Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 9.10.2017
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлім: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Біздің балабақшамыз.
Мақсаты:
Білімділігі: балалардың балабақша жайында түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: ұжымдық қарымқатынас дағдыларын, құрдастарымен достық қатынас жасауды
қалыптастыру.
Тәрбиелігі:балабақшаға деген құрмет пен махаббат сезімдерін тәрбиелеу. Балаларды
байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Балабақша» суреті, балалардың фотосуреттері, тазша бала,
қуыршақтар,қиылған пішіндер.
Сөздік жұмыс: тазша бала
Билингвальді компонент: балабақшадетский сад,ойыншықтаригрушки
Оқу қызмет
кезеңі
Мотивациялық
қозғаушы
Балалардың қызметі
Тәрбиешінің қызметі
Ұйымдастыру
ізденістік
(Қонақтармен амандасу)
Шаттық шеңбер:
Ән салуға барамыз.
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе,міне мен!
Доспын енді сенімен.
Балалар,біреу есікті қағып тұрған
сияқты,бұл кім екен?
Сәлеметсің бе,сен кім боласың?
Тазша бала:
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Ментазша баламын.
Мен балабақшада балалар не істейтінін
көргім келеді,білгім келеді,менің де
балабақшаға барғым келеді.
Онда кел отыра ғой,тазша
бала.Балабақшада балалар не істейтінін
көресің,білетін боласың.
(Тазша бала отырады.)
Сабақтың барысы:
Мынау біздің балабақшамыз.
Балалар,біздің балабақшаның іші қандай?
(Суретпен жұмыс.)
Балабақшада нелер көп?
Мында кімдер жұмыс істейді?
Тағы кім жұмыс істейді?
(Сурет көрсету)
Біз балабақшаға қай мезгілде келеміз?
Сәлеметсіз бе?
Балалар қосылып айтады.
Бала кіреді.
Сәлеметсіз бе?
Балабақшаның іші
үлкен,таза,жарық,әдемі.
Біздің балабақшада ойыншықтар
көп.
Балабақшада тәрбиешілер,
тәрбиешінің көмекшісі жұмыс
істейді.
Медбике,әдіскер жұмыс істейді. Таңертең келген соң не істейміз?
(Сурет көрсету)
Одан кейін не істейміз?
(Сурет көрсету)
Балалар,таңғы аста не береді?
(Сурет көрсету)
Сосын не істейміз?
Қане,қандай тақпақ
білесіңдер,айтайықшы.
(Қуыршақтар таратып беру)
Бізде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ.
Ойыншықтар ұйықтайды.
Айтқанынан шықпайды.
Ал қозы мен құлыншақ,
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа.
Тағы қандай сабақтар болады екен?
(Сурет көрсету)
Балабақшада ән сабағы бола ма?
(Суреттерді көрсету)
Біз қандай ән үйрендік?
Балалар,би сабағында үйренген
өнерімізді тазша балаға көрсетейікші.
Кел,тазша бала,бірге билеп сергіп
қалайық.
Сергіту сәті
Аяқпенен топтоптоп,
Ал қолменен хлопхлопхлоп.
Бір оңға,бір солға,
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға,бір солға
Ойнайықшы кел мұнда.
Секіреміз жоғары.
Қиын емес секіру,
Бір оңға,бір солға
Секірейік кел мұнда.
Міне,балалар,сендер ән айтасыңдар,би
билейсіңдер,серуенге шығасыңдар түскі
астан кейін сендер не істейсіңдер?
(Сурет көрсету)
Ұйқыдан тұрып сендер ,далаға шығып
Біз балабақшаға таңертең келеміз.
Біз жаттығу жасаймыз.
Жаттығу жасаған соң таңғы ас
ішеміз.
Таңғы аста ботқа,нан,шәй береді.
Біз өлең,тақпақ айтамыз.
Балалар тақпақ айтады
Сурет салу.
Жапсыру.
Мүсіндеу...
Би сабақтары болады.
(Суреттерді көрсету)
Балабақшада ән сабағы болады.
«Біздің балабақшамыз»әнін айту.
Балалар тәрбиешінің қимылын
қайталайды.
Түскі астан кейін біз
ұйықтаймыз. ойнайсыңдар осылай сендердің
балабақшада күндерің қызықты өтеді.
Сендердің балабақшада достарың бар
ма,Елнұр?
(Топпен түскен сурет ілінеді.)
Фариза,сенің досың бар ма?
Нұрасыл,сенің достарың бар ма?
Ерлан,сен достарыңмен қандай ойын
ойнайсыңдар?
Балалар,біз енді тазша балаға пішіндер
құрастыра алатынымызды
көрсетейік.Мына пішіндерді кім
құрастыра алады екен?
«Пішіндерді құрастыр»ойыны.
Пішіндерді дұрыс құрдық па?
Енді осы пішіндерді санайықшы.
Сөздік жұмыс: тазша бала
Билингвальді компонент: балабақша
детский сад,ойыншықтаригрушки
Біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Балабақшада балалар немен айналысады
екен?
Тазша бала,саған балабақшада ұнады
ма?
Тазша бала:
Иә.Маған балабақшада өте ұнады.Келесі
жылы мен де балабақшаға
барамын.Сурет салуға,мүсіндеуге,би
билеуге,ән айтып,тақпақ жаттауға
үйренемін.
Дұрыс айтасың,тазша бала.
Балалар,біз енді тазша баламен
қоштасып,шығарып салайық.
Сау бол,тазша бала!
Тазша бала:
Сау болыңдар,балалар!
Балалар,тазша бала сендерге мынандай
сыйлықтар тастап кетіпті.(Сыйлықтарды
Балабақшада біздің достарымыз
бар.
Біздің топтың балалары.
Бұл — екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз — осы үйдің гүліміз
Біз — осы үйдің сәніміз
Иә,балабақшада менің Айару
деген досым бар.
Бұл — құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық!
Менің достарым Ерлан және
Елнұр.Біз үшеуіміз ойнағанды
ұнатамыз.
Біз конструктор құрастырып
ойнаймыз.
Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Ойын ойнайды.
Дұрыс құрдық.
1,2,3.
Балалар қайталайды.
Қайталайды: балабақшадетский
сад,ойыншықтаригрушки
Балабақша туралы әңгімелестік.
(Суретті көрсете отырып,жауап
береді.
Сау бол,тазша бала!
Рефлексивті
түзетушілік таратып беру)
Енді қонақтарымызбен де қоштасайық.
Сау болыңыздар.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: балабақша жайында түсініктері болу керек.
Түсінеді: балабақшада үйренген өлең –тақпақ, билерді біледі.
Қолданады: ұжымдық қарымқатынас дағдылары,құрдастарымен достық қатынастары
қалыптасты.
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.