Тепло человеческого общения
Оценка 4.8

Тепло человеческого общения

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
обществознание
7 кл
28.04.2018
Тепло человеческого общения
здравствуйте. урок интересный, много наглядности есть для учителей, я думаю моя разработка кому нибудь понадобиться.. Вы в этой разработке найдете как человек должен относится друг другу, как человек должен жить, как после себя оставлять хорошие воспоминание. я думаю вам понравитьсявппргорол
Нуржанова Торғын.docx
Нуржанова Торгын Жанатовна                                              Өзін­өзі тану пәнінің мұғалімі                                            Өзiн­өзi тану» сабағының жоспары Мектеп: №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп­лицей Мерзiмі:    №9­сабақ      Тақырып : Жақсы сөз – жанға қуат  Құндылық: Дұрыс іс­әрекет    Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, мейрімділік Мұғалiм :Нұржанова Т. Сынып« 4 Ғ »    Оқушылар саны: 30 Ресурстар: Оқулық,дәпт ер, үнтаспа. Топқа бөлу.  І­топ «Гүл»  ІІ­топ «Күн»  Ш­топ  «Жүрек»  Сабақ  барысын  талқылау: Сабақтың мақсаты :  Жылы, сыпайы сөздердің мән­мағынасын ашу арқылы  оқушылардың бойында дұрыс іс­әрекет қалыптастыру.  Міндеттері:  ­ жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;  ­ жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;  ­ ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңi.Оқушылармен амандасу, сабаққа түгел қатысуын  қадағалау,   5­Т     Тыныштық сәті  Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ ­ қолдарыңызды  айқастырмай, қолдарыңызды  үстелге қойып,  көздеріңізді жұмып, елестетіп  көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.  Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,  эмоцияңыз бен тілек ­ қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр  сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп  күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз  нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және  баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін  шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар  нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды  құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді  ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен  жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға  тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр  шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып  жан ­ жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,  мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды  уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да  жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан –  жануарлар мен  өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір ­ түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр  менің ішімде... Мен Нұрмын”.Енді осы Нұрды жүрегіңізге  орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен  көздеріңізді ашуға болады. Сұрақтар: Қандай сезімде болдыңыздар? Жаттығу сіздерге қалай әсер етті? Үй тапсырмасын тексеру: «Туған жер» өлеңін жаттау Дәйексөз : Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.                                                                                              Науа. • Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар? • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар? • Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласындар? • Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді? (Екі рет  ұлдар,екі рет қыздар,бәрі  қосылып  айтады)         ­ Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын  сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған  сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір ­ біріңе  жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. Әңгімелеу:                                                    Шегенің ізі «Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы,  есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына  ешкім жүрмеуге тырысады.  Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір  жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша  шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің  сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын  да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:  «Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір  шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы  шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені  дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің,  жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға  қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша  кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді  қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл  күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік  сабақ болсын, әр сөзіңді ойлап сөйле», ­дейді.  Сұрақтар:  ­Әкесі баласынының жақсы болу үшін қандай әрекет жасады?  ­ Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді?  ­ Әкесінің «Бұл саған өмірлік сабақ болсын» дегенін қалай түсіндіңдер?  Шығармашылық жұмыс: 1.Топқа бөлінген оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі: Берілген  тапсырмалар бойынша жақсы сөздерді қатыстыра отырып, көрініс көрсетуі  тиіс. 1 ­ топ. «Гүл»  Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы  әңгімеден үзінді. 2 ­ топ. «Күн»   Тұтынушы мен сатушының арасындағы сыпайы қарым ­  қатынастан үзінді. 3 ­ топ. «Жүрек»  Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалогтан  үзінді. 2.Осы сөздерді қатыстырып төрт жол өлең шығару.  Айналайын!  Құлыным!  Кешіріңіз!  Рақмет!  3. Өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдерінді,жүрек жылуыңызды бір  ­біріңізге жақсы сөз арқылы білдірейік.  Топпен ән айту:                                Балдаурен  Балдаурен көктем асығып жеткен шагала кундер Базарлы маусым шыркалған даусым тамсанып әсем Балауса балғын шырқалған даусым барады көктем Тербелеп билеп жайкалып билеп ән салып әсем қ сы  Балдаурен балауса ән даурен  Келеди қанатына самғаумен Көнилдин ушырып акуын Балауса бал булак балдаурен Жанына ыстык журеке жылу көнили сулу Тояды көзин балдаурен кезин уакыт ау уакыт Даламдай дархан тауымдай биик көнили сулу Тояды көзин айтшы сен өзин уақыт ау уақыт қ сы Үй тапсырмасы:   «Сыпайы қоян» ертегісін оқу Сабақ соңындағы тыныштық сәті:  Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп,жүрекжылуымызды адамдарға,  айналамызға жеткізуүшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.Жақсы ой  ойлайық,жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!Бүгінгі сабақтан алған  әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.Тыныштық! Тыныштық!  Тыныштық! бар жерде тыныштық! Тыныштық! Тыныштық! бар  әлемде

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения

Тепло человеческого общения
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.04.2018