген бұталары келесі  жылы гүл жарамайды.  Гүлдеп біткен соң  гүлсабағымен қатар әлсіз  бұталарын да түбінен кесіп  алып тастау керек. Мамыр,  маусым айларында  топыраған құрғатып  жібермей, суарып отырса,  гүлді мол береді. Бөртегүл  жыл сайын тамырынан  бірнеше жас өскін шығарады. Педагог балаларды екі  орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы  балаларға дайын қиылған  бейнелердің ішінен көктем  мезгіліне байланысты  суреттерді алып, жапсыруды  тапсырады. Екінші  орталықтағы балаларға  жанды және жансыз  табиғатқа қатысты жеке  суреттер береді. Педагог сергіту сәтін  ұйымдастырады. Дәптермен  жұмыс. Дәптерде берілген  тапсырманы түсіндіреді.  Бірінші «Таным»  орталығындағы балалар  «Көктем» тақырыбында  композиция жасайды  (ұжымдық жұмыс). Екінші орталықтағы  балалар жеке суреттер  бойынша әңгімелеп  береді. Сергіту сәтін жасайды. Дәптерде берілген  тапсырманы орындайды. Рефлексиялық­ түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі  жиыннан алған әсерлерін,  көңіл күйлерін, немен  айналысқандарын, не  үйренгендерін сұрайды. Іс­әрекеттегі көңіл  күйлерін дәптердегі  таңбаларға белгілейді.  Қойылған сұрақтарға  жауап беріп, ой бөліседі. Күтілетін нәтиже: Біледі: көктемгі табиғат өзгерістерін, бөртегүл өсімдігін танып, айтып бере  білуі, өсімдіктің өсуі үшін жарық, ауа, ылғал, күтім керек екендігін, бөртегүл  өсімдігінің басқа бұталы өсімдіктер сияқты тамыры, бұтағы, жапырағы  болатындығын, олардың пайдасын. Игереді: бөртегүл өсімдігінің өсу кезеңдері және оның пайдасы туралы  білімді. Меңгереді: бақылау жасауды, қорытынды шығаруды, күтіп­баптаудың  жолдарын.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018