Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: шығармашылық .
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Піскен алмалар».
Мақсаты:
Білімділігі: қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту,
балаларды дәстүрден тыс аппликация – жырту тәсілімен таныстыру; желіммен жұмыс
істеген кезде тиянақты болуға үйрету.
Дамытушылығы: тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру. Шығармашылық ойын дамыту.
Тәрбиелігі: табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құралжабдықтар: алма бағының суреті,
алмалармен ойнауға арналған себет, қуыршақ , желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Алдын ала орындалатын жұмыс:әңгімелесу,суреттерді қарау.
Сөздік жұмыс: піскен.
Билингвальді компонент: күзосень,алмаяблоко.
Оқу қызмет
кезеңі
Мотивациялық
– қозғаушы
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Шаттық шеңбер:
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз,
Сәлемет пе,міне мен,
Доспын енді сенімен!
Ғажайып сәт:
Балалар,бізге қонақ келді.Оның кім екенін
білу үшін жұмбақ шешейік:
Жұмбақ
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояпбояп барлығын
Сапсары ғып қояды.
Жарайсыңдар,міне ол келген қонақКүз.
Күз келбеті әрқашан көркем!
Қараңдаршы,сапсары жапырақтардан
жасалған көйлегі қандай тамаша!
Күз:
Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерге
қонаққа келдім.Сендерге ең әдемі,ең тәтті
алмаларды әкелдім.Күзде алмалар пісіп
жетіледі,де сондай тәтті
болады.Келіңдер,бәріміз бір ойын ойнайық.
Балалар педагогтің
қимылын қайталайды.
Суреттерді қызыға қарайды.
Жұмбақты шешеді.
Күз.
Қонақпен амандасады,
қуаныштарын білдіреді.
Екі бала шығып ойнайды. Ұйымдастыру
кезеңі
Рефлексияық –
коррекциялауш
ы
Балалар,кәнекей,алма бағын жасап,күзге
сыйлайықшы.
Үйлестірмелі материалға назарларын
аударады.Жұмыстың орындалу ретін
түсіндіреді.
Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін
жасап желімдейміз.Көп емес,азғана
жыртып,жапырақтарды жапсырамыз.
Соңында піскен алмаларды жапсырамыз.
Жапырақтардың түсі қандай?
Алмалардың түсі қандай?
Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ:
Қала салсақ,жол салсақ.
Сөздік жұмыс: піскен.
Енді жұмысқа кірісеміз.
(Балалармен жеке жұмыс жүргізеді)
Билингвальді компонент: күзосень,алма
яблоко.
Күз,қарашы, барлық ағаштарды қосып
қандай алмалы бақ жасадық!
Күз:
Рахмет,балалар,еңбектерің үшін менен
күздің жемісінқыпқызыл тәтті алмаларды
алыңдар.
Балалармен қоштасады.
Педагогтің тыңдайды,
жауап береді.Үлестірмелі
материалдардағы үлгіні
қарастырады.жұмыстың
орындалу ретімен
танысады.
Жапырақтардың түсі
жасыл.
Алмалардың түсі қызыл.
Өлең сөзінің мазмұнына
қарай қимылқозғалыстар
жасайды.
Қайталайды: піскен.
Жұмысқа кіріседі.
Қайталайды:
күзосень,алмаяблоко.
Балалар жасаған
жұмыстарын талдайды.
Қуаныштарын білдіреді.
Күзбен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: дәстүрден тыс аппликацияжырту тәсілін.
Түсінеді: күздің белгілерін және жемістердіңалмалардың қайда өсетіні туралы.
Қолданады: жапсырмаларды тиянақты жабыстырады.
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.