ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Оценка 4.9

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

Оценка 4.9
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Публикация является частью публикации:
мүсінд алма мен алмұрт.doc
Ұйымдастырылған  оқу қызметінің технологиялық картасы Күні:  Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным. Бөлімі: Мүсіндеу. Тақырыбы: Алма мен алмұрт. Мақсаты:  Білімділігі: күзде пісетін жемістер туралы түсінік беру ; алма мен алмұртты салыстыру арқылы  пішініндегі айырмашылықты анықтау; ермексазды домалақтау, созу тәсілдерін қайталау.  Дамытушылығы: тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.  Тәрбиелігі: табиғатты аялауға тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал­жабдықтар: ермексаз, тақтайшалар, сулықтар,  жемістер бейнеленген натюрморт, кәдімгі алма мен алмұрт, үлестірмелі материал. Алдын ала орындалатын жұмыс: жемістердің пайдасы, жемістерді жинау науқаны туралы  әңгімелеу. Сөздік жұмыс: сопақша. Билингвальді компонент: алма­яблоко, алмұрт­груша, сары­желтый, қызыл­красный. Оқу қызмет кезеңі Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру   кезеңі Тәрбиешінің     қызметі (Магнитті тақтаға натюрморттар ілінеді  (алмалар мен жапырақтар, себеттегі  алмалар және т.б) ­Суреттерде не бейнеленген? ­Осы суреттер сендерге қандай көңіл күй  сыйлайды? ­Бұл суреттер ашық түсті және көңілді  бояулармен салынған, сондықтан оларға  қарағанда бізде қуаныш пен көтеріңкі  көңіл күй пайда болады.  Сабақтың барысы: ­Суретші неге алмаларды қызыл  дастарқанның үстіне бейнеленген? ­Әрине,сары және жасыл  алмалар   дастарқан  үстінде әдемі  көрініп тұруы   үшін  ойластырылған. ­Тағы бір суретте  алмалар  үстелдің   үстінде жатыр,олар­қызыл  және  жасыл   түсті жылтыр  алмалар.Суретші  олардың  әртүрлі  түсіне,көлеміне,дөңгелек   пішініне,тәттілігіне  қызығып   бейнеленген  болуы  керек. ­Сендерге қандай алма ұнады? ­Ал енді үлкен жапырақтардың үстінде  жатқан алмаларға қарандаршы?Осы   суреттерді  бір­бірімен  салыстырыңдар. (Қолдарына  ұстап  пішіндерін   салыстырады) ­Бізде алма мен алмұрттың бірнеше түрі,  түсі бар. Әртүрлі жемістерді  суретшілердің картинасындағы  картинасындағыдай сауықта әдемілеп  орналастырайық. Балалардың   қызметі Балалрдың жауаптары: ­Суреттерде алмалар  бейнеленген ­Суреттер өте әдемі, нағыз  алмаға ұқсайды. ­Түстері ашық,көңілді. ­Алмалар жақсы  көрінуі   үшін. ­Ең  әдемілері­ қызыл,қызғылт  түстілері. ­Алманың  пішіні   дөңгелек,кішкентай  сабағы бар,оған сабағы   орналасқан. ­Алмұрттың пішіні сопақша болып келеді. ­Бүгін біз осы алма мен алмұртты   ермексаздан  жасап үйренеміз. (Суретпен  жұмыс) ­Қазір күз мезгілі.Бақтарда піскен  жемістерді  жинайды.Марат  та бүгін  атасына көмектесіп,бақтағы  алма мен  алмұртты жинап  жатыр.Біз оған  жәшіктерді  толтыруға  көмектесейік.Бір  жәшікке жасаған алмаларымызды  саламыз,екіншісіне алмұрттарымызды   саламыз.Біздің де жасайтын жемістеріміз   ағашта  өсіп тұрғандай әдемі,жылтыр  болсын. Сергіту  сәті.  ­Саусағым,қайда  болдың? Балалармен  не  істедің? ­Бір баламен жүгірдім. ­Бір баламен билдім. ­Бір баламен қыдырдым. ­Бір баламен ойнадым. ­Бір баламен секірдім. ­Достарымды жинаймын, Мүсіндеуді бастаймын! (Мүсіндеу  тсілін  көрсету) ­Бұрыннан білетін жомалақтау тәсілімен  алманы жасаймыз.Алманың сабағын   орналастыратын  жерді  саусағымызбен   шұңқырлаймыз.Сабағы  мен жапырағын   жасап,шұңқырға  орналастырамыз.Ал  алмұртты  жасау үшін,алмадан үлкендеу  дөңгелек  жасап,жоғарғы  жағын сопақша  пішінге келтіріп созамыз.Сыртын   тегістейміз. ­Жасаған жұмыстарыңды  жәшікке  салыңдар. Сөздік жұмыс: сопақша. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Билингвальді  компонент: алма­яблоко, алмұрт­груша, сары­ желтый, қызыл­красный. ­Балалар,Марат сендерге жәшікті  толтыруға көмектескендерің үшін   алғысын білдіріп жатыр.Ол өзінің  ауласындағы бақта пісіп тұрған  жемістерінен сендерге беріп жіберіпті. (Балаларға  алма,алмұрт  беру) Балалар суретке  қарап,әңгіме  тыңдайды. Балалар  тәрбиешінің   көрсетуімен  саусақ   жаттығуын  жасайды. Педагогпен  бірге   қайталап,мүсіндейді. ­Ермексазды  домалақтаймыз, содан кейін кішкене шұңқырлап, оған  таяқшаны немесе жұқа  сымтемірді тығып қоямыз. Керекті  ермексаз  түстерін  алады,оны алақанына салып жұмсартады. Балалар  педагогтің көрсетуімен  ілесе отырып, алма мен  алмұртты жасайды. Балалар  қайталайды. Балалар  қуанышын  білдіреді. Маратқа беріп жіберген  жемістері үшін алғыс  айтады. Рефлексивті коррекциялаушы                                         Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: домалақтау,созу тәсілімен  жемістер  жасайды. Түсінеді: әртүрлі жемістерден  үйлесімді натюрморт құрастыруды,күзгі жиын­терін                   туралы. Қолданады: домалақтау,созу дағдыларын.

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018