Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.
Оценка 4.7

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
технология
9 кл
16.05.2017
Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.
Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы тақырыбына арналған сабақ жоспары. Технология пәнінен тоғызыншы сыныпта өтілетін сабаққа қолдануға арналынған. Сабақтың міндеттері: Оқушыларды қазақ халқының қолөнер бұйымдарымен таныстыру, олардың түрлері мен тарихы туралы мағлұматтар беру. Ағаш бұйымдарды жасауға арналған құрал-саймандардың түрлерін таныстырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
Ашық сабақ жоспары-2014- Агашты коркемдеп ондеу технологиясы.docx
№16 орта мектеп­гимназиясы «Технология» пәнінен Тақырыбы:  Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы.                                                Технология пәнінің мұғалімі:  Қуатов Е.Д.                                                                             Күні: 5.02.2014                                                                          Сынып: 9 «а» Талдықорған ­ 2014 жыл Ашық сабақ жоспары Пәні: Технология              Сынып: 9 «а»              Өтілген күні: 5.02.2014 жыл Сабақтың тақырыбы:  Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы. Сабақтың мақсаттары: а) оқулық: Оқушыларға қазақ халқының қолданбалы қолөнер технологиясын игерту, ағашты көркемдеп өңдеу тәсілдерін үйрету; ә)   дамытушыық:   оқушылардың   іскерлік   қабілеттерін   дамыта   түсу,   ағашты өңдеу шеберліктерін арттыру; б) тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: Оқушыларды қазақ халқының қолөнер бұйымдарымен таныстыру,   олардың   түрлері   мен   тарихы   туралы   мағлұматтар   беру.   Ағаш бұйымдарды   жасауға   арналған   құрал­саймандардың   түрлерін   таныстырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету. Пайдаланылған әдебиеттер: Х. Арғынбаев «Қазақ халқының олөнері», Ә. Марғұлан «Казахское народное прикладное искусство» 1­2 том., А.В. Березнев, Т.С. Березнев «Резьба по дереву», Мн. «Парадокс», 2000.  Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі, тарих. Сабақтың   әдістері:  бейнелеп­түсіндірмелі,   нақтылы   бұйымдардың   үлгісін қолдану, интеллектуалдық талдау, т.б. Сабақтың барысы І.   Ұйымдастыру   кезеңі:  1)   Оқушылар   сабаққа   келмей   тұрып   көрнекі құралдарды   ілу,   тақтаға   бұйымның   сызбасын   сызып,   өлшемдерін   көрсетіп қою.  Алдын   ала   оқушылар   жасайтын   нақтылы   бұйымның   үлгісін   дайындап қою.   жұмыс   киімдерді, шикізаттарды дайындау; 2) оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тізім бойынша тексеру. 3) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жұмыс киімдерін кигізу.   Оқушыларға   берілетін   құрал­саймандарды, ІІ. Оқушылардың өткен материал тақырыбы бойынша білімдерін  тексеру: 1) Оқушыларға жасалатын бұйымға шикізат таңдату; 2) Әрбір оқушыдан таңдаған бұйымдарын қалай жасайтындықтары туралы сұрақтар қою. 3) Нақтылы бұйым бейнесін, сызбаларға және суреттерге сүйене отырып ермексаздан, сазбалшықтан жапсырмалату. 4) Жасалған бұйымдарды салыстырту. 5) Қолданбалы қолөнер бұйымдарының түр­түсі, технологиясы, құрылымы туралы пікірталастар ұйымдастыру. ІІІ.   Жаңа   материалды   меңгерту.  Сазбалшықтан,   ермексаздан   жасалған бұйымдарды ағашты ою арқылы оқушылардың іскерліктерін қалыптастыру. Ағашты өңдеу жұмыстарын орындату. Әр оқушымен жекелей жұмыс жүргізу. IV. Жаңа материалды пысықтау. Қолөнер түрлері, тарихы туралы деректер бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың біліктіліктерін тексеру.  Оқушыларға бұйымды қалай жасағандықтары жөнінде сұрақтар қою. V.   Сабақты   қорытындылау.  Оқушылардың   жасаған   әр   бұйымдарын тақтаның алдына тізіп орналастырып, пікірталас ұйымдастыру. Қандай жұмыс үздік екендігін анықтату, әр жұмысқа сипаттама бергізу. VI. Үйге тапсырма беру. Аяқталмаған жұмысты үйде бітіруге беру. Жұмысқа қажетті шикізаттарды тауып әкелу мүмкіндіктерін қарастыру.               Технология пәнінің мұғалімі:___________/   Қуатов Е.Д.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.

Технология ручной и механической обработки древесины и древесных материалов.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.05.2017